1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз

4 сабақ

Уақыт және адам

1.1 Уақыт алтыннан да қымбат

1.2 Студенттің бос уақыты

1.3 50 минуттық дәріс және студент

 

 

1.1. Уақыт алтыннан да қымбат

1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз

1. Сіз уақытыңызды дұрыс пайдалана білесіз бе?

2. Бос уақытта немен шұғылданған пайдалы?

3. Қызығатын іс-әрекетпен айналысқанда, қандай күйде боласыз?

4. Бос уақытта мәдени орындарға баруды ұнатасыз ба?

5. «Уақыт алтыннан да қымбат» дегенді қалай түсінесіз?

6. Жер планетасындағы уақыт айырмашылықтары қандай?

7. Уақыттың негізгі бірліктеріне не жатады?

8. Уақыт, мезгіл, тәулікке қатысты қандай атауларды білесіз?

9. Уақытыңызды қалай үнемдейсіз?

 

2-тапсырма Екі бағанды сәйкестендіріңіз

уақыт кестесі

тыңғылықты

бос уақыты

рухани

жүйке

қуаты

қызығушылық

тау

кесте

тоқыма

мәдени орындар

жаныңызға

жылылық

свободное время

исполнительный

духовный

расписание времени

гора

душе

культурные места сила

тепло

вышивка

интерес, забава

нерв

вязать




3-тапсырма Жаңа сөздермен танысып, есте сақтаңыз

құн – цена

сәт – момент

даналық – мудрость

өзін-өзі қадағалау – самоконтроль

дерт – болезнь

еріншектік – ленивость

шашылу – трата

үнемі – регулярно, постоянно

 

4-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Уақыт алтыннан да қымбат

Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт – әркімнің нақтылы өмірлік капиталы. Адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жаққан теңгемен тең. Адамның ақшалай уақыты адамның өзіне байланысты. Біреудің бір сағаты мың теңге болса, енді біреулердікі бір тиын. Даналық жасқа байланысты емес. Елдің барлығына ортақ бір-ақ күнтізбе бар, кейбіреуі үш күнін қанағат тұтады. Уақыт – ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, қарғаға да берілетін мерзім – тәулігіне 24 сағат. Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне-өзі бағыт белгілейді, дүниедегі ең жаман дерт – еріншектікті жеңеді, өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығады. Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын – ұлы мәртебелі уақыт. Уақыттың көп шашылуы – шығын. Мұны дәлелдеп жатудың еш қажеті жоқ. Мысалы, бір нәрсені жасау үшін уақыт неғұрлым көп кетсе, соғұрлым оның құны қымбатқа түспек.

«Уақыттың бар болуы – барлық оқиғаның бір кезде болмайтындығымен тікелей байланысты» деп, Альберт Эйнштейн айтып кеткен. Психолог мамандардың айтуынша, уақытты әр адам денсаулығына, жасына, көңіл-күйіне байланысты әр түрлі қабылдайды. Бұрыннан байқағанымыз – адамның жасы ұлғайған сайын уақыт зымырап бара жатқандай көрінеді. Адам жайбарақат күйде болғанда уақыт зымырап бара жатқандай көрінсе, бір нәрседен қорыққан кезде керісінше уақыт тоқтап қалады, сондай-ақ уақытқа жаныңдағы адамдардың да әсері бар. Жақсы әрі көңілді адамдармен сөйлесіп отырсаңыз уақыт тез өтіп, мылжың, бос сөзді көп айтатын немесе пессимист адамдармен бірге болсаңыз уақыт жүрмей қояды.

Осы күнге дейін ғылымның өзі уақытқа нақты анықтама берген жоқ. Біреулер уақыт бір орында тұрады, тек біз оны баспалдақ сияқты аттап өтудеміз десе, енді біреулері ол өз жолымен жүруде, біз ілесуші ғанамыз деп жауап беруде. Зерттеулер көрсеткендей адам миында немесе ағзасында нақты уақытты есептеп отыратын бөлшек жоқ.

Француз зерттеушісі Мишель Сифр 1960 жылы тәжірибие жасап көрді. Ол күн көзі көрінбейтін, жарығы мен сағаты жоқ үңгірге кіріп екі ай өмір сүріп көрген. Нәтижесінде, 4-5 сағат болмаса, әдеттегі 24 сағаттан жаңылмаған. Яғни, уақыттың ақырын немесе жылдам өтуі тек өзіңізге байланысты. Әрдайым жаныңызға жақсы адамдарды жинап, уақытты тиімді пайдалана білген жөн.