3-тапсырма Мәтінді оқып, өз ойларыңызбен жалғастырыңыз
Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
Адамның сыртқы келбеті мінез-құлқымен тығыз байланысты. Кез келген адамды бір көргенде-ақ оның көзі, қасы, беті, құлақ-мұрны, аузы-мойны, дене бітімі саған әр қилы әсер етеді. Онымен танысып, әңгімелесіп, араласып кетпей тұрып-ақ ол қандай адам, сол жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгіресің. Бұл адамды адамның сыртқы келбеті арқылы-ақ танып, білу қасиеті. Содан, әлдекімді бір көргенде-ақ «Әлем-жәлем киінуді ұнататын сәнқойсымақ екен», «Күлкісі қандай жасанды», «Түрі қандай тұрпайы, өзі арсыз жан шығар», - деп те жатамыз. Әйтеуір, адамның сыртқы келбеті не сүйсіндіреді, не одан жиіркендіреді, тіпті, таң-тамаша да қалдырады.
Сыртқы келбет (түр) дегеніміз не?
Адамның сыртқы келбетіне кіретін дене, заттар, жаратылыс: киім, фигура (латын сөзі, аударғанда: «сыртқы түр» деген мағынаны білдіреді), келбет, бет-әлпетінің өзгерісі, дене құрылысы, бойы, салмағы, мүсіні. Кеуде сүйектері кеңдігінің мөлшеріне сәйкес шартты түрде адамның дене құрылысы үш түрге бөлінеді. Олар:
1. Астениктер. Бұлар – тар сүйектілер.
2. Нормастениктер. Бұлар – кең сүйектілер.
3. Гиперстениктер. Бұлар – өте кең сүйектілер.
(М. Сүлеймен. Адамның сыртқы келбеті. Астана айнасы)
4-тапсырма Көп нүктенің орнына қажетті жалғауларды қойыңыздар
Адамның ...... келбеті, сымбаты – дегеніміз қалыпты ..... және жұмыс кезінде адамның ..... әдетпен өз денесін дұрыс ..... .... айтады. ..... адамның денесі ұнамды, сыртқы келбеті және ...... ісі өнімді .... .
(Қажетті сөздер: сымбатты, сыртқы, жағдайда, жарасымды, ұстай білуін, болады, күнделікті)
5-тапсырма а)Көркем – сөзінің синонимін тауып сөйлем құрастырыңыз