Шығарма кейіпкерлері[өңдеу]

Әйтілес қарт

Ана

Жалпақ балуан

Бала би

Қайрақ жылқышы

Жанай балуан

Қыз

Кейкі батыр

Шығарманың композициялық құрылысы[өңдеу]

Басталу - Жалпақ балуанның Ергенекті елін шабуға аттануы.

Даму - Қалың жылқыны барымталап айдап келе жатуы.

Байланысу - Тезек арқалап келе жатқан қызды олжалап, аттарына мінгестіріп алуы.

Шиеленісу - Қыз әкесінің мерт болуы, анасының барымташылардың алдын орап алуы.

Шарықтау шегі - Кейкінің қызды шешесімен бірге күңдікке алып кетуді ұсынуы.

Шешім - Жалпақ балуанның ана мен қызына бостандық беруі.

Қорытынды - Әйелді аттандырған Жалпақ балуанның құлауы, оны елге жеткізу.

«Ашынған ана» әңгімесі 1934 жылы жазылған
Әңгіменің мазмұны:

Азып, тозған,шаршаған әйел бейтаныс үйге келіп, қонуды сұранады. Отқа жылынып отырып, өз басынан кешке оқиғаны әңгімелеп береді.

Ақ патшаның жарлығанан кейін, Қапия ананың 15 жасар жалғыз ұлы болыстың алаяқтығынан бірден 19 жаста болып, тізімге ілігіп қалады. Әділетсіздік пен мазаққа шыдай алмаған Қапия ана болыс пен қара сақалды пышақтап, тұтқынға түседі. 17 ай тұтқында болған ана жаңа үкіметтің келуімен бостандыққа шығып, ұлын көру үмітімен елге оралып келе жатады.
Әңгіменің тақырыбы:

Өз перзенті үшін жанын қиюға да дайын қазақ әйелінің бейнесі
Әңгіменің идеясы:

Ананың балаға, жалпы адамзатқа деген махаббатын сипаттау

«Ақлима» әңгімесі 1944 ж. жазылған.
Әңгіменің мазмұны:

Ақлима ана жалғыз ұлы Қасымнан қара қағаз алған болатын. Бір күні оған майданнан хат келді. Онда Сапар атты жігіттің анасына сағынышы толы сөзі мен басынан кешкен тауқыметі жазылған еді. Екі аяғынан айырылған жауынгердің өз ұлы болмағанын білген ана шүкіршілік етеді.

Бірақ ертесі күні Сапарға оны анасы күтіп отырғанын хабарлаған телеграмма жіберіледі.
Әңгіменің тақырыбы:

Қазақ әйелінің аналық махаббатының

мәңгілігі
Әңгіменің идеясы:
Ананың балаға, адамзатқа деген махаббатын сипаттау

«Ананың анасы» (1934) атты әңгімесінің мазмұны ел арасына кең тараған аңыздан алынған. Мұнда елді шауып, жазықсыз жас қызды зорлап алып бара жатқан батырды қыз анасының сөзбен тоқтатып, жеңгені, сөйтіп, оның қызын жау қолынан азат етуі баяндалған. Шығарманың мазмұны, Әйтілес ақсақалдың «етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап» қойып өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады. Әңгімеде намысқа шабар білегі, әділетті таныр жүрегі бар, бірақ ел әкімдерінің алдауына түскен аңғал батыр Жалпақ балуанның Бала бидің қолшоқпары болуы, жүрегін жарып шыққан қызының тағдырына шырылдап арашашы бола білген абзал ананың өжеттігі айтылады.

«Ашынған ана» (1934) әңгімесі 1916 жылғы ұлт-азаттық; қозғалысына арналған. Жалғыз баласының жасын асырып жазып, майданға қара жұмысқа жібермек болған болыс пен оның қолшоқпары Қарасақалға Қапияның пышақ салып, түрмеге түсуі, онда 17 ай отырып, ақыры оны большевиктердің түрмеден босатуы баяндалады. Жазушының суреттеуінше, қиыншылық пен зорлық-зомбылықты көп көріп, азап шеккен: «... Өмір өзін сондай сіліккен. Қазір бұл сондай орасан күшті. Енді өмірді өзі сілкуге жарап қалған қайратты ана...»

Ал Ғ. Мүсіреповтің «Ананың арашасы» (1934) атты әңгімесінде Антоновтың ақ бандыларының қазақ ауылына ат ойнатып, жазықсыз жандарды атып-асуы, Нағиманы "большевик балаңды тауып бер" деп соққыға жығуы, ананың жан азабына шыдап бағып, ақтар армиясының солдаттарының шымбайына батар сөз айтып, солдаттарды өз командиріне қарсы қоюы, ақыры олардың Антоновты өлтіріп, Қызыл Армияға қосылуымен аяқталады.

61. Әңгіме жанрының өзіне тән ерекшелігін ашып, мысалдармен дәлелдеңіз

Әңгіме, әдебиетте — оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәптіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. Б. Майлин, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов тағы басқа. Әңгімелері — қазақ әдебиетіндегі осы жанрда жазылған үздік шығармалар. Қазіргі әңгіменің бастаулары халық ауыз әдебиетінде жатыр. Сонау көне заманнан-ақ халық өзінің тұрмыс-салты, күнделікті тіршілігі жайлы ауызша әңгімелер туғызып отырған. Мұндай әңгімелер бір рет қана айтылып қоймай, әр жерде, жиын болған кезде айтылған да, ондағы оқиға бірте-бірте тұрақты сюжетке айналған. Сөйтіп, ауыз әдебиетіндегі дәстүрлі жанрға айналған. Жеке адамның басынан өткен оқиға ретінде айтылатын мұндай әңгімелерді халықаралық фольклортануда меморат деп атайды.

Албасты – мифологиялық көне кейіпкер. Бұл ретте ғалым С.Қасқабасов мынадай ой айтады: «көне мифологиядағы рух-иелер алғашқы қауым мифінде дүниені жаратушы әрі күллі әлемнің иесі болып көрсетіледі. Мұндай кейіпкерлердің қалдығы кейінгі заманда қалыптасқан жанрларда да, мысалы ертегі, эпостарда да көрініс береді».

62. Ақбілек - Жүсіпбек Аймауытовтың қаламынан туған роман. Роман тұңғыш рет 1927 жылы «Әйел теңдігі» журналында жарияланды.

Қысқаша мазмұны[өңдеу]

Ақбілек романындағы барлық оқиғалар тікелей өмірден алынған. Ақбілек романы - қазақ ауылындағы дүрбелең жылдар шындығын, олардың дәстүрі мен тұрмысын, жекелеген адамдардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын, әсіресе негізгі тұлға - Ақбілектің қызығынан қиындығы мол өмір жолдары жайында мұң мен шер де, сыр да толғайтын туынды.Бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Сонымен бірге халқымыздың өткен өмір көріністерін, адамдар арасындағы көзқарастар қақтығысын, ел мен жер, келешек күндерге деген наным, сенімдері серпінді, шабытты, көркем кестеленеді. Кейіпкерлер келбеті, іс-қимылдары да нанымды жеткізіледі. Қазақ төңкерісінен кейінгі қазақ ауылының өмір-тірліктері, ақ гвардияшылар әрекеті кеңінен көрініс береді. Романда көтерілген басты мәселе - қазақ қызының тағдыры,.әйел теңсіздігі. «Ақбілек» романы - бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлердің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді. Өз елінде де алуан қиындықтарға жолығады. Кейін төңкеріс аяқталған соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады. Ақбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы жазушы сол бір қиын-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың түрлі тағдырын кеңінен бейнелейді.