72. Көркем мәтінге талдау жасау жолдары

Әдебиетті оқытудағы басты мәселе –шығармаға, яғни көркем мәтінге талдау жасау. Әдіскер Т.Ақшолақов көркем шығармаға талдау жасаудың төрт түрлі әдісін көрсетеді.Олар: образ бойынша талдау; проблемала талдау; тұтас талдау;тақырыптық талдау.Соларға қысқаша тоқтолып көрейік.

А. Образ бойынша талдау кезінде оқушылар адамды танып біле отырып, сол кейіпкер бойындағы ұнамды, адамдық қасиеттерді білуге талпынады. Әрине, шығармадағы орталық кейіпкердің барша қасиеті жеке дара ашылмайды.

Ә. Проблемалы талдау. Көркем шығармада сан тақырыпты әрекеттер баяндалып, көптеген қарама-қайшылықты,талас-пікірлі оқиғалар туындап жатады. Демек, жазушы көтерген проблеманы танып білу керек. Ол үшін оқушыны ізденіс толғанысқа бастайтындай, туындының идеялық-эстетикалық қуатын танытатындай жұмысқа бастау керек. Осыған байланысты оқушының алдына проблемалық ситуация ұсыну қажет. Маселен, С.Көбеевтің «Қалың мал», М.Әуезовтің «Көксерек» т.б. шығармалары өтілгенде тап тарысы, бай мен кедей мәселесі, табығатты қорғау, жаратылыс байлығын сақтау, халықтық ғұрыптың сақталуы жайлы проблемалы сауалдар әзірлеп, оқушылардың бүгінгі күн тұрғысындағы көзқарасын айтқызуға, ой бөлісуге шақыруға болады.

Б. Тұтас талдау. Бұл шығарманың желісіне сай жүргізіледі. Мұнда көркем шығарманың бөлімдері бойынша ондағы оқиғаның дамуына сай автор ізімен жүре отырып, талдау жасалады. Мұның тиімді жағы шығармадағы оқиғаны, іс-әрекетті жан-жақты, жүйелі қарастыруға мүмкіндік береді. Көбіне көлемді мәтіндерді талдағанда, ондағы оқиға реті ауыстырылып, қалыс қалдырылып немесе толық баяндалмай жатады.

Көркем шығарманы талдау үстінде қаламгердің тіл шеберлігі де ашылады. Мәтін тілін шартты түрде екіге бөлеміз: жазушы тілі және кейіпкер тілі. Шығармадан алынған бейнелі көркем сөз оқушылардың тіл байлығын еселеп, сөздің мәнін ұғуға, эстетикалық талғамын оятуға әсер етеді.

73. Қазтуған ұлттық әдебитіміздің төл басыларының бірі. «Бұдырайған екі шекелі» толғауы

Қазтуған Сүйінішұлы (XVII ғасыр) - мырза, батыр, жырау. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен айтулы жорық жырауы.

Қазтуған жырау ноғайдың Едисан ордасының билеушісі Сүйініш мырзаның ұлы. Сүйініш мырзаның Қазтуғаннан басқа Азамат және Аджи атты тағы екі ұлы болған. Оның арғы ата-бабалары Ноғай Ордасының билеушілері еді. Әкесі Сүйініш Абдол­лаұлы (орыс деректерінде – Сююнча Абдулов) Еділ бойында өмір сүрген, кейін Кубань жаққа өтіп кеткен. XVII ғасырдың екінші жарты­сын­да жазылған орыс деректерінде Сүйініш мырзаның аты жиі айтылады. Ресей мем­лекеттік архивінің көне актілер жө­ніндегі бөлімі­нің «Ноғай істері» қорында Сүйініш мырзаның және ноғай ұлы­сының 1660 жылдарға дейінгі де­рек­тері сақталған. Қазтуғанның шежіресі былайша таратылады: Едіге би - Нұраддин - Уаққас - Мұса - Ысмайыл би - Дінбай би - Тінікей - Абдолла - Сүйініш - Қазтуған. Қазтуғанның есімі алғаш рет тарих беттерінде 1673 жылы аталады. Орыс деректерінде оның есімі Тоған деп көрсетілген. Осы жылы қалмақ би­леушісі Аюке хан өзінің бірнеше тайшысымен бірге Астрахан басшы­ла­ры­ның алдына барып, орыс-қалмақ ке­­­лісіміне қол қойып, аманат са­ра­йын­дағы ноғайдың жас мырзасын бо­са­туды сұраған. Қалмақ тайшылары мұндай қадамға едисан ноғайлары­ның мырзасы Сүйініштің сұрауы бойынша барған болатын. Олар Сүйініштің патша алдын­да­­ғы абыройлы істерін еске салды. Алай­да, бұл сұрақтың жауабын Астрахан билігі емес, Мәскеудегі патшаның өзі беру керек еді. Осы кезде іске кабар­дин князі К.М. Черкасский араласып, соңғы шешімді ұлық патшаның өзі ха­бар­лайтынын айтып, қалмақ делега­циясын жылы шыраймен шығарып салады. Қазтуған 1696 жылы ұзақ жылдар бойы Қалмақ хандығына тәуелді болған Едисан ұлысын бастап, Еділ бойынан Қырым хандығына тиесілі Кубаньға көшіп кетеді. Қазтуғанның есімі соңғы рет 1698 жылғы деректе аталады. Онда Едисан ордасының мырзалары Тоған мен Гидемирдің Кубаньның сол жағалауында орын алған жұтқа байланысты Мәскеуге Бейшім аға бастаған елшілікті жібергені жазылған.

азтуған жырау жорық жыршысы және халық эпосын жасаушылардың бірі саналады. Артына әскери рухты, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды. Олардың көпшілігі сақталмаған. Дегенмен, бізге жеткен жекелеген туындылары оның әдебиет тарихы төрінен орын алуға лайықты екенін айғақтайды. Оның поэзиясы жауынгерлердің көшпелі өмірін, көзқарасын суреттейді. Және олардың тұрмысын, айналадағы құлан таза табиғат туралы ойларын бейнелейді.

Қазтуған жыраудың "Мадақ жыры", "Туған жермен қоштасу" сынды туындыларын ежелгі қазақ поэзиясының таңдаулы үлгілеріне жатқызуға болады. Ақынның халық жыраулары арқылы жеткен бірқатар толғаулары И.Березиннің "Түрік хрестоматиясында" (1862), Ғабдолла Мұштақтың 1910 жылы шыққан "Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары" жинағында, М.Мағауиннің "Алдаспан" кітабында (1970) жарияланды.[1

Мадақ жыры

Бұдырайған екі шекелі,

Мұздай үлкен көбелі,

Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті,

Адырнасы шайы жібек окқа кіріс-ті,

Айдаса - қойдың көсемі,

Сөйлесе - қызыл тілдің шешені,

Ұстаса - қашағанның ұзын құрығы,

Қалайылаған қасты орданың сырығы,

Билер атты би соңы,

Би ұлының кенжесі,

Буыршынның бұта шайнар азуы,

Бидайықтың көл жайқаған жалғызы,

Бұлұт болған айды ашқан,

Мұнар болған күнді ашқан,

Мұсылман мен кәуірдің

Арасын өтіп бұзып дінді ашқан

Сүйінішұлы Қазтуған!!!