1-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.
1. Киіз үй іші нешеге бөлінеді?
2. Үлкен адамдар мен қонақтарға арналан орын қалай аталады?
3. Киіз үйді кімдер тігеді?
4. Ең сәулетті әсем киіз үйдің түсі қандай болады?
5. Үйдегі ең қастерлі орынды қалай атайды?
6. Үйдің күмбезін не құрайды?
7. Шаңырақ деген не?
8. Шиді қай жерге ұстайды, не үшін?
9. Қазақтардың үйі қандай тұрмысқа бейімделеген?
10. Қазақ халқының ежелгі баспанасы қалай аталады?
11. Қазақтар «киелі қара шаңырақ» деп неге айтады?
12. Киіз үй неге дөңгелек деп ойлайсыз?
13. Киіз үйдің ағаш қаңқасы неше бөліктен тұрады?
14. Киіз үйдің қандай түрлері болады?
15. Киіз үйдің есігі әдетте қай жаққа қарайды?
16. Киіз үйдің шаңырағы қандай қызмет атқарады?
2-тапсырма. Төменде берілген сөздерді қазақ тіліне аударып, сөйлем құрастырыңыз.
Шерсть, кожа, купол юрты, прутья, решетка, занавеска, валять войлок, шедевр, орнамент, ритуал
3-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.
Каждая женщина-казашка умела украшать свое жилище (юрту), поэтому в юрте всегда было уютно и тепло. Мастерицы выкладывали в причудливый узор душу и сердце, потому их творенья становились истинными шедеврами народного творчества. Казахский народ создал самобытный орнамент, символику, в основе которых лежит знак Веселенной. Орнамент в древности имел ритуальное значение и люди понимали язык узора, умели его читать. Рисунок выкладывается на кошме, а для его выразительности применяется шнур.
В современной жизни народа казахской юрте придается большое значение, потому что она хранит в себе любовь к традициям и истории народа.
4-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
Киіз үйдің құрылысы
Киіз үй ауа райының қандай жағдайындада пайдалануға өте ыңғайлы. Ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы талапқа сай, жел, дауылға көп шайқалмайды. Берік, төбесі жадағай емес, күмбез болып келгендіктен жаңбыр өтпейді, жинап тігуге оңай. Киіз үйдің негізгі сықырлауық) сүйегі деп атайды. Киіз үйдің сүйегі жасалатын «үй ағашты» алты ай немесе қаңқасын (кереге, уық, шаңырақ, бір даярлайды.
Киіз үйдің сүйегі
1 – кереге
2 – уық
3 – шаңырақ
4 - сықырлауық
Шаңырақ.
1-тоғын, ол шаңырақтың негізі. Қатты ағаштан жасалып, өрнектеледі.
2-күлдіреуіш. Сәмбі талынан иіліп
жасалады. Әр иінде 3 күлдіреуіштен 8-ге дейін болады.
3-беріктік. Ол күлдіреуіштер ыдырап
кетпеу үшін орнатылады, өрнектеледі.
4-шаңырақтың көзі. Оған уықтықаламы кіріп тұрады. Тоғын мен беріктікті шаңырақтың ішкі жағынан өрнектейді.
Уық - кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кеңдігі керегесіне, ал биіктігі уықтың ұзындығы мен қысқалығына байланысты болады.
Иілген уықтың бойында бірнеше атаулы бөліктер бар. Уықтың керегеге байланатын ұшын «доғалай» (1) дейді. Доғалайды тесіп, қайыстан уықбау (5) тағады. Уықтың иілген жерін иығы (2) дейді. Шаңырақ пен уықтың арасын уықтың қары (3) деп атайды. Ал шаңырақтың көзіне қадайтын ұшын қаламы (4) деп атайды, оны төрт қырлы етіп ұштауды қаламдау дейді, ал уықбау жіптен есіледі.
Есік. Киіз үйдің ағаш есігін сықырлауық дейді. Ол киіз үйдің ішіне қарай ашылады. Есік бірнеше бөліктен тұрады. Олар: маңдайша, екі босаға, табалдырық пен екі жақтау.
Киіз үй есігінің құрылысы: маңдайша, босаға, сықырлауық, жақтау, табалдырық.
Сықырлауықты оюлы өрнектермен, өрнектелген сүйекпен жапсырмалап әшекейлейді.Сықырлауықты әшекейлеуге «қошқармүйіз», «түйемойын», «дөңгелек жапырақшалар», «түйетабан», «шырмауық» сияқты бедер-өрнектер қолданылады.
Киіз үй керегесі. Керегені құрайтын әрбір ағашты «желі» дейді. Желінің ең ұзынын керегенің «ерісі» (3) деп, одан қысқалауын «балашық» (2), ең кішісін «сағанақ» (1) деп атайды.Сонда бір қанат кереге 14 ерістен, 9 балашықтан, 9 сағанақтан құралады. Желілердің қиылысқанынан пайда болған торды . «көз» деп атайды. Ал оны көлеміне қарай «желкөз», «торкөз» деп екі түрге бөледі.
5-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз.
6-тапсырма. Венн диаграммасы арқылы киіз үй мен қабатты үйді салыстыру
![]() | ![]() | ||
![]() | |||
![]() | |||
7-тапсырма. Үй, баспана туралы мақал-мәтел жазып, мағынасын түсіндіріңіз.
№2 СӨЖ тапсырмасы
1. «Тұрғын үй құрылысы» мәтінін ауызша баяндаңыз.
2. Тұрғын үй дизайны туралы хабарлама жасаңыз.
3. Қала, ауыл үйлерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтары туралы пікірталасқа дайындалып келу.