Шығарманың композициясы (сюжеттік талдау)
Оқиғаның басталуы.
Сағынай асына Ақан серінің Құлагер атпен жалғыз келуі.
Көз тігіп, тұрған күтіп Көкшетауға
Даяршы шапты алдынан қарсылауға
«Қош келдің,Сері» деген сәлемменен
Түсірді Ақанды әкеп ақ отауға
Оқиганың дамуы.
Ақан сері мен Батыраш байдың кездесуі.
Атты айттық жоғарыда бір Көктұйғын
Әкелген асқа Батыраш сол жүйрігін
Қағатын қанаттыны өзген жүйрік
Қоймаған қырдан жылқы, бұл бір қырғын
Оқиғаның шиеленісуі.
Батыраш байдың қызғаныштан бірінші келе жатқан Құлагерді өлтірткізуі.
Нән,Жуан, мен-мен кеуде, намыс ері
Суық қол Батыраштың жібергені
Жалт етті Жайдың оты жүрегінен
Кек қайнап мұз құйылып жүре берді
Оқиғаның шарықтау шегі.
Ақанның қайғыруы. Елден-жерден кетуі.
Құлагер, қош-қош атым, жолдасым-ай!
Мен білдім түнесем де тұрмасыңды-ай!
Тигізбей топыраққа жоғары іліп
Сақтармын өле-өлгенше қу басынды-ай!
Оқиғаның шешімі.
Неше жылдар бойы ел есінде сақталған «Құлагер» әнінің өмірге келуі. Бүкіл
елдің өнер тағдырына бас ұруы.
Құйылған «Құлагердей» ән құлаққа
Күңіреніп Ерейменде өлген атқа
Алатау, кең даланың қыр, сырында
Ән тарап жатты осындай Арқа жақта.
59 Ш.Құдайбердіұлы «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі»
19 ғ-дың соңында қағазға түсіріліп, жинала бастады. Халықтың өткен тарихын баяндаған «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» деген шежіре кітабының кіріспесінде Ш.Құдайбердіұлы ел ішінен естіген-білгенінен басқа, көне замандағы түрік, араб, парсы, қытай жазбалары мен орысша кітаптарды оқығаны жайлы жазады. Шежіре 1911 ж. Орынбор қ-нда басылып шықты. Бұл шежіре турасында Ә.Бөкейхан: «Мұнан бұрын қазақ шежіресі қазақ тілінде кітап болып басылған жоқ. Шәкерімнің бұл кітабы — қазақ шежіресінің тұңғышы; қазақ шежіресін білмек болған, аға-іні іздегенді осы кітаптан табасың. Енді мұнан былай қазақ шежіресін жазбақ болған кісі Шәкерім кітабын әбден білмей қадам баспа» — дейді. Халық ауыз әдебиетін жинауда Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің де еңбегі зор. Оның қолжазбаларында көп шежіре жазылған.
1911 жылы «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар
шежіресі» мен «Мұсылмандық шарты» Орынборда автордың өз қаржысына жеке кітап болып шықты. «Шежіренің...» таралымы – 1000 дана, ал «Мұсылмандық...» 500 дана болды. Екі кітаптың да жартысын автор туыстары мен достарына тарту ету үшін өзіне
алып қалды, жартысын Семейдің дүкендеріне сатуға қойды. Бұлар Шәкәрімнің жарық көрген алғашқы шығармалары еді. «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» – мазмұны жағынан үздік шығарма – қазақ тарихы бойынша ең алғашқы шығарма болды. Шәкәрімді қазақ мемлекеттілігінің тарихы бойынша ең үздік және зәру кітаптың авторы деп, ең алғашқы қазақ тарихшысы деп санауға толық негіз бар.
60. Ғ.Мүсірепов ана тақырыбына жазылған бір топ шығармалары
Ғ.Мүсірепов әр кезеңде жазылған ана тақырыбындағы туындыларында қазақ әйелінің жиынтық бейнесін жасады. Көптеген әңгіме, новеллаларында Әйел – Ананың бейнесін асқақтатып, әлем әдебиетіндегі Әйел – Ана тұлғаларының галереясын байыта түсті. Ол «Ананың анасы» (1933), «Өлімді жеңген ана» (1933), «Ашынған ана», «Ананың арашасы» (1934), «Ер ана» (1942), «Ақлима» (1944), «Әмина», «Ана жыры», «Ана» шығармалары арқылы сөз өнеріне жаңа көркемдік өрнек әкелді. Ана жайында жазылған алғашқы әңгімелері М. Горький сарынында алынғанымен, ана бейнесі қазақы қасиеттерімен көркем өрнектелген. Мүсірепов қаламынан туған Қапия, Ақлима секілді ана образдары арқылы қазақ өмірінің шынайы көріністері сипатталады.
Ананың анасы әңгімесінің негізгі мазмұны - ел арасына кең тараған аңыздан алынған. Мұнда елді шауып, жазықсыз жас қызды зорлап алып бара жатқан батырды қыз анасының сөзбен тоқтатып, жеңгені, сөйтіп, оның қызын жау қолынан азат етуі баяндалған. Шығарманың мазмұны, Әйтілес ақсақалдың «етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап» қойып өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады. Әңгімеде намысқа шабар білегі, әділетті таныр жүрегі бар, бірақ ел әкімдерінің алдауына түскен аңғал батыр Жалпақ балуанның Бала бидің қолшоқпары болуы, жүрегін жарып шыққан қызының тағдырына шырылдап арашашы бола білген абзал ананың өжеттігі айтылады. Шығармада ананың жарық дүние сыйлаған баласына деген махаббаты, содан туындайтын ана бойындағы күш-қуат, ізгілік, адамгершілік қасиеттер бейнеленеді. Ананың құдіреті баяндалады.