Поэманың композициялық – сюжеттік құрылысы
Поэманың композициялық – сюжеттік құрылысы | ||
Экпозиция | Кебектің Нысан абызға бал ашқызуы | |
Оқиғаның басталуы | Кебектің аңға шығуы. Еңлікпен кездесуі. | |
Оқиғаның дамуы | Кебек пен Еңліктің байланысы | |
Оқиғаның шиеленісуі | Кебектің Еңлікті алып қашуы, сәбилерінің дүниеге келуі | |
Оқиғаның шарықтауы | Екі жасты өлтіруге шешім қабылдауы | |
Оқиғаның шешімі | Екі жастың өлімі, сәбидің тауда қалуы |
Кейіпкерлерге сатылай талдау:
Кебек –бас кейіпкер, Тобықтының батыры, уәдеге берік, ержүрек батыр.
Еңлік –Матай руынан, бай Сыбанның ынжық баласына айттырылған, батыл.
Нысан абыз –балгер.
Кеңгірбай –Тобықтының биі, ақылды, әділ би, дала
заңына бағынып, қатал үкім шығарушы.
Көбей –Жүзбенбет деген таптан шық- қан кісі, әрқашан Кеңгірбай бидің жұмбақ сөзін сол шешкен.
Тұлпары –Қозыкүрең
Жырдағы әдет-ғұрып, салттар: жақынынан қыз алмау, уәдеге беріктік, қалың- Мал беру, қызды алып қашу, құда түсу, аңшылық, құсбегілік, қонақ күту, ұрын Келу
Жер-су атаулары: Хан, Шыңғыс бөктері, Хақан өзені, Мұғажар, Орда, Ащысу, Таймақ пен Ералы
42. Заңғар жазушы М.О.Әуезовтің прозалық шығармалары
Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы – қазақтың тұңғыш эпопеясы. 1-кітабы 1942, 2-сі 1947, 3-сі 1952, 4-томы 1956 ж. жарыққа шықты. Эпопеяның «Абай» атанған алғашқы екі кітабына КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949), «Абай жолының» тұтас төрт томына Лениндік сыйлық (1959) берілді. «Абай жолы» арқылы қазіргі қазақ прозасы күллі дүние жүзі әдеби классиканың шырқау шыңына шықты. Сөйтіп, 19 ғасырдың 40-50-жылдарын М. О. Әуезов туған әдебиетіміздің даму тарихында бұрын-соңды болып көрмеген ренессансқа айналдырды. Мұның өзі заңды да, өйткені «Абайдай» шығарма бұл тұсқа дейін қазақ әдебиетінде болған емес». «Бұл да аз,- деді француз жазушысы Луи Арагон,- әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарма табу қиын; бұл, менің ойымша, XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі». Ең талғампаз суреткерлердің аузымен айтылған осындай орасан биік бағаға «Абай жолы» қандай қасиеттері мен жетті? Бұл сұраққа жауап беру үшін эпопеяға тән негізгі ерекшеліктерді ескермей болмайды. Алдымен, тақырып туралы. Кешегі, яки тарихи тақырып: бүгінгі, яки қазіргі күн тақырыбы деп жүрміз. Бір тұста осылар жөнінде айтыс ашып, дауласып та көрдік. Бәрі шартты нәрсе! (Кеше, бүгін, ертең… Уақыт жалғастығында жік жоқ: таң атса, ертең бүгінге, бүгін кешеге айналады. Демек, кешесіз бүгін, бүгінсіз ертең жоқ). Сондай-ақ бүгінгі қазақ кім? Мұны тану үшін кешегі қазақты білу шарт. Тамыры жоқ ағаш, тарихы жоқ халық болмайды. Әуезов өзінің төрт том «Абай жолы» арқылы бүкіл дүние жүзіне, қала берді – өз отандастарына, керек десеңіз тіпті – қазақтардың өзіне қазақ дегеннің кім екенін танытты. Дәлірек айтқанда, қазақ халқының ұлылығын – оның өткен өмірін – тарихын, тарихының түбірлі кезеңдерін, қазақ мінезі қалыптасқан трагикалық Һәм шығармашылық дәуірлерді ғажайып көркемдік күшпен жарқыратып, ашып, жан-жақты айқындап, терең түсіндіріп берді. Сондықтан да, «Абай жолын» оқыған Бенжамен Матип «қазақ неткен ғажайып халық» деп өзін-өзі ұмыта таңырқаса, Константин Федин «өзінің қалай қазақ боп кеткенін білмей қалған». Сондықтан да бүгінде Л. Н. Толстойды оқымай орысты, О. Бальзакты оқымай французды білдім деу қандай қиын болса, Әуезовті оқымай қазақты білдім деу сондай қиын.
М.Әуезов шығармашылығы – ХХ ғасырдың әсемдігімен, ғажайып әсерлілігімен сиқырлы, қайталанбас ұлы құбылысына айналды. Әуезов мұраларынан алатын тағылым ұшан-теңіз. Жазушы шығармаларында өз халқының тыныс-тіршілігін, қам-қарекетін, аяулы арманы мен нұрлы үмітін, тарихи болмысы мен бүгінгі бітімін терең ұғынып бере білген суреткер.
Ұзақ жылдарға созылған терең шығармашылық ізденістердің, қажыр-қайратының нәтижесінде күллі әлемге ұлы Абайды танытып қана қойған жоқ, қазақ халқы «Абай жолы» арқылы өзін де тереңірек түсініп таныды. «Абай жолынсыз» қазақ әдебиетін, халқымыздың рухани-көркемдік әлемін көзге елестету мүмкін емес» деп халық жазушысы Ә.Кекілбаев бағалағандай, тек қазақ халқының ғана емес, көшпелі түркі жұртының өткені туралы ең алғашқы кең ауқымдағы шығарма..
М.Әуезов қазақ әдебиеті тарихындағы үлкен өмірлік, шығармашылық жолдарында зор табыстарға жетті. Жиырма жасында «Еңлік-Кебек» трагедиясын жазғаннан кейін он шақты жыл ішінде көптеген әңгіме, повесть, пьесаларымен көзге түсті. Атап айтақанда: «Қорғансыздың күні», «Барымта», «Ескілік көлеңкесінде», «Көксерек», «Қыр» әңгімелері, «Жетім», «Қараш-қараш оқиғалары», «Қаралы сұлу», «Қилы заман» секілді прозалық шығармаларымен оқырман назарын бірден өзіне аударды. Прозаның шағын жанрының шебері екендігін көрсететін осы шығармаларында адамның іс-әрекетін әлеуметтік-қоғамдық жағдайлармен астастыра келіп, кейіпкер психологиясының терең иірімдерін, табиғат суретін, халықтың дәстүрлі тіршілігін, тынысын, ұлттық мінез-құлқын мейлінше қанық, толық суреттей білген.
Жазушы адам бойындағы пәктік пен сұлулықты әділетсіздік пен азғындыққа қарсы қоя, жарыстыра суреттеу арқылы қазақ әдебиетіне классикалық психологиялық прозаның үлгісін әкелді.
Осы туындылардың өзімен М.Әуезов құдіретті талант иесі екендігін танытқан болатын. Оның талантын шарықтатып, көркемдік дамудың шырқау биігіне жеткізген өмір жолы оңай емес еді. Ол таудай талпынудың, дамылсыз ізденудің, табанды еңбектенудің қиын-қыстау жолы. Сонымен бірге, халыққа адал қызмет етудің азаматтық, адамгершілік жүгін арқалаған ауыр да абыройлы жол болды.