39. С.Мұқановтың «Ботакөз» романындағы Ботакөз бейнесі.

Қазақ әдебиетінің проза жанрын өркендетуде С. Мұқанов – үздік еңбек еткен жазушы.

Қазақ прозасының үлгілерін бұрынырақ С. Көбеев, С. Торайғыров, М. Дулатов, Ж. Аймауытов көрсетсе, оларға іле – шала Б. Майлин, С. Сейфуллин, М. Әуезов алғашқы әңгімелерімен ілгері дамытты. 30 – жылдардан бастап прозалық шығармалар көбейді. Әңгіме, очерктермен қатар хикаят туа бастады. С. Мұқанов - осы кезеңде көптеген прозалық туындылар беріп, бұл жанрды көш ілгері өсірген жазушы. Оның « Теміртас », « Есіл » романдар осы түһұста жарық көрді., « Менің мектептерім », « Өмір мектебі » атты өмірбаяндық романдар тізбегі де осы кезеңде басталып, соңғы « Есею жылдары » атты кітабы 1964 жылы басылып шықты.

С. Мұқановтың алғашқы прозасы « Адасқандардан » басталады ( 1928).

Кейінгі жылдарда очерк, әңгіме, хикаят, романдарды С. Мұқанов көп жазды. « Алтын аймақ », « Каспийге саяхат » сияқты ірі – ірі очерктер жинағы шықты. « Балуан Шолақ » ( 1944 ) хикаятын, « Сырдария » ( 1949 ) романын жазды.

Әрине, осынша жақсы, көркем жазылған роман, хикаяттардың ішінде ең жоғары баға алып, кезінде халықтың төл шығармасындай болып кеткен « Ботакөз » романын ерекше атап айту қажет.

«Ботагөз» романы алғаш рет 1938 жылы «Жұмбақ жалау» деген атпен шыққан Кейіннен жазушы өңдеп, толықтырып шығарманың негізгі кейіпкерінің есімімен «Ботагөз»деп атаған. Роман 1) «Тұңғиықта»; 2) «Таң атарда»; 3) «Күн күлімдегенде» деген үш бөлімнен тұрады. Сегіз тараудан тұратын «Тұңғиықта» бөлімінде қазақ ауылының патшалы Ресейге бағынышты халі, Романовтар әулетінің 300 жылдығын салтанатпен атап өту оқиғалары сөз болса, жеті тараудан құралған «Таң атарда» бөлімі патшаның 1916 жылғы қазақтан майданның қара жұмысына адам алу жөніндегі жарлығына байланысты халық көтерілісібаяндалған. Романның төрт тараудан тұратын «Күн күлімдегенде» деген үшінші бөлімі 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының 1917 жылғы орыс төңкерісіне ұласуы, азамат соғысы дәуірінің шындығы сияқты дәуірлік мәні бар оқиғалар көрсетілген. Романның кейіпкерлері:

Ботагөз – оқыған, өзіндік ой-өрісі қалыптасып, төңкерістік дәрежеге дейін жеткен жаңа тұрпатты қазақ қызы. Ботагөз бойындағы қасиеттер: адалдық, әділдік, махаббат, достыққа беріктік, сабырлылық, батылдық.

Асқар – Досан деген кедейдің баласы. Өз бетімен оқып саяси санасы қалыптасқан күрескер азамат. Сабырлы, ойлы, білімді, табанды, алған бетінен қайтпайтын бірбеткей.

Амантай – еңбекші қауымға ықпалды, сөзіне берік, тиянақты адам, әділетсіздікке төзбейді, кекшіл, намысшыл.

Темірбек, Кенжетай – Ботагөздің ағалары. Амантайдың ақыл-кеңесімен жалшылықтан кетіп, қаладан кәсіп іздеп, өндіріске араласады.

Бүркітбай – Өз жолын таба алмай адасып барып, Амантайдың ықпалымен көтерілісшілерге қосылады.

Итбай – ескі қазақ ауылының билеушісі, надан, дөкір, байлық пен күшке сенген, патша әкімшілігіне сүйенген адам. Ботагөзді тоқалдыққа алмақ болғанда ,«Қыз ағалары бермейді», – деген Амантайға: «Малдың боғын жегелі отырған кедей көзіне көп мал көрсетсе, бермек түгілі лақтырып жіберер», – деп, адамнан малды жоғары қояды.

Алексей Кулаков – отаршылдық пиғылды берік ұстанған, қазақтарға менсінбей қарайтын, қанаушылық, талаушылық саясат жүргізуші.

Базархан, Мадияр – патша өкіметімен ауыз жаласқан, төңкеріс идеясына қарсы адамдар.

Роман жауыздықты әділдіктің жеңуімен аяқталған. Романның бас кейіпкері Ботагөз Шалқар көлінің ортасындағы діңгек таста Асқар, Амантай бастаған көтерілісшілерді туменқарсы алады. Жазушы романды: «Күн көзіндей жарық бар Ботагөздің көзінде, телегей теңіз тарих бар Ботагөздің сөзінде» деп аяқтаған.

«Ботагөз» – заман шындығын тартымды мазмұнмен, соны шеберлікпен суреттегенроман.

40.Лирикалық шығармаларды оқыту жолдары.

Оқушы лириканы қабылдауға әзір болуы үшін мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрлерінің маңызы зор. Өлең құрылысы туралы теориялық ұғымдар оқушылардың жас ерекшеліне байланысты беріледі, түсініксіз сөздер мен ұғымдар, мәтінге жоспар жасау т. б. Мұғалімнің түсінік сөзі, оқушы мен оқытушы арасындағы сұрақ – жауап түрінде келуі мүмкін.

Лирика даралығы дегеніміз жалпылық, жинақтаушылық мәнге йе ақын сезімінің жалыны, ой тереңдігі, қоғамдық талапқа, сұранысқа жауап беруі, - деген Ә.Тәжібаев сөздерінде үлкен мән жатыр.

Демек шынайы көркем лирика- дамгершілік биік мұраттарға тәрбиелеуші, адамзаттың эстетикалық арманың асқар шыңы. Ол оқушылардың қызығушылығын арттырып, ойлау жүйесін дамытады, осы бағытта ол психологиямен, дидактикамен сабақтасып оқыту, тәрбиелеу мәселелеріне һз үлесін қосады.

Лирикалық шығармаларды оқытуда оқушылардың шығармашылық жұмыстарына да ерекше көңіл бөлу керек. Озық технология үлгілерін қолдану СТО технологиясы оқушылардың қабілеттеріне қарай өлең жаздыру, сурет салдыру, шағын шығарма, эссе жазғызу.

Бес жолды өлең.

Жаңа тақырыпты қорытындылауға қолданылады.

А) Зат есім (кім?)

Б) Сын есім ( қандай?)

Б) Етістік (не істеді?)

В) Сезіну

С) Синоним

5) Веннн диаграммасы.

Тақырыпты екі кейіпкердің 3 түрлі қасиетін бөліп көрсету және ортақ жақтарын табу.

6)Болжау стратегиясы.

Бұл оқушының қабілетін жетілдіру үшін қолданылатын тәсіл. Еркін шығарма жазу немесе ойын жалғастыру.

7)Еркін жазу стратегиясы.

Тақырып төңірегінде өз ойын жазбаша жеткізеді. (шығарма, эссе)

8) Топтастыру стратегиясы.

Бұл стратегия нәтижесі сабақты бекіткенде, жеке тұлғаға сипаттама бергенде оқушылардың жан – жақты ізденімпаздығын танытады.

Топтастыру –оқушылардың еркін ойлауға және тақырыпты ашық талдауға бағытталған стратегия, жаңа идеяларды жинақтап бір – бірімен сабақтастыру үшін қажетті құрылым. Топтастыру қызықтыруды ояту үшін қолданылады. Әр топ белгілі уақыт ішінде берілген тапсырманы топтап жазады.

41.Шәкәрім Құдайбердіұлының дастандары, «Еңлік-Кебек» дастаны

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.

Жеті жасында өкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазады: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм Алланың берген ақылы да бүл қазақтан белек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, азғана ғылымның сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол адамдар өмірін жақсартуға тырысқан ғалымдарды мысалға келтіреді. Олардың кейбіреулері адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Ал, біреулер оку-біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзеледі деді. Біреулері бай, кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі — тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін жаратылыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған. Шәкәрімнің өзі бұл идеялардың ешқайсысы адам жаратылысын өзгерте алмайтынына сенімді болды.

Құдайбердіұлының қаламынан терең ойлы, сыршыл лирик. өлеңдер, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» сияқты оқиғалы дастандар, «Әділ-Мәрия»романы жөне басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. 1911 ж. «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі», 1912 ж. Семей қаласындағы «Жәрдем» баспасынан «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Жолсыз жаза яки кез болған іс», «Енлік-Кебек», «Үшанық», «Мұсылмандық шарты», «Ләйлі-Мәжнүн» т. б. шығармалары жарық көрді. 1978 жылы Ленинградта шыққан «Поэты Казахстана» деген жинақта Құдайбердіұлының бірқатар өлеңдері орыс тілінде басылды. Үлкен жинағы 1988 ж. «Жалын» баспасынан жарық көрді.

Құдайбердіұлы,- поэма жанрында да жемісті еңбек еткен қаламгер. Ол 19 ғасырдың 2-жартысында Абайдан бастау алатын реалистік үлгідегі оқиғалы дастан дәстүрінің дамуына елеулі үлес қосты. Оның қаламынан қазақтың ертеректегі өмірінен алынып жазылған «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» атты поэмалар туындады. Жаңа тұрпатты қазақ поэмаларының алғашқылары Абайдың «Eскендірі» мен «Масғұты» десек, одан кейінгі Ақылбай мен Мағауияның, Әсет пен Көкбайдың, Шәкәрімнің дастандары Ұлы Абайдың ақындық ықпалымен, шығармашылық тәлім-тәрбиесімен жазылған туындылар еді. Абай ең алдымен өзінің айналасындағы Шәкәрім тәрізді жастарды жаңа үлгідегі поэмалық өрісін кеңейту ісіне жұмылдырды. Тіпті кейбіреуіне өз жанынан тақырып беріп, жазғандарын талқыға салып, сынынан еткізіп отырды. Соның нәтижесінде Шәкәрімнің лирикалық поэзияда меңгерген көркемдік шеберлігі мен жетістіктері оның поэмаларының табиғатынан да айқын керініп жатады. Оның дастандарына шыншылдық, суреткерлік, терең психологизм, әлеуметтік астарлылық, философиялық ой-тұжырым кендігі тән болып келеді. Ақынның «Еңлік-Кебек» дастаны тікелей Абайдың тапсыруымен жазылған. Ұлы ұстаз Еңлік пен Кебек арасындағы оқиғаны өлеңмен жырлап шығуды Шәкәрім мен Мағауия ақынға қатар тапсырады. Соның нәтижесінде ғашықтық туралы екі дастан өмірге келеді. Кeзінде Абай екі дастанды салыстырып, әрқайсысына лайықты баға берген. Құдайбердіұлы көркем проза саласында да елеулі мұра қалдырды. «Әділ-Мәрия» атты роман (1925) жазды. Онда ғасыр басында қазақ аулында еткен оқиға баяндалады. Әділ мен Мәрия атты ғашық жастардың өмірі арқау болады. Абай бастаған реалистік әдебиетке тек шыншылдық, суреткерлік қасиет бұл шығарманың бойына мол сіңірілген. Абай өлеңдерінде бейнeлеңетін табиғаттың әсем көркі, ауыл мен дала- ның күнделікті қам-қарекеті романда керкем өрнекпен зерленген.