Шығарманың басты кейіпкерлері[өңдеу]
Ақбілек - құрбыларының алды, теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа мойымаған, өмірінен тағылым-ғибрат алған, жан-жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет қыр қызы.Ақбілек содырлардың ортасына түсіп, қарамұртқа ермек болды.Соған қарамастан өмірге деген құштарлық сезімінен айырмады.
Бекболат - қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз жігіт. Жасы жиырма жетіде. Басында барқытпен тыстаған қара елтірі жекей тымақ, үстінде орысшалау пенжек, шалбар. Сұр шапан, сар сафиянға қара ала жапқан күміс белбеу, аяғында көнелеу қисық табаны бар. Белбеуіндегі жарғақ далбағайы, шашақты сары қынды мүйіз сапты өткір кездігі, алдыңғы қапталдағы дабыл байлайтын ұзын қайыс шеттегі- оның өнерсіз жігіт еместігіме айғақ болады.
Мұқаш - таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігіт. Жасы 35-те. Болыстыққа сайланбай қалған.
Офицер- романның басты тұлғасын жәбірлеп, арын аяққа таптаған жиіркенішті жан ғана емес, империялық саясаттың ғасырлар бойы халқымызды билеп, басып-жаншып келген көрінісі ретінде де есте қалады.
Ұрқия - Ақбілектің жанашыр жеңгесі. Ақбілектің қалаға келіп, көзін ашуына бірден бір себепкер. Сонымен бірге баласы Ескендірді өсіруіне де көп көмектеседі.
Балташ - Ақбілектің жанын түсінген жігіт. Ақбілектің басынан өткен тағдырға қарамай, оған ғашық болады. Балташтың бұл қасиетін бағалап, Ақбілек оған күйеуге шығады.
63. Сәбит Мұқанұлы Мұқанов (13 сәуір (26 сәуір) 1900, Ақмола губерниясы, Қызылжар уезі - 18 сәуір 1973, Алматы) — қазақтың әйгілі жазушысы, ақыны, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі,1936-1937 және 1943-1952 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы[
Сәбит Мұқанов қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар (бұрынғы Ақмола губерниясы, Қызылжар уезі, Таузар болысына қарасты екінші ауыл) деген жерде кедей отбасында 13 сәуір (26 сәуір) 1900 жылы туған. Сәбит жеті жасқа келгенде әкесі – Мұқан, сегізге толғанда шешесі өледі де, Мұстафа деген ағасының қолында қалады. Жетімдіктің ауыр қасіретін тартқан Сәбит он жасынан бастап өз бетінше еңбек етеді.
Жоқшылық зардабынан Сәбит әркімнің есігінде жүріп, отыншы, сушы, қойшы, жылқышы болып күн кешіреді. Тапқаны тамағына жетпей, мұқтаждық қолын байлаған ол – жасында оқи алмайды. Бірақ, оқысам, білсем деген арманы ойынан бір кеткен емес. Өз бетінше ұмтылып, ауыл молдаларынан хат таниды, 15 жасында қисса, дастандар оқи алатын халге жетеді. Татар молдаларынан сабақ ала жүріп, «Шәкір – Шәкірат», «Зылиха – Жүсіп», «Зарқұм», «Сал-Сал», «Зейне – Зайнап», «Ләйлі – Мәжнүн», «Сейфул – Мәлік», «Бадүғұл – Жамал», «Алпамыс», «Ер Тарғын» жырларын,Ғабдолла Тоқаевтің шығармаларын тауып алып оқиды. Бұл дастандардың көпшілігін Сәбит ауыл ішінде көбінесе жатқа айтып жүреді. Өлең шығаруға талаптанады, ел аузына ілігеді, ауыл ішінде өлеңші бала атанады. Абай Құнанбаевтың1909 жылы басылған өлеңдері жинағымен танысқан ол Абайдай ақын болуды аңсайды. Абай поэзиясы Сәбиттің ақындық талантына зор қозғау салады. Жасынан ел аузындағы жыр-толғауларды, қисса-дастандарды жаттап, мақамдап айтып үйренген.
Қазақ әдебиетінің проза жанрын өркендетуде С. Мұқанов – үздік еңбек еткен жазушы.
Қазақ прозасының үлгілерін бұрынырақ С. Көбеев, С. Торайғыров, М. Дулатов, Ж. Аймауытов көрсетсе, оларға іле – шала Б. Майлин, С. Сейфуллин, М. Әуезов алғашқы әңгімелерімен ілгері дамытты. 30 – жылдардан бастап прозалық шығармалар көбейді. Әңгіме, очерктермен қатар хикаят туа бастады. С. Мұқанов - осы кезеңде көптеген прозалық туындылар беріп, бұл жанрды көш ілгері өсірген жазушы. Оның « Теміртас », « Есіл » романдар осы түһұста жарық көрді., « Менің мектептерім », « Өмір мектебі » атты өмірбаяндық романдар тізбегі де осы кезеңде басталып, соңғы « Есею жылдары » атты кітабы 1964 жылы басылып шықты.
С. Мұқановтың алғашқы прозасы « Адасқандардан » басталады ( 1928).
Кейінгі жылдарда очерк, әңгіме, хикаят, романдарды С. Мұқанов көп жазды. « Алтын аймақ », « Каспийге саяхат » сияқты ірі – ірі очерктер жинағы шықты. « Балуан Шолақ » ( 1944 ) хикаятын, « Сырдария » ( 1949 ) романын жазды.
Әрине, осынша жақсы, көркем жазылған роман, хикаяттардың ішінде ең жоғары баға алып, кезінде халықтың төл шығармасындай болып кеткен « Ботакөз » романын ерекше атап айту қажет.
«Өмір мектебі»
«Өмір мектебінде» кала мен ауыл өмірі қатар суреттеледі, негізгі кейіпкерлер тап күресін жүргізушілер болып келеді. Жазушы «Менің мектептерімде» кісі есігінде жүрген кедей, жалшылардың айғағы ретінде көрінсе, екінші кітапта сол жалшылардың оқу оқып, әлеумет ісіне араласып жүргендіктерін елестетеді. Шығармада автор әрбір істің басы-қасынан көрініп, не сол жұмысты атқарушылардың бірі болғандығын үнемі аңғартып отырады. Октябрь революциясының жеңісі нәтижесінде туған жаңалықтар, Қазақстанда Совет үкіметінің орнауы бұл шығармада нақты және жан-жақты суреттелген.
Романда әрбір эпизод әлеумет өмірінде болған үлкен оқиғалар тынысын аңғартып отырады. Кооператив ұйымдарын ашу, оқу-ағарту жұмыстарын жандандыру істері шығармада өзекті мәселе. Боржабай, Шегеннің Айсасы, Қазыбайдың сұлтаны сияқты байлар мен алаш партиясының мүшесі Абылай тәрізділердің бет пердесі ашыла түскен. Ел атынан сенім хат жазып, кооперацияға берілген товарлар мен ауыл шаруашылығына деген заттарды талғамай жұтып жататын олар Совет үкіметіне қарсы зиянкестік әрекеттерін жан таласа жүргізеді. Жаңа дүние құрушыларға кес-кестеп көлденең тұратын Абылай тәрізділердің құбылмалы екі жүзділігі де, бандиттердің зұлымдық әрекеттері де терең ашылған.
Бұл шығармалар өз дәуірінің шежіресі есепті. Станция жұмыскері Бексеит пен Нұркиннің Омбыдағы колчактар ұясын талқандауға қатынасуы да бір кездегі тарихи жағдайдың айғағы. Романда халықтың мәдени тұрмысы мен өнерге деген құмарлығы кең суреттелген. Көңіл-күйін, жүрек сезімін ақтара жазған қыз бен жігіттің өлең хаттарында өмір қыспағының іздері жатса, Оспан мен Мақметті мұқату үшін шығарылған өлеңде поэзияны құрал ретінде жұмсаушылық, ән мен күй, өлеңге деген құмарлық, ұлттық дәстүр шығармадан өзекті орын алады.
«Алуа басында нелер бір әдемі түндер болады. Кейбір айлы, жұлдызды немесе алашабыр бұлтты тымық түндерде ауылдан қалаға қарай беттеп шығып, жар қабақтана біткен жағадағы жұпар иісті жасыл шалғынның арасында бауырлай жата кетіп, жан-жағыңа көзіңді тіксең де, құлағыңды тіксең де нелер бір көркем суреттерді, нелер бір көркем дауыстарды естисің... Әлде қайдағы ауылдардан кейде екі әйел қосылып, кейде бір әйел мен бір еркек қосылып, кейде екі еркек қосылып, кейде әйелдердің я еркектердің бірнешеулері қосылып, кейде бірнеше еркектер мен бірнеше әйелдердің дауыстары сапырылып кетіп тымық түнде жұлдызды аспанға биіктеп көтерілген ән құлағыңа шалынса, ол алтыбақан тепкен қыз бозбалалардың әндері екенін айтпай-ақ шамалайсың... Әлдеқайдағы сайлардан кісінеген де шырқала, кейде баяулап естіліп жатады». («Өмір мектебі», 103-бет.)
«Өмір мектебінде» халықтың рухани тұрмысы басты геройдың күрес жолдары арқылы көрінеді де, «Есею жылдары» атты үшінші кітапта тамырын тереңдете түседі. Совет үкіметін нығайту жолында болған әр алуан күресті арқау ететін бұл роман социялистік зор оқиғаларды қамтиды.