87. Әдебиет сабағында жүргізілетін тіл ұстарту жұмыстары

Әдеби тіл дегеніміз белгілі бір қалыпқа түскен, диалектілер мен қарапайым сөйлеу тіліне қарағанда жалпыға бірдей ортақ, түсінікті тіл. “Әдеби тіл дегеніміз – жазба әдебиет арқылы жүйелі қалыпқа түскен, стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл”. Яғни, әдеби тіл қоғамның барлық саласында қолданылатын нормаланған тіл.

Мектепте әдебиет пәнін оқытатын мұғалімдерге қойылатын талап сынып жоғарылаған сайын күрделене береді. Оқушыларды ауызша сөйлеу мен ойын жазбаша жан жақты бере білуге дағдыландыру әдебиет сабағында жүзеге асады. Оқушылардың әдеби тілді меңгеруі әр түрлі тапсырмалар мен өздік жұмыс түрлерін орындату арқылы жүзеге асады. Бұл жұмыстар мәтінді талдаумен тығыз байланыста жүргізіледі. Мәселен, төменгі сыныптарда шағын, жай, хабарлы сөйлемдерге құрылған мәтіндер алынса, жоғары сыныптарда көлемдірек, суреттеме, диалогқа құрылған мәтіндер таныстырылады. Тіл ұстарту – оқушылардың әдеби тіл нормаларын сақтай отырып, көркем, айқын, нақты сөйлей алуы. Тіл дамытуда оқушыларға мәтінді дауыстап немесе іштей оқыту, мәнерлеп оқыту, мазмұндату, сұрақтарға жауап беру, көркемдік ерекшелігін талдау жұмыстарын жасайды. Одан әрі көркем шығарманың жекелеген элементтерін ажыратып, талдап, жай және күрделі жоспар түрлерін жасау жұмыстарымен жалғасады.

Тіл ұстарту жұмысының түрлері сыныптарға, оның ерекшеліктеріне сай жүргізіледі.

88. С.Сейфуллин «Көкшетау» поэмасы мен М.Жұмабаевтің «Батыр Баян» поэмаларының ұқсастығы мен ерекшеліктері

«Көкшетау» поэмасы реалистік стильде жазылған. Оның тілі бай, образды, бояуы көркем екені айтылды. Кезінде әртүрлі сын болғанына қарамастан, поэма ең әділ төреші — өмірдің ең сынынан өтті. Сәкен мұнда өткен дәуірлердің ұнамсыз сыпаттарына, қатыгез хандардың озбырлықтарына әділ үкім айтты. Социалистік заманның мылқау табиғатты да жаңартып жатқанын да көрді. Сондықтан «Кекшетау» біздің мәдени мұрамызға жаңа дәуір тудырған тамаша туындылардың бірі болып кірді.

Поэманың орыс тіліне аударылып, кезінде орталык, баспасөз бетінде ұнамды бағалануы да осының бір дәлелі.

89. Жыраулық пен ақындық поэзияның қалыптасу жолдары ( 53сұрақты қара )

90. Повесть жанрын таныту

«Повесть» - орыстың көне дәуірден келе жатқан сөзі. Бұл өмірде болған оқиғаларды жылнама, шежіре беттеріне тізіп жазу дегенді білдіреді. Повестің жанрлық ерекшілігі туралы ұғымды әңгімемен салыстыра отырып беруге болады. Повесте бірнеше эпизодтық әрекеттер суреттеледі, сюжет желісі күрделі, кейіпкерлер саны көп.

С.Сейфуллиннің «Жер қазғандар» повесін талдап көрейік. Повестің басында темір жол құрылысы жүріп, Көкшетау өңірінің әсем табиғаты беріледі. Автор мұнда еңбек етіп жатқан жұмысшыларды жалпы суреттей келе, өздерінше бір қос болып еңбек етіп жатқан бес жұмысшыны даралап көрсетеді. Олар: Әзімхан, Бұзаубек, Қалкен, Хасен, Сатай. Автор жұмысшылардың портреттерін, киім киістері мен мінез қасиеттерін жекелей суреттейді. Осы жер-жерден бас қосқан жұмысшылардың кешкі ермегі бір-біріне әңгіме айтқызып, осыған дейінгі өмірлерін білу. Повесть баяндауында әңгіме айту кезегі келген Әзімханның әңгімесі өз алдына жеке бір оқиға болып суреттеледі. Повесть композициясында автор еркін еңбек етіп жатқан жұмысшылардың өмірін, осылардың арасындағы Әзімханды бірінші кезекте суреттейді де, оның төңкеріске дейінгі өмірін екінші кезекте бейнелейді. Әзімханның «Жер асты хикаясы» оның ауыр өмірді бастан кешіп, азабы мол жұмыста жүрген кездегі жағдайынан сыр шертеді.

Повестегі табиғат суретінің өзі шығарманың идеялық көркемдігін ашуда үлкен рөл атқарып тұр. Мәселен, Әзімхан шахтадан жанжалдасып шыққанда, табиғат та алай-түлей күйде, қаһарлы суреттелсе, ал, Көкшетау өңірінің көркем табиғаты сондағы азат еңбекпен үйлесіп тұр.

Повесть композициясының басқа да құрылымдары: суреттеу, баяндау, мінездеме, портрет, диалог, табиғат суреті талданып, мәтін кең түрде таныстырылады. Біз бір повесть ішіндегі өзінше бір бөлек әңгіме түрінде келген үзіндімен жұмыс жасадық. Сол сияқты, повесть жанрының көркемдік жүйесін талдау өзегі етуге болады.

Көркем бейне –шынайы көркем туындыларға тән бола отырып, өмірмен тікелей байланыста болады. Әдебиет туралы түсініктердің құйылар сағасы, ең басты проблемасы –адам. Қай жазушы болсын, өз шығармасында өмірдегі жағдай мен адам тағдырын суреттегенде, өзінің сол мәселеге немесе құбылысқа көзқарасын аңғартып отырады. Суреткер кейіпкерін өзара қарым –қатынасқа түсіру, сөйлету –монолог, диалог арқылы мінез-құлқын, болмысын, ішкі сырын, сөз саптауын, ой тұлғанысын ашады.

91. Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин (15 қазан 1894 Ақмола уезі, Ақмола облысы, Ресей империясы - 25 ақпан [1] 1939, Алматы, Қазақ КСР, КСРО) - қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы,қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы. Алғашқылардың бірі болып Қырғыз АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы (1920-1925) (Премьер-Министр) қызметін атқарды.

Өмірбаяны

Білім алуы

1905 жылдан бастап 1908 жылға дейін Спасск мыс балқыту жанындағы орыс-қазақ мектебінде оқыған, содан кейін Ақмола Ақмола үшсыныптық қалалық училищеде оқыды. Сонымен қатар, 1912 жылы Сәкен медресе оқушыларын орыс тіліне дайындайды. 21 тамыз 1913 жылы Сейфуллин Омбы педагогикалық семинариясына келді, онда ол Мағжан Жұмабаевпен оқыған.

«Айқап» журналында қарашадағы санында (№ 21) Сәкен Сейфуллин өзінің алғашқы мақаласын жариялады. Сол уақыттан бастап, ол Омбы қаласының охранкасының назарына ілігеді.

1914 жылы Сәкен Омбыда «Бірлік» («Единство») қазақ жастарының тұңғыш мәдени және білім беру қоғамның көшбасшыларының бірі болды. 1914 жылы ол өзінің «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағын жариялады.

1916 жылы Сәкен сырттай мүлікті заңдастыру комиссиясының Ақмола уезі бойынша 12 елді мекенде жұмыс істейді. Сонда 1916 жылы ол қазақ халқының Амангелді Иманов бастаған көтеріліске арналған дастан «Толқулар» деген өлең жазды.

1916 жылдан 1 қыркүйектен бастап Сейфуллин негізі қалануына өзі тікелей қатысқан, Бұғылы мектебінде оқытушы болып қызмет атқарады.

1917 жылы 9 наурызда ол Ақмола, көшіп келіп, онда Ақпан төңкерісі туралы «Біз асығыс жиналдық» атты өлең жазған.

1917 жылдың сәуір айында, Сәкен Сейфуллин, «Жас қазақ» («Жас қазақ») саяси және әлеуметтік-мәдени қоғамын құрады. 1917 жылғы шілдеде Сәкен газетін «Тіршілік» шығаруға қатысады.

Қыркүйек айынан бастап Сейфуллин Ақмоладағы жаңа орыс-қазақ мектебінде үш айлық мұғалімдерді оқыту курстарын жүргізеді.

Азаматтық соғыс

Ақмола 4 маусымдағы 1918 жылы Ақмоладағы ақтар төңкерісінен соң Сейфуллин тұтқындалып, 1919 жылы 5 қаңтарда Петропавл түрмеге жіберілген болатын. Ол 47 күн бойы (24 қаңтар - 12 наурыз), атаман Анненковтың «өлім пойызынан» өтті. Омбыда, ол Колчак түрмесінен қашып (3 сәуір), шілдеде туған ауылына жетті. Екі айдан кейін, С.Сейфуллин Әулие-атаға қашуға мәжбүр болды.

Азамат соғысынан кейін

Қазақстан пошта маркалары, 2006 жыл: Уәлиханов, Сейфуллин, Төреқұлов, Сәтпаев

Бірақ 1920 жылы 7 мамырда ол босатылып, Ақмолаға Қызыл Армия қатарына оралды және революциялық комитеттің (революциялық комитеті) Әкімшілік бөлімесінің басшысының көмекшісі болып тағайындалды.

1938 жылы «ұлтшыл буржуа» деген айыппен тұтқындалып, 1939 жылы 28 ақпанда Алматы НКВДсының қабырғасында атылды.

Ол Сталин қайтыс болған кейін 1953 жылы ақталған.

Поэзиялық туындыларының ішінде Сәкеннің шығармашылық ерекшелігі мен идеялық-саяси ұстанымен бедерлі айғақтайтын туындылары - "Кел, жігіттер", "Жас қазақ марсельезасы", "Жұмыскерлерге", "Жолдастар" сияқты саяси лирикалары, сондай-ақ "Советстан", "Көкшетау", "Альбатрос", "Социалистан", "Қызыл ат" поэмалары. Проза саласында "Жер қазғандар", "Айша", "Біздің тұрмыс", "Сол жылдарда", "Жемістер" повестері мен "Тар жол, тайғақ кешу" атты мемуарлық роман жазған. "Бақыт жолында", "Қызыл сұңқарлар" драмалары - өз заманының рухын танытатын елеулі шығармалар.

92. Абай (Ибраһим) Құнанбаев (29.07.1845 — 23.06.1904) — қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ жайлауында дүниеге келген, бейіті Жидебайда. Абай — ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор. Ол бала кезінен шешен, ертегі, әңгімелерді тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен көзге түскен. Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Шортанбай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін адам болған.

Абай 8 жасында “Ескітам” медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабиханнан оқыған. 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахметриза медресесінде 3 жыл оқып, одан “Приходская школаға” түсіп онда 3 ай орысша оқиды. Абай өз бетімен ізденуге құмар болған. Абай Шығыс классиктері Низами, Сағди, Хафиз, Науаи, Физули, Жәмилердің, т.б. еңбектерін, екінші жағынан А.С.Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, И.А. Некрасов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевскийлерді көп оқыды. Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылыми салалар бойынша зерттеулер жүргізді.

Абай болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады. 1875—1878 жж. Қоңыр, Көкше еліне болыс болады. Бұл жылдары өз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең ұстауға күш салады. Абай кейін Михаэлистің ұсынысымен, Семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Абай 1880 жылы И. Долгополов, А.А. Леонтьевпен танысып, олармен тығыз қарым -қатынаста болған. Абай ел ісіне араласқан жылдарында әділеттілігімен, білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі.

Абай өлеңдерін 10 жасынан (“Кім екен деп келіп ем, дүние қуған”) қағаз бетіне түсіре бастады. “Сап, сап, көңілім”, “Шәріпке”, “Абыралыға”, “Жақсылыққа”, “Кең жайлау” оның алғашқы өлеңдері. Сонымен бірге аударма жасаумен де айналысқан. Оның “Қансонарда” (1882), жылдың төрт мезгілін суреттеген “Қыс”, “Күз”, “Жаз”, “Жазғытұры” өлеңдері, “Масғұт”, “Ескендір”, “Әзім” поэмаларының қазақ әдебиетінде орны ерекше. Араб, парсы, түркі білім көздеріне Абай ерекше көңіл аударып. Осы тілдерді өз бетімен жүйелі түрде оқып игереді.

Абайдың философиялық, көркемдік, әлеуметтік, гуманистік көзқарастары қара сөздері арқылы да берілген. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) — ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық алты бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан “Абай” журналында жарық көрді. Кейіннен Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. Абай музыка саласында да мол мұра қалдырған. Қазіргі уақытта ақынның 27 әнінің 36 нұсқасы нотаға түсірілген

Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.