Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім:«Ғаламтор және әлеуметтік желілер»

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Тағабай М.

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Жастар жадына ғаламтор жау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану;

Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау;

Сабақ мақсаттары

Ғаламтор жайында түсінік беру

Тілдік мақсат

Бүкіләлемдік өрмек-ғаламтор

Бағалау критерийлері

· Шылаулардың стильдік ерекшелігін ажыратады

· Сөйлемде еркін қолданады

· Мәтін үзінділерін пайдаланып, оқиғаны дамытады

· Аяқталуын болжайды

· Өз ұстанымына қатысты ой-пікірін білдіреді

 

Құндылықтарды дарыту

Құрмет,сыйластық

Пәнаралық байланыс

Информатика, өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Ғаламтордың көзге зияны, көптеген мәліметтер алуғу болады

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар
Сабақтың басы 5мин  

I.Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу

2. Зейінін сабаққа аудару

3. Топтарға бөлу. « Тірек сөздер бойынша топқа бөліну »

Бірнеше сөздерді топ құрамындағы оқушылар саны бойынша , оқушыларға сөздер қиындыларын беремін. Қиындыларда бақыт,қуаныш деген сөздер болу керек. Сол арқылы топтарға бөлінеді.

4. «Ыстық микрофон» әдісі арқылы өткен тақырыпты пысықтау

5. Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

1-топ: Бақыт 2-топ: Қуаныш  
Сабақ ортасы/ сабақтың негізгі бөлімі 5мин     10 мин   10мин

 

1-тапсырма

Шылауларды түрлеріне қарай сәйкестендіріңіз.

Шылаулар Түрлері
1 Мен, бен, пен, және, әрі, да, де,та,те. Айман мен Айгүл асханада отыр. Асқар да, Айдын да солармен бірге отыр.   Қарсылықты жалғаулық
2 Бірақ, дегенмен, алайда, онда да, сонда да, әйтсе де, әйткенмен, әйтпесе, әйткенде,сөйтсе де, сөйткенмен т.б. Жаңбыр жауып тұр, біз сонда да далаға шықтық. Ыңғайлас жалғаулық
3 Өйткені, себебі, сондықтан,сол үшін, не үшін т.б. Аманжолдың анасы ауырып қалыпты, сондықтан бүгін ол мектепке келе алмайды. Кезектес жалғаулық
4 Не, немесе, я болмаса, не болмаса, яки, әлде т.б. Мен ертең саяжайға немесе саябаққа барамын. Себеп-салдар жалғаулық
5 Кейде, бірде, біресе Жанар кейде ботқа алса, кейде сорпа алады. Талғаулы жалғаулық    

Дискриптор Білім алушы

-шылаулардың түрін ажыратады;

-мысалмен сәйкестендіреді.

2-тапсырма

«Менің ғаламторсыз өткізген бір күнім қалай өтті?» деген тақырыпта шылауларды кеңінен қолданып, күнделік жазыңыз.

Үлгі:

Таңертең сағат............................

Түсте сағат...................................

Түстен кейін сағат......................

Кешке сағат.........................

 

Дискриптор Білім алушы

-күнделік құрылымын сақтап жазады;

-жазылым тақырыбынан ауытқымайды;

-шылауларды кеңінен қолданады.

3-тапсырма

Бір алқалы жиында елге танымал екі жазушы екі түрлі ой-пікір айтты. Зерделесек, екеуінің де айтып отырған сөздерінің жаны бір сияқты. Жарыққа шыққан кітапқа жылы лебізін білдіре келіп, бірінші қаламгер: «қазір жаһандану заманында қағаз басылымның маңызы жойыла бастайды, оның орнын ғаламтор басады. Адам өзіне керектіні ғаламтордан тауып алады да, газет-журнал, кітап оқуға жастардың құлқы болмайды» деп өзінше болжам жасады.

Ал екінші бір жазушы: «Интернет заман қажеттілігі болғанымен, оның пайдасынан зияны көп», - деп шыр-пыр болды. Оның уәжі мынаған саяды:

 

 

«Рас, осы күнге дейін интернет арқылы қаншама дүниені оқып, білдік, ой-өрісімізді кеңейттік, тамаша жаңалықтарды таптық. Үлкен жобалар іске қосылады. Мұның бәрін жоққа шығаруға болмайды. Алмайда, бақылаусыздық, бейәдеп, тексерілмеген ақпарат, біреуге дәлелсіз жала жабу, ойына не келсе соны айтқан пікірлердің өріп жүретіні сияқты келеңсіздіктер де осы «шексіз кеңістікте» жетіп артылады.

Бұл-бір. Екіншіден, оның айтуынша, авторын танып, беттерін парақтап, жастанып жатып оқыған кітаптан алған әсерді, интернеттен оқыған дүниемен еш салыстыруға келмейді. Әсіресе, жастарды компьютерден алшақтату мүмкін болмай тұр.

Дискриптор Білім алушы

-әңгімені аяқтайды;

-түпнұсқамен салыстырады.

 

 

 
Сабақтың соңы Кері байланыс 3мин   Бағалау 4мин

«Рефлексиялық шеңбер»

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

Сабақта қандай қиындықтар туындады?

Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?

 

Оқушының аты-жөні «Сәйкестендіру» әдісі «Күнделік толтыру» әдісі «Әңгімені аяқта» әдісі
Жұманәлі Айна      
Назымбек Гүлзат      
Орынтаева Гүлжазира      
Султанова Гулжазира      
Халтаева Райхона      
Юлдашева Нигора      

 

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

 

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы