"Ескендір", "Масғұт", "Әзім әңгімесі" атты үш поэмасы бар

93. Кейіпкерлерге мінездеме беру жолдары: салыстырмалы мінездеу

Кейіпкер мінезінің әрбір сипатын аша отырып, олардың әрқайсысына атау беріледі. Оқушылардың осылайша талдау тәжірибесі орныққан соң, мінездеме жоспарын жасауды үйге беруге болады. Ол сыныпта талданып, толықтырылады. Осыдан соң мұғалімнің көмегімен, оқушылар образ табиғатын, автор суреттеуін қалай түсінгенін айтады. Кейіпкерлер кезекпен мінезделген соң, өз ара салыстырылады. Кейіпкерге мінездеме берудің мынадай түрлері бар:

1) Дара мінездеу

2) Салыстырмалы мінездеу

3) Топтау түріндегі мінездеу

салыстырмалы мінездеу іс әрекеті, мінез құлқы ұқсас немесе әр түрлі кейіпкерлерге беріледі. Бұл жағдайда ұқсас кейіпкерлер салыстырылады. Қарама қарсы кейіпкерлер шендестіріледі. Мәселен, Ы.Алтынсариннің “Бай баласы мен жарлы баласы” әңгімесіндегі Асан мен Үсеннің мінез қасиеттері шендестіріледі. Үсеннің мінезі өмірге икемді, сабырлы, еңбекқор, әкеден көрген тәлімі мол. Асанның мінезі өмірге икемсіз, еңбекке қырсыз, өнеге тәрбие көрмеген.

Дара мінездеу көбіне туындыдағы бас кейіпкерге беріледі. Мәселен, Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ солдаты” романындағы Қайрошты шығарма сюжетіндегі әрекет‑оқиғаға қатысуына, мінез‑сипатына байланысты даралап мінездеме беруге болады. Ал, салыстырмалы мінездеу іс‑әрекеті, мінез‑құлқы ұқсас немесе әр түрлі кейіпкерлерге беріледі. Бұл жағдайда ұқсас кейіпкерлер салыстырылады. Қарама‑қарсы кейіпкерлер шендестіріледі. Мәселен, Ы.Алтынсариннің “Бай баласы мен жарлы баласы” әңгімесіндегі Асан мен Үсеннің мінез‑қасиеттері шендестіріледі. Үсеннің мінезі ‑ өмірге икемді, сабырлы, еңбекқор, әкеден көрген тәлімі мол. Асанның мінезі ‑ өмірге икемсіз, еңбекке қырсыз, өнеге‑тәрбие көрмеген. Ал, кейде шығарма кейіпкерлеріне топтай мінездеме береміз. Бұл көбіне көлемді шығармаларды өткенде қолданылады. Мәселен, “Абай жолын” өткенде, Құнанбай мен оның төңірегіндегілерге, Абай мен оның айналасындағыларға, аналар бейнесіне, халық өкілдріне топтап мінездеме беруге болады. Бұл оқушыларға мәтін мазмұнын жете түсініп, кейіпкерлерді жүйелей алуға көмектеседі.

Кейіпкерге мінездеме беру тәсілдері түрліше болады. Онда кейде кейіпкердің сырт кескіні, кейде міне‑құлқы көрінеді. Яғни, мінездеуде кейіпкердің жас ерекшелігі, дене бітімі, бет пішіні, киім киісі, дене қозғалысы, бет‑жүз қимылы кіреді. Бұған портрет тәсілінің қатысы бар. Портрет тікелей адамға бағытталып, сөз арқылы оның бейнесі жасалады. Портрет біржақты тәсіл емес, ол кейде толығып, кейіпкердің мінез сипатын, әлеуметтік жағдайын ашып та тұрады. Мысалы, Ғ.Мұстафиннің “Аяз қарт” әңгімесінде мынадай үзінді бар: “Ақ басты, ақ таяқты бір қарт келеді. Қара көзі көкшіл, қызыл шырайы қуқыл тартыпты, таяғы жерге қадалғанда, көзң де бірдемеге қадалады. “Көп көрсем де, көрмегенім көп екен, көп білсем де білмегенім көп екен” деп оқтын‑оқтын ыңылдайды. Ыңылы күй ме, сарын ба, сағыныш па, әлде шаттық па, әйтеуір кеудесін тебірене шыққан бір дыбыс, бір тыныс”. Бұл кейіпкер портретінен адамның көңіл‑күйі, арман‑тілегі қоса танылып тұр. Өмірінің көбі артта қалған қарттың тіршілікке деген құштарлығы байқалады. Ал, кейде портрет пен мінездеу аралас та келеді: “Қияс он төртке енді толды. Бірақ дене бітімі он төртте деуден гөрі он алты‑он жетіге келіп, буыны беки бастаған бала жігіт деуге болар еді. Жасынан‑ақ ірі, әкесі секілді мінезі ауыр болып өсті. Жұмыстың қай түріне болса да, бейімі бар және тындырымды еді”. Көркем образ ‑ өмірлік шындықты игеру мен қайтадан қорытып жаңа сапада жасап шығарудың өнерге ғана тән ерекше тәсілін сипаттайтын категория. Кейде оқушы күнделікті өмірдегі адам мен әдеби қаһарманды бірдей ұғым деп қабылдайтыны бар. Алайда, әдеби кейіпкер мен түптұлға (прототип) бір емес. Әдеби бейнеде қаламгердің ұстанымдары жинақталып, соған сәйкес көркем бейне жасалады. Мінез – адамның ішкі болмысы, қоғамдық жағдай қалыптастырған психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы. Осы мінез сипатты ашу үшін жазушы әр түрлі тәсілдерге жүгінеді.

94. А.Байтұрсынов Аудармалары (84 сұрақты қара)

Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы — көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И.А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И.И. Хемницердің «Атпен есек»,А. Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С.Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды.