4-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз
Мінез және келбет
Адам мінезі әр түрлі болады. Біреуі – сабырлы, біреуі – шыдамсыз, енді біреуі – қызғаншақ. Кез-келген адам қоғамда, ұжымда өмір сүреді. Сондықтан, мінезіне қарай басқа адаммен тіл табысып, мінезі арқылы ұжымға танылады. Егер адам мінезі байсалды, сабырлы, көпшіл, ақ көңіл болса, басқа адамдар да онымен дос болып, сырласуға, ақыл-кеңес сұрауға жақын тұрады. Кешірімді болу, адам бойындағы жомарттық, кішіпейілдік те мерейіңді өсіріп, алғысқа бөлентеді.
Кейбір адамдардың сыртқы келбеті әдемі болғанымен, жағымсыз мінездерімен ортасын жалықтырып, өзгемен тіл табысуын қиындатады. Шыдамсыз, сабырсыз, қызғаншақ, кекшіл болсаң, сен достарыңнан алыстап кетесің. Үнемі жалғызсырап, көңілсіз өмір кешесің. Сондықтан жаман қылықтан аулақ болып, неғұрлым мейірімді, сабырлы мінез көрсетсең, саған өкпесі бар адамдардың өзі сырлас досыңдай болып кетеді. Жұмсақ мінез, ұстамдылық, сыпайылық - өзіңді де, отбасыңды, досыңды да бақытқа бастар жолдың тетігі. Халқымызда «Жақсы адам – қазына» деген нақыл сөз бар. Оның астарында адам мінезі жайлы ой айтылған.
(Қ.Ж.Серғазина, Ж.А.Құсайынова. Қазақ тілі ОӘК)
5-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз
6-тапсырма Мінез-құлыққа байланысты мақал-мәтел жазып, мағынасын түсіндіріңіз
1.2 Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз
1. Сыртқы келбет, сымбаттылық дегенді қалай түсінесіз?
2. Адам сымбатының бұзылуына не себеп болады?
3. Омыртқа жотасының қисаюы неге байланысты болады?
4. Сыртқы келбеттің дұрыс қалыптасуы неге байланысты?
2-тапсырма Берілген сөздердің аудармасын сәікестендіріңіз. Сөйлем құрастырыңыз
ауырлық күші –
қимыл-қозғалыс –
қоршаған орта –
ғылыми ой –
сипат –
дара өзгешеліктер –
қайталанбастық –
эмоцияға берілу –
тұрақтылық –
ұнамды –
жарасымды –
өнімді –
сымбатты –
характеристика
стройный
душа; внутренний мир
неповторимость
усилие; нагрузка
продуктивный
научные умы
привлекательный
движение
окружающая среда
передоваться эмоциям
индивидуальные особенности
постоянство
жан дүние – приятный