1. «Байсерке Агро» ЖШС-ның орналасқан жері,климаты, топырағын анықтау.

Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті

Комерциялық емес Акционерлік қоғамы

Технология және биоресурстар факультеті

Мал шаруашылығы және балық өнімдерін өндіру технологиясы кафедрасы

 

 

Жиенбай Жұлдыз

Оқу тәжірбие

ЕСЕБІ

 

Алматы 2017

Жоспар:

1. Кіріспе..................................................................

2. Негізгі бөлім...................................................................

2.1. «Байсерке-Агро» ЖШС-ға сипаттама................................

2.2. Ірі қараға сипаттама................................................

2.3. Ірі қараларды азықтандыру.............................

2.4. Ірі қараның аурулары.................................

3. Қорытынды......................................................................

4. Пайдаланған әдебиеттер................................................

 

Кіріспе

Қазақ Ұлттық агаралық аграрлық университетті,«Технология және биоресурстар», «Мал шаруашлық өнімдерін өндіру техналогиясы» мамандығының 2курс студенттері 2017жылдың наурыз айының 13 жұлдызынан, сәуір айының 15 жұлдызына дейін өндірістік практикадан өтті. Практиканың мақсаты: 2 жыл алған білімімізді іс жүзінде көріп, практикада қолдану.

Студенттердің практикадағы міндеттері.

1. «Байсерке Агро» ЖШС-ның орналасқан жері,климаты, топырағын анықтау.

2. Қазақстандағы ірі қараның шығу тегі, тархы және елімізде тараған аумағы.

3. Қазақстандағы ірі қара малының қазіргі жағдайы.

4. Ірі қара малының сүттілігі.

5. Бузауды азықтандыру.

 

Мемлекет басшысы шаруашылық базасында Қазақ Ұлттық ауыл шаруашылығы университетімен бірлесіп құрған «Байсерке-Агро» ғылыми-өндірістік оқыту орталығы жұмысымен танысты.
Қазақстан Президентіне дәнді дақылдардың жаңа сорттары, пестицидтер мен биотыңайтқыштардың сан алуан түрі, сондай-ақ Қазақстан ғалымдары «Байсерке-Агро» ҒӨОО базасында жасап шығарған ветеринарлық препараттар көрсетілді. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы техникасының жетілдірілген әрқилы түрлері мен мал шаруашылығы нысандарын аралап көрді.
Мемлекет басшысы отандық жоғары оқу орындары оқыту үдерісін ғылыммен және өндіріспен ұштастыру тәжірибесін қолдануы қажеттігіне назар аударды.
– Барлық университеттер ғылыммен айналысуға тиіс. Оларда зертханалар ашып, кейін өндіріс ұйымдастыру үшін қажет болатын тәжірибелік-өнеркәсіптік жұмыстарды жүргізуге арналған техникалық база құрған жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы елдегі ауыл шаруашылығы кешенін тиімді дамыту ісі бұл салада заманауи ғылыми әдістемелер мен әзірлемелерді қолдануды талап ететінін айтты.
– Азық-түлік өндірісі елімізді дамытудың басты факторына айналып келеді. 2050 жылға әлемде халық саны қарай 9 миллиардқа дейін өседі, ол ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді екі есеге арттыруды қажет ететін болады. Қазақстанның, орасан кең алқаптарды қоса алғанда, сол орынды иеленуге барлық мүмкіндігі бар. Бұл ретте ауыл шаруашылығы жаңа технологиялардың көмегінсіз одан әрі дами алмайды. Ғылымның бар күшін пайдалану керек, тек сонда ғана біз ауыл шаруашылығы саласында ілгерілей аламыз, – деді Қазақстан Президенті.

 

2. Негізгі бөлім

2.1. «Байсерке-Агро» ЖШС-ға сипаттама.

«Байсерке-Агро» шаруашылығының негізгі даму бағыттары өсімдік шаруашылығы, азық дайындау, асыл тұқымды етті-сүтті мал шаруашылығы, асыл тұқымды жылқы және қой шаруашылығы.
Шаруашылықта 43323,3 га жер алқаптары, соның ішінде егістік 3366 га, жайылымдар 39822,1 га құрайды. Қазіргі таңда шаруашылықта 2218 ІҚМ, 9243 қой мен ешкі, 537 жылқы және 149 бас түйе өсіріледі.


«Байсерке-Агро» асыл тұқымды қазақтың ақбас тұқымы, асыл тұқымды голланд, қара-ала сиырлары мен биязы жүнді және еділбай қойларын өсірумен айналысады. Шаруашылықта 300 ге жуық адам еңбек етуде.


2011 жылдың тамызында қуаттылығы жылына 1 800 тонна сүт өнімдерін өндіретін зауыт іске қосылды. Сүт зауытында (Megatex) итальяндық құрылғы орнатылған, жобаның құны 1 374,3 млн. теңгені құрайды. Мұнда сүт, тетропакеттерде айран, қаймақ, ірімшік, йогурт және сары май өндіреді.


2011 жылдың желтоқсанында кәсіпорын қуаттылығы жылына 1250 тонна ет өнімдерін өндіретін зауытты іске қосты. Жобаның құндылығы 1 316,8 млн. теңгені құрады. Зауытта ірі кесекті вакуумдық қаптамадағы салқындатылған ет және шұжық бұйымдарын шығарады.


2013 жылы шаруашылық Канададан 634 бас асыл тұқымды голштин ІҚМ әкелді. 2014 жылдың аяғында ЖШС қосымша 2800 бас ангус етті тұқымды ірі қара малын сатып алды.

 

2.2. Ірі қараға сипаттама.

 

Малдың шығу тегі - малдың пайда болуы жөніңдегі зоотехнияның бір саласы. Малдың шығу тегі жөніңдегі ғылым қолда өсірілетін малдың зоологиялық жіктеуде алатын орны, қолға үйрету кезінде пайда болған өзгерістері және олардың дамып жетілуі, қолға үйретілген алғашқы мекені мен уақыты, оның таралуы, белгілі бір мал түлігінің нақтылы жабайы тегін анықтау мәселелерін шешеді. Қазіргі уақыта қолда өсіретін малдың барлық түрлерінің арғы тегі жабайы хайуанаттар болғаны белгілі болды. Оларды қолға үйрету — күрделі де ұзақ үрдіс. Жабайы және үй малдарының дене құрылысын салыстыру, будандастыру, палентологиялық және археологиялық зерттеу деректері негізінде үй малының барлық түрлерінің арғы тегі толық анықталған. Мысалы, мүйізді ірі қара малдың арғы тегі - жабайы тур, қойдың арғы тегі – арқар мен муфлон, жылқының арғы тегі - тарпан мен құлан, тауықтың арғы тегі - банкив тауығы, үйрек тұқымдарынікі - барқырауық жабайы үйрек, үй қазыныкі - жабайы сұр қаз екені көрсетілген. Малдың шығу тегін және пайда болу жолын зерттеу арқылы, олардың үйретілген жүздеген ғасырлар бойында пайда болған пайдалы өзгерістердің сырын ашып, қазіргі кездегі малдың өнімдік және тұқымдық қасиеттерін жетілдірудің нақтылы тәсілдерін білуге мүмкіншілік туғызады.

 

Малды қолға үйрету орталықтары жөңінде академик Вавилов тарихи және археологиялық деректерге жүгіңе отырып, түбегейлі еңбек жазған еді. Вавилов – географиялық жағдайларға байланысты жануарларды қолға үйретуде басты-басты орталық және қосымша орталығы болғандығын айтқан. Малды қолға үйрету орталықтары жануарлардың географиялық жаралуымен ертсцегі адамзат қоғамының өркендету сатысына байланысты болды. Демек, үй малдарының эволюциясын және түқым пайда болуын адамзат қоғамының өркеңдеуі жөне экономикалық даму сатысымен байланысты қарау керек. Малды қолға үйрету орталықтарының барлығы дерлік суб- тропикалық жөне тропикалық аймақтарда орналасқан. Малды қолда үйретудін алғашқы орталықтары жақын шығыста (Оңтүстік Түркия, Палестина, Күрдістан, Иран, Орта Азия) болған. Алғаш қолға үйретілген малдардың ата-тегі өте кең ареалды жаиласа (қасқыр, қорқау қасқыр және т.б.), үйретілген ортасы бір. Аз жерде тараған үй малдарының (қодас, бантенг, гаян, енеке, бүғы және т.б.) қолға үйреткен ортасы да қазба жүмысы кезінде (неолит дәуірі қабатынан) табылған. Ірі қара, қой, ешкі, шошқа біздің дәуірге дейінгі 6-5 мың жыл бүрын солтүстік Африкада және Орта Азияда 4-3 мың жыл бүрын табылған. Демек, малды қолға үйретудегі алғашқы орталықтарының бірі Орта Азия. Ашхабат маңындағы Ақау атты мекенде неолит дәуірінің Орта ғасырға дейін өмір сүрген қоқыс және қола қорытқан орын табылып, бүл жерде малдың көптеген түрлерінің қолға, үйге үйретілгені анықталды. Малдардың жаңа жерлерге таралуына халықтың шығыстан батысқа қоныс аударуы көп эсер етгі. Халықпен бірге мал да ауысты. Біздің эрамызға дейінгі 5-4 мыңыншы жылдарды Азиядан Еуропаға қоныс аударған халық өзімен бірге қолға үйреткен малды да ала жүрді. Қоныс аударған халық жыл бойы Кавказ, Балқан тауларын Кіші Азияны мекендеп қалып, қолдағы мал жаңа ортаның ауа- райы, жер жағдайына көндігіп жергілікті малмен будандасып, өзгере бастады. К,олға үйретілген малдың көпшілігін олардан әр түрлі өнім алатындықтан, ауылшаруашылық малы деп атай- ды, өиткені ондай мал ауыл шаруашылығы өндірісінің маңыз- ды саласы. Мамандардың көпшілігі малды қолға үйреткен 6 орталығы бар деп санайды:

Қытайлык малайзиялық (Вьетнам, Лаос, Камбоджа, Тайланд, Шығыс К,ытай). Осы аймақта Оңтүстік К,ытай немесе

1. Үнді шошқасы, солтүстік Қытай шошқасы, тауық, үйрек, қытай қаздары, бал арасы, жібек қүрты, ит үйретілген. 2. Үнділік (Үнді, Солтүстік Пакистан, Бирма, Непал) — зебу, гаял, енеке, тауық, үнді мысығы, ит,бал арасы үйретілген.

 

2. Оңтүстік Батые Азия (Солтүстік — Шығыс Түркия, Солтүстік Шығыс Сирия, Иран, Ирак, Кавказ, Ауғанстан) ірі қара, жылқы, қой, ешкі, шошқа, нар-мая, көгершін. 4. Орта теңіз (Орта теңіз жағалауы, Солтүстік Шығыс Паки­ стан, Оңтүстік Шығыс Франция, Италия, Швейцария, Юго­ славия, Болгария, Греция, Албания, Оңтүстік Батые Сирия, Иордания, Египет) ірі кара, батыс жылқысы, етті жылқы, кой, ешкі, шошқа, үйрек, қаз, үй қояны. 5. Андылык (Солтүстік Анды, Оңтүстік Мерина, Эквадор, Перу, Оңтүстік Батыс Боливия) мускат үйрегі, теңіз шошқасы, күрке тауық. 6. Африкалық (Солтүстік ИІыгыс Африкасы) — страус, ци- арна, мысық, ит, есек, шошқа..

 

Ірі қараның арғы атасы Тур. Ірі қара сүт қоректілер класы- на, жоғары сүт қоректілер тармағына, жүптүяқтылар отрядына — күйіс қайырушылар отряд тармағына, қуыс мүйізділер отба- сына, немесе өгізтектілерге жатады. Турдың тараған орталық- тары Еуропа, Солтүстік Америка, Азия (Қытай, Сирия, Палес­ тина). Кайназой дөуірінде Тур батпақты, өзен жағалауындағы далалы жерді, сазды, ну орманды мекен еткен. Тур өте алып, сүтті жануар болған, түсі қара, қара ала, мүйізі үлкен алға бағытталған. Мүйізінің салмағы 10-15 кг дейін жет- кен, сирақтары күшті, шоқтығының биіктігі 160 (аналығы), 210 (аталығы) см жеткен. Салмағы 810-1200 кг. Олар үлкен табын қүрып тіршілік еткен. Турдың үш түрі болған: Еуропалық, Азиялық, Африкалық. Турдың әрбір түрі сол аймақта ш ы ққан ірі қара түқымдары- ның арғы тегі бодцы.

 

Голштин ірі қарасының тұқымы. Бұл тұқым АҚШ пен Канадада голландияның қара-ала тұқымы арқылы шыққан. Алғашқы уақытта шығарушы фермерлер жаңа тұқымның сүттілігіне және тірі салмағына көңіл бөлген. АҚШ-та 1871 жылы голштин ірі қара малын өсіру қоғамы құрылған.

Голштин сиырларының орташа тірі салмағы 670 кг-нан 700 кг-ға дейін, бұқаларының салмағы -960-1200 кг-ға дейін. Еркек бұзауларының туғандағы тірілей салмағы 44-47 кг, ұрғашыларынікі -32-42 кг. Голштин малының сыртқы бітімі сүтті бағыттағы тұқым тектес.

Шоқтығының орташа биіктігі 141-147 см, бұқаларынікі – 165-167 см. Ерекшелігі тез жетілгіш- өсімтал мал,азықты тез өтейді, сүтті комплекстегі жаңа технолгияға бейімделген және адаптациялық қасиеті жоғары. АҚШ-та Висконсия штатында 2010 жылы Ever Yzeen My 1396 сиыр 305 күнде 5-ші лактацияда 32765 кг сүт, 1265 кг май және 972,5 кг ақуыз /белок/ өндірді.

Канадада Онтарио штатында джиплет Император Смурф 6567959 сиырдан 10 лактациядан фантастикалық сүт өнімі 216893 кг сүт, 7709 кг май және 6826 кг ақуыз /белок/ алынды, тағы ол сиыр 2012 жылы лактация да болды.

Сүттілігі жағынан голштин тұқымы дүние жүзінде бірінші орында, 2011 жылы 3816832 сиырдан 305 күнде 10607кг сүт,3,66% майлылық , 3,07% белок. Қазақстанда Қызылорда облысы Қазалы ауданында «РЗА» шаруашылығында 740 сиырдан 8100кг сүт сауылды.

Барлық облыстарда ipi қара өcipy үшін екі түрлі әдіс қолданылады. Оның бірінші - таза қанды өcipy де, екіншісі - будандастырып өcipy. Бұл екі әдіс бipiнe-бipi байланысты. Таза қанды мал асыл тұқымды мал шаруашылықтарында өcipілсе, будандастыру жолымен тауарлы шаруашылықтарда өсіріледі. Кейбір шаруашылықтарда бұл әдістің екеуі де қолданылуы мүмкін. Таза тұқымды өcipy әдісі мал тұқымын асылдандыруға бағытталса, будандастыру малдың жаңа тұқымын шығару үшін қолданылады.

Таза тұқымды өcipy әдісінде бip тұқымның сиырларын сол тұқымның бұқаларымен қашырады. Мұндағы мақсат сол тұқымның тұқым қуалаушылық қасиетін жетілдіріп, мол өнімін, дене құрылысын, биологиялык ерекшелігін пайдалану. Бұл жағдайда асылдандырылған малдың тұқымдық касиетін өзгертпеу керек. Өйткені негізгі мақсат - өнiмдiлiгi мен дене құрылысы жағынан ата-тегіне ұқсас ұрпақ шығару.

Будандастыру кезінде әр тұқымды бір-бірімен шағылыстырады. Ол бip тұқымның жақсы қасиеттерін екінші тұқымға аудару, бipiктipy үшін қолданылады. Будандастыру әдістері ciңipe, өндіре, қан алмастыра, алма-кезек, өнеркәсіптік будандастыру - деп бөлінеді.+

Табындағы малды сұрыптағанда малды іріктеп, жақсысын таңдап алады. Іріктегенде сүттілігіне, сүттің майлылығына, дене бітіміне, суалғыштығына, өсіп-жетілгіштігіне, ұрпақтарының сапасына, денсаулығына қарайды.

Сауын малын ең алдымен сүттілігіне, тұқым қуалағыш қасиетіне қарап тандайды. Кейбір сиырдың ұрпағы өзі сияқты сүтті болмайды. Өйткені бұл қасиет азықтандырылуына, күтіміне, жасына, бұзаулағаннан кейін қашу және суалту мерзіміне де байланысты.

Ата-тегі бip сиырлардың сүті де бірдей болмайды. Сондықтан сиырды бағалағанда алдымен оның төртінші қатарға дейінгі ата-тегінің мәліметтерін тексереді. Арнаулы куәлікте ата-тегінің өнімдері мен бұқаның желісі керсетіледі. Ең басты мәселе одан шығатын сүттің көлемін анықтау. Жас сиырлардың сүті кемдеу болады да, 5-6 рет бұзаулағанға дейін бірте-бірте артады.

Сауын сиырдың сыртқы тұрқы созылыңқы, денесі сүйірлеу, бөксе жағы басым жетілген, желіндері үлкен, терілері жұқа болса сүті молдау болады. Мұндай сиырлардың басы кішілеу, нәзік, мойыны ұзын да жіңішке, арқасы түзу, сирақтары жіңішке келеді.

Oсыған орай сыртқы тұлғасының кемістіктерін де ескерген жөн. Ондай кемістіктердің ұрпақтарына да даруы мүмкін. Ол кемістіктерге малдың қайқы белдігі, тар бөкселік, тірсегінің кағысқаны, имек сирақтығы, тобан аяқтығы, қисық желінділігі, теріс емшектігі және т.б. жатады.

 

2.3. Ірі қараны азықтандыру. Әрбір литр сүт түзу үшін желін тамырлары арқылы 500 литрден астам қан өтеді екен.

Ал тәулігіне оншақты литр сүт шығатын сиырларды алсақ, олардың желін тамырлары арқылы 5—6 мың литрдөн астам қан өтетінін өсептеу қиын өмес. Осы қан құрамында сүтті түзуге қажетті бүкіл қоректік заттар мен қосындылар жеткізілуге тиіс қой. Ал олар қайдан алынбақ? Қан құрамына малдың ас қорыту жолдарындағы қорытылған азықтық қоректік заттары сіңіріледі. Сондықтан қан мен қажетті қосындылар сүт түзу үшін, малды жан-жаңты толықтырылған азықтық, рациондармен жеткілікті дәрежеде азықтандыруқажет.
Сиырды дұрыс азықтандыру үшін олардың негізгі ас қорыту ерөкшеліктерін білген жөн. Басқа да күйіс қайыратьш мал сияқты сиыр жеген азық та алдымен төрт камерадан тұратын асқазанының алдыңғы камералары — үлкен қарын, жалбыршақ және тақия қарындарда алдынала өңдеуден өтеді. Бұл алдыңіғы қарындарда көптеген микроорганизмдер тіршілік етеді. Осы қарындар олардың өсіп-өнуіне әбден қолайлы. Алдыңғы қарындарда ұлтабардағыдай өте қышқыл реакциялы қарын сөлі немесе тұз қышқылы болмайды, ал күйіс қайыру кезінде сиырдың сілекей бездері шығаратын сілекейі көп мөлшерде үлкен қарынга құйылъш, ондағы ортаға микроорганизмдер тіршілігіне қолайлы сілтілік реакция береді. Содан барып алдыңғы қарындарда әбден күйселіп, шайналып, ұсақталмаған азық бөлшөктері біршама уақыт кідіретіндіктен олардың қоректік заттарын пайдаланьш, көптеген
микроорганизмдер өсіп-өнеді. Олар бір клеткалы жануар тектес (микрофауна) және қарапайым өсімдік тектес (микрофлора) ор-ганизмдерден тұрады. Өздерінің тіршілік процестеріне үлкен қа-рынға түскен азықтық заттарды пайдаланып, өз денесінің қо-сындыларына енгізед,і. Мысалы, азықтық азоттың заттарды игеріп, өз денесі белогының амин қышқылдарын түзеді. Олар белоктық азот пен белок емес заттардың (амидтердің), сонымен қатар тіпті анорганикалық азотты (карбамид сияқты химиялық қосындыларды) да игере алатындығын ескерсек, осы микробиологиялық түзу арқылы сиырларға құнсыз азоттық, қосындылардан ауыспайтьш амин қышқылдарына байытылған құнды белоктар жеткізіледі. Міне, осыдан эволюция барысында макроорганизм (сиыр) мен микроорганизмдер (үлкен қарын микрофлорасы мен микро-фаунасы) бір-біріне қажетті жағдай туғызып, өзара тіршілік етеді.
Алмастыруға келмейтін аминқышқылдарымен қатар алдыңғы орындардағы микроорганизмдер маңызды витаминдерді (В12 цианкобаламин, К витамині) де түзетінін ескерсек, олардың азықты биологиялық өңдеуден өткізуінің малға қаншалықты маңызды екенін ағару қиын емес.
Сондықтан ірі қараның азық рационын олардың алдыңғы қата-рындарында өтетін микробиологиялық процестерді ескере отырып жасау қажет. Азық рационы арқылы алдыңғы қарындардағы микробиологиялық түзуді неғұрлым ұлғайта алсақ, малды жоғары сапалы белоктың заттармен, қажетті витаминдермен солғұрлым қамтамасыз ете аламыз. Оның алғашқы шарты — сиыр рационы-ның бірыңғай сақтап, тез бұзбай, ал қолданылатын жаңа азықтарды біртіндеп, азаздап енгізеді. Сондай-ақ қысқы азықтандырудан жазғы жайылымға ауыстырғанда да осы қағиданы ұмытпай, қысқы азықтарды жайылым отымен біртіндеп қана ауыстыру қажет. Сонда ғана сиырды іш өту індетінен сақтандырьш, қысқы рациондарға бейімделіп қалған микроорганизмдер ассоциациясын сақтап қалуға болады.
Сиыр азықтандыруды дұрыс ұ.йымдастыру үшін оның жасына, тірілей салмағына, физиологиялық жағдайына, өніміне қарап оларға қажетті қоректік заттар мөлшерін (азықтық нормасын) анықтауға болады. Қазіргі кезде сиырларга 80-нен астам қоректік және биологиялық активті заттардың қажет екендігі белгілі больш отыр. Әрине азыңтандыру барысында олардың бәрінің деңгейін бақылау мүмкін емес. Сондыңтан сиыр организмінің қоректік заттарға деген мұқтаждығын көрсететін нормалық көрсеткіштер ретінде ең маңызды алты көрсеткіш алынады.
Олардың ішіндөгі негізгісі — организмнің жалпы энергиялың мүқтаждырын көрсететін Советтік азық өлшемі. Қазіргі уақытта бұл өлшем ретінде құнарлылығы өгіз денесіне 150 грамм май байлайтын 1 кг сұлы алынған. Советтік азықөлшемімен қатар құндылығы алмасу энергиясының 2500 килокалориясына тең энергиясының
2500 килокалориясына тең энергиялың азық өлшемі де қолданылады.
Белоктық қажеттіліктің көрсеткіші ретінде қорытылатъш про-теин,, минералдық көрсеткіштер ретінде — ас тұзы, калций жәнө фосфор, витаминдік көрсеткіш ретінде — каротин алынған. Міне, осы алты көрсеткіш малдың азық нормасын белгілейді. Әсіресе организм қажеттігін энергиядан кейін белоктық заттармен қамта-масыз етудің маңызы өте зор. Өйткені олар организмдегі пласти-калық, құрылымдық түзу процестерін қамтамасыз етеді.
Әр түрлі физиологиялық жағдайларына байланысты сиыр ор-ганизміне қажетті азық өлшемі мен қорытылатын протеин көлемін жаттап алған жөн. Буаз сиырлар 3000 литрдей сүт өндіретін болса 300 килограмнан 500 кидограмга дейінгі салмагына 5—8 советтік азық өлшемі, 600—900 грамм қорытылатын протеин қажет.
Сауын сиырлардың әр 100 килограмм тірілей салмағына ша-мамен 1 азық өлшемі, ал өндірілетін сүттің әрбір килограмына 0,5 азық өлшемі жұмсалады, Рациондағы әр азық өлшөмінде 110— 120 грамм қорытылатын протеин, 7—10 грамм ас тұзы, 9—10 грамм кальций, 5—6 грамм фосфор, 40—60 миллиграмм каротин
болуға тиіс.
Тұмса сиырлар мен арық сиырлар үшін осы көрсеткіштерді 1—2 азық өлшеміне ұлғайтады. Сонда қоректік заттар мөлшөрі де
өседі.
Тана-торпақтың нормасын қосылатын салмағына қарай белгі-лөйді. Бір жасқа дейін әрбір кг қосқан қосымша салмағына 6—7 азық өлшемі, 660—840 грамм қорытылатын протеин керек болса, 1—2 жас аралығында 8—9 азық өлшемі мен 800—900 грамм қо-рытылатын протөин қажет. Бордақылаудағы сақа малдың әрбір килограмм қосқан қосымша салмағына 10—12 азық өлшемі, 700—960 грамм қорытылатын протеин керек.
Сауын сиырларына қажетті нормалар 3-таблицада келтірілген.
Азықтандыру нормасын анықтап алғаннан кейін соның негі-зінде, қоректілігі нормалық көрсеткіштерге дәл келетіндей етіп азық рационын жасайды. Азык, рационын малдың сүйсініп жейтін азықтарынан белгілі зоотехникалық ережелер бойынша жасаған дұрыс. Ол ережелерден бұрын сиыр азықтарына тоқтальш
өтейік.
Бұл азықтар шығу тегі жағынан өсімдік төктес және жануар тектес болып екіге бөлінеді. Жануар тектес азықтарға сүт және сүт өнімдері, ет және балың комбинаттарының қалдықтары жатады (ет, ет-сүйек, қан және балықұны). Олар рационда қосымша азықтар ретінде к,олданылады, ал рацион негізін өсімдік тектес азықтар құрады.
Көк азықтар — ірі қараның жазғы уақыттағы негізгі азығы. Жақсы жайылымда сауын сиырлар тәулігіне 70 килограмға дейін көк балауса жей алады. Жас көк балаусаның ылғалдылығы жоғары болғандықтан жалпы құндылығы 0,18—0,29 азық өлшемі аралығында болады. Орташа химиялық құрамын алғанда түрлі жайылым отында 60—80% су, ал құрғақ затында 20—25% протеин, 10—18% клөтчатка, 4—5% май, 35—50% азотсыз экстравтік заттар, 9—11% минералды (күлді) заттар болады. Құрамында мал организмінің тіршілігіне қажетті барлық дерлік қоректік және биологиялық белсенді заттар, ең алдымен витаминдер, өте жақсы сіңірілетін болғандықтан көк азықтардың қоректілігі мен құндылығы өте жоғары бағаланады. Жалпы қоректілігі жағынан көк азықтардың құрғақ заты құнарлы жемдермен тең түссе, биологиялық және витаминдік бағалылығы жағынан олардан анағұрлым басым.
Шырынды азықтар. Ірі қара, әсіресе сауын сиырлары рацион-дарында олардың сүтін көтөретін тамыр-түйнек жемістілер (қант және қызылша, сәбіз, картоп) және бақша дақылдары (асқабақ, қарбыз, қауын) кеңінен қолданылады. Олар өте жеңіл қорытылып, малды қантпен, ал сәбіз, асқабақ А витаминінің алғашқы түрі каротинмен қамтамасыз етеді. Оларды сиыр сүйсініп жейді.

Құрамындағы қант сиыр рационындағы қант-протеин ара қаты-насын жақсартып, қоректік заттардың қорытылуын жоғарылатады.
Сауын сиырларға қызылшаны тәулігіне 30 кг, ал картопты 15 килограмға дейін беруге болады. Яғни олардың жылдық қоры сиыр басына — қызылшаныкі 10—15 ц, ал картоптікі 5—10 ц. Тек қант қызылшасын қолданғанда ескеретін жайт — оның тәуліктік мөлшерін сиырдың сүттілігіне орай бірнеше рет бөліп беру керек. Өйткені сиыр организмінде лактаза ферменті азығынан қанттың көптеген мөлшері ыдырап үлгермей, ашьш, көптеген іш газы пайда болады.
Қызылшаны арнаулы қорада (температурасы — 1-2°С) немесе әдөйі қазылған орда сақтайды. Тамыр-түйнек жемістілер құрамында су көп болғандықтан (70—90%) олар жоғары температурада нашар сақталып, ал —2-3°С суықта үсікке шалдығады. Әсіресе ұрылып-соғылған, қабығы түскен тамыр-түйнек жемістілер тез бұзыла бастайды. Сондықтан сақтауға тек дұрыс қазылып алынған, қабығы бүтін, жаншылмаған тамыр-түйнектілерді құмнан, батпақтан тазартып, сыртын кептіріп барып салады.
Малға берер алдында оларды тазартьш, турап, ал жас малға ыстың суға, буға бөрттіріп береді.

 


Сауын сиырды азықтандыру. Ірі қара өсіру еліміздің мал шаруашылығында басты салаға айналып отыр. Халық шаруашылығы өндіретін сүттің 90% және еттің басым бөлігін (40-45%) ірі қарадан алады. Етпен сүт адам рационында маңызы зор тағамдар болып табылады.Елімізде халық санының көбейіп, әлеуметтік жағдайының жақсаруы халықтың ет пен сүтке қажеттілігін арттырып отыр. Бұл жағдайдан алғанда ірі қараны ғылыми тұрғыдан баланстап азықтандырудың маңызы зор.
Біздің елімізде ірі қараның етті, сүтті және етті-сүтті тұқымын өсіреді. Басқа малдың түріне қарағанда ірі қара мал өсімдік тектес, құрамында жасұнығы көп азықтарды тиімді пайдаланып, адамға қажет өнім береді.
Қазір сиырдың әрбір 100 кг салмағына 1000 кг-ға дейін сүт өндіруге болады, ал жүлдегер сиыр өрбір 100 кг салмағына 3000 кг дейін сүт береді. Жылына 3000 кг сүт беретін сиыр сүт арңылы 100 кг ақуыз, 130 кг май, 4 кг каль-ций, 3-4 кг фосфор, 15 кг лизин бөлсе, 5000 кг сүт беретін сиыр 635 кг қүрғақ зат, оның ішінде 160 кг аңуыз, 200 кг май, 270 кг қант, 35 кг минералды заттар бөледі. Жоғары өнімді сауын сиырының энергияға ңажеттілігі, әсіресе бүзаулағаннан кейінгі бастапңы айларда өте жоға-ры болады, бүл уаңытта рационның ңоректік заттары сүт өндіруге кететін энергияны ңамтамасыз ете алмайды да, мал өз ағзасындағы ңорға жиналған қоректік заттарды пайдалана бастайды, сондықтан алғашңы 100 күн сауын уаңытында мүндай мал тәулігіне 1,0 кг дейін салмаң жо-ғалтуы ьщтимал.
Орта есеппен сауын сиыр 100 кг тірі салмаңңа 2,8-3,2 кг, ал жоғары өнімді мал 3,5-3,8 кг, кейбір өте жоғары өнімді сиыр 4,0-4,7 кг ңүрғаң зат қабылдай алады. Сиыр не-ғүрлым сүтті болса, рациондағы қүрғақ заттың энергия мөлшері соғүрлым жоғары болуы тиіс, жалпы 1 кг ңүрғаң заттағы энергия мөлшері 0,65 азың өлшемінен немесе 8 МДж кем болмауы керек.
Көп жағдайда сиырдың өнім деңгейі рациондағы про-теин мөлшеріне байланысты. Тәулігіне 10 кг сүт беретін сиырдың рационында 1 азық өлшемінде 95 г ңорытыла-тын протеин болу қажет, ал өнімі одан жоғары болса, 1 азың өлшеміне 105-110 г ңорытылатын протеин болға-ны жөн.
Сүтті сиыр рационында жасүныңтың ңүрғаң заттан пайыздың мөлшері тәуліктік өніміне тікелей байланыс-ты болуы ңажет, егер тәуліктік өнім 10 кг болса, жас-үньщ ңүрғаң заттың 28 % -ын, ал тәуліктік өнімі 20-30 кг болса, 16-18 % -ын ңүрауы қажет.
Сауын сиырдың рационында ңанттың протеинге ңатынасы 0,8-1,1:1 шамасында. Шикі майдың сауын сиырдың рационындағы мөлшері төуліктік өніміндегі жалпы майдың 60-65 % -ын ңүрауы ңажет.
Сауын сиырының қысқы рационының негізі ірі азық-тардан түрғаны жаңсы. Сиыр рационындағы жаңсы са-палы пішен протеин, қант, витамин және минералдық заттардың ңайнар көзі болып табылады. Пішеннің же-лінуі оның сапасы мен рацион қүрамындағы басңа ірі азыңтардың болуына байланысты. Негізгі азыңтардың сапасының төмен болуы сауын малының рационын күнарландырылған азықпен баланстауды талап етеді. Сауын сиырдың рационына қыс айларында сүрлем, пішендеме, тамыр-түйнек жемістер, ірі азың, дәнді азық ңосады.Пішен аз жылдары рационға сабан ңосуға болады. Қант ңызыліпасын сиырға әрбір сауылған литр сүтке 0,6-0,8 кг есебінен ңосады, бірақ ңант ңызылша-сының тәуліктік мөлшері 15-18 кг-нан аспағаны жаң-сы, ал бір азықтандырғанда 5 кг-нан аспағаны жөн. Азықтың ңызылшаны ңант қызылшасынан 2-2,5 есе көп беруге болады. Әрбір 100 кг тірі салмаңңа сауын малда-ры 3-4 кг сүрлем алғаны жақсы. Рациондағы ылғалды азыңтардың мөлшеріне байланысты ірі азың деңгейі әр түрлі болуы мүмкін, дегенмен 100 кг тірі салмаңңа ірі азың мөлшері 1 кг аз болмағаны жөн. Дәнді азықтарды 1 кг сүтке 250-350 г шамасында береді.
Буаз суалган сиырды азықтандыру. Сиырдың жасы-на, ңоңына және өнімділігіне қарай суалу мерзімі 45-60 күнге созылады.
Буаз сиырларды, әсіресе буаздығының соңғы айла-рында, ңүнды азықтандыру олардың өнімінің сапасына жәііе бүзаулағаннан кейін сүт өнімінің мөлшеріне зор әсерін тигізеді.
Күнделікті тәжірибеден белгілі жағдай, егер де буаз суалған сиырды дүрыс азықтандырмаса, олардың бүзау-лауы ңиындайды, не болмаса төл нашар болып туады, дүрыс өспейді және сүттілігі төмендейді. Осы себептен құнды азыңтандырудың маңсаты — сиыр рационының қүрамында қоректік заттардың жеткілікті болуы, одан денсаулығы жаңсы ірі төл алу, бүзаулағаннан кейін сүтейту кезеңінде өнімін жоғарылату. Суалған сиырды ңүнды азыңтандырғанның бірінпіі көрсеткіші — оның тірілей салмағының 10-12 % жоғарылауы. Сиыр арық болса, норманы 1-2 азың өлшеміне көтередіжәне 1 азық өлшеміне шаңңанда кем дегенде 110 г ңорытылған про-теин алуы тиіс. Рационның ңүрамында минералдың заттар жеткілікті болуын ңатты ңадағалау керек, өйткені кальций мен фософор төлдің сүйегін түзуге өте ңажет және ағзада да олардың қоры болуы керек. Сиырдың ден-саулығы жақсы және буаздығы дүрыс өту үшін рационда ңажетті мөлшерде бүкіл витаминдер әсіресе, каротин, Д жөне Е витаминдері болғаны дүрыс. Буаз сиырды ка-ротині өте аз рационмен азықтандырғанда, ол іш тастай-ды, не болмаса өміршеңдігі нашар бүзау тууына, әрі ңарай сиырдың жыныстық циклының бүзылуына соң-тыруы мүмкін. Қысңы уаңыттарда каротиннің ңайнар көзі ретінде жақсы сүрлем, шөп үны, түйіршіктелген азың, бұршақ тектес пішендемемен азықтандырылады.
Рационда Д витаминінің жетіспеуі сиыр мен төлдің ағзасында кальций мен фосфордың алмасуын бүзады, ал мүның өзі сиыр сүйегінің жүңаруына, бүзау аяқтарының майысуына әкеп соқтырады. Е витамині жетіспеген жағ-дайда көбінесе сиырдың өсімталдық қабілеті төмендеуі мүмкін.
Суалған буаз сиырдың рацион құрамына міндетті түрде сапалы пішен, әсіресе бұршақ тұқымдас пішен кіруі тиіс. Орташа 100 кг тірілей салмағына 1-2 кг ірі азық береді. Шырынды азықтардан сапасы өте жоғары сүрлем, ең жаңсысы пішендеме, дәнді пішендеме, 100 кг тірілей салмағына шақңанда 2-4 кг-дай азықтандырады.
Қанттың протеинге арақатынасы 0,8-1,0:1 шамасын-да, қант пен крахмалдың протеинге ңатынасы 1,7-2,3:1 деңгейінде болуы тиіс. Осы себептен оларга тәулігіне 4кг дейін ңант ңызылшасын, болмаса 8 кг шамасында азың-тың қызылша береді. Бір басқа 1,5-2 кг жем, оның қүра-мына бүршаң тектес дәнді азыңтар (азыңтың бүршаң, майбүршақ, т.б.) қосып береді. Табиғи азыңтарда каль-ций және фосфор жетіспесе, минералдың қоспаларды қолданады. Азықтық түз ңыста және жаз айларында на-уада болуы керек. Суалтудың алғашқы он күндігінде азың мөлшерін орта есеппен 20 % -ға кемітеді, мүндағы маңсат сиырды, әсіресе өте жоғарғы өнімді сүтті сиыр-ларды тезірек суалту. Екінші он күндікте азықтан-дыруды керекті мөліперіне дейін жеткізіп, ал үіпінші-төртінші он күндікте азық мөлшерін 20% -ға көтереді, өйткені суалудың екінші жартысында іштегі төл жедел өсе бастайды.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Ысқақбаев Б. Ірі қара шаруашылығы\оқулық-Алматы «Қайнар» баспасы , 1996. ISBN 5-620-00781-2

2. А. Ә. Төреханов, Ж. Қ. Каримов, .Даленов.Ірі қара шаруашылығы\оқулық - Алматы : Триумф "Т", 2006.ISBN 9965-9996-1-9

3. М. А. Кинеев, Қ. Ж. Аманжолов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторлары. Қазақстанда етті ірі қара шаруашылығын дамытудың кейбір мәселелері\\Ғылыми- сараптамалық журнал. Жаршы. 2011 №11

4. А. Ә. Төреханов, Қ. Ж. Аманжолов, Б. Ө. Өмірзақов, Е. С. Ержігітов. Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында өсірілетін ірі қара малының ет өнімділігі мен экономикалық тиімділігі.\\ Ғылыми- теориялық және практикалық журнал. Жаршы. 2008 №10