7 5 .Көркем шығарманың композициясы мен сюжетін таныту жолдары

Көркем шығарманың құрылысы шығарманы жақсы не нашар шығарма деп баға беруде шешуші рөл атқарады. Оқығанда бас алғызбай, тартып әкететін, оқиғаның қызықтығы, көсем серкедей ерекше көзге түсетін образы - типі ұнамды образдардың рух берерлік ерліктері,ұнамсыз образдардың жан түршіктірерлік жауыздықтары және өзекті өртерлік трагедиялық жайттардың шығармаларда табиғи заңдылықпен мүлтіксіз шебер қиюласуы

- композицияның ісі. Егер ол болмаса, бір-бірімен байланыссыз оқиға да, әдемі пейзаж, портреттер де, үздік жасалған әдеби мінездер де оқушыларын қызықтыра алмаған болар еді. Ондай шығармаларды оқиға дамуларында композициялық бүтіндік жоқ, сондықтан көркемдік дәрежеге көтеріле алмаған әлсіз, құнсыз шығарма дер едік. Сонымен қатар композиция, сюжет деген терминдердің мағыналарын аша түсетін бірнеше жайттарға тоқтала кетуге тура келеді. Композиция (құрылыс)

- көркем шығарманың барлық түріне қатысы бар ұғым. Ал сюжет тек оқиғалы шығармаларға ғана қолданылады. Композиция (латын сөзі - kompositio - құрастыру, тәртіпке

келтіру) - көркем шығарманың

құрылысы. Көркем әңгіме не

поэма, не роман, қайсысын оқысақ та, әр алуан сюжетке құрылады. Сюжет дегеніміз

- шығармадағы адамдардың бір-бірімен байланысы, қарым-қатысы, күрес-тартыстары

- шығармадағы оқиғаның дамуы. Ендеше оқиға қалай болса солай суреттелмейді;

белгілі бір тәртіппен дамиды. Бір оқиға себебі болса, екіншісі - оның нәтижесі.

Адамдардың арасындағы күрес-тартыстар тек кездейсоқ нәрсе емес, өмір шындығы,өмірге екі түрлі көзқарас, екі түрлі мінездің түйісуі екендігі аңғарылады.

Оқиғаның белгілі бір мекенде, белгілі мезгілдерде болғандығы көрсетіледі.

76.Қазтуған «Мадақ жыры» мәнерлеп оқы

Мадақ жыры

Бұдырайған екі шекелі,

Мұздай үлкен көбелі,

Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті,

Адырнасы шайы жібек окқа кіріс-ті,

Айдаса - қойдың көсемі,

Сөйлесе - қызыл тілдің шешені,

Ұстаса - қашағанның ұзын құрығы,

Қалайылаған қасты орданың сырығы,

Билер атты би соңы,

Би ұлының кенжесі,

Буыршынның бұта шайнар азуы,

Бидайықтың көл жайқаған жалғызы,

Бұлұт болған айды ашқан,

Мұнар болған күнді ашқан,

Мұсылман мен кәуірдің

Арасын өтіп бұзып дінді ашқан

Сүйінішұлы Қазтуған!!!

77. Тәтіқара ақын Абылай ханның жортуыл жыршысы ақын өмірінен деректер

(1705, қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданы – 1780, сонда) – ақын, жырау. Абылай ханның ақылшысы ретінде біршама уақыт хан сарайында тұрған. Олжабай, Бөгенбай батырлардың қалмаққа қарсы жорықтарына қатысып, олардың ерлік істерін мадақтаған, толғауларында жауынгерлерді табандылыққа, төзімділікке үндеген. 1756 жылғы Цин империясы басқыншылары мен Абылай сарбаздары арасында өткен соғысты сипаттаған жалынды жырлары (“Қамыстың басы майда, түбі сайда”, “Кебеже қарын, кең құрсақ”, т.б.) Тәтіқара есімін халыққа кеңінен танытты. Өткір мінезді Тәтіқара ел билеген ханның осал жақтарын сынап, батыр-бектердің кемшін тұстарын беттеріне айтып отырған. “Кеше тоқыраулы судың бойында” атты толғауында ол “Ат құйрығын күзеңдер, Аллалап атқа мініңдер, Ханталау қылып алыңдар” деп халықты күреске шақырады. Бұдан кейін Абылай мен ақын арасы алшақтап, Тәтіқара сарайдан біржола қуылады. Жасы ұлғая келе жағдайы ауырлап, жоқшылық көреді. Алайда ақын қиыншылыққа мойымаған, ханға бас имеген.[1]Бұған көңілін сұрай келген билерге айтқан “Ассалаумағалейкум, жайсаңдар мен қасқалар” дейтін жыры дәлел.

Тәтіқара жырау қазіргі Қостанай облысының аумағындағы Сарыкөл маңында туып-өскен. Болашақ ақын кедей отбасында дүниеге келген, әрі бір кездерде Абылай ханның жақын серіктерінің бірі болғанына қарамастан, жоқшылықтан ақыры құтыла алмаса керек.
Тәтіқара басқа да жауынгерлермен бірге жоңғарларға қарсы ұрыстарға қатысып, талай мәрте жаужүректігімен көзге түседі. Әскер арасында Тәтіқара жырау батырлардың ерлігін мадақтап жырға қосып, қазақ жасағының рухын көтеріп жігерлендірген.
Ұрыс алдындағы сәттерде жауынгерлерге өзінің отты жырларын толғап, жаңа ерліктерге үндеп отырған. Сондықтан да Тәтіқара жырау жортуыл-жорық жыршысы ретінде кеңінен әйгілі болды. Әсіресе, 1756 жылғы қытай әскерімен ұрыста
атағы шықты. Осы қатерлі сын кезеңде ақын өзінің өлмес таңдаулы жырларын тудырды. Өкінішке орай, бізге жыраудың суырып салма өлеңдерінің жұқанасы ғана жеткен. Оның шығармаларын Шоқан Уәлиханов жинастырып зерттеп, жоғары баға берген.
Ұлы Далада хандар тежеусіз билікке ие болғанымен, өз қалауы бойынша жазалап не рақым ете алғанымен, олардың бұқара халықпен қатынасы қарапайым болған. Мысалы, XVII ғасырда жай қарашы қазақтар билікте көп қателікке жол берген Бұрындық ханды тақтан тайдырып жіберген.

78. Ш.Құдайбердіұлы

Көрнекті Алаш қайраткері, ақын, діндар. Абайдың немере інісі. 1858 жылы шежірелі Шыңғыстау бөктерінде туған. 5 жасынан хат таныған, 7 жасынан әкеден жетім қалып, атасы Құнанбай мен ағасы Абайдың қамқорлығында өскен. Қаламгер ретінде қалыптаса келе Шәкәрім араб, парсы, түрік, орыс тілдері арқылы әлемдік руханияттың тұнығынан су ішуге ұмтылады. Өзін Л.Толстой шәкіртімін деп есептейді. Бүкіл шығармашылығы – ізденген, тазарған, өз иманы мен халық иманына қамқор да жауапкер жан сезімінің айнасы дерлік. Қаламгердің ағартушылық бағыттағы пәлсапалық, сыршыл, шыншыл өлеңдері («Қазақ айнасы», «Жолсыз жаза яки кез болған іс» жинақтары мен қолжазбаларынан), халық өмірінің қилы тарихынан сыр шерткен «Еңлік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр», «Нартайлақ-Айсұлу» жырлары, Шығыс тағылымын байыптаған «Ләйлі-Мәжнүн» дастаны, орыс тілінен тәржімелеген көркем аудармасын (А.Пушкин, Л.Толстой, Г.Б.Стоу еңбектері), мұсылмандықтың әліппесі сынды «Мұсылмандық шарты» еңбегі, ұлт тарихының бір шетін түгендеген «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі», заманындағы түрлі ой ағымын бағамдаған «Үш анық» еңбегі – ХХ ғасыр басындағы бірнеше буынның рухани сауатын ашты. Ол 1899 жылы қажылық сапарда болып қайтады. Стамбұл, Мысыр, Араб елдерін аралап, ойына – ой, білігіне білік қосып келеді. Ұлттың саяси серкесі Ә.Бөкейхан оны 1907 жылы ІІ Мемлекеттік Думаға депутаттыққа кандидат етіп ұсынған. Бірақ ақын өз орнын Т.Нұрекенұлына берген. Сондай-ақ 1905-1906 жылдары Семейде Ә.Бөкейхан ұйымдастырған саяси жиындардың барлығына дерлік қатысқан. Ақын «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетіне белсене араласып, мақала, өлең жазып тұрған. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, т.б. еңбектерінде оның шығармашылығы лайықты бағаланған. 1917 жылы Алаш партиясын құру және Алаш автономиясын жариялау шарасына даярлық ретінде Семей облысында өткен қазақ съезіне қатысып, сөз сөйлейді. Алаш Орда үкіметі жарияланатын 5-13 желтоқсандағы ІІ жалпықазақ съезіне ол айрықша шақырылады. Қараша-желтоқсан айларында земство сайлауы болғанда, Ш.Құдайбердіұлы Семей уездік земствосына Шыңғыс болысынан сайланады. М.Боштайұлы басқарған облыстық қазақ сотының мүшесі болады. 1919-1931 жылдары ақын «Таң», «Қазақ тілі» басыл-ымдарымен қатысып тұрады. 1924 жылы Германия профессоры М.Кучинскиймен дидарласады. 1930 жылы үлкен ұлы Ғафур Семей түрмесінде қорлықпен қаза болғанда, ақын Шақпақтыдағы қыстауында қайғымен жатып қалады. ОГПУ мұнда да тыныштық бермейді. 1931 жылы 2 қазанда ОГПУ қолынан мерт болады. Құрқұдыққа тасталған сүйегі 1961 жылы мұсылман ғұрпымен қайта жерленген.

ұдайбердіұлының қаламынан терең ойлы, сыршыл лирик. өлеңдер, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» сияқты оқиғалы дастандар, «Әділ-Мәрия» романы жөне басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. 1911 ж. «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі», 1912 ж. Семей қаласындағы «Жәрдем» баспасынан «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Жолсыз жаза яки кез болған іс», «Енлік-Кебек», «Үшанық», «Мұсылмандық шарты», «Ләйлі-Мәжнүн» т. б. шығармалары жарық көрді. 1978 жылы Ленинградта шыққан «Поэты Казахстана» деген жинақта Құдайбердіұлының бірқатар өлеңдері орыс тілінде басылды. Үлкен жинағы 1988 ж. «Жалын» баспасынан жарық көрді.

79. Сыныптан тыс жұмыстар түрлері және тиімділігі

Сыныптан тыс жұмыс – оқушылар тәрбиесінің маңызды факторы. Оқу ісі процесінде оқушының ақыл ойы дами бастайды – ойлаудың, ойлау операцияларының, танып-білу қызығушылығының, оқудың, оқу ісінің мотивтерінің дамуы – оқушы оқып, жазып, түсінгенін айтып және т.б. үйрене бастайды. Бірақ жақсылықты, ар-ұятсыздықты, шындықты айтуды, парызды өтеуді біліп-үйрену үшін тағы қосымша факторлар, жағдайлар қажет.

Бұлардың бәріне шын факторлар, өмірлік жағдайлардың, өмірдің өзі үйретеді. Мұндай жәйттермен сәби жие кездеседе және де дұрыс шешім табалмайды. Осындай өмірлік жағдайлар сыныптан тыс жұмыста болады.

Сонымен, сыныптан тыс жұмыс, сабақтан тысжұмыс, мектептен тысжұмыс, оқудан тыс жұмыс-осының бәрі тәрбиелеік жұмыс болып табылады. Бұл жұмысты пән мұғалімдерімен сынып жетекшілері өткізеді. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының негізгі мәні-оқушылардың әр-түрлі ілі мен іс-әрекеттерге қызығушылығын туғызу және тереңдету, оқушылардың таланттары мен қабілеттерін ашу, әлеуметтік белсенділікке тәрбиелеу, бос уақыттың ісін ұйымдастыру, балалардың әлеуметтік ортаға үйренуі.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсат және міндеттері тұтас педагогикалық процестің қызметіне ерекше сипат береді – білімділік, тәрбиелік және дамытушылық.

80. Доспамбет – ерлік пен еркіндікті аңсаған жорықшы жырау. (20 сұрақты қара )

81. Әдебиет сабағында әдіс-тәсілдерді таңдап алу жолдары

Мұғалім әр әдіс-тәсілдің өзіндік ерекшелігін, мүмкіндіктерін де жете білуі қажет. Көпшілік жағдайда мұғалімнің өзінің төселген, дағдыланған әдіс-тәсілі болады. Мұндай мұғалімдер қай тақырып болмасын, оны қай сыныпта өткізбесін, сабақтың негізгі мақсатын да еске алмастан, «дағдыға» айналған әдіс-тәсілмен сабақ жүргізе береді. Бұндай сабақтар тиімді өтеді, ол оқушыларға өз дәрежесінде білім береді деп айту қиын-ақ. Оқу-тәрбие жұмыстарының барлық саласын бір өзі шешіп тастайтын әдіс-тәсіл жоқ. Сол себептен де мұғалім әдіс-тәсілдерді жете меңгеріп қоймай, оларды қай жағдайда, қалай пайдалануға болады, - соны да ерекше ойлануы керек. Мысалы, тәжірибе көрсетіп жүргендей, бір жағдайда тиімді болған, пайдалы деп танылған әдіс-тәсілдер екінші жағдайда кейде тиімді, пайдалы бола бермейді. Неге олай, себебі не? Оқушылардың таным белсенділігін, сөйлеу қызметін дамытуда, жетілдіруде, оларға өз бетінше қорытынды, тұжырым жасата білуде проблемалық оқытудың маңызы ерекше. Оқытудың бұл түрі арқылы мұғалім оқушы алдында проблемалық жағдаят тудыратын танымдық-іздендіруші, шығармашылық сипаттағы зерттеу әдісіне бағытталған тапсырмалар береді және оны орындата алады.

Дегенмен де проблемалық оқыту әдіс – тәсілдерінің мүмкіншіліктері шексіз емес. Оқу материалының барлығы, барлық тақырыптар проблемалық жағдаятты талап етпейді. Сондай – ақ белсенділігі, білім дәрежесі орташа, не ортадан төмен сынып ұжымына проблемалы оқыту әр уақытта да жемісті болады деуге болмайды. Бұл әдіс- тәсілдер оның үстіне уақытты да көп талап етеді.Өтетін тақырып аса күрделі емес, әрі оқушылар дербес, өздері шеше алмайтындай тапсырмаларға төселген жағдайда ғана проблемалық оқытуды басшылыққа алу тиімді болады. Оқушылар да өз мүмкіндіктерінше ол білімді қабылдап алады. Көрнекілік оқушылардың пәнге қызығушылығын, таным белсенділігін арттырады. Дегенмен, оны үнемі пайдалану оқушылардың дерексіз түрде ойлауын тежейді, көркем тілінің дамуына кедергі жасайды. Міне, сондықтан тиімділік идеялары да сабақта мұғалімнің өзі төселген бір әдіс-тәсілмен жұмыс істеуін, немесе өзі білетін барлық әдісті бір сабаққа үйіп-төгуін жоққа шығарады, әрі бір сүрлеу, бір ізбен жұмыс істеудің тиімсіздігін дәлелдейді. Тиімділік идеялары оқыту әдістерін үйлесімді түрде, сол сабақтағы оқу-тәрбие мақсаты, тақырып ерекшелігі, сабақ өткелі отырған сыныптың жеке даралық, жағдайларын ескере отырып, таңдап, сұрыптап ала білуді талап етеді.

82. Сәбит Дөнентаев Сатиралық мысалдары.

Бұған жататындар: «Әр жан, әр түрде», «Шілде», «Атамыз бен өзіміз», «Көк төбетке», «Бозторғай»,

«У жеген қасқырға», «Жарық ағаш», «Сұңқар мен қарғалар», «Түстегі қарлығаш», «Тотыға», «Бұлбұлға», «Биік тау», «Жалдама сандуғашқа», «Шошқа мен саудагер», «Бөшкенің зары», «Күздің сыры». Өлеңдерінің көпшілігі революциядан бұрын жазылған да, екеуі («Жарық ағаш», «Сұңқар мен қарғалар») революция жылдарында, төртеуі («Шошқа мен саудагер», «Күздің сыры», «Жалдама сандуғашқа», «Бөшкенің зары») кеңес дәуірінде жазылған.

Сәбитттің сатиралық жанрға көшуінің басты себебі: қоғам өміріндегі кемшіліктерді мінеу, адам мінезінің жексұрын, сорақы, жаман жақтарын мысқылдау, масқаралау керек болды. Сондықтан ақынның жауларына қарсы жұмсаған алмастай өткір құрладарының бірі сатира болды да, сол сатира арқылы өмір шындығын айнаға түсірді. Сәбит өзінің өлеңдерінде сатираның тілі- ирония мен сарказмды, әсіресе, сарказм түрін көбірек қолданды.

Бұл салытрудан басқа Сәбиттің сатиралық өлеңдерінің өзіне тән үш түрлі ерекшелігі бар. Бірі- көптеген сатиралық өлеңдерін қысқа сюжетке құра білуі. Кісі мінезін, оның жаман- жақсы жағын сынауға келгенде, жалыплап айтпай, белгілі бір конкретті, нақтылы оқиға мен абйланыстырып, қысқа сюжетке құрады. Оның «Өгей ұл», «Жәмила қыз» тағы басқалары қысқа сюжетті өлеңдері. «Өгей ұл» деген он бір шумақты қысқа өлеңге інісі өлген бір бай жесір қалған келініне некеленгенін, ініден қалған жалғыз ұлға өгейлік істеп, ауыр жұмысқа салғанын, соның салдарынан ауруға шалдығып, төсек тартып, өлім аузында жатқанда байдың мойнындағы қарыздан құтылмақ болып біреуге құда түсіп, қыз айтырмақ болғанын балаға келіп естірткенін түгел сыйғызып айта білген.

Сәбиттің көптеген өлеңдері («Ой, жалған-ай!», «Қаржаубайдың ашуы», «Сүйлейменнің тануы», «Бөжейдің даярлығы», «Мұқан мен Серік», «Бай мен комсомол») осындай мазмұнды қысқа сюжетке құрылған өткір сатира. Сәбит басқа ақындарда сирек кездесетін сатираның осы түрін дамытып, қалыптастыра білді. Сюжетті сатираны дамытуда Сәбит ұлы ұстазы Абайдан үйрене отырып, замандастарынан ілгері кетті.

Сәбит өлеңдерінің екінші ерекшелігі- әр өлеңнің диалогқа құрылуы. ақынның диалогқа құрылағн сатиралық өлеңдері көп, оның кейбір үлгілері «Бай мен комсомол», «Мұқан мен Серік», «Дәметкен мен ұмсындық», «Ақ жорға шығыпты», «Жеке молда», «Бөжейдің даярлығы» тағы басқалар.