Қазақстан-Ресей медициналық университеті
СОӨЖ
Тақырыбы: Тұлғаның әуелгі және екінші реттік әлеуметтенуі
Орындаған : Токсабинова Н.
Тексерген : Уразова Г.
Факультет : Стом. 204 «Б»
Алматы 2015
Жоспары
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
1.1 ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАЛЫПТАСУЫ
1.2. АДАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУІ ӘЛЕУМЕТТІК- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫС РЕТІНДЕ
3. Қорытынды
Тұлғаның әуелгі және екінші реттік әлеуметтенуі |
Әлеуметтік психология жалпы психологиядағы «жеке тұлға» анықтамасына сүйене отырып, жеке тұлға бір жағынан қандай нақты топтарда әлеуметтік әсерлерді қалай игеретіні, екінші жағынан әлеуметтік топтарда өзінің әлеуметтік мәнін қалай іске асыратынын анықтайды. И.С. Кон: “Жастар – өздеріне тән жасерекшелігі, әлеуметтік жағдайы және басқа да әлеуметтік-психологиялық қасиеттер жиынтығы негізіндегі әлеуметтік-демографиялық топ болып табылады. Жастық - өмір циклінің белгілі бір фазасы, биологиялық тұрғыдан әмбебап, бірақ нақты жасерекшелігі шектелген, оның әлеуметтік мәртебесі және әлеуметтік - психологиялық ерекшеліктері, әлеуметтік - тарихи болмысы бар және қоғам құрылымына, мәдениетіне және әлеуметтену заңдылықтарына тәуелді болады. Әрбір дүниеге келген адам қоғамның бір мүшесіне айналады және әлеуметтенуге тартылады, яғни тұлғаның қалыптасуы қоғамның талаптарын біртіндеп қабылдауынан, қоғамдық сана мен мінез құлықтың қалыптасуынан тұрады және ол қоғаммен өзара қатынасты реттейді. Әлеуметтену үрдісі жанұяда, мектепте, жұмыста жүзеге асады. Сонымен қатар БАҚ-та әлеуметтенудің күшті құралы болып табылады. Әлеуметтену үрдісіне адамның әлеуметтік тәжірибесін ұрпаққа жалғастыру енеді. Тұлғаның әлеуметтенуі еңбекпен, қоғамдық –саяси және адамның танымдық әрекетіне тығыз байланысты болып келеді. Бұл сатылардың әрқайсысында қарама-қайшылық туындауы мүмкін. Мысалы, “әке мен бала” мәселесі. Алғашқы әлеуметтену институты мен агентіне адамның жақын ортасы жатады, тұлғасының қалыптасуына күшті және маңызды әсер етеді, олар жанұя, достар, мұғалімдер. Әлеуметтенудің екінші агенттеріне оқу орнының әкімшілігі, өндіріс орындары, полиция, әскер, мешіттер, мемлекет, БАҚ қызметкерлері жатады. Алғашқы әлеуметтену үрдісі – тұлғаралық қатынастар сферасы, екінші үрдіс - әлеуметтік қатынастар сферасы болып табылады. Біріншіден, әрбір іс - әрекет түрлері мен оның әртүрінің арасындағы байланыстар жүйесінде бағдарлану. Ол әрбір жеке тұлға үшін маңызды іс -әрекет аспектілерін айқындаумен қатар, оны игеру арқылы іске асырылады, немесе мұндай бағдарлануды – іс - әрекеттің жеке тұлғалық атауы деп атауға болар еді. Екінші – қарым – қатынас сферасыда іс - әрекетпен тығыз байланысты болғандықтан, оны кеңею және тереңдету бағытында қарастырады. Қарым – қатынастың кеңеюін, адамның басқалармен контактілерінің көбеюі, әрбір жас кезеңінде осы контактілер ерекшеліктері тұрғысынан түсіну қажет. Қарым – қатынастың тереңдеуін, ең алдымен монологтық қарым – қатынастан диалогтыққа көшу, партнерге бағытталуы, оны неғұрлым дәл қабылдауымен байланысты. Эксперименттік зерттеулердің міндеттері: біріншіден, қарым –қатынас байланыстарының көбеюі қандай жағдайларда және қалай іске асырылатынын, екіншіден, жеке адам осындай процесте қандай нәтижеге жететінін анықтау. Әлеуметтенудің үшінші сферасы – жеке тұлғаның өзіндік сана – сезімінің дамуы. Бұл проблема жеке тұлғаның «Мен» - бейнесінің қалыптасуымен байланысты. Көптеген эксперименттік зерттеулер көрсеткендей, адамның «мен» бейнесі бірден қалыптаспайды. Өмір сүру барысында, әртүрлі әлеуметтік әсерлер негізінде қалыптасады. Бүгінгі жасөспірімдердің әлеуметтену мәселерінің көздері: 1.Интеллектуалды және физикалық күштің даму сәйкессіздігі және уақыттың шектеулігі, қажеттілікті қанағаттандыруда экономикалық лимиттің шектеулігі. 2.Өмірді қадірлемеу, пессимисттік көңіл - күйдің туындауына әкеледі. Возраст бескорыстных жертв, но и разнообразных злоупотреблений. 3. Жастыққа табиғи дисгормония тән. Тілек пен талпыныс мінездің күштілігі мен еркінен бұрын дамиды. 4. Абстрактілі идеалдар және өмірлік жоспарлар. 5. Бүгінгі өмірге(ата-ананың қамқорлығынсыз) әлеуметтік және психологиялық бейімделу қиындығы және бұл қамқорлықтан тезірек құтылуға деген тілегі. 6. Ересек ұрпақ құндылықтарына қарама-қарсы және өзгеше «өзінің» идеалын табуға талпыныс. 7. Эгоцентризм және «отарлық сезім», «бір құтыда», оған қоса өзінің бірегейлігін сезіну. 8.Өзі таңдау жасауға талпыну, бірақ оған жауапкершілікті мойынға алмау. Жастарды тәрбиелеу мен әлеуметтендірудегі қайшылықтардың туындау себептері: 1) құндылықтар жүйесінің өзгеруі (бұзылуы), оның нәтижесінде аға буын жастарды жаңа өмірге үнемі толыққанды әзірлей алмайды; 2) қоғамның әлеуметтік құрылымының түп тамырымен және өте тез өзгеруі көптеген әлеуметтік топтарға қатты соққы болды; 3) Әлеуметтену факторы ретінде формальды және формалсыз бақылаудың әлсіреуі; Тәрбиелеу мен білім беру институттарынан өткен адамның одан әрі жетілу, яғни әлеуметтенуі барысында адамның өзін мақсат ретінде қоя білуі маңызды рөл атқарады. Мысалы, адамның өзін-өзі басқару, игеру, жетілдіру деңгейі жоғары болған сайын, сыртқы орта әсері аз болады. Ал керісінше жағдайда сыртқы ықпалдың деңгейі мол. Осы тұста жастардың өз уақыттарын дұрыс ұйымдастырмауы, өзін-өзі игере алмауының салдарынан түрлі орта әсерлеріне ұшырап отыр. Мәселен, субмәдениет, секталар, қылмыстық топтардың, т.б. дұрыс әлеуметтенбеген немесе маргинал жағдайдағы жастарға ықпал етіп отыр. Педагогика теориясы мен практикасының күрделі, өзекті мәселелерінің бірі-тұлға және оның арнаулы ұйымдастырылған жағдайдағы дамуы. Бұл мәселе көп аспектілі, сондықтан оны әртүрлі ғылымдар зерттейді. Педагогика оқыту мен тәрбие процесінде тұлғаның жан-жақты, үйлесімді дамуының тиімді жағдайларын анықтайды. Тұлға дамуының педагогикалық мәнін анықтау үшін бірінші кезекте «тұлға» түсінігінің мәнін, оның «адам», «индивид» және «даралық» түсініктерімен ара-қатынасын, байланысын ашуымыз керек. Адам дамуында әрқашан бір-бірімен байланысты екі бағыт бар: биологиялық және әлеуметтік. «Адам» түсінігі биологиялық мәнді білдіреді. Оған берген анықтамалар өте көп. 1)Адам (биологиялық түсінік ретінде)-тіршілік иесі, өкілі, фило-және онтогенетикалық даму өнімі; 2)Адам-адамзат қауымдастығының бір өкілі, құралдар мен белгілер пайдаланатын және солар арқылы өзінің жүріс-тұрысын, мінез-құлқын және психикалық процестерін меңгеретін, табиғи шектеушілік шекарасынан шыққан әлеуметтік тіршілік иесі. Күнделікті тұрмыста индивид деп оның өзіне тиесілі ерекшеліктері бар нақты бір адамды айтамыз. Индивидтің ең жалпылама сипаттамалары ретінде психофизиологиялық ұйымдасуының тұтастығы мен өзіндік ерекшелігін, қоршаған ортамен өзара әрекеттегі тұтастығын, белсенділігін айтуға болады. Әр адам-индивид. Даралық. Қысқаша айтқанда, бір адамды екінші адамнан айыратын даралық ерекшелік. Даралық мінез және темперамент, шығармашылық іс-әрекет және қабілеттер ерекшелігімен көрінеді. Абсолютті бірдей екі адам болмайды. Яғни, біз әр адамға өзіндік ерекшеліктері (психикалық, әлеуметтік) бар даралық ретінде қарауымыз керек. Педагогикада және психологияда тұлға және оның дамуы мәселесі бойынша үш бағыт: биологиялық, әлеуметтік және биоәлеуметтік. Биологиялық (преформистер) бағыт өкілдері тұлғаны тек қана табиғи өнім ретінде қарастыра отырып адамның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын туа біткен қажеттіліктер, инстинктер ықпалы деп түсіндіреді (3. Фрейд) Адам қоғам талаптарына бағынуға және соның барысында өзінің табиғи қажеттіліктерін үнемі басып отыруға мәжбүр. Ол «адам өзімен өзінің осы күресін жасыру үшін «маска киеді» немесе қанағаттандырылмаған» табиғи қажеттіліктерін басқа бір іс-әрекет түрімен алмастырады»,- дейді. З. Фрейд адамның жүріс-тұрысы толығымен жыныстық инстинктен (либидо) тәуелді деп есептейді. Әлеуметтік бағыт өкілдері адам биологиялық тіршілік иесі бола тұра өмір сүру барысында өзі қарым-қатынасқа түскен әлеуметтік топтардың ықпалы арқылы біртіндеп әлеуметтенеді деп есептейді. Тұлғаның даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым онда биологиялық ерекшеліктері анық көрінеді, бірінші кезекте иемдену, бұзу, қирату, жыныстық және т.б.инстинктер. Биоәлеуметтік бағыт өкілдері психикалық процестер (түйсік, қабылдау, ойлау және т.б.) биологиялық негізде, ал тұлғаның бағыттылығы, қызығушылықтары, қабілеттері әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптасады деп түсіндіреді. Қазіргі заманғы педагогика ғылымы тұлғаны биологиялықты әлеуметтіктен бөлуге болмайтын біртұтас жүйе ретінде қарастырады. Тұлға бойындағы биологиялық өзгерістер оның іс-әрекетіне ғана емес, өмір сүру бейнесіне әсерін тигізеді. Дегенмен, шешуші рольді әлеуметтік өмір нәтижелері (мотивтер, қызығушылықтар, мақсаты) атқарады. Олар тұлғаның бейнесін анықтай отырып дене (физикалық) кемшіліктері мен мінез ерекшеліктерін (қызуқандылық, ұялшақтық және т.б.) жеңуге мүмкіндік береді. Тұлға қоғамдық өмірдің өнімі бола тұра сонымен қатар тірі организм. Тұлға қалыптасуында биологиялық пен әлеуметтіктің қатынасы өте күрделі және адам дамуының әр кезеңіндегі, әртүрлі жағдайлардағы ықпалдары біркелкі емес. Л.И.Божович «тұлға» деп психикалық дамуында белгілі бір деңгейге жеткен адамды айтады. Бұл деңгей адам өзін-өзі тану процесінде өзін басқалардан бөлек деп қараумен және «Мен» деген түсінікпен сипатталады. Сонымен қатар, психикалық дамудың бұл деңгейі адамның өзінің көзқарастарына сәйкес келмейтін қоршаған ортаның ықпалдарынан тәуелсіздігімен және салыстырмалы түрде оны тұрақты ететін өзіндік көзқарастары, моральдік талаптары және бағалары болуымен сипатталады. Л.С.Выготскийдің анықтамасы бойынша тұлға-белгілі бір функцияларды атқару үшін пайда болатын психикалық жүйе. Тұлғаның негізгі функциясы-қоғамдық тәжірибені шығармашылықпен игеру және адамды қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіне енгізу. Тұлға тек іс-әрекетте, қарым-қатынаста қалыптасады, өмір сүреді және өзін-өзі көрсетеді. Адамзат баласы адам болып өмірге келсе, тұлға болып өмірде қалыптасады. 2. Адамның әлеуметтенуі әлеуметтік-педагогикалық құбылыс ретінде Адамдар топта өздерін қалай ұстайтындығын зерттей отырып әлеуметтік психология мен әлеуметтенуде ортақ қызығушылықтарға ие болады. Бірақ әлеуметтанушылар көбіне топтарды зерттейді (үлкен топтан кіші топқа дейін), ал әлеуметтік психология индивидтерді (адам басқалар туралы не ойлайды, олар оған қалай әсер етеді, ол оларға қалай қарайды). Мұндай топтың жеке адамға әсері, индивидтің топқа әсері де кіреді. Әлеуметтік-педагогикалық қолдау-тұлғаның әлеуметтенуіне бағытталған. Әлеуметтену түсінігін біздер қоғамдағы өмір сүру нормалары мен ережелерін, қоғамда қарым-қатынасты жасау іскерлігі мен біліктілігін игеру үрдісі деп түсінеміз. Ол өз алдына тұлғаға мынандай сипаттамалармен қарулануына мүмкіндік береді: Өзге адамға өзіндік құндылық ретінде қарау; Өзге адамға қатынасты жүзеге асыру тәсілі немесе шарты ретінде өзіндік ұмтылысқа қабілеттілік; Болашақты өзінше жобалауға мүмкіндік; Өзінің, өзге адамдардың, өткені мен келешектің алдындағы ішкі өзіндік жауапкершілік; Өмірдің мәнін түсінуге, меңгеруге деген ұмтылыс. Бала тұлғасының қоғамда әлеуметтенуі оны қамтамасыз ететін барлық институттардың өзара әрекеттесуі барысында мүмкін болады. Бұл балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік- педагогикалық көмек және қолдау көрсетудің тұтас жүйесін жасауды талап етеді.Бұндай жүйені жасау қажеттілігі «Бала Құқықтары туралы» БҰҰ Конвенциясында бекітілген келешек жас ұрпақты қорғау бойынша халықаралық-құқықтық нормалардың талаптарымен анықталады. Балаларға әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық, медициналық және құқықтық көмек көрсету шараларының жалпыламалылығын қажет етеді. Егерде біртұтас қызмет болмаса балаларға көмек және қолдау көрсету мүмкін емес. Көмек және қолдау көрсету қызметі көптеген қағидалар негізінде жасалуы керек. Олардың ішіндегі негізгілерінің бірі балалар мен жасөспірімдерге деген қоғам қатынасын ізгілендіру. Ізгілендіруді қамтитын қажетті сфералар: - Заң, құқық сфералары; - Бала мен жасөспірімдердің мінез-құлқын және психикалық дамуындағы қалыс қалушылықты, мотивтерді, қажеттіліктерді қызығушылықтарды психологиялық диагностикалауға негізделген тәрбие және оқыту сферасы; - Қылмыс жасаған балалар мен жасөспірімдерді жазалау сферасы. Балалар мен жасөспірімдерге деген ізгілікті қарым-қатынас төмендегідей сипатта жүзеге асуы керек: - Құқықтық статусты және балалар мен жасөспірімдерге көмек және қолдау көрсетудің заңгерлік механизмін анықтайтын заңдарда; - Балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік, психологиялық және медициналық статусын диагностикалауға негізделген көмекті ұйымдастыруда; - Өмірдің қиын жағдайына тап болған балалар мен жасөспірімдерге кепілдендірілген көмекте; Бұрын барлығы тек балалар мен жасөспірімдерге көмек және қолдау көрсетуге қабілетті, тұтас әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық қызметтің болуы нәтижесінде ғана жүзеге асырылады. Әдебиеттер: 1.Әтемова Қ.Т.Әлеуметтік педагогика. Оқулық. –А.,2012,-272б. 2.Айтбаева А.Әлеуметтік педагогика негіздері. Оқу құрал.-А.,2011. 3.Социально-педагогический словарь. /Под ред. Т.Н.Черняева, А.С.Иргалиев, Ж.Ж.Жароллаева. Эл. Издание. – Уральск,2010. |