54. Ертегі жанрын таныту

Қазақтың төл ертегілері аса мол. Ғалымдар оларды әр түрлі жіктеп, саралайды.Мысалы, қазақ ертегілерінжете зерттеген ғалым-жазушы М.Әуезов оны шартты түрде мынадай топтарға бөлді:

• Қиял-ғажайып ертегілер.

• Хайуанаттар жайындағы ертегілер.

• Салт ертегілері.

• Балалар ертегісі.

• Аңыз ертегілер, кұй аңызы.

Ертегілердің қай түрі болмасын, оқушылар оны сүйіп, қызығып оқиды.Сондықтан ең бірінші оларға ертегінің мазмұнын міңгертіп, идеясын ұғындыру керек.Талдау барысында түрлі сабақ үлгілерін қолдануға болады.

Оқулықтарда ертегілердің қара сөзбен жазылған түрлерімен қатар, өлеңмен жазылған түрлері де берілген.

Ертегілер 5-9-сыныптарда оқытылады. Қай жанрда жазылған ертегі болсын, балалар оны ерекше қызығушылықпен оқиды. Балаларды тартатын – оның қиял-ғажайып оқиғалары, бас кейіпкерлердің басынан кешетін небір қызықты істері, батырлығы, жүректілігі сияқты қасиеттері. Оқиға қызығымен кететін балаларға ертегі арқылы қандай білім беруге болады, икем-дағдысына қандай талаптар қою керек? Міне, бұл мәселелер әр мұғалімді толғантуы, ойландыруы тиіс. Ертегілерді оқытуда ең басты мына мәселелерге көңіл бөлу керек.

- Ертегілердің жанрлық ерекшелігін таныту. Яғни әдеби-теориялық ұғымдар беру;

- Сюжет пен композициядағы жымдастық, тұтастық, өзіндік ерекшеліктерді білдіру;

- Тіл құрылысы ұйқаспен, тақпақпен келуі, баяндау, суреттеу, портреттеу шеберлігі, бейнелі сөздердің мол келуі, оқиғалардың қызықтығы, жатықтығы. Ертегінің бай тілі – халқымыздың ғасырдан-ғасырға келе жатқан байырғы, тарихи тілі екендігі.

- Ертегі негізінде халқымыздың асыл арманы, ұшқыр қиялы, гуманизмі, адамдық биік мінез-құлқының, тыныс-тіршілігінің айнымай көрінуі. Қай ертегі болмасын, халық арманына, тілегіне сай, тек жақсылықпен, бақытқа жетумен аяқталады.

Ертегілерді оқытуда қандай әдіс-тәсілдер, оқу формалары, сабақ типтері тиімді саналады?

«Ең алдымен, оқушыларға ертегіні оқыту, мазмұнын толық меңгерту мәселесін ойластыру керек. Мазмұнын меңгерте отырып, оның негізіндегі идея, айтайын деген терең ой туралы сөз қозғау. Мазмұнын меңгертуде мәнерлеп оқу, әңгімелеу, баяндау, мазмұны тұтас сақталынған толық жоспар, ең басты оқиғаларға негізделген тұжырымды жоспар, эпизодтарға бөлу, әр эпизодқа ат қою, сұрақтар, тапсырмалар жүйесін ойластыру, оқушылардың қабілеті, икем-дағдысын арттыруға байланысты жұмыс түрлерін жүргізу, соның ішінде өтілгелі отырған ертегіге сәйкес ертегілер құрастыруға баулу. Пікір айта білу, өз беттерімен талдауға дағдыландыру, мәтінге жуық мазмұндату, басты оқиғаларды ғана қамтып, мазмұндату мәселелерін ойластыру. Ертегілерді оқыту жолдарын «Керқұла атты Кендебай» ертегісі (5-сынып) арқылы қарастырайық.

Ертегі мазмұнын толық меңгерту, мәтінді оқыту мақсатында, әрі мұның оқушылар оқығалы отырған тұңғыш көлемді ертегі екенін ескеріп, мұғалім оны эпизодтарға бөліп, көрнекі етіп жазып қояды. Оқу, талдау барысында сол бөліктерге оқушыларға ат қойғызады. Ертегіні мына эпизодтарға бөлуге болады:

І. Кендебайдың тууы және Керқұла құлын тарихы.

ІІ. Мергенбай батырдың баласы, оның басынан өткен жайлар.

ІІІ. Кендебайдың Мергенбайды іздеп, сапарға аттануы, Керқұланың көмегі.

ІҮ. Кендебайдың малшы болуы.

Ү. Алтын құйрықты құлын тарихы. Оны Кендебайдың тауып, хан қолына табыс етуі.

ҮІ. Ханның жаңа шарты, Кендебайдың оны да орындауы.

ҮІІ. Ата-анасына қосылып, баланың бақытқа жетуі. Кендебай батырдың елі.

Ертегіні оқу барысында мұғалім: «Балалар, қазір мына эпизодты оқимыз, онда қандай оқиғалар болады екен, кәне, тыңдап отырайық», - деп, олардың назарын үнемі негізгі эпизодтарға аударып отыру керек. Эпизодты оқып болған соң, сұрақтар арқылы қолма-қол мазмұндатудың маңызы зор болмақ.

Мазмұндап болған соң, эпизодқа тақырып қою жұмысын жүргізу керек. Онда да балалардың өз пікіріне жол ашқан жөн. Балалармен бірге бұл көріністерге, «Кендебай және Керқұла құлын тарихы» деген тақырып қорға болады. Мұғалім эпизодқа тақырып қоюдың негізгі шарттарын балаларға түсіндіреді, яғни тақырып сол эпизодтың ең басты, негізгі оқиғасы айналасында қойылатынын ескертеді.

Ертегі мәтінін оқу да бірнеше әдіс-тәсілмен жүргізіледі. Мұғалім өзі мәнерлеп оқып, балаларды да қатыстырып отыруы керек. Бүкіл сынып болып, кезектесе оқуға немесе жекелеген балаларға оқытуға да болады. Соңғысында балалар мәтінді үнемі іштей ілесе оқып отырады, мәнерлеп оқуға дағдыланады, мұғаліммен бірге бәрі де мәтінмен жұмыла жұмыс істейді. Сондай-ақ эпизод бойынша кезектесе оқудың да тиімділігі бар (тақтадағы көрнекілікті негізге алып). Ертегі мазмұнын меңгерту кезеңінде қызықты эпизодтарынан инсценировака көрсетуге болады (үйірме мүшелерінің көмегі, жоғары сыныптың қабілетті оқушыларымен). Онда кездесетін архаизм сөздерге түсінік беріп, сөздік жұмысын жүргізу – басты тәсілдерінің бірі.

Содан кейін ертегі мәтінін мазмұндату жұмыстары басталады. Мазмұндату да бірнеше әдіс-тәсілдермен жүргізіледі. Мысалы:

а) мәтінге жуық толық мазмұндату;

ә) эпизодтарға байланысты басты оқиғаларын теріп мазмұндау;

б) өздеріне ұнаған оқиғаларды ғана мазмұндау;

в) мұғалім сұрағына жауап-мазмұндау.

Мазмұнын толық меңгерткеннен кейін, ертегіге әдеби талдау жүргізіледі. Әдеби талдауды түсіндірмелі әдіс, проблемалық баяндау, сұрақ-жауап, практикалық тапсырмалар (проблемалық сипаттардағы сұрақ, тапсырмалар берудің тиімділігі зор), әңгімелесу, пікірлесу, т.б. әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың өзін қатыстыра отырып, жүргізген дұрыс. Әдеби талдауды түсіндірмелі әдіс, проблемалық баяндау, сұрақ-жауап, практикалық тапсырмалар (проблемалық сипаттардағы сұрақ, тапсырмалар берудің тиімділігі зор), әңгімелесу, пікірлесу, т.б. әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың өзін қатыстыра отырып, жүргізілген дұрыс.

55. Ғабит Мүсіреповтың Ұлпан романы

Ұлпан - Ғабит Мүсіреповтың 1974 жылы тарихи ел шежіресінің мазмұны негізінде жазған романдарының бірі. Бұлроман үш бөлімнен және жиырма төрт тараудан тұрады. Әрбір жеке тараулары рим цифрымен белгіленген.Ұлпан романында тоқсанға жуық образдар бар.

Қысқаша мазмұны

Шығарманың оқиғасы – ХІХ ғасырда қазақ даласында болған тарихи шындықтарға негізделген. Романдағы бас кейіпкер Есеней - қалың Керей-Уақтың билігін қолына мықтап ұстаған аузы дуалы биі, атақты байы. Ол Шыңғыспен партиялық сайлауда таласса, тең түсетін өткір сөзді, алып денелі, қара нар іспеттес қайраткер. Жасында жауынгер, найзагер батыр да болған. Кенесарының қалың қолымен кескілескен ұрыста ерлік көрсеткен, екі жүз сарбазын тұтқындап стапқа өткізген, кейін жараланып, орыс-казактары дәрігерлерінің көмегімен ажалдан аман қалған. Ол қалың жылқысын өзінің жауынгер досы, бүгінде аяқ қолы топ болып қалған Артықбай батырдың жайылымына байқамай қаптата жайып келе жатқанда оның алдынан ерекше киінген кесек тұлғалы, батырдың қызы Ұлпан қарсы шығып, Есенейді еселі сөзбен жеңіп, айып төлетеді. Ол бұдан он үш жыл бұрынғы әкесі Артықбай батырдың үйінде Есеней намаз оқып отырғанда еркелеп мойнына асылып, «Мен түйеге мініп кеттім! Әке, сен үйде қалдың!» деп маза бермейтін қара қыз. Бүгінде аңшы, құсбегі, жылқышы болып ат құлағында ойнап өскен батыр қыз. Оның екі баласы бір күнде шешектен өлген, бүгінде елуден асып, ел ағасы болған еңсегей бойлы Есеней бір балаға зар болып жүріп, өзінен қырық жас кіші қара торы өткір қыз Ұлпанға ғашық болады,Ұлпанды екінші әйелдікке алады. Айналасы он-он бес жылда Ұлпан дүйім елді билейтін ақылды ана болады. Бүкіл Торғай уезіне Есенейдің аты Ұлпанның атымен қатар жайылады.Ұлпанның шалы Есеней тоғыз жыл топ болып жатып қайтыс болады. Одан қалған жалғыз қызы Біжікенді Ұлпан Торсан деген пысық жігітке үйлендіріп, қолына күшік күйеу етіп енгізіп алады. Ол Есенейден қалған мал-мүлікті пайдаланып, ағайын-туғандарымен араздасып, Ұлпанды «отырса — опақ, тұрса — сопақ» етеді. Қорлыққа шыдай алмаған ер мінезді Ұлпан: «Маған көрсеткен қорлығың өз басыңа келсін»,—деп қарғап, бір түнде у ішіп өледі. Ел анасы болған Ұлпанның қарғысына ұшыраған Торсанның үлкен ұлы Шоқан болыс әкесінің зұлымдығына шыдай алмай өзіне-өзі пышақ салып өледі. 1920 жылы кеңес үкіметі кезінде Торсан өліп, балалары қаңғып кете барады да, Торсанның шаңырағы шайқалып ортасына түседі. . Ұлпан өлгеніне жетпіс бес жыл болған нағашы атасы Сырым батырға әнші, күйші, домбырашы, палуан, атбегі адамдарын ертіп, Сыр бойына айғыр үйір жылқы айдап барып аза тұтып, асын бергізеді. Осы астан кейін жиырма бес жыл өткенде (1906 ж. шамасында), Орынбор — Ташкент темір жолы салынған кезде, «Ұлпан ас берген көл» жағасынан өткен темір жол стансасының атын «Ұлпан» атайды (Шалқардан кейінгі станса). Романның ерекшеліктерінің бірі - қазақ ауылының жүз жылдық тұрмысы, әдет-ғұрпы, барымта, қалыңмал беріп, қыз айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы кең көлемде сөз болуы.

Шығарма кейіпкерлері

Ұлпан — аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен, аузы дуалы, сөзі куәлы қоғам қайраткері. Ұлпан ата-анасының тұңғышы мен жалғызы болғандықтан, өте еркін өсіп, еркекшора киінген. Оның сезім байлығы, адамгершілігі, адалдығы, моральдық, тазалығы, ақылдылығы, зеректігі, зерделілігі, парасаттылығы, өткірлігі, өжеттігі келісті де көрікті бейнеленген. Сондай-ақ көркіне мінезі сай биязы да инабатты, сұлу да сымбатты. Ұлпан сөзге шешен, ақылды да, батыл қыз болып өседі.Ұлпанның мінезі де ашық жарқын, ақ көңіл. Әрі өз ой-пікірін ашық, нақты жеткізетін болған.Ұлпан - кең пейілді, адамгершілігі мол Сибан елінің кедей-кепшігіне қол ұшын беретін әйел.

Есеней – романдағы тағы бір ең басты кейіпкерлердің бірі. Есеней Шыңғыс сұлтанның беделді биі. Оның даңқы, атағы бес болыс Керей-Уақ елінКенесарының шапқыншылығынан аман алып қалған тұста дүркіреп шыққан, жасы алпысқа келген. Есеней - ол дәулетті, қатал билердің бірі болған. Ол − ауыр сүйекті, балуан денелі адам. Бар өмірі ат үстінде таза ауада өтіп келе жатқандықтан, үсті-басы қол батпайтын білеудей -білеудей бұлшық ет, бірақ қарны шыққан емес. Есеней діндар адам болғанымен бір кезде аса адуын, озбыр би болатын.

«Түрікпен» Мүсіреп - Есенейдің ең сенімді серігі. Ол аздап сыбызғы тартады. «Бозінген», «Боз мұнай», «Сүйір батыр», «Алқа көл», «Алғашқым» деген күйлері бар. Одан соңғы құмары - бір жақсы ат, қонымды киім, серілеу адам. Қалталарында қалампыр жүреді. Әлі ақ кірместен сақал - мұртын жарасымды қырқып ұстайды. Мүсіреп Ұлпанды өзінің туған қарындасындай жақсы көріп, оған әрқашан қол ұшын береді және бір-бірімен қалжыңдасып жүре береді.

Аңшы Мүсіреп – Есенейдің достарының бірі.Өзі мерген,шебер,аң аулаудан жанын салмайтын адам.

Шынар – түрікпен Мүсірептің сүйген жары, өмірлік серігі .Шынардың әкесі етікші болған. Шынар - қыпша бел, сұңғақ бойлы, қызыл шырайлы торғылт келіншек .Өзі ақ жарқын, кішіпейіл, адамгершілігі мол жандардың бірі.Аяғында кестелі етігі бар.Көк қиығының құйрығы азғана көтеріңкі.Сол жақ бетінде бармақ баттысы бар.

Артықбай мен Несібелі− Ұлпанның ата – анасы.

Біжікен (Бибіжиһан) −Есеней мен Ұлпаның қыздары.

Тілеміс− тілмаш және Торсанның әкесі.

Байдалы би, Тоқай би, Күзембай болыс ,кәрі би Өтеміс - ауылдың би-болыстары.

Хұсайынғази – молда.

Еламан - Есеней бидің інісі. Сөйлесіп, көңіл көтеруге де жарамайтын адам. Аңға шықса далақтап шауып, айқайлап, шулап аңды күндік жерден үркітіп жібереді.Еламанның үш баласы да өзі сияқты сотқар, арампаз болған.

Айтолқын - Еламанның әйелі. Оның бойы шарғылау,бөктеріншектілеу келген.Айтолқын өзін бәрінен жоғары ұстайды, сондай-ақ көкіректеу. Барша адамды сынағанды ұнатады.

Торсан - Біжікеннің күйеуі.Қазақ денелі, кавказ көзді жас жігіт. Ол Сипап қаласында орысша бастауыш мектеп бітірген, өзге замандастарынан өресі биік, білгір де ұтымды, ойын-сауықта жұмысы жоқ, іскер жігіт. Торсан алдамайтын, алданбайтын, адалдығына кір жұқтырмайтын адам болған.Торсан үй ішілік жайларда өте жұмсақ.

56. Дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақ түрлері

Дәстүрлі сабақ - мұғалімге бағынатын оқушылардың тәртібімен, тіл алғыштығымен, нәтижелігімен сипатталатын сабақ; қалыптасқан дәстүр мен таптауырын бойынша оқу материалдарының дәлме-дәл кескіні.

Дәстүрлі емес сабақ дегеніміз – сабақтын дәстүрлі түрінін негізде жасалған оқытудың жаңа түрі. Педагогикалық – психалогиялық және әдістемелік әдебиеттерді дәстүрлі емес сабақ туралы мәліметтер көп емес. Тақырыпқа байланысты мақалаларда дәстүрлі емес сабақтың ұйымдастыру мен мазмұны жағы ғана зерттелген, ал сабақтың концептуалдық жағына көп көңіл бөлінген. Ғылыми анықтамаларға қарағанда дәстүрлі емес сабақ. Дәстүрлі емес сабақ оқушының жағдайы мүлдем басқа. Дәстүрлі емес сабақ оқушы – оқыту үрдісінің субъектісінің - белсенді іс-әрекеттін, шығармашылықтын, ізденімпаздықтың иесі. Ол оқушы емес, ол білімді алдымен бірге өзін-өзі дамытуға бағытталған адам. Сабақтын идеясы, қызығушылығы дәстүрлі сабақта мұғалімнен болса, дәстүрлі емес сабақ оқушыдан, білімді игеру үрдісі оқу үрдісіне айналады. Сабақтын мақсаты: алған теориялық білімдерін іс-әрекет, белсенділік, шығармашылық арқылы игеру.

Дәстүрлі емес сабақ мұғалім мен оқушының арасындағы қарым қатынас та мүлдем өзгереді. Дәстүрлі емес сабақта мұғалім мен оқушының арасындағы қарым қатынас авториторлық қарым қатынас (стиль) жиі кездесетін болса. Дәстүрлі емес сабақ қарым қатынасы өзгередіоқушылармен ресми қарым қатынас жасалмайды, бұнда оқушылармен «тен» тұрғыдан қарым қатынас жасайды. Мұғалім қарым қатынас дәстүрден тыс түрлі формаларын іздестіреді, сабақта топтық, ұжымдық оқыту түрлері жиі қолданылады. Осы жағдайда мұғалімнің педжагогикалық позициясы, шығармашылығы үлкен роль атқарады. Оқушылардың іс-әрекеттерін белсенділікке айналдыру үшін, ол өзі сабақтқа оқушылармен мең болып қатысады, сабақтың «ішінен» оның жағымды, жағымсыз жақтарын көреді, керек кезінде өз ұсыныстарын оқушылардың көңіл-күйлеріне тізбей айтады, түзейді, көмек етеді. Сонымен дәстүрлі емес сабақта мұғалімнің авториторлық позициясы жойылады да, оның орнына іскерлік қарым қатынас позициясы орындалады.

57. Міржақып Дұлатұлы

Міржақып Дұлатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.

Өмірбаяны

Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipri Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.

Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, «ауыл мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды.

1913 жылы ол Ахмет Байтұрсынұлымен бipre "Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы “Ақ жол" газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.

Шығармалық мұрасы

Міржақып Дулатұлы — әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы — "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орьнборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы—ел тағдыры болды. Алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нeriзгi мазмұны халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы қуғынға ұшырайды.

Өзінің шығармашылық жолын ә дегеннен өлеңнен бастаған Міржақып проза жанрына да қалам сілтейді. 1910 жылы оның осы жанрдағы туындысы "Бақытсыз Жамал" романы Қазан қаласында басылып шықты. Бұл - қазақ әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған тұңғыш роман еді. Кітап 1914 жылы екінші peт басылды.

Бұл жылдары Міржақып бірқатар мақалалар мен фельетондар жазады. 1922 жылы Ташкентте екі бөлімнен тұратын "Есеп кұралы" оқулығын бастырады. "Балқия" пьесасын жазады.

М. Дулатұлының шығармалары қазақ елінің тәуелсіздік алған кезінен бастап кеңінен жариялана бастады. 1991 жылы шығармаларының бip томдық, ал 1996-1997 жылдары екі томдық жинақтары жарык көрді. М. Дулатұлы шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізіліп, бірқатар кітаптар мен мақалалар жарияланды.

1935 ж. қазан айының бесі күні осы лагерьдің лазаретінде ауыр науқастан қайтыс болады. Сүйегі 1992 ж. қыркүйек айының 1 – 18 күндері аралығында Торғай өңіріндегі өз есімімен аталатын ауыл бейітіне әкелініп, қайта жерленді. Дулатов – көрнекті саясаткер. Ол «Қазақ» газеті бетінде алуан түрлі саяси-әлеуметтік мәселелерді көтереді. Зәбір, зорлық көрген қарапайым адам құқы мен отарлық езгі тепкісіндегі қазақ елі туралы тынбай жазды. Оқу-педагогтік қызмет – өмір бойы қаламгердің айрықша көңіл аударған, қолы босаған сәтте ықыласпен айналысқан жұмыстарының бірі. Қазақ халық ағарту институтында ұстаздық еткен жылдары ол осы саланың өзекті мәселелері туралы өткір мақалалар жазады, жаңа шаңырақ көтеріп жатқан оқу орындарына арнап оқу құралдарын («Есеп құралы. Бастауыш мектеп оқушыларына», Орынбор, 1914; 1928 жылға дейін тоғыз рет басылған; 1927 жылы қырғыз тіліне аударылған; «Есеп құралы. Бастауыш мектепте екінші жыл оқытылатын»; сегіз рет басылған, 1920; «Қирағат кітабы», 1924) шығарады.

58. І. Жансүгіров «Құлагер» поэмасы негізгі тақырыбы, идеясы

XIX ғасырдың екінші жартысында туып, XX ғасырдың бас кезінде дүние салған ардагер әнші, сазгер, әрі ақын — Ақан сері Қорамсаұлының аты қазақ мәдениеті тарихында елеулі орын алады.

«Құлагер» поэмасы өз дәуірінің кұрбаны болған Ақан серінің трагедиясын сөз етеді. Әнге шөліркеген халқын сусындатып жүрген Ақан өнеріне жасалған шырмалғы — халық трагедиясы. Халықтың сүйікті әнші сазгерлері: Жаяу Мұса, Біржан сал өміріне Ақан өмірі өте ұқсас.

I. Жансүгіров қаза, қайғы қасіретті ғана суреттеумен тынбады, соны тудырған элеуметтік орта, заман туралы сыр шертті, Ақан өмір сүрген заманның реалистік картинасын жасады, сол заманға тән құбылыстарды айқын көрсете білді.

Поэмадағы тартыс негізінде Құлагерге байланысты өрбиді. Екі ел жүйрігінің бәйгеде бақ сынасар, өнер сайыстырар кезі келгенде, жұрт Құлагер аттты мақтаса, Батыраш оны қызғанып Ақанға тіл тигізеді. Осыдан уақиғаның желісі өрбиді. Басымнан сөз асырмаймын деген жалған намысқойлық Батыраш сияқты пасық кеуде, топас адамдардың психологиясына тән қүбылыстар. Батыраш қандай сұмдыққа болса да даяр, тек өз «абыройын» сақтаса болды. Міне, осы өзімшілдік бәйгеде озып келе жатқан Құлагерді жолдан тосып өлтіртеді. Поэмада Батыраш пен Ақан образы бір — біріне қарама — қарсы алынып отырады.

Поэмада оқиға динамикасы күшті. Ал жеке — жеке эпизодтарда сол линамикаәсіресе қатты сезіледі. Бұған бәйгеге шапқан аттардың жарысын суреттеген жердегі көріністер мысал. Құлагер өліміне байланысты Ақанның жан күйзелісін беретін лирикалық тебіреністер эпостық поэманың сиқын бұзбайды, қайта түр, әр беріп түр. Ақын кейіпкерлерінің іс — әрекетін көрсетумен ғана тынбайды, сол кейіпкер басындағы оқиғаны, ауыртпалық пен қуанышты өзі де бірге сезінеді.

Поэманың негізгі рухы өнер иесін, күш иесін паш ету болса, ол Акан жанының тебіренісі арқылы берілетін болса, сол Ақан жанының рухы да поэманың «Күрес» тарауында қатар жүреді. Мұнда да томырық кара күш иесі, өнері, әдісі бар балуаннан сазайын тартады. Балуандар сайысының этнографиялық мәнімен бірге поэманың композициялық кызықтылығына қызметі мол. «Құлагер» поэмасында негізгі түйіндіоқиғаға байланысты ел өмірі, халықтыің әдет — ғүрпы, салт — саналық жайлары кең түрде нақтылы суреттер арқылы көрінеді.