Жырдың негізгі идеясы[өңдеу]
«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» поэмасының негізгі идеялық-мазмұны сол дәуірдегі жастардың сүйіп қосылуын арман еткен тілек-мүдделерді қамтиды. Әуелде поэманың идеялық бір сабағы жесір дауымен байланысты болғанға ұқсайды. «Жесір ерден кетсе де, елден кетпейді» деген пікірді де сабақтастырған. Кейін ол жақтары көмескіленіп, сүйіспендік мәселесі негізгі орын алып, оқиға тек сол тақырыптың айналасына ғана шоғырланып, басқа жайттар тек соны дәлелдеуге жарарлық дәрежеде қалған. Поэманы оқыған адамның мақсаттарына жете алмай, өмірден арманда өткен екі жасты аяйтыны да, олардың қосылуына көлденең тұрған Қарабай мен Қодарға қарғыс айтатындығы да сондықтан. Жырда айтыс, тұрмыс-салт жырлары: естірту, жоқтау, қоштасу, т.б. кеңінен қолданылады. Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже, т.б. ақындар әр кезде дастан оқиғасын өздерінше жырлаған.
Жырдың кейіпкерлері[өңдеу]
Қозы — бастапқы кейіпкер . Ол алдынан шыққан қиыншылықтарға қарамастан, өз сезіміне берік болып, шынайы махаббаттың бар екендігін дәлелдейді.
Баян — ақылына көркі сай Баян сүйгеніне ешкімді ауыстырмайтын, өзінің антына берік, өз сезімі үшін күресе білетін жағымды кейіпкердің бірі.
Қодар — Қозы мен Баянның арасына түскен жағымсыз образдың бірі .Махаббат оқиғасында әрқашанда екі ғашықтың арасына түсетін жағымсыз кейіпкер.
Сарыбай — Қозының әкесі. Ол өте батыл, ақылды, қайсар адам.
Қарабай — бүкіл зұлымдықтың иесі, ол жырдың өң бойында қара ниетті, сараң, ойлайтыны тек бас пайдасы, есіл-дерті тоқсан мың жылқысы. «Қарабай» деген есімі оны толық мінездеп, әрі бағалап тұр: қарау, пасық, арам жан деген мағыналарды береді. Қарабайдың мінез-құлқы, пиғылы, іс-әрекеті мұны толық дәлелдейді.
Айбас — жырдағы өте ұнамды кейіпкердің бірі .Қозы Көрпеш ержеткенде Баян сұлудың бірінші рет барып көргені Қозының ағасы Айбас.
Ай мен Таңсық — Қарабайдың асырынды қыздары.
66. Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері
Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.
Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріпШәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.
Ресейдегі саяси төңкерістер Әуезов өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ол Семейде «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. Жүсіпбек Аймауытовпен бірігіп жазған «Қазақтың өзгеше мінездері»аталатын алғашқы мақаласы 1917 жылы 10 наурызда «Алаш»газетінде басылды. 1918 жылы 5-13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Әуезов жазушыЖүсіпбек Аймауытовпен бірлесіп, Семейде «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға қатысады. 1919 жылы семинарияны бітіріп, қоғамдық-саяси жұмысқа араласады. 1922 жылы күздеТашкенттегі Орта Азия университетіне тыңдаушы болып оқуға түседі әрі «Шолпан» және «Сана» журналдарына жұмысқа орналасады. Осы басылымдарда«Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім кінәлі», «Заман еркесі» («Сөніп-жану») әңгімелері жарияланады.
“Қорғансыздың күні”, “Жетім” , “Жуандык”, “Ескілік көленкесінде”, “Кім кінәлі”, “Бартыма”
“Қорғансыздың күні” өзінің көркемдік бітімі жағынан қазақ әдебиетіне жаңа өрнек енгізді. Адам өмірінің қайталанбас, дара ерекшелігі әңгімеде шебер ашылған. Шығармада болыс Ақан, оның серігі Қалтай, пәк, сәби қыз Ғазиза, оның қарт әжесінің бейнелері өте шынайы көрінеді.
“Жетім” деген әңгімеде Қасым атты жетім баланың қасіретті балалық шағы, Иса деген жамағайынның қорлығына шыдамай, ауылдан қашып шыққан бетінде, қараңғы түнде, тоғай ішінде өлгені айтылады.Өмірден зәбір көргендердің мұңы мен наласын үлкен әлеуметтік толғақты мәселе ретінде сипаттау сыншыл реализмнің негізгі белгісі еді.
“Қараш – қараш оқиғасы” төңкеріс қарсаңындағы қазақ қоғамының шындығынан туған, ескі ауылдағы әлеуметтік теңсіздік тәрізді өткір тартысқа құрылған. Мұнда да 20 жылдардың әңгімелеріндегідей дала билеушілерінің заңсыз жуандығы – байлардың кедейлерге жасар өктемдігі, зорлығы, кедейлердің байлардан көрер қиянаты, қорлығы сөз болады.
“Абай жолы «Еңлік-Кебек» пьесасын
67. Фольклорлық қаһармандарды таныту жолдары
Көркем әдебиет өзінің бар болмысымен сол халықтың танымын, өткендегісі мен болашағын бейнелейді. Әдебиеттің ұлттық ерекшелігі халықтың тарихи дамуымен тығыз байланысты. Ал, оның қайнар бұлағы – фольклорлық мұра – көркемөнер дамуына ұдайы елеулі ықпал жасап отыратын шығармашылық фактор.Фольклор мұраларында кездесетін мифологиялық кейіпкерлер адам танымының әр түрлі даму кезеңін көрсетеді. Мыстан кемпір.Ол – айлакер әйел, қулықпен күн кешкен. Алдап-арбаудың небір түрлерін, амал-айласын білген. Өзімізге жақсы таныс «Алпамыс батыр» жырында батырдың алдын орап, майда тілмен оны дегеніне көндіріп, шырмауына түсіретіні белгілі. Сонда мыстанның тіліне еріп, батыр өзінің жан серігі Байшұбардың басын шауып тастай жаздайды.
Пері көбіне салқын жерде, көбіне су жағасын мекендейді. Ол сұлу қыз түрінде көрінеді. Перінің мұсылман және кәпір перісі болады. Мұсылман перісі көбіне адам үшін зиянсыз болады. Бұл бейне де ертегі-аңыздарда әйел бейнесінде беріледі. Ол кейде әдеби шығармада да қолданылады. Әдебиеттің ұлттық ерекшелігі халықтың тарихи дамуымен тығыз байланысты.
Ал, оның қайнар бұлағы – фольклорлық мұра – көркемөнер дамуына ұдайы елеулі ықпал жасап отыратын шығармашылық фактор.Фольклор мұраларында кездесетін мифологиялық кейіпкерлер адам танымының әр түрлі даму кезеңін көрсетеді.
68. Ғабиден Мұстафин (1902-1985) - қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі. Қазақстанның халық жазушысы, Абай атындағы Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Бұрынғы Ақмола облысының Нұра өзенінің жағалауындағы Сарытөбе атты жерде (қазіргі Қарағанды облысының Бұхар жырау ауданы) дүниеге келген. Ауыл молдасынан ескіше сауат ашып, 14 жасында Спасскі зауытының табельшісінен бір жыл орысша оқып, сондағы орыс-қазақ мектебін бітірген. 20-жылдардан бастап ауылдағы кеңес жұмыстарына араласты.
1925-1933 жылдары білімін көтеру мақсатында Қызылордаға келіп, оқуға түсе алмай, өлкелік сотта іс-қағаздарды тіркеуші болып істеген. Түскен шағымдарды есіне ала отырып, ел ішіндегі заңсыздықтар туралы мақалалар жазуды үйренді. Жазушылыққа деген ұмытылысы да осы кезеңдерде басталды. 1933-1938 жылдары Қарағанды қаласындағы шахтада темір жонушы (токарь), слесарь. 1938-1940 жылдары - «Қарағанды пролетариаты» (қазіргі «Орталық Қазақстан») газетінің жауапты хатшысы, Новосібірде шыққан «Қызыл Ту» газетінің, «Әдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз») журналының әдеби қызметкері, редакторы. 1940-1948 жылдары - Әдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз») журналының редакторы. 1953-1957 жылдары Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы, 1961-1964 жылдары Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағы басқармасының бірінші хатшысы қызметтерін атқарған.
1927 жылы «Жыл құсы» журналында алғашқы «Сәрсен мен Боқаш» тырнақалды әңгімесі жарияланып, 1929 жылы тұңғыш әңгімелер жинағы «Ер Шойын» атпен шыққан. 1940 жылы Қарағанды шахтерлерінің өмірінен жазылған «Өмір не өлім» атты тұңғыш романы жарияланды. Бұл кітап үлкен шығармашылық жолдың бастауын белгілеген ақын еңбегі еді. Соғыс жылдарында «Құлаған құз», «Алынған кек», «Басқа пәле тілден», «Айғақ» (1942), «Тұтқын», «Күлмеген адам», «Керуен» секілді шағын туындылырды өмірге әкелді.
Соғыстан кейін ол кең көлемді прозада қалам тартып, дүниежүзіне танымал болған Шығанақ Берсиев өмірінен «Шығанақ» повесін жазды (1945). Ол «Қарағанды» (1952), «Дауылдан кейін» (1960), «Көз көрген» (1963) романдарын жазды. Бұл шығармалар идеялық-көркемдік қуатының молдығымен қазақ әдебиетіне зор үлес болып қосылып, жазушыны әдебиеттің аса көрнекті өкілдерінің қатарына көтерді. Ғабиден Мұстафиннің шығармалары көптеген әлем халықтарының тілдеріне аударылып, оқырмандардан өз бағасын алды. Оның шығармалары ХХ ғасыр басындағы дүрбелең оқиғалар мен қоғамдағы жаңалықты, ел басынан өткерген ауыртпашылықты кеңінен суреттеуімен құнды. Мұнда ол өзі өмір сүрген дәуірдің панорамалақ суреттерін жасап, қиыншылықтарды жеңе отырып, ілгері ұмытылған қоғамды, ондағы адамдар қарым-қатынасын көркем бейнелеген.
Соғыс жылдарында “Құлаған құз”, “Алынған кек”, “Басқа пәле тілден”, “Айғақ” (1942), “Тұтқын”, “Күлмеген адам”, “Керуен” секілді шағын туындылары өмірге келді (“Жиырма бес”, 1953).
69. Спандияр Көбеевтің « Қалың мал » романы
1973 жылы Қазан қаласында басылып шыққан. «Қалың мал романы - қазақ әдебиеті тарихындағы тұңғыш роман болып табылды. Роман тақырыбы – әйел теңсіздігі мен жастардың бас бостандығы мәселесі. Жазушы өзі роман туралы былай деген еді: «Роман арқылы феодалдық шірік салтты әшкерелеу, қалың халық бұқарасын одан безендіру, әйелдерді азаттық күреске шақыру еді».
1913 жылы Қазан қаласында Спандияр Көбеевтің «Қалың мал» романы жарыққа шықты. Қазақ әдебиеті тарихындағы қарасөзбен жазылған алғашқы көлемді шығармалардың бірі болып табылатын«Қалың мал» романының тақырыбы – әйел теңсіздігі мен жастардың бас бостандығы.
Романның негізгі кейіпкерлері:
Ғайша – сұлу да әдепті, тәрбиелі 14 – 15 жасар бойжеткен қыз. Аздап оқыған, хат таниды. Қалыңмалға сатылып, әкесінің шешімімен сүймеген адамына бармауға бел байлап, өзінің бас бостандығы үшін күреске шыққан жаңа типті бейне.
Қожаш – кедей таптың өкілі. Орта бойлы, талдырмаш, сабыр иесі, қара торы, бір сөзді, уәдеден таймайтын жігіт. Қыз айттыруға шамасы келмейді, бірақ өз бақыты үшін күресуге дайын. Сүйген қызы Ғайшаны алып қашып, өзінің азаматтық бейнесін танытады.
Жүніс, Әлкен, Бірке – Тұрлығұл, Байғазы, Құрымбайлардың тізесі батқан кедей ауылдың жігіттері өздерін жазықсыз жәбірлеуші үстем тап өкілдеріне қарсы тұрып, би-болыстардан Кеңшалғынды тартып алады.
Итбай – қызы Ғайшаның тағдырынан гөрі байлықты ойлайтын дүниеқоңыз адам. Байлыққа құныққаны сондай – жетпістен асқан Тұрлығұл құдалыққа кісі жібергенде, көктен сұрағаны жерден табылғандай: «Бұл Тұрлығұл байға біздің Ғайшажанды айттыра келген шығар, қазыны бұзбай сал», – деп есі кете қуанады.
Тұрлығұл – байлықты ар-ұят, адамгершілік, ынсап деген нәрселерден жоғары қоятын ұнамсыз кейіпкер. Өзінен малына көбірек сенетін Тұрлығұл: «Маған бермегенмен, малға береді ғой»,– дейді Ғайша туралы сөз болғанда. Жазушы оны: «Ұзын бойлы, мес қарын, түксиген қалың қабақты, көп сөйлемейтін, жалпақ мұрын, қарсы келген адам қаймыққандай, елге зәбірлі, көршілеріне мазаң, қатты мінезді адам» деп суреттеген.
Спандияр Көбеевтің «Қалың мал» романының сол кезеңде өмірге келген басқа романдардан ерекшелігі – романның негізгі кейіпкерлер – бірін-бірі сүйген екі жас Қожашпен Ғайша алға қойған мақсаттарына жетіп, бақытты өмір сүреді. Роман соңында тігулі тұрған отау маңында ойнап жүрген балалар, жайылып жүрген мал, ас қамымен жүрген Ғайша, шөп шауып келе жатқан Қожаш суреттелген. Оқиға жастардың бас бостандығы жолындағы күресінің жеңісімен аяқталған.
70. Лирикалық және поэма жанрындағы шығармаларды оқыту
Поэма-өлең сөзбен жазылған,сюжеттік желісінде әңгімелеу сипаты басым көлемді туынды. Сюжетті поэмалармен қоса,таза лирикалық сюжетті қамтитын поэмалар да болады. Поэма жанры,оның көркемдік ерекшілігі,тарихи-мәдени және әдеби процестегі мәні мен рөлі туралы айтқанда,екі мәселені бөліп алуға болады. Поэма-әдебиеттегі іргелі жанрлардың бірі. Онда қоғамдағы алуан түрлі іргелі мәселелер,көкейтесті тақырыптар қозғалады. Мәселен,Абайдың «Ескендір » поэмасын карастырып көрейік.Негізінен,Абай поэмаларында козгаатын жайлар шыгыс халыктарының аңыз ертегілерінен алынған. Бұл поэманың сюжеті аңыз түрінде кең таралған. Сондай бір сюжет- Ескендір жайында Науиді, Фисдоусидің дастандардың желісі. Абай «Ескендір» поэмасына негіз болган оқиғаны әзірбайжан классигі Низами дастанынынан алғандығын айтады. Алайда,акын оқиғаны өзінше құрған.Поэма мәтіні таныстырылғаннан кейін,поэмада қандай оқигалар болды, кейіпкерлері кім,оқиға қалай баяндалған,автордың оқиғаға көзкарасы қандай деген мәселелер анықталады. Ол үшін поэма сюжетіне қатысты жоспар құрылады.
Лирика – дара ойдың нәтижесі, ондағы ой шексіз кең. Лирика ақын жүрегінің тереңінен шыққан сезім ой-көрініс екенін аңғарту лириканың табиғаты, сипаты, түрлері жайында айтылған төмендегідей пікірлердің мән-мағынасын ашу.
Лириканы талдап, танып білуде оқытушы көптеген әдіс тәсілдерді пайдаланады. Ең бастысы оқушының өзіндік әс- әрекетіне , ой пікір еркіндігіне жол берген дұрыс. Лириканың басты бір ерекшелігі- ондағы көркемдік және суреттеу құралдарының көп кездесетіні, оқушы олардың қалай қолданылып тұрғанына ерекше көңіл бөлуі керек.
Оқушы лириканы қабылдауға әзір болуы үшін мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрлерінің маңызы зор. Өлең құрылысы туралы теориялық ұғымдар оқушылардың жас ерекшеліне байланысты беріледі, түсініксіз сөздер мен ұғымдар, мәтінге жоспар жасау т. б. Мұғалімнің түсінік сөзі, оқушы мен оқытушы арасындағы сұрақ – жауап түрінде келуі мүмкін.
71. Спандияр Көбейұлы – Ыбырай Алтынсарин үлгісіндегі педагог-жазушы. Өз ұстазының жолын үлгі тұтып, ағартушылық идеясын педагогтік қызметі арқылы насихаттаған. Сол бағытта Спандияр Абай мен өз ұстазы Ыбырай Алтынсарин негізін салған қазақ әдебиетіндегі демократтық, ағартушылық идеяны әрі қарай жалғастырды және жаңа жағдайға лайық дамытты.
Спандияр Көбейұлы 1878 жылы 1 қазанда бұрынғы Торғай облысы, Николай уезі Обаған болысына қарасты №3 ауылында дүниеге келген. Спандиярдың әкесі Көбей – мұсылманша хат таныған, шыншыл, қолөнерімен күн көрген адам. Ол балаларын оқыту жағына көп көңіл бөлген. Анасы Айтбоз да, жазушының өзінің айтуынша, өте қайратты және есті, ауылдың ортақ анасы сияқты қадірлі адам болған. Жарастықты отбасының үлгілі тәрбиесі болашақ педагог-жазушының мінез-құлқының қалыптасуына да әсер еткен. Болашақ педагог-жазушы өзінің өмірлік мұратын мұғалімдікпен ұштастырады.. Сол ниетпен Орынбордағы оқытушылар семинариясына түсуге талаптанады да, оның сәті түспей қалған соң Қостанайдағы екі жылдық педагогикалық курсы мұғалімдікке жол ашады. Курсты 1901 жылы бітіріп, бастауыш мектепке мұғалімдік құқық алады. Жүрегі надандық торына шырмалған өз халқына деген сүйіспеншілік пен оған білім шырағын жағу үмітіне толы жас жігіт жердің шалғайлығына қарамай Қостанайдан мың шақырымдай Ырғыз уезіндегі Толағай болысына қарайтын Кішіқұм деген жерге оқытушы болып барады. Арнаулы салған мектеп үйінің жоқтығы, жабдықтар мен оқу құралдарының жетпеуі, балаларын орысша оқытуға наразы ел ішіндегі надан көзқарас – бәрімен жас мұғалім жалғыз күреседі. Сөйте жүріп, балаларға арнап «Үлгілі тәржімә», «Үлгілі бала», «Орындалған арман» секілді асыл туындыларды дүниеге әкеледі. Осылардың ішіндегі 1951 жылы жарияланған «Орындалған арман» мемуарлық кітабының орны ерекше. Кітап өңделіп, 1954 жылы екінші рет басылды. «Орындалған арман» - педагог-жазушының өткен өмір жолы, қоғамдық қызметі, ортасы мен дәуірі жайлы шығарма. Онда автор заман шындығын әр қилы оқиғалар мен адамдар тағдыры арқылы көрсетеді. Кітапты оқып отырып, ең алдымен, өз ғұмырын халқына арнаған, талай қилы кезеңдер, қалтарысы мол жылдардан өтіп, өз еңбегінің жемісіне ие болып, республиканың көрнекті қоғам қайраткері дәрежесіне көтерілген қарт педагог-жазушының бейнесі көз алдыңнан өтеді. Кітапта сол адамның күрескерлікке толы ескі және жаңа өмірі нанымды суреттеледі. Айналасында болып жатқан өзгерістерге бақылаушы болып сырттан қарап тұрмай, біте араласып жүреді. Сондықтан оның қандай оқиғаға болмасын өз көзқарасы, өз қатынасы бар. Ескі қазақ ауылындағы тап тартысы, байлар мен кедейлер арасындағы кейін саяси бағыт алған стихикалық соқтығысулар, жер дауы, жесір дауы, 1905 жылғы алғашқы орыс революциясының қазақтарға әсері, 1916 жылғы көтеріліс, орыс-қазақ достығының нығаюы жайын кейде кесек оқиғалар, кейде шағын эпизодтар арқылы айқын көрсетіп отырады. Шығарманың негізгі кейіпкері ел басындағы ауыртпашылықты бірге көтереді, қолынан келгенін халық мүддесі жолына жұмсайды. Қараңғылық пен надандықтан халқын құтқарып, ілімнің ұрығын себуге талаптанған ол бала оқытады, елді тәрбиелеуге көмектесерлік әдеби шығармалар жазады. Қазан революциясынан кейін ол халық арасында Кеңес өкіметінің мәнін, оның саясатын насихаттаушылардың алдыңғы қатарында жүреді. Кітапта Ыбырай Алтынсариннің халықтық қызметін көрсетуге бірсыпыра көңіл бөлінеді. Автор қазақ даласында алғаш мектептер ашқан, сол мектептердің біріне өзін оқуға орналастырған ағартушы-педагогтің образын жасайды, онымен кездесулерін әсерлі баяндайды. «Қара бақсының хикаясы», «Надандық құрбаны» атты тарауларында ескі ауылда етек жайып, оны рухани жүдеткен қараңғылық пен надандықты әшкерелейді. Ауылдағы тап тартысы, кедейлердің егіндік, шабындық жерлерін тартып алған байларға қарсы бой көтеруі, байлардың олардан «кек қайтару» озбырлығы – кітаптың бірқатар тарауларының («Зорлық», «Мұз үстіндегі айқас», т.б.) мазмұнын құрайды.
XX ғасыр басындағы революциялық оқиғалардың қазақ ауылына әсері, орыс большевиктерінің ісі, прогресшіл мақсаттағы оқытушылардың қызметтері кітапта нанымды баяндалады. Осы оқиғаларға ере автор өзі де өсе түседі. Кітаптың соңғы бөлімін Спандияр өзінің Кеңес өкіметі жылдарындағы қызметіне арнаған.
· Екі соқа: Әңгімелер мен мысалдар.
· Қалың мал: Роман.
· Құстың ұясы: Әңгімелер мен мысалдар.
· Орындалған арман: Романдар мен мысалдар.