Жаһандық мәселелер: көші-қон саясаты (9 сағат)

Көркем шығарма: Жәди Шәкенұлы «Қаралы көш» романы.

 

1. «Қаралы көш» туралы ойлар мен пікірлер: https://adyrna.kz/post/22725

2. «Қаралы көш» романының электронды нұсқасы. http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1166509&lang=kk

3. «Қаралы көш» романы қалай жазылды? Мақала. «Қазақ үні» газеті. https://qazaquni.kz/2015/04/14/35198.html

 

Тапсырма: Екі сұраққа жазбаша жауап жазып тапсырыңдар.

 

1. Көштің, көшіп-қонудың қандай түрлерін білесіңдер?

2. Көшке байланысты қандай көркем шығармалар мен фильмдер түсірілді?

1) Көші-қонның уақытша жәнеқайтып оралмайтын, мемлекетаралық және ішкі көші-қон, мәжбүрлі және ерікті, заңсыз миграция сияқты түрлері белгілі. Сонымен қатар, адамдардың қоныс аударуы әртүрлі себептерге де тікелей байланысты. Халықтын қоныс аударуы жұмыс немесе оқу орнын ауыстырумен, маусым ауысуымен және тағы да баска әлеуметтік-экономикалық мәселелерге байланысты болуы мүмкін.

2) Көші-қон тақырыбы қозғалатын шығармалардың бірі – Қабдеш Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» әңгімесі. Жазушы тағдыр тауқыметіне бас иген жырақта өмір сүрген қазақтардың тыныс-тіршілігі мен олардың туған жерге жетіп өлсем деген арманын шебер бейнелеген. Сонымен қатар, "Заманай мен Аманай" - Сәкен Жүнісовтің атақты туындыларының бірі. Шығарма ұжымдастыру уақытында жат мекен, өзге қонысқа қоныстанған қазақтардың сұрықсыз өмірі, жат жерде жүрген қазақтың елін, жерін сағынып, көксеуі Отанға деген нағыз махаббатын көрсетеді. Туындыға тоталитарлық жүйе орнаған заман тұсында туған елден жыраққа кетуге мәжбүр болған Балзияның өмірі арқау болған. Автор Баласы Заманайды туған жеріне жеткізе алмаса да, немересі Аманайды Отанына қайтаруды арман еткен қарт ананың бейнесін суреттейді.