5-тапсырма. Берілген сөздермен сөз тіркесін құрыңыз.
2 Сабақ
1.1 Қазіргі тұрғын үй
1.2 Тұрғын үй түрлері.
1.3 Қаладағы және ауылдағы тұрғын үй құрылысы.
1.4 Тұрғын үй дизайны.
1.1 Қазіргі тұрғын үй
1-таспырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін сөздік көмегімен аударыңыз.
Үй, тұрғын үй, мекенжай, қаладағы үй, ауылдық үй, менің үйім, үлкен үй, баспана, қолжетімді баспана, көп қабатты үйлер, элит класты үйлер, өз үйім, үйдің үлкені, шағын пәтер, балалы үй, қазыналық үй, қызметтік үй, жалданбалы үй, жалға алатын үй, жалғыз үй, қасиетті шаңырақ, үй иесі, Инфрақұрылым, бағыт, аумақ, кіреберіс, сметалық құн, жабдықтау, жаңарту.
3-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
Қазіргі тұрғын үй
Адам тұратын, мекен ететін құрылысты үй, баспана, тұрақ, тұрғын үй дейді. Ал қалғандары да пана, қорған болғанымен жай ғана үй, мекеме, сарай т.с.с. деп атаймыз.
Адамзат мыңдаған жылдар бойы тіршілік үшін табиғатпен күресіп келеді. Бұл күресте өмір сүруді қамтамасыз ететін үш фактор маңызды орын алады. Олар: тағам, киім-кешек, тұрғын үй.
Тұрғын үй - тарихи категория. Ол да адамзаттың дамуымен бірге күрделі, эволюциялық даму жолынан өтті. Тұрғын үй - адамның қоршаған орта мен өмір сүру тәсіліне сай таңдалынып алынды.
Көшпенділер өмір бойы жыл мезгілдеріне сәйкес көшіп-қонып жүруге мәжбүр болды. Негізгі тұрғын үй қыстауда. Олар жылдың жылы мезгілдерін көктеу мен жайлауда өткізіп, күн салқындаған кезде күздеуге көшті. Осы жерде көктемде егіп кеткен егінін жинап, қыстауға қайта оралды. Көшпенділердің осындай өмір салтына ыңғайлы тұрғын үй-киіз үй болып табылды. Мал-адамға қорек болумен қатар, қолөнерге қажетті шикізат өнімдерін де берді. Көшпенділер теріден тондар, тұлыптар, бас киімдер, шалбарлар, аяқ киімдер тікті. Ал жүннен киіз басты. Жүн иіріп мата, кілем тоқыды. Сондай-ақ жүннен тұрғын үйге қажет киіздер мен үйдің ішіне қажетті жасаулар дайындалды. Сондықтан да көшіп қонуға ыңғайлы, жиналмалы үйдің көп бөлігі киізден дайындалғандықтан, халық арасында "киіз үй" деген атқа ие болды. Киіз үйдің сүйегі ағаштан жасалды.
Қазақтар өздерінің киіз үйлерін тұрмысы мен табиғи ортаға ғана бейімдеп қоймай, оған өзіне тән әдемілік те берді.
4-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз.
5-тапсырма. Берілген сөздермен сөз тіркесін құрыңыз.
Үй, аудан, құрылыс, дамыту, кіреберіс, абаттандыру, жабдықтау, жобалау.
6-тапсырма. Берілген сөздермен сөйлем құраңыз
Аула іші, тұрғын үй құрылысы, екі бағыт бойынша, салынған тұрғын үйлер, коммуналдық қызмет.
7-тапсырма. Берілген суреттерге қарап қаладағы тұрғын үй құрылысы туралы әңгімелеу.
1.2 Қазақ халқының ежелгі үйі - Киіз үй
1-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.
1. Киіз үй кімдердің баспанасы?
2. Киіз үй қандай?
3. Қазақ халқы киіз үйді қалай безендіреді?
4. Киіз үйде нелер болады?
5. Киіз үйге кіріп, болмаса құруға көмектескендерің бар ма?
6. Киіз үйдің құрылысы жайлы білеміз бе?
7. Киіз үйдің қандай түрлері болған?
2-тапсырма. Жаңа сөздермен танысып, есте сақтаңыз.
киіз үй – юрта
көшпелі – кочевой
баспана – жилье
қолайлы – удобный
шымылдық – ширма
бұйымдар – предмет
әсем безендіреді – красиво украшают
тез құрылып, тез жиналады – быстро устанавливается, быстро разбирается
киіз – кошма
қатты соғу – сильный
көшіп қонғанға – к переезду
жығылмайды – не падает
нөсер - сильный дождь
тігу – собрать (юрту)
ыңғайлы – удобный
шым – дерп
қыстап шыға беру – зимовать
жамылғы – покровь
ұйытқу – трепать
қанат – здесь: часть кереге
3-тапсырма. Сәйкестігін табыңыз.
Ұлттық дәстүр наследие
Асыл мұра казахский народ
Әдемі киіз үй народная традиция
Қазақ халқы красивая юрта
4-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
Қазақ халқының ежелгі үйі - Киіз үй
Киіз үй – Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы. Мал баққан көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын баспанасы киіз үй болған. Ол тез жығып, шапшаң тігуге ыңғайлы, көшіп-қонуға лайықтап жасалған. Киіз үй біздің заманымыздың YII ғасырынан бастап пайдаланған. Киіз үй басу белгілі бір еңбек кәсібіне айналған. Оған Алтай, Сібір, Қырым тау-тастарындағы сурет таңбалар дәлел бола алады. Жалпы киіз үй ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға өте ыңғайлы. Халық киіз үйдің қатты соққан желге жығылмайтынына, нөсерлеп құйған жаңбырды өткізбейтінін білгендіктен, оны баспана етуді әдетке айналдырған.
Киіз үйдің көлемі адамдар тұрмысына байланысты әр түрлі болып келген. Мәселен, қазақтың хан-сұлтандары мен атақты байларының үйі сегіз қанаттан бастап отыз қанатқа дейін жеткен. Мұндай үйлер ақ ала орда, ақ орда, ақ шаңқан орда, алтын орда, алтын үзік деп аталған. Орташа шаруалардың үйлері алты қанатты болып келеді. Және ондай үйлердің де өз атаулары болған. Мысалы, ақ үй, боз үй, қоңыр үй. Ал енді кедей, тұрмысы нашар, тапқаны күн көрісіне ғана жететін, кейде ол да жоқ боп отырған кедейлердің үйлерін қазақта лашық, жабау немесе жаба салма, көтерме туырлықты үй, кепе, ұранқай, қамсау, күрке, шошала, итарқа т.с.с. деп атаған. Кедейліктің аз-ақ алдында жүрген шаруалардың үйін қара үй деп атаған. Ондайлардың кейбіреуі қалмақ үйде де тұрған.
Қазақ көшпелі тұрмыс кешкендіктен олар көбіне жол үстінде, яғни ат үстінде күн кешкен. Сондықтан ондай жолаушылар мен жорықшылардың өздерімен бірге алып жүретін үйлері де болған. Жолаушылар мен жорықшылардың үйлерін абылайша, ақ қос, қос, қаңқа, жоламай деп атаған.
Киіз үй іші төртке бөлінеді. Үй ортасы төр деп аталады. Төр үлкен адамдар мен қонақтарға арналады. Оң босаға мен сол босаға үйдің оң және сол қанаты деп аталады. Оң босағаға – үйленбеген ұлдың, не ұзатылмаған қыздың орны. Сол қанаты – ата-аналар орны.
Қазақстанда киіз үй жасайтын кәсіпорындар бар. Олар: Үштөбе киіз үй комбинаты, Сарысу, Атырау және Орал тұрмыс өтеу комбинаттары.
КИІЗ ҮЙ ТҮРЛЕРІ
Орда (Ақорда) - он, он екі және одан да көп қанатты салтанатты үй.
Отау - жас отбасы үйі.
Қараша үй - малшы, шаруа үйі.
Жолым үй - абылайша - керегесіз немесе уықсыз тігілген жолаушы үйі.
Күрке, қос - шаруашылық, ас сақтайтын үй.
4-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз.
5-тапсырма. Сөйлемдер мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», келмесе «жалған» деп жауап беріңіз.
р/с Сөйлемдер дұрыс бұрыс
1 Киіз үй – қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы.
2 Киіз үй – тез жиналмайды, құрылуы да қиын.
3 Киіз үй дауыл соқса да жығылмайды.
4 Қазақтар киіз үйде қыстаған.
6-тапсырма. Етістіктерді нүктенің орнына қойыңыз.
Киіз үй көне дәуірінде пайда .... . Киіз басу белгілі бір еңбек кәсібіне ... . Үй біздің заманымыздан бұрыңғы ғасырда кеңінен .... . Киіз үй негізгі төрт бөліктен ... .
Керекті сөздер: пайдаланылған, айналған, тұрады, болған.
1.3 Киіз үйдің құрылысы