83.М.Әуезов Қараш қараш оқиғасы
Қысқаша мазмұны
Бақтығұлдың інісі Тектіғұл Сәлмен деген байдың кесірінен қайтыс болады. Бақтығұл кек алмақ болып, Сәлменнің жылқысын ұрлайды. Сәлмен осы жағдайды біліп, Бақтығұлды сабайды. Кейін ол үміт етіп Жарасбайға көмек сұрап барады. Бірақ Жарасбай оны сатып кетеді. Оған шыдай алмай кегінің орнына Жарасбайды мерт қылады.
Шығарма кейіпкерлері
Бақтығұл -Еркіндікті аңсаған намысшыл қазақ. Інісі үшін кек алғысы келді. Бақтығұлдың үш баласы бар: үлкені Сейіт - он жаста, бес жасар Жұматай, ең кішісі - екі жасар, емшектен әлі шықпаған қара қыз - Бәтимә.
Тектіғұл - Бақтығұлдың інісі. Сәлменнің қолында жұмыс істегенде, оны сабап тастайды.
Қатша - Бақтығұлдың әйелі.
Сәлмен - Қозыбақ ауылында тұрған бай.
Қоқай - Бойы еңгезердей Сәлменнің қорқақ жылқышысы.
Жамантай - Басты жылқышы.
Жарасбай - Бақтығұл үміт етіп көмек сұраған адам. Соңында Бақтығұлды сатып кетеді.
Бұл ұзақ, әңгімені ертеде араб, латын әріптерімен жарияланған қалпынан автордың түзетіп, өзгерткен жаңа түрі.
- Қайран Тектім-ай!.. Алпамсадай арысым едің... Қаңбақтай жеп-жеңіл боп қаусап қалғаның-ау! Қолыма салмағың білінсеші, - деп, ауру жігітті қолына көтерген ағасы енді төсекті жайғап салған әйелі Қатшаның қасына алып келді. Ауру жанды Қатша мен ағасы жертөсекке оң жақ қырынан жатқызды.
Көтергенде қатты демігіп, өңі қуарып, әлсіреп қалған ауру жігіт, ерні қыбырлап, сыбырлай сөйледі. Аға мен жеңге оның жүзіне қатар үңілгенде: "Ер арыса -аруақ... " деп, зорға ғана басын изегендей белгі етті.
- "... Ат арыса - тулақ", - деп, Қатша қайнысын ұққан жай білдіріп, бас изеді де, шерлене күрсініп алды.
Бірі ауру, бірі сау екі еркек - ағайынды Бақтығұл, Тектіғұл болғанда, Қатша - жаңа арман айтқан қара мұрт Бақтығұлдың әйелі.
Бақтығұл інісінің қасына жамбастай, жақындай отырып, өзінің ең алғаш жаңа ғана айтқан "арысым" деген жайында қадала ойланып, қатты қобалжып қалды. Мұның інісі Тектіғұл анығында бойы биік, кеудесі талыстай дейтін, қол-сирағы ұзын да сом біткен атан жілік азамат еді. Бақтығұл өзі де кесек, балуан денелі, иықты, кеуделі келген де, інісі Тектіғұл бұдан бойға биік, бар сүйегі балғын болатын.
Ұзаққа созылған сарауру бүгінгідей әбден мегдетіп келген шағында Тектіғұл төсек жақтырмай, жамбасы тесіліп қиналғаннан, аға-жеңгеінен сол төсекті күн сайын бір қақтырып, жұмсартып салуға тілек ететін. Жаңа інісін екі қолына балаша құшақтап алып, төсек жөнделгенше көтеріп тұрған Бақтығұл науқасты бар салмағынан айрылған қаңбақтай сезінген. Енді қасына жанаса отырғанда, інісін тағы да бір көтерген басқаша дертті шағы созыла түсіп, есіне келді.
Ел ішіне келген қалың сүзектен әке-шеше қатар төсек тартып жығылып, араларына екі-ақ күн салмай, әуелі - шеше, артынан әке өлді. Сонда он алты жасар Бақтығұл он жасар осы Тектіғұлды біресе қолынан жетектеп, біресе шаршағанда арқалап алып, әкесі айтқан нағашы деген ел болмысқа бірнеше күн итшілеп жаяу кезіп, зорға жетіп еді. Содан соңғы көтергені осы екен.
Тектіғұлдың да есіне бір күйік түскендей. "Кескен теректей құлатты ғой мені. Қу жоқшылық бір құлатты. Аямас дұспан соққы жазасы әпкетті, міне, -бар дәрменімді... Нем қалды?.. Тектіғұл ініңнің орнына кімің қалды сенің?!" деп, әлсіз жүзін Бақтығұлға зорға дегенде бұрып; аға-жеңге - екеуіне бірдей кезек көз тастап, соңғы ғана бір, қара өзекті қақ жарғандай шынын айтты. Сыры да сол. Шерлі шыны: -"Кегім... кегім кетті!.. " - деді де, екі танауы қусырылып, кемсеңдеп тұншыға жылады. Қатты қинала жөтеліп, іргеге қарай құлай аунады.
Дертті жастық нені айтып жатқанын Қатша бұлжытпай түсінген.
- Қуарғырлар, соққысы мен мазағына ұшыратып, дертке шалдықтырса да, керек десе қатпа лақ құрым қалжа да бермеді ғой!
Бақтығұл ішінде талай нәрсе кернеп тұрса да, тілге сараң боп:
- Қалжа неге берсін, оны берсе, өзге одан зорғыға да борыштар болам деп жүрген жоқ па қаскей дұспаны, - деді. Үнсіз ғана тұнжырап, қалың қара мұрты еңкейді де, сөзден тыйылды.
"Одан зорғыға" дегені түсінікті. Егер Тектіғұл осы дерттен қаза болса, қалжа берген айыпты кісі құнына да жығынды "құныкер" болар еді. Соны ойлаған дұспан әсте көнсін бе! "Ауру сенен, сенің соққыңнан болды" дегенге бас имес үшін, қалжаны да ауызға алдырмай қойған жоқ.
Бақтығұлдың есінде сайрап тұрған нелер арманды, өксікті күндер бар. Нағашы дегенді іздеп барып, бұлар жиен боп жетіскен жоқ-ты. Қозыбақ аулы деген Бүрген болысындағы малды-басты жуан ауылға екі бірдей малай боп, өзі қой бақты; он жасар інісі қозыға салынды. Содан міне тап былтырғы өткен күзге дейін, табандатқан жиырма жыл бойында Бақтығұл да, Тектіғұл да Қозыбак аулының кенжесі - Сәлмен дейтін сотқар байдың малайы болды. Қойшыдан асқанда, қолы жеткені жылқышылық еді. Он жеті - он сегіз жыл бойында Бақтығұл Сәлменнің мыңға тарта жылқысының сан жүзін тудырып-есіріп, сан айғыр үйірін тыңнан салғызып, әлденеше кәрі бие, ат-айғырын қартайтып, қысы-жазы байдың жылқысының соңында болды.
- Қыс - отарында, жаз - күзетінде. Қасындағы бес-алты: Жамантай, Қоқай сияқты бірі үлкен, бірі құрбы жылқышылармен үздіксіз өмір кешті. Інісі Тектіғұл болса, қойшылықпен он шақты жыл қыршын жас күнін кешіріп еді. Кейін биеші етісті. Күндіз сауында, кешке қой күзетінде оның да тынымсыз, толассыз бейнет өмірі зая кешкен.
Өзге-өзгесінен бұрын, өз малы кезіне кәрінбей, Қозыбақ аулы "барымташы", "жортуылшы" деп, малай жігіттерін кей жаздарда не ғилы пәлеге де салатын.
Бақтығұл жиырма бес - Жиырма алтыға келіп, Тектіғұл жиырмаларға іліге берген шақтарда ағайынды екі малшы алпамсадай мол денелі, ірі қайратты жігіттер боп шықты. Екеуінің бірдей бала шақтарынан өткен еңбектеріне тапқаны тұлдыр еді. Он жыл еңбек еткен Бақтығұл зорға дегенде, көрші кедей малайдың қызы Қатшаны бар ақысын беріп жүріп, әреңге алған.
Тектіғұл міне - бүгін отызда. Әлі үйленген де жоқ. Екеуін бірдей сотқар мінезді Қозыбақ аулы, кейде бір елмен барымталасса, қолдарына қара шоқпар, астарына жүйрік ат беріп, жортуыл бейнетке - соғысқа да салатын. Қозыбак аулының Сәлменнен үлкен ағасы - Сәт болыстыққа таласып, талай партия-сайлауда әлденеше қырғын-жойқын төбелес жасатты. Соларда Сәт-Сәлменнің, исі Қозыбақтың "қара сойыл, дөйір жігіттері шетінен жойқын" десіп, өзге жасақшылар сескене сөйлегенде, Бақтығұл, Тектіғұлды еске алатын. Бұларды кейде қорлай, мазақтай сөйлеп: "екі құл, қос құл" десетін.
Соқтыққыш сотқар ауыл - Қозыбақтың әрі шоқпары, әрі құлақ қақпас ырысты құлдары десетін.
Қозыбак аулы барымтамен байыды. Сондықтан да ол ауылдың басты еркек-ересек малайлары емес, қатын-қалаш, бала-шағасына шейін "білсе - барымта, білмесе - сырымта" дейтін жайларды күле түсіп, көп ауызға алысатын.
Бақтығұл мен Тектіғұл Сәлменнің қолына барғалы бай малы жыл санап төлдей өсудің үстіне, барымта-қоспадан үстей өсу де мол болған. Ағасы - болыс, інісі сотқар қорқау болса, Қозыбақ байымай, кім байысын! Сондай қосылған сырт малының талай да талайы Бактығұлдың құрығы, бұғалығы, ноқтасы да бастарына тиген, барымтамен алғызған әлдекімдердің ақ-адал малдары болатын.
Қысы-жазы ағайынды екі жігіттің еңбегі, ер қайраты кіргізетін кіріс айта қаларлық болса да, Сәлмен осы екі жігітті талай жылдар өзге малайлары тәріздендіріп, ақы бермей жұмсап жүрді. Бұлар көшпелі ел малайы алатын кесікті, дағдылы "пәлен қой, пәлен киімнен" есеп жасап, есесін алуды білген емес.
Сондықтан да Тектіғұлдың басына біткен, берекелі мал дейтін мардымды түк те болмаған. Жиырма жылғы Бақтығұл еңбегінің, он жылғы әйелінің сауын сауып, күңдік еткен қызметінің орайы да ойдағыдай болған емес. Барлығы: Бақтығұл, Тектіғұл -екеуінің ортасында осы бүгінгі жыртық қоңыр үй, төрт - бес қара, он шақты ешкі-лақ. Жиырма жыл бойында жаттың малын жан сала бағып-қағып жүрген, тепсе, темір үзетін ағайынды екі жігіт пен қара шаруаға мығым қаражон Қатшаның "құраған-сымағы" осы ғана.
Еңбегін жегені бір сөрі. Енді міне - өмірін, қыршын өмірін жегенді айтсаңшы! Бақтығұлдың көз алдынан былтырғы бір қарашаның дауылды қара суық түні қалың әлек түйіндей аударылып түсті.
Бұл өзі жылқының бір үйірін ауылға айдап келсе, ауыл шаң-шұң айғай, Сәлменнің боқтығы басымдап тұр екен. Біле келсе, боқтап жүргені - Тектіғұл. Оны сол дауылда ығып кеткен қойға жалаңаш-жалпы тез шықпадың деп, Сәлмен қатты сабапты. Тектіғүл "азынап тұрған қара суық дауыл мынау! Берген киімің жалғыз ескі шекпен болса, оның қолтығы, жоны жыртық. Жауын мен дауылға не кием? Тымғұрса бір өң киім бер!" деп сұрағанға жазықты бопты.....
84. «Қырың мысал » Ахмет Байтұрсынұлын халыққа аудармашы ақын ретінде танытқан тұңғыш жинағы. Кітапқа оның орыстың әйгілі мысалшы ақыны И.А.Крыловтан аударған қырық мысалы енген. Жинақтың «Қырық мысал» аталуының мәнісі де осында.
Ат пен есек , Жүргіншілер мен иттер, Еменнің түбіндегі шошқа, өгіз бен бака, Маймыл мен көзілдірік: Қартайып, нашар көрді Маймыл көзі, Ойлады ем етерге оған өзі.«Көз азса - Көзілдірік емі» дегенТиетін құлағына жұрттың сөзі.Бес-алты Көзілдірік Маймыл тапты,Біразын құйрығына тізіп, тақты.Қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын айналып келгенде, ұлы Абай тапқан соқпақ, орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсынады. Бұрынғы ескі-ертегі, химия үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма мысал арқылы, көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы – жан-жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен Иван Андреевич Крылов туындыларын аударып, “Қырық мысал” деген атпен 1909 жылы Петербургтен
Жүк алды шаян, шортан, аққу бір күн,Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін,Тартады аққу көкке, шаян кейінЖұлқиды суға қарай шортан шіркін.
Аудармада мін жоқ, мүдірмей, тұтықпай, есіліп-төгіліп тұр. Ендігі кезең оқырманына қатысты жаңа ой, соны пікір, толғаулы сөзді ақын өз жанынан қосады.
Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас.Әуелі бірлік керек болса жолдас.Біріңнің айтқаныңа бірің көнбейІстеген ынтымақсыз ісің оңбас, —деп елді тұтастық, ынтымақ жалауының астына шақырады.
Елдің азып-тозуына байланысты сарындарды Ахмет Байтұрсынов жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді, кейде ашық, дәл айтылатын ойлар да бар:
Қасқырдың зорлық болды еткен ісі.Ойлаймын оны мақтар шықпас кісіНашарды талай адам талап жеп жүрБөріден артық дейміз оның ісін.
Алуан-алуан ойға жетелейтін “Қайырымды түлкі”, “Ала қойлар”, “Үлес”, “Қартайған арыстан”, “Өгіз бен бақа”, “Қайыршы мен қыдыр”, “Ат пен есек” мысалдарында әлеуметтік-қоғамдық жағдайларды мегзейтін оқиғалар, адамдар психологиясымен сарындас әуездер, тағылымды, ғибратты тұжырымдар мол орын алған. Аудармашы негізгі түпнұсқа тексіне орайластырып, көркем ойға ой, суретке сурет қосып, пікірді ұштап, жаңа сарын - әуез қосып отырады. “Қартайған арыстан” мысалына:
Бақ қонса, сыйлар алаш ағайын да,Келе алмас жаман батып маңайыңа. Басыңның бақыт құсы ұшқан күніҚұл-құтан басынады, малайың да, —деген жалғасты түйін жасайды. Бірнеше кісі тіл таба алмай, берекесі кетіп, өртке шалдығып, үлестен құр қалады. Осы “Үлес” өлеңінің түйінінде ақын өз позициясын ашық көрсетіп:
Ал Ахмет Байтұрсынов аудармаларында сюжет сақталғанмен, еркіндік басым, қазақ тұрмысына жаңа идеялар, заман тынысын танытатын жаңа ойлар айтылады. Түп негізі Федрдан алынған Крыловтың он жолдық “Шымшық пен көгершін” мысалы Ахмет Байтұрсынов аудармасында отыз екі жолдан тұратын жаңа шығарма. “Өгіз бен бақа” орысшада – 17, қазақшада – 36 жол, “Қасқыр мен тырна” орысшада – 19, қазақшада – 76 жол, “Арыстан, киік һәм түлкі” орысшада – 35, қазақшада – 56 жол, “Қасқыр мен қозы” орысшада – 37, қазақшада – 68 жол, “Ағаш” орысшада – 31, қазақшада – 56 жол. Бұл фактілер қазақ ақыны дәстүрлі оқиға, қалыпты бейнелерді ала отырып, ойға ой, суретке сурет қосып, жаңа, ұлттық төл туынды жасағанын көрсетеді. Бұрын емеурін, ишара, мегзеу, астар, мысалмен берілген ойлар “Маса” кітабында ашық, анық, дәлді, нақты айтылады. Мұнда Ахметттің өз басынан кешкен қиын-қыстау күндер, ауыр жолдар, қуғын-сүргін, жетімдік-жоқтық, бірталай өлеңдерге арқау болады;
ел тағдыры, халық қамы, бостандық арманы – басты сарын
1. ҚАСҚЫР МЕН МЫСЫҚ(Крыловтан)
Орманнан қасқыр келді елге қашып,
Алақтап, не қыларын білмей сасып.
Соңынан бір топ аңшы қиқу салып,
Ит қосып келе жатыр шапқыласып,
Жалынып қасқыр сонда мысыққа айтты.
Шетінде бір ауылдың ұшырасып.
«Мысықжан, бұл жердегі жұрттар қандай?
Жау қуып келе жатыр арттан қалмай.
Ит үрген, қиқу салған адамдардың
Дауысын естимісің тартқан керней?
Айта гөр қайырымды ел бар болса,
Тасалап мені жаудан құтқарғандай».
«Бара ғой», – мысық айтты, Қойанкөзге,
Жігіт кем ер көңілді онан өзге.
Адамды анау-мынау тоқтатарлық
Аузының ебі де бар сөйлер сөзге».
«Оны қой, – қасқыр айтты, – ол жасырмас,
Жеп едім бір ту қойын былтыр күзде».
«Барып көр олай болса,Құрамысқа
Адамкем жасыруға онан ұста.
Шамасыз өзі асқан жақсы жігіт,
Жалғыз-ақ тоны келте, қолы қысқа».
Мысықжан, оны да қой өзгесін айт.
Жеп едім бір лағын өткен қыста».
«Иесі анау үйдің Көпберген бай,
Жақсылық, жамандықты көп көрген бай.
Қонақжай, өзі асқан дəулетті адам,
Жатсаң да ауырламас бірнеше ай».
«Баруға, – қасқыр айтты, – жүрексінем:
Оның да қозыларын жеп ем талай».
«Білмеймін сілтерімді енді қайда?
Барып көр Қисықбасқа анау сайда.
Болғанмен басы қисық, өнері көп,
Əр түрлі табылады онан айла».
«Мысықжан, оны да айтып əуре болма,
Жеп едім бір бұзауын өткен айда».
«Мен қайран, – мысық айтты, – істеріңе!
Залалдан басқа нəрсе істедің бе?
Байдың көбі, жарлының жалғызы да,
Тиіпті тыңдап тұрсам, тістеріңе,
Залалгер жұртқа тегіс болып əбден,
Енді не іздеп келдің, іштеріне?
Жынды жоқ, сені аман құтылдырып,
Алғандай бəле тілеп үстеріне.
«Не ексең, соны аларсың» деген сөз бар,
Ор, енді егініңді, піскенінде».
85. Кейіпкерлерге мінездеме беру жолдары: топтау түріндегі мінездеу
Көркем мәтінді талдау кезінде кейіпкерлерге мінездеме берудің мәні үлкен. Әрбір мінездеме мәтіннің өзінен тудыра талданады. Оқушылар кейіпкердің бір сипатын атап, соған мәтіннен дәлел келтіреді. Сөйтіп, мінездеменің жоспары айқындалады немесе мінездеме жоспарын алдымен жасап алып, оған мысалдар тапқызуға болады. Мұндай жұмыс түрлері үйрету, бірлесіп талдау сабақтары үшін қажет.
Кейіпкер мінезінің әрбір сипатын аша отырып, олардың әрқайсысына атау беріледі. Оқушылардың осылайша талдау тәжірибесі орныққан соң, мінездеме жоспарын жасауды үйге беруге болады. Ол сыныпта талданып, толықтырылады. Осыдан соң мұғалімнің көмегімен, оқушылар образ табиғатын, автор суреттеуін қалай түсінгенін айтады. Кейіпкерлер кезекпен мінезделген соң, өз ара салыстырылады. Мұғалім алдымен оқушылардың жасап келген мінездеулерін оқытады, оларды бір‑бірімен салыстырады.
Зерттеуші Б.Сманов “Кейіпкер бейнесін талдау” әдістемеік еңбегінде көркем бейнені талдаудың мынадай тәсілдерін көрсетеді:
‑ Кейіпкерлер портреті, іс‑әрекеті, оның ішкі психологиясы жайлы автордың ойын білдіруі;
- Көркем бейнеге тән ерекшеліктерді өзге кейіпкерлерді сөйлету жолымен беру;
- Әдеби бейненің ішкі толғаныстарын (монологтарын) келтіре отырып ашу;
- Қаһармандар табиғатын оларды бір‑біріне қарсы қою әдісімен (диалог, әңгімелестіру) ашу.
Кейіпкерді мінездеу ең алдымен шығарма жанрына байланысты. Мәселен, лирикалық шығармаларда кйіпкер кейде тікелей көрінсе, кейде ақынның ойы көңіл‑күйі, бейнесі арқылы беріледі. Мысалы, Абайдың “Адамның кейбір кездері”, “Өлсем орным қара жер сыз болмай ма” өлеңдерінде екі заман шендестіріледі. Оның кейіпкері – ақын және заман. Сол сияқты ақынның “Адамның кейбір кездері” өлеңінде сөз өнері, өлең, ән туралы мәселе қозғалады. Бұл өлең арқылы Абай поэзияның, сөз өнерінің міндетін айқындайды, ақындық шабыттың сыры, қуаты туралы тебірене ой толғайды. Ақын өмірдің сәулелі, нұрлы жағымен қатар, көлеңкелі жағын да сынға алады. Зұлымдық пен надандық жайлаған заманның жағымсыз сипатын ызалана ашады, шенейді.
Қыранша қарап қырымға,
Мұң мен зарды қолға алып,
Кектеніп надан зұлымға,
Шиыршық атар, толғанар.
Ызалы жүрек, долы қол,
Улы сия, ащы тіл.
Не жазып кетсе жайы сол,
Жек көрсеңдер өзің біл.
Мұнда ақын‑кейіпкер ішкі ширыққан көңіл‑күйін, сөздің алмастай өткірлігін береді. Осыған байланысты мынадай жоспар беруге болады,
1) ақын толғанысы.
2) заманға көзқарасы.
3) надандықты шенеуі.
4) сөз қуатын дәріптеуі.
Сол сияқты, С.Торайғыровтың “Шәкірт ойы” өлеңінде лирикалық кейіпкердің асқақ ойы, халқына деге шексіз сүйіспеншілігі беріледі:
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам.
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда кім болам.
Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кіремін
Қазақ ақынының халқының жағдайын қапысыз таныған сергек санасы, асқақ ой‑мұраты танылады. “Көк” қазақтың кие тұтқан дүниесі. Аспан көгіндегі күн сәулесі тіршілікке қалай нәр берсе, ақынның да арманы халқына жарық әкелу, қараңғылық шырмауынан босату, еңсесін көтеру. Осы жолда ақын‑кейіпкердің аңсар‑тілегі‑халықты ояту, жаңалыққа бастау. Мұндай асқақ арманды осы тұста Мағжан да, Міржақып та айтты. Олардың халықты ағарту жолындағы еңбектері сан салалы еді. Көркем шығарма арқылы, публицистикалық мақалалары арқылы, қоғамдық қызметтері арқылы ат салысты. Кейіпкерге мінездеме берудің мынадай түрлері бар:
1) Дара мінездеу
2) Салыстырмалы мінездеу
3) Топтау түріндегі мінездеу
Дара мінездеу көбіне туындыдағы бас кейіпкерге беріледі. Мәселен, Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ солдаты” романындағы Қайрошты шығарма сюжетіндегі әрекет‑оқиғаға қатысуына, мінез‑сипатына байланысты даралап мінездеме беруге болады. Ал, салыстырмалы мінездеу іс‑әрекеті, мінез‑құлқы ұқсас немесе әр түрлі кейіпкерлерге беріледі. Бұл жағдайда ұқсас кейіпкерлер салыстырылады. Қарама‑қарсы кейіпкерлер шендестіріледі. Мәселен, Ы.Алтынсариннің “Бай баласы мен жарлы баласы” әңгімесіндегі Асан мен Үсеннің мінез‑қасиеттері шендестіріледі. Үсеннің мінезі ‑ өмірге икемді, сабырлы, еңбекқор, әкеден көрген тәлімі мол. Асанның мінезі ‑ өмірге икемсіз, еңбекке қырсыз, өнеге‑тәрбие көрмеген. Ал, кейде шығарма кейіпкерлеріне топтай мінездеме береміз. Бұл көбіне көлемді шығармаларды өткенде қолданылады. Мәселен, “Абай жолын” өткенде, Құнанбай мен оның төңірегіндегілерге, Абай мен оның айналасындағыларға, аналар бейнесіне, халық өкілдріне топтап мінездеме беруге болады. Бұл оқушыларға мәтін мазмұнын жете түсініп, кейіпкерлерді жүйелей алуға көмектеседі.
Кейіпкерге мінездеме беру тәсілдері түрліше болады. Онда кейде кейіпкердің сырт кескіні, кейде міне‑құлқы көрінеді. Яғни, мінездеуде кейіпкердің жас ерекшелігі, дене бітімі, бет пішіні, киім киісі, дене қозғалысы, бет‑жүз қимылы кіреді. Бұған портрет тәсілінің қатысы бар. Портрет тікелей адамға бағытталып, сөз арқылы оның бейнесі жасалады. Портрет біржақты тәсіл емес, ол кейде толығып, кейіпкердің мінез сипатын, әлеуметтік жағдайын ашып та тұрады. Мысалы, Ғ.Мұстафиннің “Аяз қарт” әңгімесінде мынадай үзінді бар: “Ақ басты, ақ таяқты бір қарт келеді. Қара көзі көкшіл, қызыл шырайы қуқыл тартыпты, таяғы жерге қадалғанда, көзң де бірдемеге қадалады. “Көп көрсем де, көрмегенім көп екен, көп білсем де білмегенім көп екен” деп оқтын‑оқтын ыңылдайды. Ыңылы күй ме, сарын ба, сағыныш па, әлде шаттық па, әйтеуір кеудесін тебірене шыққан бір дыбыс, бір тыныс”. Бұл кейіпкер портретінен адамның көңіл‑күйі, арман‑тілегі қоса танылып тұр. Өмірінің көбі артта қалған қарттың тіршілікке деген құштарлығы байқалады. Ал, кейде портрет пен мінездеу аралас та келеді: “Қияс он төртке енді толды. Бірақ дене бітімі он төртте деуден гөрі он алты‑он жетіге келіп, буыны беки бастаған бала жігіт деуге болар еді. Жасынан‑ақ ірі, әкесі секілді мінезі ауыр болып өсті. Жұмыстың қай түріне болса да, бейімі бар және тындырымды еді”. Көркем образ ‑ өмірлік шындықты игеру мен қайтадан қорытып жаңа сапада жасап шығарудың өнерге ғана тән ерекше тәсілін сипаттайтын категория. Кейде оқушы күнделікті өмірдегі адам мен әдеби қаһарманды бірдей ұғым деп қабылдайтыны бар. Алайда, әдеби кейіпкер мен түптұлға (прототип) бір емес. Әдеби бейнеде қаламгердің ұстанымдары жинақталып, соған сәйкес көркем бейне жасалады. Мінез – адамның ішкі болмысы, қоғамдық жағдай қалыптастырған психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы. Осы мінез сипатты ашу үшін жазушы әр түрлі тәсілдерге жүгінеді.
86. Шалкиіз Тіленшіұлы өмірі мен жыр толғаулары (23 cұрақты қара)
Шалкиіз жырау (1465-1560) - ақын, жырау, батыр. Шалкиіз - туындылары орыс тіліне аударылған ақын-жыраулардың бірі. Оның шығармашылығын сол дәуірдегі орыс оқымыстылары мен зерттеушілері жоғары бағалаған. Темір биге айтқандары әртүрлі жинақтар мен басылымдарда бірнеше мәрте басылды. Жыраудың қазақ көне әдебиетіндегі орны ерекше. Шалкиіз жырау ғүмырының көп бөлігін Ноғай ордасының билеушісі Темір бидің қол астында өткізеді. Турашылдығымен, әділдігімен, даналығымен ел алдында беделді болады. Өмірінің соңғы жылдарын Хақназар хан тұсындағы Қазақ мемлекетінде өткізеді.
азақ жыраулық поэзиясының атасы – Шалкиіз Тіленшіұлы 1465 – 1560 жылдаршамасында өмір сүрген. Үш айлығында анасынан айырылған болашақ жырау нағашы әжесінің қолында тәрбиеленеді. Мұсылманша жақсы білім жиған, сақара салтынан тамаша тәрбие алған Шалкиіз жырау Би Темірдің тұсында өмір сүрген. Жырау толғауларында ерекше көтерілген тақырып – адамгершілік мәселесі. Мысалы,
Бір жақсымен дос болсаң –
Азбас-тозбас мүлкі етер.
Бір жаманмен дос болсаң –
Күндердің күні болғанда
Бар ғаламға күлкі етер, –
деп, жақсылық пен жамандықты қарама-қарсы қоя отырып, парасаттылықты, адамгершілік қасиеттерді асқақтата көрсеткен.
Шалкиіз толғауларының басты тақырыптарының бірі – ел бірлігі, ынтымағы. Жырау «Асқар, асқар, асқар тау» толғауында:
Малыңды бер де, басың қос,
Басыңды қос та, бек сыйлас,
Күндердің күні болғанда
Басың жауда қалар ма! –
деп, халықты береке-бірлікке, ынтымаққа шақырған.
Шалкиіз жыраудың артында қалған толғаулары: «Би Темірге бірінші толғау», «Би Темірді хаж сапарынан тоқтатуға айтқаны», «Алаштан байтақ озбаса», «Жапырағы жасыл жаутерек», «Жақсының жақсылығы сол болар», «Жалп-жалп ұшқан жапалақ», «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Жел, жел есер, жел есер», «Жауынды күні көп жүрме», «Шағырмақ бұлт жай тастар», «Асқар, асқар, асқар тау», «Ор, ор қоян, ор қоян», «Орманбет би өлген күн», «Ер Шобан».