64. Көркем мәтінге талдау жасау жолдары

Әдеби талдау үстінде көркем шығарманың мазмұн пішіні, кейіпкерлер қатынасы мен тілдік құралдар ашылады.Әдебиетті оқытудағы басты мәселе –шығармаға, яғни көркем мәтінге талдау жасау. Әдіскер Т.Ақшолақов көркем шығармаға талдау жасаудың төрт түрлі әдісін көрсетеді.Олар: образ бойынша талдау; проблемала талдау; тұтас талдау;тақырыптық талдау.Соларға қысқаша тоқтолып көрейік.

А. Образ бойынша талдау кезінде оқушылар адамды танып біле отырып, сол кейіпкер бойындағы ұнамды, адамдық қасиеттерді білуге талпынады. Әрине, шығармадағы орталық кейіпкердің барша қасиеті жеке дара ашылмайды. Себебі, автор өз кейіпкерін мәтіндегіәр алуан іс-әрекеттермен, оқиғалармен, басқа кейіпкерлермен байланыстырады.

Ә. Проблемалы талдау. Көркем шығармада сан тақырыпты әрекеттер баяндалып, көптеген қарама-қайшылықты,талас-пікірлі оқиғалар туындап жатады. Демек, жазушы көтерген проблеманы танып білу керек. Ол үшін оқушыны ізденіс толғанысқа бастайтындай, туындының идеялық-эстетикалық қуатын танытатындай жұмысқа бастау керек. Осыған байланысты оқушының алдына проблемалық ситуация ұсыну қажет.

Б. Тұтас талдау. Бұл шығарманың желісіне сай жүргізіледі. Мұнда көркем шығарманың бөлімдері бойынша ондағы оқиғаның дамуына сай автор ізімен жүре отырып, талдау жасалады. Мұның тиімді жағы шығармадағы оқиғаны, іс-әрекетті жан-жақты, жүйелі қарастыруға мүмкіндік береді. Көбіне көлемді мәтіндерді талдағанда, ондағы оқиға реті ауыстырылып, қалыс қалдырылып немесе толық баяндалмай жатады.

Көркем мәтінді талдау – әдебиеттегі өзекті мәселе. Көркем шығарманы оқытудың түрлі кезеңдері бар. Мәселен, мәнерлеп оқу, түсініп оқу, ықшамдап оқу, тұтас оқу, баядауышының жағын өзгертіп оқу.

Көркем шығармаларды оқып – үйрену жұмыстары оқушыларға көркем туынды жайында ғана мәләметтер, яғни білім бермейді, ең бастысы, олардың дағдысы, оқу машықтары, іскерліктерін қалыптастырып, дамытады. Мұғалім проблемалық сұрақ қоя отырып, оқушыларды оны шеше білуге жетектейді, оқушылар мәтінге жүгінеді, өз ойларын, болжамын айта білуге дағдыланады. Немесе инсценировка, сценарийлер арқылы шығармашылық қабілетін дамытуға әсер етеді. Проблемелық сұрақтар оқушыларды өз беттерімен ізденуге жұмылдырады, салыстыру, қорытынды жасай білу дағдыларын жетілдіреді. Әдеби талдауда мұғалім әр түрлі әдіс – тәсілді падаланады. Мысалы, төменгі сыныптарда мазмұндау, әңгімелеу, пікірлесу сияқты сөздік әдістеріне мұғалім жиі жүгінеді. Сол арқылы оқушыларды мәнерлеп оқуға, мазмұндатуға, оқығандарын әңгімелеп, баяндап беруге жетектейді. Сұрақтар қоя отырып, дәл, нақты жауаптар бере білуге, т.с.с. жұмыстарға баулиды.

65. Ғ.Мүсірепов. Қозы Көрпеш — Баян Сұлу — XIII-XIV ғасырлардан бастап жырланып, XIX ғасырдың ортасында қағазға түскен қазақ халқының лиро-эпостық жыры. Поэма Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже ақындардың орындауында ауызша таралған. 20-ға жуық нұсқасының ішінен ең белгілісі - Жанақтың нұсқасы. Алғаш ел арасынан жинап, хатқа түсіргендер: Г.Саблуков (1830), Ғ.Дербісалин (1834), А.Фролов (1841), Шоқан Уәлиханов (1856). Жырдың мазмұнын М.Путинцев орыс тіліне аударып бастырды (1856), кейін В.Радлов "Түркі тайпаларының халық әдебиеті үлгілері" жинағының 3-томына еңгізді (1870).

"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жырын көп зерттеп, оған үлкен мән берген кісінің бірі - Сібір ғалымы Г.Н. Потанин.

Сюжеті[өңдеу]

Жыр Сарыбай мен Қарабайдың аң аулай жүріп құда болып, Қозы мен Баянды күні бұрын атастыруынан басталады. Сол кезде аң аулап жүріп, ұлды болғанын естіген Сарыбай, баласын көре алмай қаза табады. Атастырылып қойған Қозы мен Баян, жүздерін көрмегенімен бір-біріне ғашық болады. Уақыт өте келе сараң Қарабай қызын жетім ұлға бергісі келмей, бір кезде отарын жұттан құтқарған, жергілікті палуан Қодарға ұзатпақшы болады. Қос ғашықтың арасына тосқауыл болған Қодар, айласын асырып, зұлымдықпен Қозының басын алады. Қайғыдан қабырғасы қайысқан Баян, өш алу үшін қулыққа көшеді. Ол Қодарға өзіне құдықтан су алып берсе, күйеуге шығатынын айтады. Алданған Қодар Баянның шашынан ұстап, құдықтың түбіне түсе бергенде, айлакер қыз бұрымын кесіп тастайды: Қодар түпсіз тұңғиыққа құлап қаза табады. Сөйтіп Қозының кегі қайтарылады. Батыр қыз ғашығының күмбезіне келіп, өзіне қанжар салып қол жұмсайды.[1]