Тұлға туралы жалпы ұғым

«ТҰЛҒА ПСИХОЛОГИЯСЫ» ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

 

Басқа адамның мінез-құлқын қалай түсінуге болады? Адамдардың әр түрлі қабілетке ие болуының себебі неде? «Жан» дегеніміз не және оның табиғаты қалай? Осындай және басқа да сұрақтар адамдардың ойында болған, сонымен бірге уақыт озған сайын адам және оның мінез-құлқына деген қызығушылық артып отырған.

 

Тұлға туралы жалпы ұғым

Психологиялық ғылымда “тұлға” категориясы іргелі ұғымдардың қатарына жатады. Бірақ “тұлға” ұғымы тек психологияға тән емес, ол барлық қоғамдық ғылымдармен зерттеледі, оның ішінде философиямен, әлеуметтанумен, педагогикамен, т.б. Сонда психологиялық ғылым шеңберінде тұлғаны зерттеу спецификасы неде және психологиялық тұрғыдан тұлға дегеніміз не?

Алдымен сұрақтың екінші бөлігіне жауап беруге тырысайық. Бұны жасау оңай емес, себебі тұлға деген не деген сұраққа барлық психологтар түрліше жауап береді. Олардың жауаптары мен ойларының әрқилы болуы тұлға феноменінің күрделі екендігін білдіреді. Осы орайда И.С.Кон былай деп жазады: “ Бір жағынан, ол нақты индивидті әрекет субъектісі ретінде, оның барлық жеке бас қасиеттерімен, әлеуметтік рольдерімен бірге белгілейді. Екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеуметтік қасиеттері ретінде, осы адамның басқа адамдармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен қарым-қатынасқа түсетін адамдар оны еңбек, таным және қарым-қатынас субъектісінде көреді.”

Ғылыми әдебиеттегі тұлға анықтамаларының әрқайсысы тәжірибелік зерттеулермен және теориялық негіздеулермен бекітілген, сондықтан “тұлға” ұғымын қарастырғанда оларды ескеру керек. Тұлға деп жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды түсінеді. Яғни, тұлға сипаттамалары қатарына адамның генотиптік және физиологиялық ұйымдасуымен байланысты ерекшеліктер жатқызылмайды. Адамның танымдық психикалық процестерінің немесе әрекеттерінің жеек дара стилі даму ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттер тұлға қасиеттері қатарына жатқызылмайды, ал адамдар мен қоғамға қатысты көрініс беретін қасиеттер тұлғаның қасиеттері болып саналады. “Тұлға” ұғымының мазмұнына көбінесе басқа адамдарға қатысты маңызды іс-әрекеттерді анықтайтын қасиеттерді де қосады.

Сонымен, тұлға дегеніміз ол тұрақты психологиялық сипатамалар жүйесінде алынған нақты адам. Ондай сипаттамалар қоғамдық байланыс пен қатынастарда көрініс беріп, адамның өзі мен оны қоршағандар үшін маңызды орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды және оның өзіне ,ортасы үшін маңызды мәнге ие.

Ғылыми әдебиетте “тұлға” ұғымының мазмұнына кейде адам ұйымдасуының генетикалық және физиологиялық деңгейлері қосылатынын айта кету керек.

Адамды жүйелі зерттеу сұрақтарын қарастырғанда психологияның өзіндік түсініктері қалыптасады. Б.Г.Ананьев бойынша адам ұйымдасуының төрт деңгейі ғылыми зерттеулер үшін қызығушылық тудырады. Олардың қатарына индивид, іс-әрекет субъектісі, тұлға, жеке даралық жатқызылған.

Биологиялық түр болғандықтан әр адамның туа біткен ерекшеліктері бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді, ми құрылымы интеллекттің дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді, т.с.с. Осы белгілер адам баласын хайуан баласынан ажыратады. “Индивид” ұғымы адамды белгілі биологиялық қасиеттерді иеленуші ретінде сипаттайды.

 

1.1 сурет "Индивид" ұғымының құрылымы (Б.Г.Ананьев бойынша)

     
 

 

 
ЖЫНЫСТЫҚ ДИМОРФИЗМ ( ЖЫНЫСТЫҚ РУХЫН ТҮСІНДІРУ )  

 

 

           
 
КОНСТИЦИОНАЛДЫҚ ЕРЕКШЕЛІК
МИДЫҢ НЕЙРОДИНАМИКАЛЫҚ ҚАСИЕТІ
МИДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ АССИМЕТРИЯСЫ
ÍÛØÀÍÄÀÐ

 

«Индивид» түсінігінің бірнеше мәні бар. Алдымен, индивид - ол табиғи жалғыз тіршілік иесі адам, Homo sapiens түрінің өкілі. Мұнда адамның биологиялық жағы айтылған. Кейде бұл түсінікте адамды адамзат қауымының жеке өкілі, еңбек құралдарын пайдаланатын әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қолданады. Алайда бұл жағдайда да адамның биологиялық тұрғысы ұмытылмайды.

Б.Г.Ананьев индивидтің бірінші және екінші қасиеттерін бөліп көрсеткен. Бірінші қасиетке адамның барлығына ортақ жас ерекшеліктерін (белгілі бір жасқа сай болу), жыныстық диморфизм (белгілі бір жынысқа сай болу), сонымен қоса, жеке-типтік сипаттамалар, оның ішінде конституционалды ерекшеліктер (дене бітімінің ерекшеліктері), мидың нейродинамикалық қасиеттері, үлкен жартышарлардың функционалды геометриясының ерекшеліктерін жатқызады.

Индивидтің бірінші қасиеттерінің жиынтығы оның екінші қасиеттерін анықтайды, олар: психофизиологиялық функциялардың динамикасы және органикалық қажеттіліктердің құрылымы. Осы қасиеттердің барлығы қосыла келіп, темперамент пен адам нышандарының ерекшеліктерін жасайды.

 

1.2. сурет. «Тұлға» ретінде адамды әлеуметтік тіршілік иесі деп сипаттайды. Осы ұғымның аясында тұлғаның мынадай психологиялық қасиеттері қарастырылады. Олар: мотивация, темперамент, қабілеттік және мінез.

 

 


ТЕМПЕРАМЕНТ

 

НЫШАНДАР МЕН ҚАБІЛЕТТЕР

 

МОТИВАЦИЯ (БАҒЫТТАЛҒАНДЫҒЫ)

 

МІНЕЗ

 

ЕРІК

 

СЕЗІМ

 

1.2. сурет "Тұлға" ұғымының құрылымы (Б.Г.Ананьев бойынша)

 

Адамды тануда Б.Г. Ананьев бөліп қараған тағы бір ұғым «іс-әрекет субъектісі». Бұл ұғым өзінің мазмұны бойынша «индивид» және «тұлға» ұғымының ортасында. Іс-әрекет субъектісі адамның биологиялық бастауы және әлеуметтілігін біріктіреді.

Адамды субъект ретінде басқа тіршілік иелерінен ажырататын басты белгі – сана (1.3 сурет).

Сана – психикалық дамудың ең жоғары сатысы, ол тек адамға ғана тән. Ол адамның объективті шындықты тану, бағытталған мінез-құлықты қалыптастыру, сондай-ақ айналаны өзгерту мүмкіндігін анықтайды. Қоршаған ортаны саналы түрде өзгерте алу іс-әрекеті адамның субъект ретіндегі тағы да бір белгісі. Осылайша, субъект – іс-әрекет ете алу қабілеті бар саналы жеке тұлға.

 

ІС-ӘРЕКЕТ СУБЪЕКТІСІ

 

С А Н А

 

БЕЛСЕНДІЛІК

 

ҚЫЗМЕТ

 

1.3. сурет «Іс-әрекет субъектісі» ұғымының құрылымы

(Б.Г.Ананьев бойынша)

 

Сонымен, біріншіден адам тірі табиғат өкілі – биологиялық объект, екіншіден, саналы іс-әрекет субъектісі, үшіншіден, әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарастырыла алады. Яғни адам – саналы және қызметке қабілетті биоәлеуметтік тіршілік иесі. Осы үш деңгейдің бір бүтінге бірігуі адамның интегралды сипаттамасы – оның жеке тұлғалылығын қалыптастырады.

Жеке тұлғалылық – бұл нақты адамның өзгешелігі және қайталанбастығы көзқарасынан психикалық, физиологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерінің жиынтығы болып табылады. Адамның жеке тұлғасының қалыптасуындағы алғышарттарына қоғамдық сипаты бар тәрбие процесінде өзгеретін анатомия-физиологиялық бастамалар жатады. Тәрбиелеу жағдайлары мен туа біткен мінездердің әр түрлілігінен жеке тұлғалылықтың көп түрлілігі пайда болады.

Сондықтан, адам – нақыт өмірдің ең күрделі объектісінің бірі деп қортынды шығаруға болады. Адамның құрылымдық ұйымдасуы көп деңгейлі сипаты мен оның табиғи, әлеуметтік мәнінен көрінеді (1.4 сурет). Сол үшін де адам және оның іс-әрекетін зерттейтін көптеген ғылымдардың болуы ғажап емес.

 


ИНДИВИД

СУБЪЕКТ

 

ЖЕКЕ ТҰЛҒА

1.4. сурет «Жеке даралық» ұғымының құрылымы (Б.Г.Ананьев бойынша)

Дүниені танудағы рационалды көзқарас бізді қоршаған шынайы өмір санамызға байланыссыз өмір сүретіндіктен, оның тәжірибелік жолмен зерттелуі мүмкіндігіне, ал бақыланатын құбылыстарды ғылыми тұрғыдан толығымен түсіндіруге болатындығына негізделеді. Ғылымның әр түрлі салаларында ғалымдар бірнеше мәрте адам жайлы бүтіндей түсінік қалыптастырғысы келді. Әрине, мұндай ұғым психологияда да бар.

Жалпы психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми негіздерінің қалыптасу жүйесін зерттейді. Психика жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның нақты формасының қызметін, әрекет тәсілін бейнелейді, адам психологиясы жаңғырту арқылы пайда болады.

Ðåñåéëiê àòàºòû ïñèõîëîã Áîðèñ Ãåðàñèìîâè÷ Àíàíüåâ àäàì òàíûìûíû» æ¾éåñií ò¼ðò íåãiçãi ½¹ûì¹à á¼ëiï ºàðàäû; èíäèâèä, iñ-¸ðåêåò ñóáúåêòiñi, ò½ë¹à æ¸íå æåêå äàðàëûқ.

Ѓылымäà пєндердіњ негізігі ќ±рылымына байланысты ‰шке бµлінеді: жаратылыстану, гуманитарлыќ, техникалыќ. Адам- єлеуметтік тірі организм, оныњ барлыќ психикалыќ ќ±былысы ќоѓамдыќ ортада ќалыптасады, сондыќтан психология гуманитарлыќ пєндерге жатады.

“Психология” ±ѓымы ѓылыми жєне т±рмыстыќ маѓынаѓа ие.

Єрбір адам практикада ќарым-ќатынасќа т‰се отырып психологиялыќ зањдылыќтарды ‰йренеді. Осылайша біз келесі адамныњ пікірін оныњ сыртќы келáетінен - мимикасынан, жестінен, äàóûñ ûðѓàѓûíàí, эмоционалдыќ кµњіл к‰йінен, мінез-құлқынан ажыратамыз. Сондықтан әрбір адам өзінше психолог, себебі қоғамда адамдардың психикасы жайлы білмей өмір сүру мүмкін емес.

Алайда, тұрмыстық психологиялық білімдер айқын емес және де ғылыми білімнен ерекшеленеді.

 

1.5 Б±л ±ѓымдарды мынандай екі бағытта көрсетуге болады:

 

Т±рмыстыќ технологиялыќ білім   Ѓылыми психологиялыќ білім
Наќты білім   Интуициялыќ мінез білімі Білім беруде бµгеттер болуы Білімніњ кµзі- баќылау Берілетін білім- шектеулі Талдап ќорытылѓан білім   Аќыл- парасаттылыќ білім Білім жинаќталады жєне беріледі. Білімніњ кµзі- эксперимент Білім єрќашан кењейіп отырады.

 

 

Біріншіден, тұрмыстық психологиялық білімдер нақты жағдайда, адамдармен оларға қатысты міндеттер айналасында болады. Ғылыми психология жалпылауға бағытталған, ол үшін сәйкес ұғымдар пайдаланылады.

Екіншіден, тұрмыстық психологиялық білімдер интуициялық сипатқа ие. Бұл себепті алу тәсіліне - кездейсоқ тәжірибе және санасыз деңгейде субъективті талдауға бағытталған. Бұған қарағанда ғылыми таным экспериментке негізделген, ал алынған білімдер толық рационалды және түсінікті.

Үшіншіден, білімді беру тәсілдерінде айырмашылықтар бар. Әдетте, тұрмыстық психологиялық білімдер қиындықпен беріледі немесе көбінесе беріле алмайды да. Ю.Б.Гиппенрейтер жазғандай “әке мен балалардың” мәңгі проблемасы да осында, өйткені балалар әкелерінің тәжірибесін қабылдай алмайды және қабылдағысы келемейді де”. Ал ғылымда білім жинақталып, оңай беріледі.

Сонымен психология негізінен грек сµзінен аударѓанда ”жан туралы ѓылым”, ал “психология” термині ќолданысќа алѓаш рет XVI-ѓ. åнді. Àлѓашќыда ол ерекше ѓылым ретінде “жанды” немесе психикалыќ болмысты єрбір адам µзін баќылау нєтижесінде аныќтап отыруға қолданса, кейіннен XVII- XIX ѓ.ѓ. психология - б±л психика жєне психикалыќ ќ±былыстар туралы ѓылым болды.

Психикалық құбылыстар үшке бөлінеді;

1. Психикалыќ процестер дегеніміз - сыртќы д‰ние заттары мен ќ±былыстарыныњ мидаѓы т‰рлі бейнелері.

2. Психикалыќ ерекшеліктер дегеніміз- бір адамды екінші адамнан ажырытуѓа нгегіз болатын ењ мањызды, ењ т±рлаулы ерекшеліктер.

3. Психикалыќ к‰й дегеніміз- адамныњ т‰рлі кµњіл к‰йініњ т±раќты компоненттері.

 

1.6 Психикалыќ ќ±былыстардыњ ќ±рылымы былай аныќталады.

 

           
   
Эмоционалдыќ Эмоция және сезім.
Ерік Мотивпен к‰ресу, µз мінез- ќ±лќын басќару, ќиындыќты жењу, шешім қàáûëäàó

 

 

Психикалық процестер адам мінез-құлқының алғашқы регуляторы болып шығады. Оның белгілі бастамасы, ағымы және соңы болады, яғни, алдымен психикалық процестердің ұзақтығы мен тұрақтылығын анықтайтын өлшемдер кіретін белгілі бір динамикалық сипаттарға ие болады. Осы процестердің арқасында адам өзі және қоршаған орта жайлы ақпарат алады. Бұл психикалық процестердің аясында аффекттер, эмоциялар, сезімдер, көңіл-күйлер және эмоционалды стрестер қарастырылады. Сонымен қатар тұлғаның психикалық қасиеті дегенде белгілі бір сандық және сапалық қызмет деңгейі мен адамның мінезін қамтамасыз ететін оның ең басты ерекшеліктерін түсінген жөн. Психикалық қасиеттерге бағытталуы, темперамент, қабілеттік, мінез-құлық жатады. Осы қасиеттердің даму деңгейі, сонымен бірге психикалық процестің даму ерекшеліктері және басыңқы (адамға тән) психикалық күйлер адамның қайталанбастығын, және оның жекелігін анықтайды.

 

 

Адам және адамзат туралы ғылымдар

Қазіргі заман ғылымында адам біріншіден, биологиялық түрдің өкілі ретінде, екішіден, қоғам мүшесі, үшіншіден, адамның пәндік қызметі зерттеледі, төртіншіден нақты адамның даму заңдылықтары зерттеледі.

Адамды биологиялық түр ретінде бағытты түрде зерттеу Карл Линнейдің еңбектерінен басталады, ол адамды приматтар отрядындағы Homo sapiens жеке түрі ретінде бөліп көрсетеді. Осылайша алғашқы рет адамның тірі табиғаттағы орны анықталды. Бірақ бұл адамға деген қызығушылық бұған дейін болмады деген сөз емес. Адамды ғылыми тұрғыдан тану натурфилософиядан, тіршіліктанудан және медицинадан бастау алады. Алайда бұл зерттеулердің аясы тар, жүйелілігі жеткіліксіз, бастысы қарама-қарсы сипатта, мұнда адам көбенсе тірі табиғатқа қарсы қойылған. К.Линней адамды тірі табиғаттың элементі ретінде қарастыруды ұсынды. Бұл адам зерттеудегі оң бетбұрыс болды.

Ерекше биологиялық түр ретінде адам туралы арнайы ғылым антропология деп аталады. Қазіргі антропологияның құрылым үш негізгі бөлімнен: адам морфологиясы (физикалық типтің жеке өзгергіштігін, жас ерекшелігін – шала кезден кәрілікке дейін, жыныстық диморфизмді қоса, өмір мен қызметтің өзгеруіне қарай адамның физикалық дамуының өзгеруін зерттейді), антропогенез жайлы зерттеу (ширек кезеңде адамның жақын аталары мен адам табиғатының өзгеруі), ол приматтарды тану, адамның эволюциялық анатомиясы және палеоантропология (адамның қалдық түрлерін зерттейтін) және нәсілтанудан тұрады.

Адамды биологиялық түр ретінде антропологиядан басқа, онымен байланысты ғылымдар да зерттейді. Мысалы, адамның физикалық типін оның жалпы соматикалық ұйымы ретінде адам анатомиясы және физиологиясы, биофизика және биохимия, психофизиология, нейропсихология секілді нақты ғылымдар зерттейді. Осы қатарда ерекше орын алатын медицинаға көптеген тараулар енеді.

Адамның пайда болуы және дамуы жайлы антропогенез ілімі Жер бетіндегі биологиялық эволюцияны зерттейтін ғылымдармен де байланысты, өйткені адам табиғатын жануарлар әлемінің жалпы және тізбекті даму процессінен тыс түсіну мүмкін емес. Бұл ғылымдар тобына палеонтология, эмбриология, сондай-ақ салыстырмалы физиология және салыстырмалы биохимия жатады.

Антропогенез жайлы ілімнің дамуына жеке пәндердің әсер етуін атап кеткен жөн. Бұған алдымен жоғарғы нерв қызметінің физиологиясын жатқызамыз. Жоғарғы нерв қызметінің физиологиясының генетикалық проблемаларына аса қызыға қараған И.П.Павловтың арқасында салыстырмалы физиологияның антропоидтардың жоғарғы нерв қызметінің физиологиясы жеке бөлім болып қалыптасты.

Биологиялық түр ретінде адам дамуын түсінуде зоопсихология мен адамның жалпы психологиясын біріктіре қарастыратын салыстырмалы психология маңызды рөл атқарады. Зоопсихологияда приматтарды эксперименталды түрде зерттеу бойынша В.Келер және Н.Н. Ладыгина-Котс еңбектері бар. Зоопсихология саласындағы жетістіктер арқасында адамның көптеген мінез-құлық механизмдері мен оның психикалық даму заңдылықтары белгілі болды.

Антропогенез ғылымымен тікелей түйіспейтін ғылымдар да бар, бірақ олар оның дамуында маңызды рөл атқарады. Оларға генетика және археология жатады. Тілдің пайда болуын, оның дыбыстық құралдарын және басқару механизмдерін зерттейтін палеолингвистиканың орны бөлек. Тілдің пайда болуы социогенездің орталық кездеріне, ал сөйлеудің пайда болуы -антропогенездің орталық кезіне жатады, өйткені, бөліп сөйлеу адамды жануарлардан ерекшелейтін басты белгі.

Социогенездің проблемалары жайлы сөз қозғауымызға орай, антропогенез проблемаларымен тығыз байланысты қоғамдық ғылымдарды айту қажет. Оларға адам қоғамының дамуын және алғашқы қауым мәдениетінің тарихын зерттейтін палеосоциологияны жатқызуға болады.

Осылайша биологиялық түрдің өкілі ретінде адам көптеген ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады, соның ішінде психологияның да. 1.7 суретте Б.Г.Ананьевтің Homo sapiens жайлы ғылымның негізігі проблемалары классификациясы көрсетілген. Дербес биологиялық түр ретінде адамның пайда болуы мен дамуын зерттейтін ғылымдардың ішінде орталық орынға антропология ие болады. Адам дамуына орай қазіргі заман антропологиясы туралы жасаған қортындыны былайша келтіруге болады: биологиялық дамудың белгісіз бір кезеңінде адам жануарлар әлемінен бөлініп шықты («антропогенез бен социогенездің» шекаралас кезеңі) және адам эволюциясында биологиялық дағдылы және табиғи ортаға аса бейімделген түрлердің өмір сүруіне негізделген табиғи таңдау қызметі тоқтап қалды.

 

 

1.5. сурет. Адамды биологиялық объект ретінде зерттейтін ғылым

 

Қазіргі адамның физикалық түрі  

Антропология Дене шынықтыру

теориясы

Адамның жалпы психологиясы

 

Психофизиология

Адам физиологиясы

         
Нәсілгенез  
Тарихи филогения
 

Биофизика

     
 

Биохимия Медицина ғылымы-ң

Этнография жиыны

Антропология Адам анатомиясы Антропология

 

Адам генетикасы

     
 


Антропогенез   Социогенез  

Жердегі өмір эволюциясы
Салыстырмалы Палеосоциология

психолгия Антропология -Палео Археология .

Жоғары нерв қызмет-нің - патология Палеолингвистика

салыстырмалы физиологиясы - Приматология История первобыт -

Эволюциялық -Генетика ной культуры

биохимия - Териология Историческая

Жалпы салыстыр- - -Эмбриология психология

малы физиология -

Салыстырмалы - Омыртқалылар-

Анатомия дың зоологиясы

 

Жалпы Палеон

биология -тология

 

 

 

 

 

Адамның жануарлар әлемінен әлеуметтік әлемге өтуіне байланысты, оның биоәлеуметтік тіршілік иесіне айналуына қарай табиғи таңдау заңдары дамудың басқа сападағы заңдарымен ауысты.

Адамның жануарлар әлемінен неге және қалай бөлініп шықты деген сұрақтар антропогенез ғылымын зерттейтін ғылымдардың арасында орталық орынға ие болып, осы күнге дейін бұл сұрақтарға біркелкі жауап табылмай тұр. Осы проблемаға орай бірнеше көзқарас бар. Олардың бірі мынадай болжамда: мутация салдарынан адам миы супермиға айналып, жануарлар әлемінен бөлініп шығып, қоғам құруға жеткізді. Бұл П.Шошардың көзқарасы. Ол бойынша тарихи кезеңде мутациялықтың әсерінен ми органикалық түрде дами алмайды.

Тағы да мынадай көзқарас бар. Ол мидың органикалық дамуы мен түр ретінде адамның дамуына байланысты мидың сапалы құрылымды өзгерісіне әкелді де, содан соң даму табиғи таңдаудан өзгеше заңдармен жүре бастады. Алайда, дене мен ми өзгеріссіз қалғанмен, даму тоқтап қалмайды. И.А.Станкевичтің зерттеулеріне қарағанда, адам миында құрылымдық өзгерістер болады, жартышарлардың әртүрлі бөлімдерінде прогрессивті даму, жаңа иірімдердің бөлінуі, жаңа жолдардың қалыптасуы байқалады. Сондықтан адам өзгеріп отыра ма деген сауалға «иә» деп толық жауап беруге болады. Дегенмен мұндай эволюциялық өзгерістер адам және оның тұлғалық дамуының әлеуметтік өмір сүру жағдайына әсер етеді, ал Homo sapiens түрінің биологиялық өзгеруі қосымша мәнге ие болады.

Осылайша, адам әлеуметтік тіршілік иесі, қоғам мүшесі ретінде ғылымға қызықты, себебі Homo sapiens түріндегі қазіргі заман адамы биологиялық заңдармен емес, әлеуметтік даму заңдарына сай өмір сүреді.

Социогенез проблемасын қоғамдық ғылымдарсыз қарастыру мүмкін емес. Оларды зерттейтін құбылыстарына немесе солармен байланыстыларын бірнеше топқа бөлуге болады. Мысалы, өнермен, біліммен, техникалық прогресспен байланысты ғылымдар.

Адам қоғамын зерттеуде жинақталу дәрежесіне қарай бұл ғылымдар екі топқа бөлінеді: қоғам дамуын барлық элементтердің өзара қатынасында бүтіндей қарастыратын ғылымдар, адамзат қоғамы дамуының жеке аспектілерін зерттейтін ғылымдар. Ғылымдарды осылайша бөлу адамзат өзіндік заңдарымен дамитын бүтіндей, сонымен бірге, көптеген жекелеген адамдар боп танылады. Сондықтан барлық қоғамдық ғылымдар не адамзат қоғамы жайлы ғылым, не социум элементі ретіндегі адам жайлы ғылымға жатады. Бірақ бұл жіктемеде әр түрлі ғылымдардың нақты шекарасы анықталмаған, өйткені көптеген қоғамдық ғылымдар қоғамды бүтіндей, сондай-ақ жеке адамды зерттеумен байланысты бола алады.

Ананьевтің пікірінше, адамзат (адамзат қоғамы) жайлы ғылым жүйесіне қоғамның өндірістік күші жайлы, адамзаттың қоныстануы мен құрамы жайлы, өндірістік және қоғамдық қатынастар жайлы, мәдениет, өнер жайлы ғылымдар және де ғылымның өзін танымдық жүйе ретінде, қоғамның әртүрлі даму кезеңдеріндегі формалары жайлы ғылымдар енуі қажет.

Мұнда адамның табиғатпен және адамзаттың табиғи ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылымдарды ерекше атап өту керек. Осыған байланысты биогеохимиялық ілімді жасаушы В.И.Вернадскийдің пікірі қызықты – онда ғалым өзара қатынастағы және еркін оттегі О2 молекуласының тарихымен байланысты қарама-қарсы екі биогеохимиялық қызмет жайлы сөз етеді. Бұл тотығу және қайта қалпына келу қызметтері. Бір жағынан олар тыныс алу мен көбеюге және екінші жағынан өлген организмдерді бұзумен байланысты. В.И. Вернадскийдің пайымдауынша адам және адамзат өздері өмір сүретін планетаның белгілі бөлігі биосферамен байланысты, себебі олар Жердің материалды-энергетикалық құрылымымен геологиялық заңдылықта байланысқан.

Адам табиғаттан бөліне алмайды, бірақ жануарларға қарағанда адамның өмір сүру мен қызметтің оңтайлы жағдайларын қамтамасыз етуге орай табиғи ортаны өзгертуге бағытталған белсенділгі бар. Мұнда ноосфераның пайда болуы жайлы айтылып тұр.

«Ноосфера» ұғымын 1927 ж Ле-Руа және Тейяр де Шарден біріге отырып енгізді. Олар 1922-1923 жж Сорбондағы В.И. Вернадскийдің ұсынған биогеохимиялық теориясын негізге алды. В.И. Вернадскийдің анықтамасы бойынша ноосфера немесе «ойлаушы қабат» - біздің планетамыздағы жаңа геологиялық құбылыс. Мұнда алғашқы рет адам планетаны өзгерте алатын ірі геологиялық күш ретінде көрсетіледі.

Зерттеу пәні нақты адам болатын ғылымдар да бар. Бұған жеке организмнің даму процессі онтогенез жайлы ғылымды жатқызуға болады. Осы бағытта адамның жас, жыныстық, конституционалды және нейродинамикалық ерекшеліктері зерттеледі. Бұдан бөлек тұлға және оның өмір жолы жайлы психология ғылымы да бар, олардың аясында адам іс-әрекетінің мотиві, дүниеге көзқарасы және құндылық бағдары, қоршаған ортамен байланысы зерттеледі.

Адамды зерттейтін ғылымдар немесе ғылыми бағыттар бір-бірімен тығыз байланысты, олар біріге отырып, адам және адамзат қоғамы жйлы бүтіндей көрініс береді. Алайда қай бағытты алып қарасақта, оларда психологияның әр түрлі тараулары келтірілген. Бұл кездейсоқ емес, өйткені психологияның зертейтін құбылыстары бисоциалды тіршілік иесі ретіндегі адамның іс-әрекетін анықтайды.

Осылайша адам – көпқырлы құбылыс. Оны зерттеу бүтіндей жүйелі әдіснамалық сипатқа ие болуы керек.Сондықтан да адамды зертеудегі ең негізгі әдіснамалық тұжырым- жүйелі көзқарас тұжырымы. Ол әлем құрылымының жүйелігін көрсетеді. Осы тұжырымға сай кез-келген жүйе жүйежасайтын фактор болғандықтан өмір сүреді. Адамды зерттейтін ғылымдар жүйесінде мұндай фактор адам, оны көпқырлы көріністе және сыртқы өмірмен байланысты зерттеу қажет, өйткені сонда ғана адам және оның әлеуметтік - биологиялық даму заңдылықтары жайлы толық көрініс алуға болады.

 

Тұлға психологиясын зерттеудің негізгі әдістері

Психологияның басқа ғылымдар сияқты өз әдістері бар. Ғылыми зерттеулердің әдістері – практикалық ұсыныстарды шығару және ғылыми теория құру үшін керекті мәліметтер алынатын тәсілдер мен құралдар. Әрбір ғылымның дамуы көбнесе пайдаланылатын әдістердің жетілгендігіне және олардың қаншалықты сенімді екендігіне байланысты. Мұның барлығы психологияға да қатысты.

Психология зерттейтін құбылыстардың күрделілігі мен көптүрлілігі ғылыми танымға қиындығы соншалықты, психологиялық ғылымның жетістіктері тек осы әдістерге байланысты болған. Психология жеке ғылым ретінде тек ХІХ ғ ортасында бөлінді, сондықтан ол философия, математика, физика, физиология, медицина, биология және тарих сияқты «ескі» ғылымдардың әдістеріне сүйенеді. Сонымен қатар психология информатика және кибернетика секілді жас ғылымдардың әдістерін пайдаланады.

Кез келген дербес ғылымның өзіне ғана тән әдістері бар екенін атау керек. Ондай әдістер психологияда да бар. Олардың барлығы екі негізгі топқа бөлінеді: субъективті және объективті

 

Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері.

 

СУБЪЕКТИВТІ     ОБЪЕКТИВТІ

 

 

Бақылау өзін бақылау, сыртқы, еркін, стандартты қосылған   Тесттер Объективті Жобалы

 

Сауал Ауызша, жазбаша, еркін стандартты   Экперимент Табиғи Зертханалық

 

Тест Саулнама-тест Тапсырма-тест

 

Моделдеу  

 

техникалық математикалық кибернетикалық логикалық

 

 

Субъективті әдістер сыналушылардың өз-өзін бағалауына немесе олардың өзінше есептеріне, сондай-ақ кейбір құбылыстарға сыналушылардың айтқан пікіріне немесе алынған ақпараттарға негізделеді. Психология дербес ғылым саласына айналғаннан бері субъективті әдістер бірінше кезекте дами бастады және қазірде жетілу үстінде. Бақылау, өз-өзін бақылау және сауалнама психологиялық құбылыстарды зерттеудің алғашқы әдістері еді.

Бақылау әдісі психологиядағы ескі және бір қарағанда өте қарапайым әдіс секілді. Ол әдеттегі өмір сүру жағдайындағы адамның қызметіне бақылаушы кіріспей, жүргізілетін жоспарлы бақылауға негізделеді. Бұған психологияда бақыланатын құбылыстарды толық және дәл сипаттау, сонымен бірге оларды психологиялық тұрғыдан түсіндіру жатады. Міне психологиялық бақылаудың басты мақсаты осы: ол деректерге сүйене отырып, олардың психологиялық мазмұнын ашу.

Бақылау – ол барлық адамдардың пайдаланатын әдісі. Ал қарапайым адамдардың бақылауы мен ғылыми бақылаудың айырмашылығы өте көп. Ғылыми бақылау жүйелілігімен сипатталып, объективті шындықты алу үшін белгілі бір жоспарға негізделе отырып, жүргізіледі. Яғни, ғылыми бақылау жүргізілгенде арнайы білім және сапаны психологиялық көріну объективтілі ашылатын арнайы дайындықты талап етеді.

Бақылау әр түрлі нұсқаларда жүре алады. Мысалы, кеңінен қолданылатын әдіс қосылған бақылау. бұл әдіс психологтың өзінің қатысуымен жүргізіледі. Егер зерттеушінің қатысуынан, оның жағдайды қабылдауы мен түсінуінен нәтиже бұзылатын болса, онда болып жатқан жағдайларды объективті түсіну үшін шеттен бақылаған жөн. Қосылған бақылау мазмұнына қарай басқа әдіске - өз-өзін бақылауға өте ұқсас.

Өз-өзін бақылау яғни, өз қалып-күйлеріңді бақылау тек психологияда қолданылатын әдіс. Бұл әдістің артықшылығымен қатар, бірнеше кемшілігі де бар. Біріншіден, өз қалпыңды бақылау өте қиын. Бақылауға орай олар дұрыс болмауы мүмкін немесе тоқтап та қалады. Екіншіден, бұл бақылауда субъектіліктен құтыла алмайсың, өйткені біздің қабылдауымыз субъективті бояуға ие. Үшіншіден, біздің кейбір қалыптарымызды түсіндіру қиын бұл әдісте.

Дегенмен, өз-өзін бақылау әдісі психолог үшін аса маңызды. Тәжірибеде басқа адамдардың мінезін көргенде, психолог оның психологиялық мазмұнын білгісі келеді. Көбінесе ол өз тәжірибесіне, өз қалпын талдауға сүйенеді. Сондықтан психолог табысты жұмыс істеу үшін өз жағдайы мен қалпын объективті түрде бағалауды үйренуі керек.

Бұл әдіс көбінесе экспериментте пайдаланылады. Мұнда бұл әдіс дәл сипатталып, мұны эксперименталды өз-өзін бақылау деп атайды. Бұл жағдайда зерттеушінің аса қызықтыратын кездерінде дәл есептелінген жағдайда адамға сауал қойылады. Мұндайда өз-өзін бақылау әдісі сауалнама әдісімен бірге жүргізіледі.

 

Мұны білген жөн
  Психодиагностикалық тесттің валидттігі және сенімділігі Тесттің психикалық қасиеті немесе сапасының шынайы деңгейін өлшей алу қабілетін сипаттау үшін «валидтілік» термині қолданылады. Тесттің валидтілігі бағалауға арналған сапаны (қасиет, қабілет, мінездеме және т.б.) қандай өлшемде өлшейтінін көрсетеді. Инвалидті яғни валидтті емес тесттер тәжірибелік пайдалануға жарамайды. Валидтілік және сенімділік – байланысты ұғымдар. Олардың байланысын мынадай мысалдан көре аламыз. Мысалы А және В атты екі атқыш бар дейік. А атқышы 100-ден 90 ұпай, ал В атқышы 100-ден тек 70 ұпай жинады. Яғни А атқыштың сенімділігі 0,90, ал В атқышының сенімділігі 0,70. Алайда А атқышы әрдайым бөтен көздемеге атады, сондықтан оның ұпайлары жарыстарда саналмайды. Ал екінші атқыш көздемені дұрыс таңдайды. Сондықтан А атқышының валидтігі нөлге тең, ал В атқышыныңкі 0,70, яғни мөлшері сенімділікке тең. Егер А атқышы көздемені дүұрыс таңдаса, оның валидтігі мен сенімділігі тең болады. Ал кейде ол көздемені шатыстырып алса, тек дұрыс таңдағаны есептеліп валидтігі сенімділігінен төмен болады. Біздің мысалымызда сенімділік аналогы атқыштың дәл көздеп атуы болса, валидтігі атқыштың көздемені дұрыс таңдауы болады. Бір қасиетті өлшеу үшін оқиғадағы белгілі жағдайда тест танылған инвалидтті болады, ал, басқалар үшін валидттілікті көрсетеді. Яғни валидтілікке қажет шарт сенімділік. Сенімді тест валидтті бола алмайды, керісінше валидтті тест әрдайым сенімді. Тесттің сенімділігі валидттіліктен төмен болуы мүмкін емес, керісінше валидттілік сенімділіктен жоғары болуы мүмкін емес. Қазіргі психометрияда үш негізгі валидтілік бар, 1) мазмұнды (логикалық); 2) эмпирикалық; 3)концептуалды. Мельников В.М., Ямпольский Введение экспериментальную психологию Личности: Учеб. пособие для слушат. ИПК Преп. пед. дисциплин ун-тов и пед ин-ов.- М.: Просвещение, 1985.

 

Сауалнама зерттелетіндерден сұрақ - жауап қою арқылы ақпарат алуға негізделген. Сауалнама жүргізудің бірнеше нұсқасы бар. Олардың әрқайсысының артықшылығы және кемшіліктері де бар. Саулнаманың үш түрі бар, олар: ауызша, жазбаша және еркін.

Ауызша сауал, әдетте зерттелушінің реакциясы мен мінез-құлқына бақылау жасау үшін қолданылады. Сауалдың бұл түрі жазбашаға қарағанда адам психологиясына терең бойлатады, себебі зерттеушінің қоятын сұрақтары зерттелушінің мінезіне қарай түзетіле алады. Мұндай нұсқа көп уақытты, арнайы дайындықты қажет етеді, өйткені жауаптардың объективтілігі зерттеушінің мінезі мен тұлғалық ерекшеліктеріне де байланысты.

Жазбаша сауал, аз уақыттың ішінде көптеген адам санын қамти алады. Мұның ең көп тараған түрі – анкета. Оның кемшілігі мынада, қойылған сұрақтарға зерттелушілердің реакциясын біле алмайсың және зерттеу барысында оның мазмұнын өзгерте алмайсың.

Еркін сауал, жазбаша және ауызша саулнаманың бір түрі, мұнда қойылатын сұрақтар алдын ала белгілі болмайды. Мұндай сауалнамада зерттеудің тактикасы мен мазмұнын оңай өзгертуге болады, онда зерттелуші жайлы әртүрлі ақпарат алуға болады. Сонымен қатар, стандартты сауалнама уақытты аз алады, ең бастысы нақты зерттелуші жайлы алынған ақпарат басқа адамның ақпаратымен салыстырылады, өйткені мұнда сұрақтар өзгеріп отырады.

Сауалнама әдісін қарастыра келе, біз алынатын ақпараттың дәл екендігі жайлы және психологиядағы сандық және сапалық сипаттама проблемаларына тірелдік. Бір жағынан бұл проблема зерттеудің объективтілігімен байланысты Психологтар өзіне көптен бері мынадай сұрақ қойып жүр: «Бақыланып жүрген құбылыстың кездейсоқ екенін немесе оның объективті бар екенін немен дәлелдеуге болады.?» Психологияның қалыптасу және даму барысында эксперимент нәтижесінің шынайылығын дәлелдейтін әдіснамасы анықталды. Бұған дәлел сондай жағдайдағы басқа зерттелушілерді зерттеудегі нәтижені қайталау. Ұқсастықтар көп болған сайын, табылған құбылыстың бар екендігі жоғары. Бұл нәтижелерді салыстыруға болатындығы проблемасына да байланысты. Әр түрлі адамдардың белгілі бір психологиялық мінездерін қалай салыстыру қажет?

Психологиялық құбылыстарды мөлшерлі бағалау ХІХ ғ. екінші жартысынан басталды, сол кезде ғана психологияны дәл және пайдалы ғылым жасау қажет болды. Одан ерте 1835 ж., қазіргі статистиканы жасаушы А.Кетленің (1796-1874) «Социльная физика» кітабы жарық көрді. А. Кетленің бұл еңбегінде мүмкіндік теориясына сүйене отырып, ол теория бойынша адамдардың мінезі белгілі бір заңдылықтарға бағынатындығын анықтады. Статикалық материалдарды талдай келе, ол адамдардың семья құруы, өз-өзіне қол жұмсауы және т.б. сияқты актлеріне мөлшерлік сипаттама беретін тұрақты мән алды. Бұл актілер алдында еркін болып саналатын. А.Кетленің қалыптастырған тұжырымы қоғамдық құбылыстарға метафизикалық қөзқарастан туындаса да, ол көптеген жаңалық әкелді. Мысалы, А.Кетле егер орташа мән тұрақты болса, онда оның артында физикамен салыстыруға болатын шындық тұруы қажет, соған орай статистикалық заңдар негізінде әр түрлі (сонымен бірге психикалық та) құбылыстарды болжауға болады. Бұл заңды түсіну үшін әрбір адамды жекелеп зерттеу керек. Зерттеу объектісі ретінде көптеген адамдарың мінез – құлқы арқылы, негізгі әдіс – вариациялық статистика болуы қажет.

 

Мұны білген жөн
Психолог қызметінің моральдік қағидалары Психологиялық зерттеу зерттелушінің қатысымен жүргізіледі. Сондықтан психолог және зерттелуші арасындағы этика жайлы мәселе қозғалады. Олар қандай қағидаларға сүйенеді? Америка психологиялық ассоциациясы (АПА) және Канада мен Ұлыбританиядағы осындай ұйымдар зерттелуші адам және жануарлармен қарым-қатынас жайлы негізгі нұсқаулар жасап шығарды (АПА 1990 ж.). Осылайша АҚШ-та федералды заң органдары федералды қаржыға жүргізілетін зерттеулерге іштей бақылау кеңесінің болуын талап етеді. Бұл кеңес жүргізілетін зерттеулерді бақылап, белгілі этикалық қағидаларға сай нұсқаулардың орындалуына кепіл болуы керек. Зерттелуші-адаммен этикалық қарым-қатынастың бірінші қағидасы – қауіптің аз болуы. АҚШ-тағы осы нұсқауда зерттеудегі болатын қауіп, күнделікті тұрмыстағы қауіптен жоғары болмауы керек. Адамға физикалық зиян немесе жарақат болмауы керек, Бірақ қандай да бір зерттеу жобасында болған психикалық стресс этикалық жағынан қаншалықты ақталатыны белгісіз. Әрине, күнделікті өмірде адамдар сыпайы бола алмайды, алдайды да басқаларды мазалайды. Егер зерттеу жобасы үшін зерттелушіге психолог осылай қарайтын болса, бұл қалайша этикалық жағынан ақталады? Міне осы сұрақты бақылаушы кеңес әрбір жеке жағдайда қарастыруы керек. Зерттелуші-адаммен этикалық қарым-қатынастың екінші қағидасы олардың келісміін талап етеді. Зерттелушілер өз еркімен келісіп, кез келген мерзімде зерттеуден ешқандай айыппұлсыз бас тарта алады. Оларды зерттеудің ерекшеліктерімен жалпы таныстыру керек. Бұл кейде зерттелушінің білмеуі қажет жағдайларына қайшы келеді. Егерде кейбір зерттелушілерге білетін сөздер беріліп, ал кейбіріне білмейтін сөздерді жаттатқызу арқылы салыстыру қажет болса, ол туралы зерттелушілерге ескертілсе этикалық проблема туындамайды. Кейде білмейтін сөздер жайлы тест алынса да этиканы бұзбайды. Ал егер жай қалыптағы адам мен ашулы адамның жаттауын салыстыру керек болса ше? Мұндай зерттеуде егер кей адамдарға ашуландыру (өктем сөйлеу арқылы немесе бір құралды кездейсоқ сындырды деп сендіру арқылы) жайлы алдын ала айтылса, зерттеу нәтижесі дұрыс бола алмайды. Ол туралы нұсқауда егер ондай зерттеу болса, зерттеу аяқталған бетте бұл туралы адамдарға айту қажет. Мұндайда неге оларға айтпағандығы түсіндіріліп, ашуын басып, олар жәбір шекпейтіндей ету керек, бағалауды осылайша жоғарылату қажет. Бақылау кеңесі зерттеуден адамдарды талапқа сай шығарылуын қадағалау керек. Зерттелуші-адаммен этикалық қарым-қатынастың үшінші қағидасы – зерттелушілердің аты-жөнін белгісіз қалдыру. Зерттеу кезіндегі алынған адам жайлы ақпаратты жабық етіп, ол адамның рұқсатынсыз басқаларды жіберуге болмайды. Осы мақсатта зерттелушілердің аттары бөлінеді. Алынған мәліметтер әріптік немесе сандық кодпен ұқсастырылады. Осылайша тек экспериментатор ғана зерттелушінің нәтижесін біледі. Психологиялық эксперименттің 7-8 % жануарларды енгізеді (негізінен кеміргіштер мен құстар), аздағандарына ауыртатын және зиянды эксперименттер жасалады. Соңғы жылдары бұл проблемаға яғни жануарларды зерттеулерде пайдалану, оларды ұстау және қарауға көп назар аударылды. Мұндай ауыртатын немесе зиян келтіретін зерттеулерден алынған қортындының нәтижелілігімен ақталуы керектігін федералды өкімет және АПА талап етіп отыр. Осыған байланысты арнайы ержелер де бар. Нақты нұсқаулардан бөлек жалпы этикалық қағида бар, онда психологиялық эксперименттің қатысушылары зерттеушімен бір деңгейде екені айтылған. По: АткинсонР.Л, Аткинсон Р.С., Смит Э.Е. Введение в психологию: Учебник для университетов / Пер с англ. под ред. В.П.Зинченко.- М.:Тривола, 1999.

Психологияда сандық өлшемдер проблемасын алғашқы шешуге деген талпыныс адамның сезіну күшін физикалы бірліктегі стимулмен байланыса отырып адам организміне әсер ететін бірнеше заңды ашуға және қалыптастыруға әкелді. Оған Бугер-Вебер, Вебер-Фехнер, Стивенс заңдарын атауға болады. Онда физикалық стимулмен адамның сезінулерінің арасындағы байланыс анықталатын математикалық формула, сонымен бірге сезінудің салыстырмалы және абсолютті шектері анықталды.Соңынан психологиялық зерттеулерде математика енгендіктен зерттеулер объективтілін арттырып, психологияны практикалық мәні бар ғылымға айналдырды. Математика психологияға енуінен біртипті зерттеулердің көп рет жасауға болатын әдістерді талап етті, яғни процедура мен әдістердің стандартталуы проблемасын шешуді қажет етті.

Стандарттанудың негізгі мәні мынада екі адамның немесе бірнеше топтың психологиялық зерттеулерінің нәтижелерін салыстырғанда қате аз болуын қамтамасыз ету үшін, бірдей әдістерді яғни сыртқы жағдайға қарамай бірдей психологиялық мінезді өлшейтін әдісті қолдану керек.

Мұндай психологиялық әдістерге тест жатады. Бұл әдіс жиі қолданылады. Ол психологиялық құбылысқа дәл және сапалы мінездеме бере алатындықтан, сонымен қатар алдымен шешілуі қажет практикалық мәні бар нәтижелерді салыстыруға болатындықтан тиімді. Басқа әдістерге қарағанда тесттер мәліметтерді жинау мен оларды өңдеу, оларды психологиялық түсінуге болатындығымен ажыратылады.

Тесттердің де бірнеше нұсқасы бар. Олар:сауал-тесттер, тапсырма-тесттер, жобалаушы тесттер.

Сауал-тесттер белгілі бір психологиялық мінездеменің бар болуын я айқындалғандығы жайлы сенімді ақпарат алатын сұрақтарға зерттелушілердің жауабына талдау ретінде қалыптасты. Мұндай мінездеменің дамуы мазмұнына сай келген жауаптардың санына негізделеді. Тапсырма-тест белгілі бір тапсырмаларды табысты орындау арқылы адамның психологиялық мінездемесі жайлы ақпарат алу. Мұндай тесттерде тапсырмалардың бірнешеуін орындау қажет. Орындалған тапсырма санынан ол адамдағы белілі бір психологиялық сапаның бар немесе жоқ, сонымен қатар оның даму деңгейіне негіздеме бола алады. Мидың даму деңгейін анықтайтын тесттердің көбі осы категорияға жатады.

Тесттерді әзірлеуге талпынған адамдардың бірі Ф.Гальтон (1822-1911). 1884 ж Лондондағы Халықаралық көрмеде Ф.Гальтон антропометриялық зертхана ұйымдастырды (кейіннен бұл Лондондағы Оңтүстік-Кенсингтон мұражайына ауыстырылды). Бұл зертханадан бойының ұзындығын, салмағын, сезімталдықтың әр түрін, реакция уақыты және басқа да сенсомоторлы қасиеттері өлшеуден тоғыз мыңдай адам өткізілді. Ф.Гальтон ұсынған тесттер мен статистикалық ұсыныстар өмірдің практикалық мәселелерін шешу үшін кеңінен пайдаланылды. Бұл қолданбалы психологияның бастамасы еді, соңынан бұл «психотехника» деген атқа ие болды.

Бұл термин Д.Кеттелдің (1860-1944) 1890 ж Mind журналында Ф.Гальтонның қортынды сөзімен «Mental Tests and Measurment» («Ақыл-ой тесттері және өлшемдер») мақаласы жарық көргеннен кейін ғалымдардың лексиконына енді. Кеттел бұл мақалада «Психология эксперимент пен өлшемдерге сүйенбейтін болса, физикалық ғылымдар секілді тұрақты және дәл ғылым бола алмайды. Көптеген адамдарға ақыл-ой тесттерін қолдану арқылы бұл салада алғашқы қадам жасауға болады. Мұның нәтижелері психикалық процестердің тұрақтылығын, олардың өзара байланысын және әр түрлі жағдайда өзгеруін ашуда ғылыми бағалы болады ».

1905 ж француз психологы А.Бине интеллектті бағалайтын бірінші тестті жасады. ХХ ғ. басында француз үкіметі оқушыларды оқу деңгейіне қарай бөлу үшін А.Бинеге мектеп оқушыларына арналған интеллектуалдылық қабілет шкаласын жасауды тапсырды. Соңынан көптеген ғалымдар тесттердің сериясын жасап шығарды. Олардың практикалық міндеттерді жедел шешуге бағытталғандығы бұл психологиялық тесттердің кеңінен тарауына әкелді. Мысалы, Г.Мюнстерберг (1863-1916) кәсіби таңдап алуға арналған тесттер жасады. Олар былайша жасалды: алдымен олар ерекше жетістікке жеткен бір топ жұмысшыларға, содан соң жаңадан жұмыс орнына келгендерге. Бұл ой психикалық жұмысшылардың қызметі табысты орындау құрылымдарының тест кезінде зерттелушінің орындай алатын құрылымдарымен өзара байланысына негізделді.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде психологиялық тесттерді көптеп пайдаланды. Бұл кезде АҚШ соғысқа кірісуге дайындалып жатқан болатын. Бірақ соғысып жатқан жақтардағыдай қаруланбаған еді. Сондықтан соғысқа кіріспес бұрын (1917 ж.) әскери биліктегілер елдің ең ірі психологтары Э.Торндайк (1874-1949), Р.Йеркс (1876-1956), Г.Уипплге (1878-1976) психологияны әскери қызметте қолдану проблемасын шешіп беруді ұсынды. Американ психологиялық ассоциациясы мен университтер бұл бағытта жұмысты бастап та кетті. Р.Йеркстің басшылығымен әр түрлі әскерлерге әскери қызметке шақырылатындардың жарамдылығын (интеллекті бойынша) жалпы тексеру үшін алғашқы топтық тесттер жасалды. «Альфа» әскери тестісі сауаттыларға, ал «бета» тестісі сауатсыздарға арналды. Бірінші тест А.Биненің балаларға арналған вербалды тесттеріне ұқсас болды. Екінші тест вербалды емес тапсырмалардан тұрды. 1 700 000 солдат және 40 000 офицер сыналды. Көрстекіштер жетіге бөлінді. Осыған орай жарамдылық деңгейі жеті топқа бөлінді. Бірінші екі топқа міндеттерді орындау қабілеті жоғары және тиісті әскер оқу орындарына жіберілетін тұлғалар жиналды. Кейінгі үш топ қабілет көрсеткіші орташа статистикалық тұлғалардан жиналған еді.

Осы кезде Ресейде де психологиялық әдіс ретінде тесттер жасала бастады. Бұл бағыттың дамуы А.Ф.Лазурский (1874-1917), Г.И.Россолимо (1860-1928), В.М.Бехтерев (1857-1927), П.Ф.Лесгафттың (1837-1909) есімдерімен байланысты.

Тесттерді әзірлеуде Г.И.Россолимоның қосқан еңбегі зор. Оның есімі тек невролог-дәрігер ғана емес психолог ретінде де танымал еді. Жеке психикалық қасиеттерді анықтау үшін тұлға туралы толық көрініс беретін сандық бағалау әдісін әзірледі. Бұл әдіспен бес: зейін, қабылдаушылық, ерік, есте сақтау, ассоциациялық процесстер (ойда суреттеу және ойлау) топқа бөлінетін 11 психикалық процесті бағалауға болады. Осының әрбір процессін орындауға қарай арнайы шкаламен «күші» бағаланды. Оң жауаптар сызбада нүктемен белгіленді. Осы нүктелерді қосып, адамның «психологиялық бағыты» анықталды. Сыналушылардың категориялары (балалар үшін, интеллигентті ересектер үшін, интеллигенттер емес үшін) бойынша тапсырмалар берілді. Бұдан басқа Г.И.Россолимо сызбадағы көрсеткіштерді арифметикаға айналдыру формуласын ұсынды.

Бүгінде тесттер психологиялық зерттеуде кеңінен пайдаланылатын әдіс. Бірақ тесттер объективті және субъективті әдістердің арасында. Сыналатындардың өз есептеріне негізделген сауалнама-тесттер де бар. Осы тесттерді орындауда тестіден өткізудің нәтижесіне әсіресе оның жауабы қалай түсінілетінін білетін болса саналы немесе санасыз әсер ете алады. Алайда объективті тесттер де бар. Оларға жобалы тесттерді жатқызуға болады. Тесттің бұл категориясына сыналатындардың есебі қажет емес. Сыналушының орындайтын тапсырмасын зерттеуші еркін түрде түсіндіреді. Мысалы, сыналатын адамның түрлі-түсті карточкалардың түсін таңдауынан оның эмоционалды күйін білуге болады. Кейде сыналушыға белгісіз жағдай салынған сурет беріледі де, психолог оны сипаттауды сұрайды, соның нәтижесінде сыналушының психикалық ерекшеліктерін сипаттайды. Бірақ жобалы тесттер психологтың кәсіби дайындығының жоғары және тәжірибесінің мол болуын және сыналушының интеллектуалды дамуының жоғары болуын талап етеді.

Объективті мәліметтерді зерттелетін қасиет бөлініп, дұрыс бағаланатын жасанды жағдай жасалуға негізделген эксперимент - әдістің көмегі арқылы алуға болады. Зерттелетін феноменнің басқа феномендермен себептік байланысы жайлы, құбылыстың пайда болуы мен дамуын ғылыми тұрғыдан түсіндіретін басқа психологиялық әдістерге қарағанда, эксперимент ең сенімдісі. Эксперименттің екі түрі бар: зертханалық және табиғи. Олар бір-бірінен эксперимент жүргізудегі жағдайлармен ажыратылады.

Зертханалық экспериментте зерттелетін қасиет дұрыс бағаланатын жасанды жағдай жасалады. Табиғи эксперимент әдеттегі тұрмыстық жағдайда жасалады. Мұнда зерттеуші кіріспей, жағдайларды сол күйінде жазып отырады. Табиғи экспериментті алғаш рет А.Ф.Лазурский қолдана бастады. Әрине, табиғи жағдайдағысы адамдардың өмірлік мінезіне сай келеді. Бірақ табиғи жағдайда зерттеуші толық бақылау жүргізе алмайтындықтан оның нәтижесі дәл болмауы да мүмкін. Осы тұрғыдан зертханалық дәл, ал табиғи өмірлік жағдайға сай келеді.

Психологиялық әдістердің бірі – моделдеу. Ол дербес әдіске жатады. Ол басқа әдістерді қолдану қиындағанда ғана жүргізіледі. Олардың ерекшелікгі белгілі бір психологиялық құбылыс жайлы ақпаратқа сүйенетіндігінде, екінші жағынан оны қолданғанда сыналушы қатыспайды немесе нақты жағдай есепке алынады. Сондықтан моделдеудің әр түрлі әдістерін объективті немесе субъективті әдістерге жатқызу қиын.

Моделдер техникалық, логикалық, математикалық, кибернетикалық және т.б. болуы мүмкін. Математикалық моделдеуде ауыспалылардың өзара байланысы мен олардың қатысы, зерттелетін құбылыстардағы қайталанатын элементтер мен қатынастар көрсетілген математикалық мән немесе формула қолданылады Техникалық моделдеуде зерттеуді елестететін құрал немесе құрылғы жасалуы қажет. Кибернетикалық моделдеу информатика және кибернетика саласының психологиялық міндеттерін шешуге пайдаланылады. Логикалық моделдеу математикалық логикада қолданылатын идеялар мен символға негізделген.

Компьютер мен бағдарламалық қамтамасыз етудің дамуы ЭСМ жұмыс істеу заңдарындағы психикалық құбылыстарды моделдеуге бастады, өйткені адамдардың ойлауда қолданатын операциялары, міндеттерді шешудегі ойлау логикасы компьютерлік бағадарламалар жұмыс істеуіне жақын екен. Ол компьютердің жұмыс істеуіне қарай адамның мінезін көзге елестету және сипаттауға бастады. Осындай зерттеулерге байланысты Д.Миллер, Ю.Галантер, К.Прибрам атты америка ғалымдарының және ресей психологы Л.М.Веккердің есімдері белгілі.

Көрсетілген әдістерден басқа психикалық құбылысты зерттейтін басқа да әдістер де бар. Мысалы, әңгімелесу - сауалнаманың бір нұсқасы. Сауалнамаға қарағанда әңгімелесу әдісі процедураны жүргізудің еркіндігімен ерекшеленеді. Әдетте әңгімелесу жайлы жағдайда өтеді, ал сұрақтар сыналушының жағдайы мен ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады. Басқа әдіске құжаттарды зерттеу әдісі немесе адамның қызметін талдау әдісі жатады. Психикалық құбылыстарды зерттеу барысында әр түрлі әдістерді кешенді түрде қолданғаннан зерттеу тиімді болатынын ескерген жөн.

 

Тұлға туралы жалпы ұғым. “Тұлға” ұғымының анықтамасы мен мазмұны. Адам ұйымдасуының иерарахиялық деңгейі. “Индивид”, “субъект”, “тұлға”, “ жеке даралық” ұғымдарының арақатынасы. Тұлға құрылымы: бағыттылық, қабілеттері, темперамент, мінез-құлық.

Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы. Тұлға концепцияларының жіктелуі. Э.Эриксонның тұлға дамуы концепциясы. Әлеуметтену және жеке даралық- тұлға дамуының формалары ретінде. Біріншілік және екіншілік әлеуметтену. Инкультурация. Тұлғаның өзін- өзі дамытуы және өзін-өзі өзектендіру (самореализация). Тұлға қасиеттерінің тұрақтылығы.

 

Тұлға туралы жалпы ұғым

Психологиялық ғылымда “тұлға” категориясы іргелі ұғымдардың қатарына жатады. Бірақ “тұлға” ұғымы тек психологияға тән емес, ол барлық қоғамдық ғылымдармен зерттеледі, оның ішінде философиямен, әлеуметтанумен, педагогикамен, т.б. Сонда психологиялық ғылым шеңберінде тұлғаны зерттеу спецификасы неде және психологиялық тұрғыдан тұлға дегеніміз не?

Алдымен сұрақтың екінші бөлігіне жауап беруге тырысайық. Бұны жасау оңай емес, себебі тұлға деген не деген сұраққа барлық психологтар түрліше жауап береді. Олардың жауаптары мен ойларының әрқилы болуы тұлға феноменінің күрделі екендігін білдіреді. Осы орайда И.С.Кон былай деп жазады: “ Бір жағынан, ол нақты индивидті әрекет субъектісі ретінде, оның барлық жеке бас қасиеттерімен, әлеуметтік рольдерімен бірге белгілейді. Екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеуметтік қасиеттері ретінде, осы адамның басқа адамдармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен қарым-қатынасқа түсетін адамдар оны еңбек, таным және қарым-қатынас субъектісінде көреді.”

Ғылыми әдебиеттегі тұлға анықтамаларының әрқайсысы тәжірибелік зерттеулермен және теориялық негіздеулермен бекітілген, сондықтан “тұлға” ұғымын қарастырғанда оларды ескеру керек. Тұлға деп жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды түсінеді. Яғни, тұлға сипаттамалары қатарына адамның генотиптік және физиологиялық ұйымдасуымен байланысты ерекшеліктер жатқызылмайды. Адамның танымдық психикалық процестерінің немесе әрекеттерінің жеек дара стилі даму ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттер тұлға қасиеттері қатарына жатқызылмайды, ал адамдар мен қоғамға қатысты көрініс беретін қасиеттер тұлғаның қасиеттері болып саналады. “Тұлға” ұғымының мазмұнына көбінесе басқа адамдарға қатысты маңызды іс-әрекеттерді анықтайтын қасиеттерді де қосады.

Сонымен, тұлға дегеніміз ол тұрақты психологиялық сипатамалар жүйесінде алынған нақты адам. Ондай сипаттамалар қоғамдық байланыс пен қатынастарда көрініс беріп, адамның өзі мен оны қоршағандар үшін маңызды орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды және оның өзіне ,ортасы үшін маңызды мәнге ие.

Ғылыми әдебиетте “тұлға” ұғымының мазмұнына кейде адам ұйымдасуының генетикалық және физиологиялық деңгейлері қосылатынын айта кету керек.

Адамды жүйелі зерттеу сұрақтарын қарастырғанда психологияның өзіндік түсініктері қалыптасады. Б.Г.Ананьев бойынша адам ұйымдасуының төрт деңгейі ғылыми зерттеулер үшін қызығушылық тудырады. Олардың қатарына индивид, іс-әрекет субъектісі, тұлға, жеке даралық жатқызылған.

Биологиялық түр болғандықтан әр адамның туа біткен ерекшеліктері бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді, ми құрылымы интеллекттің дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді, т.с.с. Осы белгілер адам баласын хайуан баласынан ажыратады. “Индивид” ұғымы адамды белгілі биологиялық қасиеттерді иеленуші ретінде сипаттайды.

Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзарақатынастар мен процестер жүйесіне қосылады, нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапаға иеленеді-тұлға болып қалыптасады. Бұлай болу себебі, қоғамдық байланыстар жүйесіне қосылған адам - субъект, іс-әрекет процесінде қалыптасатын және дамитын сананы иеленуші.

Өз кезегінде, осы үш деңгейдің даму ерекшеліктері нақты адамның қайталанбастығын сипаттап, оның жеке даралығын анықтайды. Сонымен, “тұлға” ұғымы адамды әлеуметтік тіршілік иесі ретінде сипаттау үшін керек. Мәскеулік және санкт-петербургтық психологиялық мектеп өкілдерінің әдебиеттерінде адам ұйымдасуының иерархиясына әртүрлі көзқарас берілген. Мысалы, мәскеу мектептерінің өкілдері “субъект” деңгейін бөлмей, адамның биологиялық және психикалық қасиеттерін “индивид” ұғымына біріктіреді. Бірақ, бұған қарамастан, “тұлға” ұғымы адамның әлеуметтік ұйымдасуымен ұштасқан.

Тұлға құрылымын қарастырғанда оған қабілеттерді, темпераментті, мінезді, мотивацияны және әлеуметтік нұсқауларды енгізеді.

Қабілеттер дегеніміз бұл түрлі іс-әрекеттердегі табыстарын анықтаушы адамның жеке басының тұрақты қасиеттері. Темперамент - адамның психикалық процестерінің динамикалық сипаттамасы. Мінезде бір адамның басқа адамдарға қатынасын анықтайтынқасиеттер бар. Мотивация дегеніміз әрекет етуге деген ынтаның жиынтығы болса, әлеуметтік нұсқаулар- адамдардың наным-сенімдері.

Бұдан басқа, кейбір авторлар тұлға құрылымына ерік пен эмоция түсініктерін қосады. Психикалық құбылыстардың құрылымында психикалық процестерді, психикалық күйлерді және психикалық қасиеттерді бөліп көрсету керек. Психикалық процестер өз кезегінде танымдық, еріктік, эмоционалдық болып бөлінеді. Ерік пен эмоция өзіндік құбылыс ретінде психикалық процестер шебінде қарастырылуға лайықты.

Алайда, осы құбылыстарды тұлға құрылымы шебінде қарастыру үшін де авторларда негіз бар. Мысалы, сезімдер- жиі әлеуметтік бағдары бар эмоцияның бір түрі, ал ерік қасиеттері қоғам мүшесі болып табылатын адамның қылықтарын реттеуге қатысады. Осы айтылғанның бәрі қарастырылып отырған мәселенің күрделі екендігін және тұлға мәселесінің кейбір аспектілеріне қатысты белгілі келіспеушіліктердің болатындығын көрсетіп отыр. Көбірек келіспеушілік тудыратын мәселелер: адам ұйымдасуы құрылымының иерархиясы, тұлғадағы биологиялылық пен әлеуметтіктің қатынасы.

 

§ 2. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы

Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде. Бірақ тұлғаның дамуы қандай заңдарға бағынатыны жөніндегі көзқарастар сан алуан. Өйткені тұлға дамуы үшін қоғам мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері, тұлға дамуының дағдарыстары(кризис), даму процесін тездету мүмкіндіктері әрқилы түсіндіріледі.

Кең тараған тұлға теорияларының әрқайсысында тұлғаның даму мәселесі өздігінше қарастырылады. Мысалы, психоаналитикалық теория даму деп адамның биологиялық табиғатының қоғамда өмір сүруге бейімделуін, белгілі қорғаныс механизмдерінің пайда болуын, қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын түсіндіреді. Қырлар теориясы (теория черт) бойынша тұлғаның барлық қырлары өмір сүру барысында қалыптасады, олардың туындау, қайта түзілу және тұрақтану процестері биологиялық емес заңдылықтарға бағынады. Әлеуметтік үйрету теориясы тұлғаның даму процесін адамдардың белгілі тұлғааралық өзара әрекеттерінің қалыптасу жолдары ретінде түсендірсе, гуманистік және басқа феноменологиялық теориялар оны “ Мен” деген түсініктің қалыптасуымен ұштастырады.

Дегенмен, тұлғаны барлық теориялар позициясынан шоғырланған, біртұтас етіп қарастыру тенденциясы бар.

Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де иеленеді. Бір теорияда оң және теріс қасиеттердің үйлесімін жан-жақты көрсету мүмкін емес. Сондықтан Эриксон өз концепциясында тұлға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: қалыпты және аномалды. Олар таза күйінде өмірде кезпегенімен адамның тұлғалық дамуының барлық аралық варианттарын елестетуге мүмкіндік береді ( 1 кестеде көрсетілген).

Психологтарға үйреншікті ой бойынша тұлға әлеуметтік ортада өмір сүріп, тәрбиеленуі кезінде дамиды. Адам әлеуметтік тіршілік иесі болғандықтан әлеуметтік өзара әрекеттерге түседі. Ең бірінші араласу тәжірибесін бала сөйлемей тұрып-ақ өз жанұясында алса, кейін үнемі субъективті тәжірибе жинайды. Ол тәжірибе тұлғаның ажырамас бөлігі. Осы процесс, сондай-ақ кейін индивидтің әлеуметтік тәжірибесін белсенді жандандырылып әлеуметтену деп аталады.

 

1 кесте Тұлға дамуының кезеңдері (Э.Эриксон бойынша)

 

Даму кезеңі Дамудың қалыпты желісі Дамудың аномалды желісі  
1. Ерте нәрестелік шақ (туылғаннан 1 жасқа дейін) Адамдарға деген сенім. Өзара махаббат,үйір болу, ата-ана мен баланың бірін бірі тануы, балалардың араласудағы және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру Анасының баласына нашар қарауының нәтижесі ретінде баланың адамдарға сенбеуі, мән бермеушілік, немқұрай-лық, махаббаттан айыру. Баланы ана сүтінен өте ерте және күрт айыру, баланы эмоционалдық оқшаулау.  
2. Кейінгі нәрестелік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін) Дербестік, өзіне өзі сену. Бала өзін дербес, жеке, бірақ әлі ата-анасына тәуелді адам деп санайды. Өз өзіне сенбеу, өте ұялшақ болу. Бала өзінің бейімділмегендігін сезініп, қабілеттеріне күдіктенеді. Қарапайым қимыл әдеттерінің дамуында кемшіліктерді сезінеді, мысалы жүргенде. Оның сөйлеу қабілеті нашар дамыған, кемшіліктерін қоршағандардан өте қатты жасыруға тырысады.  
Êåñòåíiң Жалғасы  
3. Ерте балалық шақ (3-5 жас шамасында) Қызығушылық және белсенділік. Қоршаған ортаны қызыға зерттеп, бейнелерді елестету, ересектерге еліктеу, түрлі рольдерге қосылу. Пассивтілік және адамдарға мән бермеу. Инициативаның болмауы, салбыр болу, басқа балалардан қызғану, ұсыныстардан бас тарту, рольдерге қосылу белгісінің жоқтығы.
4. Орта балалық шақ (5 пен 11 жас аралығы) Еңбекті сүю. Мойнына жүктелген парызды сезіну, табыстарға ұмтылу. Танымдық және коммуникативті білім мен әдеттердің дамуы. Өз алдына шынайы мақсат қойып, оған жетуге тырысу. Инструменттерде ойнауды белсенді меңгеру, шешімдер қабылдау. Өзін өзі кемсіту. Әлсіз дамыған еңбек ету қимылдары. Күрделі тапсырманы орындаудан, басқалармен жарысудан бас тарту. “Дауыл алдындағы” немесе жыныстық жетілу кезеңі алдындағы тыныштық сезімі. Біреуге бағынушылық. Түрлі есептерді шешкенде жұмысы зая кететіндей сезіну.
5. Жыныстық жетілу, жеткіншек жасы және бозбалалық (11 мен 20 жас аралығы) Өз болашағын анықтау. Уақытша перспективаның –болашаққа жоспардың дамуы. Қандай болу? Кім болу? деген сұрақтарға жауап іздестіру. Білім алу, үйрену. Тұлғааралық тәртіп формаларындағы жыныстық ерекшеліктер. Дүниеге көзқарастың қалыптасуы. Құрбылар арасында лидер болу, қажет болса оларға бағыну. Рольдердің шатасуы. Уақытша перспективалардың ығысуы және араласуы: болашақ пен осы шақ туралы ғана емес, өткен шақ туралы да ойлардың пайда болуы. Рухани күштерді өзін өзі тануға жұмсау, сыртқы әлем, қоршаған адамдармен қарым-қатынас орнатудың орнына өзін өзі түсінуге тырысу. Еңбек белсенділігін жоғалту. Жыныстық айырмашылықты көрсететін рольдердің ауысуы, лидер болуға ұмтылмау. Мораль мен дүниеге көзқарастың шатасуы.
6. Ерте ересек шақ (20 мен 45 жас аралығы) Адамдарға жақын тарту, оларға көмектесуге тырысу. Бала сүйіп, оларды тәрбиелеу, махаббат пен жұмыс. Жеке бас өмірімен қанағаттану. Адамдардан оқшаулану, олардан қашу, әсіресе жақындардан, олармен жыныстық қатынасқа түсуден қашу. Мінездің ауыр болуы, адамдарды таңдамай араласу, болжамға келмейтін әрекеттер жасау. Мойындамау, оқшаулану, әлем қауіптерге толы-мыс деген ойлардың әсерінен психика ауытқуының, жан дүниесі күйзелуінің алғашқы белгілері.  
7. Орта ересек шақ (40-45 және 60 жас аралығы) Шығармашылық. Өзімен өзі және басқа адамдармен өнімді және шығармашылық жұмыстар жүргізу. Толық құнды, әр қилы өмір. Отбасылық қатынастармен қанағаттану, өз балалары үшін риза болу. Жаңа ұрпақты үйрету және тәрбиелеу.   Тоқтап қалу. Эгоизм және эгоцентризм. Жұмыстың өнімсіздігі. Ерте мүгедек болу. Үнемі өзіне кешірімді болып, тек өзіне ғана күтім жасау.
Кестенің жалғасы  
8. Кеш ересек шақ (60 жастан жоғары) Өмірдің түрлі оқиғаларға бай болуы. Үнемі өткенді ойлап, оған саналы баға беру. Өткен өмірді өз күйінде қабылдау, оның пайдасын түсіну. Тағдырдың жазғанына көну қабілеті. Өлім қорқынышты емес екендігін ұғыну. Үміт үзу. Өмір босқа өткен деп, уақыт аз қалғандығын, ол өте тез өтуде деп ойлау. Өмір сүруді мағынасыз деп түсіну, өз күшіне, басқаға деген сенімнің жоғалуы. Қайта өмір сүруді тілеу, бұрын алғаннан да көбірек нәрсені қажет ету. Әлемде тәртіп жоқтығын, жаман, санасыз бастаманың көптігін сезіну. Жақындап келе жатқан өлімнен қорқу.

 

Әлеуметтену процесі адамдардың қарым-қатынасқа түсуімен және бірлесіп әрекет етуімен тығыз байланысты. Әлеуметтік тәжірибені меңгеру субъективті: бірдей әлеуметтік жағдайлар әр түрлі болып қабылдануы мүмкін. Түрлі тұлғалар объективті бірдей жағдайлардан сан алуан әлеуметтік тәжірибе алады, бұл индивидуалдану процесінің негізі.

Әлеуметтену және тұлғаның қалыптасу процестері арнайы әлеуметтік институттар шебінде, мысалы, мектепте, және түрлі формалды емес бірлестіктерде жүзеге асырылады. Тұлға әлеуметтенуінің маңызды институттарының бірі - жанұя. Отбасында, жақын адамдардың арасында адам тұлғасының негіздері қаланады. Адамның тұлға негіздері 3 жасқа дейін қаланады деген түсінікті кездестіруге болады. Бұл жас кезеңінде адамның психикалық процестері ғана дамып қоймай, ол өмірдің соңына дейін бойында сақталатын алғашқы тәжірибе мен өзін өзі ұстау тәрбиесін алады.

Әлеуметтенудің реттелетін, мақсатқа бағытталған сипатымен қоса реттелмейтін, стихиялық сипаты да бар екендігін айта кеткен жөн. Әлеуметтенуді бір уақыттағы мақсатқа бағытталған және реттелмейтін процесс ретінде түсіндіру үшін А.А.Реан келесідей мысал келтіреді. Мектепте өтетін сабақ кезінде оқушы сабақтың материалын, әлеуметтік ережелерді меңгеріп қана қоймай, ұстаз үшін “кездейсоқ” болып көрінетін нәрселермен өзінің әлеуметтік тәжірибесін байытады. Бұл тәжірибе позитивті де, негативті де болуы мүмкін.

Тәрбие беру барысында ата-ана мен педагогтың өз алдарына қоятын мақсаттары: баланың тәрбиесін қалыптастырып, оны әлеуметтік ортада өмір сүруге даярлау, ол үшін белгілі қадамдар жасау.

Психологияда әлеуметтеуді біріншілік және екіншілік деп ажыратады. Екіншілік әлеуметтену еңбекті бөлісумен және оған сай білімнің таралуымен байланысты. Адам еңбек етудегі өзінің ролін түсіне бастайды. Б.Г.Ананьевтың концепциясы бойынша әлеуметтену екі бағыты бар процесс ретінде қарастырылған, ол адамның тұлға ретінде және әрекет субъектісі ретінде қалыптасуын білдіреді. Мұндай әлеуметтенудің соңғы мақсаты – индивидуалдылықты қалыптастыру. Бұл жерде индивидуалдылық деп нақты тұлғаның даму процесін түсіну керек.

Әлеуметтенумен бір уақытта өтетін процесс – инкультурация. Егер әлеуметтену дегеніміз әлеуметтік тәжірибені меңгеру болса, инкультурация дегеніміз индивидтің жалпы адамзаттық мәдениетті, тарихи қалыптасқан әрекеттер жолын игеру процесі. Ол әрекеттерде түрлі даму кезеңдеріндегі адам әрекетінің рухани және материалдық өнімдері жинақталған. Бұл процестер бір-бірінен қалып қоюы мүмкін. Адам мәдениетті табыспен игерсе оның әлеуметтік тәжірибесі жеткілікті деп айту дұрыс емес және керсінше.

Тұлға дамуы теориясының негізгі мәселелерінің бірі - тұлғаның өзін -өзі өзектендіру (самоактуализация). Ересек тұлға өзін өзі дамытуы тиісті деп саналады. Өзін өзі дамыту және өзін- өзі өзектендіру идеясы адам туралы көптеген қазіргі заман концепциялары үшін маңызды болып қалып отыр. Мысалы, ол гуманистік психологияда және акмеологияда басты орынды алады.

Тұлға дамуының мәселелерін қарастырған авторлар адам дамуының шарты болып табылатын себептерді анықтауға тырысады. Көптеген зерттеушілердің ойынша тұлға дамуынынң қозғаушы күші - түрлі қажеттіліктердің кешені. Олардың ішіндегі маңызды орын алатыны - өзін өзі дамыту қажеттілігі. Бірақ ол қол жетпес идеалға ұмтылу деген сөз емес. Тұлға үшін нақты мақсатқа жету немесе белгілі әлеуметтік статус алу маңыздырақ.

Келесі мәселе - тұлға қасиеттерінің тұрақтылық дәрежесі. Көптеген тұлға теорияларының негізіндегі тұжырым - тұлға әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде негізгі көріністері тұрақты құрылу. Тұлға қасиеттерінің тұрақтылық дәрежесі әрекеттердің бірізділігін, мінез-құлықты болжау мүмкіндігін анықтап, оның қадамдарының заңдылықтарына сипат береді.

Алайда, бірқатар зерттеулердің көрсеткеніндей, адамның жүріс-тұрысы өзгермелі. Сондықтан еріксіз туындайтын сұрақ: адамның жүріс-тұрысы, тұлға болуы қаншалықты тұрақты және неде?

И.С.Конның ойы бойынша бұл теориялық сұрақта әрқайсысы бөлек қарастырылатын жеке сұрақтардың тұтас сериясы бар. Мысалы, біз ненің тұрақтылығы жайлы әңгіме қозғап отырмыз- жүріс-тұрыс, өзін - өзі ұстаудың ба әлде психикалық процестердің, тұлғаның қасиеттері мен қырларының ба? Бұл жағдайда бағаланатын қасиеттердің тұрақтылығы мен өзгергіштігінің индикаторы не? Ол қасиеттер тұрақты және өзгермелі екендігін көрсететін уақыт көлемң қандай? Осы уақытқа дейін жүргізіліп келе жатқан зерттеулер бірыңғай жауап бере алмағандығын айта кеткен жөн болар, олардың нәтижелері де әртүрлі. Мысалы, үнемі тұрақты болуы тиісті деп саналатын тұлғаның қырлары тұрақты емес болып шыққан. Кейде тіпті бір адамның бойындағы қасиеттердің көріністері жағдайға байланысты елеулі түрде ауысады екен.

Ал лонгитюдті зерттеулер тұлғада тұрақтылықтың белгілі дәрежесі бар деп көрсетеді, мұндай тұрақтылықтың өлшемі түрлі тұлға қасиеттері үшін бірдей емес. 35 жыл жүргізілген осындай зерттеулердің бірінде 100 адам белгілі тұлғалық сипаттамаларының жиыны бойынша бағаланған. Олар алғашқы рет орта мектеп жасында тексерілсе, кейін мектептің жоғарғы сыныптарында, ал соңғы рет 35-45 жас шамасында тексерілген.

Бірінші тексеруден кейін екінші тексеруге дейін 3 жыл аралығында сыналғандардың тұлғалық сипаттамаларының 58 %-ы сақталғаны анықталған. 30 жыл бойы жүргізілген зерттеулердің нәтижесі тұлғалық сипаттамалардың 31 %- ы сақталатынын көрсетті.

 

 

IV ТАРАУ. ТҰЛҒАНЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ

Тұлға теориялары. Тұлға психологиясы дамуының негізгі кезеңдері. Антикалық философтардың еңбектеріндегі тұлға мәселесі. ХIХ ғ-да (клиникалық кезең) тұлға мәселелерін зерттеу. Р.С.Немов бойынша тұлға теорияларын зерттеу. Тәжірибелік тұлға теориялары. Фрейдизм және неофрейдизмнің тұлға теориялары (З.Фрейд, К.Юнг, А.Адлер, К.Хорни, Г.С.Салливан). Гуманистік психологиядағы тұлға мәселесі (К.Роджерс, Г.Олпорт, А. Маслоу).

Тұлғаны ýêñïåðèìåíòòiê зерттеудің әдістемесі. Тұлға туралы тәжірибелік ақпаратты жинау жолдары. Тұлға қырларын факторлық тұрғыдан бағалау.Типологиялық көзқарас.Тұлға теориясының психодинамкалық бағыты. Тұлға дамуындағы психоаналитикалық бағыт.Тұлға теориясындағы когнитивті,диспозиционалдық бағыт, мінез-құлық теориясы.

 

§ 1. Тұлға теориялары.

Тұлға психологиясы саласындағы зерттеулер бұрыннан жүргізіліп келеді, олардың өзіндік тарихы бар. Тұлға психологиясы дамуының 3 кезеңі келесідей: философиялық-әдеби, клиникалық және тәжірибелік.

Зерттеулердің бірінші кезеңі көне ойшылдардың жұмысынан басталып, ХIХ ғ-ң басына дейін жалғасқан. Бұл кезеңдегі тұлға психологиясының негізгі мәселелеріне адамның өнегелік және әлеуметтік табиғаты жөніндегі сұрақтар жатады. Тұлға туралы алғашқы анықтамалар айтарлықтай ауқымды. Ол анықтамаларға адамның бойындағы бар нәрсе, оның жеке басыныкі деп саналатынның бәрі жатқызылған: биологиясы, психологиясы, мүлігі, мінез-құлқы, мәдениеті және т.б. Тұлға туралы осындай түсінік кейінгі уақытқа дейін сақталыпты. Нақты мазмұнға толы, тұлғадан бөлек көптеген басқа да түсініктер мен ғылыми категориялары бар психология үшін мұндай анықтама өте кең болып табылады.

ХIХ ғ-ң бірінші он жылдығында тұлға писхологиясының мәселелерімен философтармен қатар дәрігер-психиатрлар да айналыса бастады. Олар ең бірінші рет клиника жағдайында науқасқа тұлға ретінде жүйелі түрде байқаулар жүргізіп, оның жүріс-тұрысын, өзін өзі ұстауын жақсырақ түсіну үшін өмір тарихын зерттей бастаған. Психикалық ауруларды диагностикалау және емдеумен байланысты кәсіби қорытындылар ғана жасалып қоймай, адамзат тұлғасының табиғаты жөнінде жалпы ғылыми қорытындылар да келтірілген. Философиялық-әдеби кезеңмен салыстарғанда клиникалық кезеңде тұлға - ерекше құбылыс деген түсінік мағынасы таратылған. Психиатрлардың аса мән бергені - әдетте науқас адамнан табылатын тұлғаның ерекшеліктері. Дәрігерлер тапқан ерекшеліктер барлық дені сау адамдарға тән болғанымен, науқастарда олардың көріністері гипертрофияланатыны (асыра білінетіні) анықталды. Мысалы, күйгелектік пен ригидтілік, тежелу мен қозғыштық.

Қалыпты, патологиялық және акцентуацияланған (норманың шекті варианты) тұлғаны сипаттауға мүмкіндік беретін терминдерді дәрігерлер тұлғаға анықтама беру үшін қолданған. Алайда мұндай көзқарас психология үшін жеткіліксіз деп танылды. Өйткені, қалыпты тұлғаны тұтас сипаттау үшін ол анықтамалардың мазмұны тар, ондай анықтамаларға шектен тыс көрініс бергенімен кез келген жағдайда “қалыпты” деп саналатын тұлға қасиеттері (мысалы, түрлі қабілеттердің болуы, адамгершілік қасиеттер) енгізілмеген.

ХХ ғ-ң басына дейін тұлға философиялық-әдеби және клиникалық тұрғыдан ғана зерттелсе, кейін бұл іске таным процестері мен адамның күйін зерттеумен айналысқан психологтар кірісті. Ғасыр басында психологияда тәжірибелік зерттеулер қарқынды дамып, гипотезаларды нақты тексеру және айқындалған фактілерді алу мақсатымен психологтар зерттеулерге мәліметтерді математикалық-статистикалық өңдеу әдістерін енгізуге тырысқан. Осыған байланысты психологтар ұзақ жылдар бойы қалыпты тұлғаны сенімді және валидті тесттер арқылы зертеу тәсілдерін жетілдіруді өз алдарына мақсат етіп қойған.

Келесі кезектегі әңгіме неғұрлым әйгілі тұлға концепциялары мен теориялары, олардың жіктелуі жөнінде болады.

Ғылыми жұмыстар мен оқу құралдарында тұлға концепциялары мен теорияларының әрқалай жіктелуі келтіріледі. Р.С.Немовтың ессебі бойынша 48 тұлға теориясы бар, олардың әрқайсысы 5 параметр бойынша бағалануы мүмкін.

Мінез-құлықты түсіндіру жолдары бойынша барлық тұлға теорияларын психодинамикалық, социодинамикалық және интеракционистік деп бөлуге болады.

Психодинамикалық теориялар психологиялық, немесе ішкі, сипаттамаларына орай тұлғаны сипаттайды, адамның жүріс-тұрысын түсіндіреді. Ал социодинамикалық теориялар бойынша тәрбие детерминациясындағы басты роль сыртқы жағдайларға беріледі. Интеракционистік теориялар сыртқы және ішкі факторлардың өзара әрекеттесу принципіне негізделген. Ондай өзара әрекеттер адамның өзекті әрекеттерін басқарады.

Теорияларды типтерге бөлудің келесі негізі - тұлға туралы мәліметтер алу жолы. Осы тұрғыдан барлық теорияларды эксперименталды және эксперименталды емес деп бөлуге болады. Эксперименталды теорияларға тәжірибе барысында жинақталған мәліметтерді сараптау және жалпылау арқылы құрастырылған теориялар жатқызылады. Эксперименталды емес теориялардың авторлары эксперимент жасамай-ақ өмірден алған байқауларға сүйеніп, теориялық талдап қорытады.

Тұлғаға құрылымдық және динамикалық құрылым деген көзқарастағы авторлар тұлға теорияларын басқаша жіктейді. Құрылымдық теория үшін басты мәселе- тұлға құрылымын және оны сипаттауға көмектесетін ұғымдар жүйесін анықтау. Негізгі тақырыбы - тұлға дамуындағы қайта құрылу, өзгерістер, яғни оның динамикасы болып табылатын теориялар динамикалық деп аталады. Сонымен қатар, бірқатар теориялар жас кезеңдік және педагогикалық психология шеңберінде пайда болған. Олар тұлға дамуындағы шектелген жас кезеңін қарастырады, мысалы, туылғаннан орта мектепті бітіргенге дейінгі, яғни нәресте болудан ерте бозбалалық шаққа дейінгі. Кейбір басқа теориялардың авторлары тұлға дамуын бүкіл өмір бойында бақылайды.

Тұлға теорияларын жіктеу кезінде көңіл бөлінетін нәрселер: ішкі қасиеттер, тұлғаның қырлары мен қасиеттері немесе олардың сыртқы көріністері, мысалы, мінез-құлқымен жасаған іс-әрекеттері. Осылай қасиеттер теориясын бөліп қарастыруға болады. Бұл топ теорияларының қағидаларына орай барлық адамдар бір-бірінен жеке, тәуелсіз қырларының жиынтығы мен даму дәрежесі бойынша ажыратылады, бірнеше адам бір адамның мінез-құлықтарын, қырларын байқап, оларды жалпылау арқылы тұлғаға біртұтас сипаттама бере алады. Тұлға қырларын бағалаудың екінші жолы барлық адамдарды типологиялық топтарға біріктіруді жорамалдайды. Мұндай бір топқа кіретін адамдардың психологиялық сипаттамалары бір-біріне жақын, мінез-құлықтары ұқсас. Сонда әрбір типологиялық топтың психологиялық сипаттамалары өзгеше, басқаға ұқсамайды деген сөз.

Тұлға теорияларының жіктелуін қарастырған тек Р.С.Немов қана емес. Б.В.Зейгарник теорияларды пайда болу және даму жағдайларына тәуелді мазмұнды-мағыналық және тарихи аспектілерде қарастырған. Ол келесі теория топтарын бөліп көрсетеді: фрейдизм мен неофрейдизмнің тұлға теориялары, гуманистік тұлға теориялары, экзистенциальді психологияның тұлға теориясы, француз әлеуметтік мектебінің тұлға теориялары және т.б. Осылардың кейбіреулерін жалпы түрде қарастырайық.

Қазіргі кезде тұлға зерттеуде жеті негізгі тұлға теориялары дамыды. Әрбір бағыт өзінің теориясымен және де өзінің әдісімен, құрылымымен ерекшелінеді.

Тұлғаның психологиялық сипаттамасы. Қазіргі кезде психологияның ерекшелігі психиканы зерттеуші бағыттың көптігімен, тұлға теориясының кеңдігімен мәселенің күрделілігі психологияның алдында тұрған теориялық міндеттерге және ғылымның дамуының ішкі қажеттіліктеріне байланысты.

Тұлға – психологиялық сипаттамасы,бірқалыпты жоғарғы даму жүйесі, индивидуалды қажеттіліктермен қамтамасыз ететін, уақытша және белгілі бір жағдайларда адамның тұрақты жүріс-тұрысы.

Тұлға теориясы – бұл болжамдардың жиынтығы немесе тұлға дамуының табиғаты мен механизмінің болжамы.

Тұлға теориясын тек түсіндіруге тырысып қана қоймай, ол адамның жүріс- тұрысын сипаттайды (А.Хьелл, Д. Зиглер).

 

§ 2. Тұлға теориясының психодинамикалық бағыты

Психоанализдің негізін салушы австрия психиатры З.Фрейд.Қазіргі күнге дейін тұлға психологиясына әсер ететін, кең тараған теориялардың бірі – фрейдизм. Бұл теория клиникалық кезеңде пайда болған. Теория құрастырушысы-З.Фрейд. Кейін фрейдизмнің іргесінде шартты түрде неофрейдизм теорияларының тобына біріктілген бір қатар теориялар пайда болған. Фрейд бірнеше жыл бойы Сальпетриердегі (Париж) атақты француз неврологы Ж.Шарконың клиникасында және Нансидегі Бернгеймнің клиникасында жұмыс жасай жүріп невроздар терапиясымен танысқан болатын. Өткен ғасырдың 90-жûëäûң басында Й.Брейермен біріге гипноздық катарсис тәсілін пайдаланды. Кейін гипноздық сендіру практикасын тастап түстерді жору интерпретациясын, еркін туыдайтын ассоциацияларды, ескертулерді, естен шығаруды зерттеуге көшкен. Осындай материалды талқылауды Фрейд психоанализ тәсілі деп атап, оны психотерапияның жаңа техникасына баламалаған.

Психоанализ тәсілін пайдаланғанда науқаспен ұзақ уақыт әңгемелесе отырып, оның ақыл-есіне ауырудың шынайы себебі туралы жеткізіледі, науқас бұрын ескермеген нәрселерді түсіне бастайды. Фрейдтің айтуынша катарсис болады. Кейін мұндай концепция дені сау адамның психикасына да таралған.

Мінез-құлық мәселесін қарастыра отырып Фрейд адамның психикалық іс-әрекетін анықтайтын 2 қажеттілікті көрсетеді: либидо және агрессия. Қоршаған орта осы қажеттіліктерді қанағаттандыруға қарсылығын білдіріп, бөлектегеніне қарамастан ол екеуі сананың “цензурасынан” өтіп, символдар түрінде көрініс береді. Осы қажеттіліктердің өзара әрекетінің сипатын, оларды қанағаттандыру мүмкіндігін аша келе Фрейд тұлға құрылымында 3 негізгі компонентті ажыратады: ид (“Ол”), эго (“Мен”) және супер-эго (“Жоғарғы-мен”). Ид бейсаналық саласына ығыстырылған инстинкттердің алаңы болып табылады. Эго, біржағынан, бейсаналы инстинкттерге жалғасса, екінші жағынан, шынайылықтың нормалары мен талаптарына бағынады. Супер-эго дегеніміз қоғамның ғибратты бастауларының жиынтығы, ол “цензор” ролін атқарады. Сонымен, ид пен супер-эго талаптары үйлеспейтіндіктен эго үнемі конфликтіде, ол қорғаныс механизміне (ығыстыру, сублимация) жүгінуіне тура келеді. Ығыстыру санасыз түрде жасалады. Бейсаналық саласына “көшетін” мотивтер, күйзелулер “цензор” үшін жарамды символдар, әрекеттер түрінде қалып, әсер ете береді.

Фрейдтің ойынша түрлі іс-әрекет функциялары мен формаларын жүзеге асыру үшін арнайы механизмдердің (сублимация, проекция, көшіру, ығыстыру, регрессия, т.б.) бөлек жүйесі бар. Ал ағза энергия сақталу заңымен басқарылатын күрделі энергетикалық жүйе ретінде қарастырылады. Сондықтан, егер либидо өзінің бір көріністерінде тоқтатылса, онда қандай да бір басқа эффекттіні тудыруы тиіс. Супер-эго осындай эффектілерді әлеуметтік тұрғыдан жарамды етеді. Егер жарамды ете алмаса, онда ид пен супер-эгоның арасындағы конфликт өршіп, жүйенің қалыпты қызметі бұзылады, тежелген либидо түрлі ауырсыну синдромдары арқылы өзін байқатады.

 

§ 3. Тұлға дамуындағы психоаналитикалық бағыт

Юнг психоаналитикалық бағыттың көрнекті өкілі.Швеция психологы, психиатры. Психоанализдің аналитикалық психология деп атаған бағытының негізін қалаушы. Бұл пәндермен қатар Юнг философия , теология мәселесімен терең айналысты. Юнг өз кәсібі әрекетінің басынан бастап-ақ психикалықтың бейсаналы жемістері олардың субъект үшін мәні туралы сұрақтармен айналысты. Бейсаналы сфераға эндопсихологиялық функциялар арқылы жақындаймыз. Санадан тыс процестерді тікелей бақылау мүмкін емес,ұжымдық бейсаналы деңгейдің мазмұны архетиптер құрайды. Архетиптер Юнг бойынша саналы жанның негізі- эмоциялардың нұсқауларының жүйесі. Архетиптер негізгі мифологиялық мотивтер бар. Адам психологиясындағы ұжымдық бейсаналы сфераға, сондай-ақ тарихи қалдықтар мен естеліктер енеді. Адам өз психологиясының ең терең қабатында жеек индивид болып қалмайды. Олардың психологиялық жаны бүкіл адамзат психологиясымен бірігіеді. Барлық адамның психологиялық фундаменталды құрылымы бірдей. Алдымен ұжымдық одан кейін барып индивидуалды бейсаналы сфера, одан кейін сана сферасы қалыптасады. Архетиптер қандай- да бір образ болып көрінеді. Архетипке тән «персона» «анимус».

«Персона» (маска) – ол белгілі бір әлеуметтік рөл және қоғамда өзін көрсететін жолы. Юнг бойынша персона сондай-ақ конформдылық архетип болып табылады.

«Анимус» (рух)- индивидуалды бейсаналы бөлімнің құрамы. Индивид үшін жағымсыз, санадан тыс деңгейге ығыстырған адамның өзінің ер адаммен әйел адамның ретіндегі түсінігі.Әйел адамда маскулеттік мазмұнға ие. Юнг бойынша әрбір ер адамда өзінің терең бейсаналы сферада әйел ретіндегі ,ал әйел адамда ер адам ретіндегі образ бар. Бұл образ бейсаналы болған,бұл реалды өмірде өзі таңдаған ер адамға проекцияланады.

1. Саналы бөлім.

2. Индивидуалды саналы бөлім.

3. Ұжымдық бейсаналы бөлім.

Фрейд шәкірттерінің бірі - К.Юнг ұстазымен келісімге келе алмай бөлек бағытпен кеткен болатын. Оның себебі: Фрейдтің пансексуализм идеясында. Екеуінің арасындағы күрес материалдық емес, идеалистік позицияларда жүргізілген. Юнг өз жүйесін “аналитикалық психология” деп атаған.

Юнг бойынша адам психикасына 3 деңгей кіреді:сана, жеке бейсаналық және ұжымдық бейсаналық. Адамның тұлға құрылымында анықтаушы роль атқаратын ұжымдық бейсаналық бұрын бүкіл адамзат есте қалдырған іздерден түзіледі. Ұжымдық бейсаналық жалпы сипатта. Ол тұлғаға әсер етіп, туылғанынан бастап өзін өзі қалай ұстауын белгілейді. Ұжымдық бейсаналық та өз кезегінде түрлі деңгейлерден тұрады, ұлттық, нәсілдік және жалпы адамзаттық тағылыммен анықталады. Ең терең деңгей адамның жануар болған ата-тегінің тәжірибесінен қаланған. Сонымен, Юнгтың анықтамасы бойынша ұжымдық бейсаналық - біздің көне ата-тегіміздің ақыл-парасаты, олардың өмір мен әлемді, құдай мен адамды тану жолдары.

Ұжымдық бейсаналық жеке адамдарда архетиптер түрінде көрініс береді. Ондай архетиптер тек түстерде емес, шынайы шығармашылықтан да табылады. Архетиптер жеке адамдарға тән болғанымен оларда ұжымдық бейсаналық бейнеленеді. Архетип болып табылатын ойдағы елестетулердің жалпы формаларына эмоционалдылықтың елеулі элементі, тіпті перцептивті бейнелер де кіреді. Мысалы, ананың архетипі- өз анасына ұқсатылған сезімтал және бейнелі мазмұны бар ана идеясы. Бұл архетипті бала ата-тегінен дайын күйінде алып, оның негізінде өз анасының нақты бейнесін құрады.

Юнг бойынша ұжымдық бейсаналықтан басқа жеке бейсаналық та бар, бірақ ол санадан бөлектенбеген. Бұрын ақыл сарапынан өткен, түсінікті болғанымен кейін ұмытылған немесе естен шығарылған күйзелістер жеке бас ақыл-ессіздігін құрайды. Белгілі жағдайда олар түсінікті болуы мүмкін.

Жеке бейсаналық құрылымдық бірліктері – сезімдер, ойлар және естеліктер констелляциясы. Юнг бұларды кешендер деп атаған (мысалы, үлкен билікті иемденуге ұмтылу -билік кешені болады).

Юнг мұнымен қоса “Мен” ұғымын енгізген. Ол адамның біртұтастыққа және ауыз бірлікке ұмтылуын білдіреді. Оның арқасында саналы мен бейсаналықтың арасында тепе-теңдік орнайды. “Мен” әртүрлі болып көрініс беруі мүмкін. Ол көрініске тәуелді адамдарды белгілі типтерге ажыратуға болады.

Тұлға типтерін жіктеу негізіне Юнг адамның өзіне және объектіге бағытталуын қояды. Осыған орай барлық адамдар экстраверттер және интроверттер болып бөлінеді. Бұлардан басқа қосымша типтер: интуитивті, ойшыл, эмоционалды. Тұлға типін анықтайтын түрлі арақатынастағы функциялардың көбісі туа біткен. Сондықтан Юнг бойынша тұлға типтері дегеніміз бұл қоғам өмірінің жағдайларымен байланысы жоқ туа біткен типтер.

Өз заманында Фрейдпен келіспей бөлек жолмен кеткен шәкіртінің бірі – А.Адлер, жеке бас психологиясының негізін қалаушы. Ол Фрейдтің биологиялық теориясына қарсы шыққан. Адлер адамның бойындағы табиғи инстинкттерді емес, қоғамдық сезімді бағалап, оны “қоғамдық сезім” деп атайды. Ол сезім туа біткенімен оны әлеуметтік дамыту керек. Фрейдтің адамды туғанынан агрессивті, оның дамуы биологиялық қажеттіліктермен детерминденеді дегенімен Адлер тіпті келіспейді.

Сонымен қатар, Адлер Фрейд айтып кеткен тұлғаны 3 инстанцияға бөлу идеясына да қарсы шығады. Адлердің түсінігі бойынша тұлға құрылымы біртұтас, ал тұлға дамуындағы детерминантылығы – адамның басымдылыққа ұмтылуы. Алайда адамның бәрі оған ұмтылмайды. Дене мүшелері дамуында ақаулар болуы себебінен немесе кейде кішкентай кезінде қолайсыз әлеуметтік жағдайда сәтсіздігіне адам өзінің кемтарлығын сезіне бастайды. Осы тәріздес сезімдерді жою мақсатымен сан алуан компенсация түрлеріне жүгінеді.

 

§ 4. Тұлға теориясындағы гуманистік бағыт

Тұлға теориясындағы гуманистік бағыт бойынша екіге бағытталған. Біріншісі:«клиникалық» американ психологы К.Роджерс көзқарасымен, екіншісі: «мотивациялық» өкілі Маслоу. Осы екі бағыттың арасындағы кейбір айырмашылыққа қарамастан оларды көптеген ортақтақтар біріктіреді.

Гуманистік бағыт бойынша адам өзінің табиғатында жақсы және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады. Адамның туа берілген табиғаты онша тұрақты дамуға творчествоға, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылады.

Маслоу теориясының негізгі тезистерінің бірі- ол индивидтің тұтастығы.

1. Бұл бағыт бойынша әр адамды уникалды ұйымдасқан тұтас жүйе ретінде қарастыру қажет. Уникалды –ешқашан қайталанып келмейтін деген сөз.

2. Адамның ішкі табиғатында позитивті өсу мен өзін-өзі жетілдіру потенциялы бар.

3. Творчестволық потенциал адамның неғұрлым универсалды сипаты,барлық адамға тән.

Маслоу психология ғылымының неғұрлым универсалды негізі ретінде психикалық ешқандай ауытқуы жоқ, өзін-өзі өзектендіру адамды зерттеу керек дейді.Маслоу болжамы бойынша орташа адам өз қажеттіліктерін мынадай ретке қанағаттандырады.

Иерархия- бір-біріне бағынышты белгісі байынша бір ретке орналастыру. Қажеттіліктердің осы барлық дәрежеде меңгерген адам, толық өзін-өзі жетілдірген болып саналды. Иерархиядағы қажеттіліктерінің кезектесуі адам мотивациясы ұйымдасқанның негізгі принципі болып табылады. Дәл осындай иерархия кейбір адамда сақталуы мүмкін.

1. Физиологиялық қажеттілік: тамаққа, ауаға физиологиялық белсенділікке, сенсорлық стимуляцияғ деген қажетіліктер.

2. Қорғанысқа деген қажеттілік: қорғанысқа, тұрақтылыққа, белгілі бір дәрежеде тәртіп пен реттілікке белгілі бір жүйенің, заңның болуына деген қажеттіліктер.

3.Қарым-қатынас қажеттілік: белгілі бір әлеуметтік топқа жату, қарым-қатынас, достық, махаббат деген қажеттілік. Достыққа, махаббатқа деген қажеттілікті екі топқа бөлінеді.

4.Өзін-өзі сыйлау қажеттілік- өзін-өзі сыйлау, басқалардың өзін сыйлауын қажетсіну.Бұған кіретін жетістік, сенімділік,біліктілік, тәуелсіздік, еркіндік, түсініктер, өзін-өзі сыйлаудың қалыптары.

5.Өзін-өзі өзектерндіру деңгейіндегі қажеттіліктер, метақажеттіліктер деп аталады. Метақажеттілікті сипаттайтын негізгі түсініктер.: тұрақтылық, тұрақты даму, бейсаналы жетілу, қарапайымдыолық, эстетикалық, сезімдердің болуы.

Маслоу өзін-өзі өзектендіруші тұлғаға тән мынадай сипаттарды көрсетеді.

Реалдылықты неғұрлым эффективті қабылдау. Адамның өзін-өзі басқаларды жалпы табиғаты солай, сол күйінде қабылдауы.Тәуелсіздік белгілі бір дәрежеде іс-әрекетті пікірлердің тәуелсіз болуы.

 

§ 5. Тұлға теориясындағы іс-әрекет теориясы

Бұл теория отандық психологияда үлкен рөлге ие болды. Осы теорияға үлесін қосқан ғалымдар ішінен мыналарды атауға болады. А.С.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, К.А.Абулханов-Славская, А.В.Брушлинский.

Осы теорияға сәйкес адамның ең басты дамуы оның іс-әрекетпен байланыстылығы. Іс-әрекет бұл адамның қоршаған ортамен, қоғаммен қарым-қатынасы осының әсерінен адамның жеке тұлғасы қалыптасады. Тұлғаның қалыптасуы болашақта басты адамға әсер ететін күш болып қалады. Іс-әрекет және мінез-құлық теориясының басты ерекшелігі :бұл жерде басты рөлде рефлекс атқарылмайды. Ал интерериозация механизмі басты рөл атқарады. Іс-әрекеттің басты принципі субъектілік және заттылық болып табылады.

Іс-әрекет теориясын қалаушылар жеке тұлға бүкіл өз өміріндегі өмір сүретін ортасына және сол қоғамдағы әлеуметтік рөліне байланысты қалыптасады. Адамның тұлға болып қалыптасуында оның балалық және жастық шағндағы өмірі өз әсерін тигізеді. Осы теорияны қалаушылардың тұлғаның позитивті өзгеруін оның әлеуметтік өсуіне байланысты деп түсіндіреді. Осы көзқарасты жақтаушылардың ойы бойынша адамға сана туылған кезде берілмейді, ол тұлғаның өсіп жетілуінде дамуымен қалыптасады. Тұлғаның саналы жетілуі қоғамның қоғамның қажеттіліктері мен іс-әрекеттің қоғамдық қарым-қатынастар мен нақты шарттарға тәуелді болады. Іс-әрекет жағдайында ең кең тараған түрі бұл төрт компоненті тұлға моделі болып табылады. Бұл моделде басты орынды қабілеттілік, мінез ұстамдылық және өзін-өзі бақылауды негізге алады.

Бағыттылық- бұл ең тұрақты тұлғаның өзіне қажетті идеалдар мен өз қалаулары және тұлғаның ең басты жүріс-тұрыс тенденциясынан тұрады.

Қабілеттілік- тұлғаның индивидуалды психологиялық қасиеті болып табылады. Қабілеттілік бұл әрбір басты істің сәтті аяқталуына әкеліп соғады.

Мінез- тұлғаның басқа адамға көзқарасы жауапкершілігі және қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Мінез бұл адамның әлеуметтік мінез-құлқының ерекшелігі.

Өзін-өзі бақылау- тұлғаның өзінің іс-әрекетін тексеріп бақылауы. Бұл тармақ басқа да тұлға қасиеттеріне бастау болып отырады. Бұның барлықтармақтары бір-бірімен өте тығыз байланыста.

 

§ 6. Тұлғаның когнитивті теориясы

Когнитивті теория гуманистікке жақын, бірақта кейбір маңызды айырмашылықтарды ажыратуға болады. Когнитивті теорияның негізін салушы американдық психологы Дж. Келли. Оның ойынша, адам өмірде қазір не болғанын және келешекте не болатынын білгісі келеді.

Когнитивті жеке теория интелектуалды процесіне адамның мінез-құлқына ерекше көңіл аударады.

Басты түсінік «конструкт» (ағыл. consturkt- құру,салу). Бұл түсінік өзін қосқанда барлық танымал танып білетін процестер. Конструктінің арқасында адамда тек әлемді ғана мойындайды. Сонымен бірге қарым-қатынас орнатылады. Осы қарым-қатынастағы конструктілері тұлға конструкті болып табылады. Конструкт- бұл өзгеше жіктелінетін үлгі біздің басқа адамдарды және өзімізді қабылдау.

Келлидің ойынша біздің әрқайсымыз болжам орнатып, оны тексеруге, бір сөзбен айтқанда мәселені шеше алуымыз қажет. Тұлға шек қойылған еркіне ие болады. Конструктивті жүйе адамда құралған өмірдің аз уақытында өзіне танымал шектер қойған.

 

§ 7. Мінез-құлық теориясы

Мінез-құлық теориясы екі бағыт- рефлекторлы және әлеуметтік бағыттан құралады. Рефлекторлы бағыттың өкілі атақта американ бихеовиорсті Дж.Уотсон және Б.Скинер. Әлеуметтік бағыт өкілі американдық А.Бандура және Дж.Роттер.

Скинер теориясының қалыптасуына прагмативті көзқарас және өзінің отбасындағы тәрбие әсер еткен. Скинер бойынша қоршаған орта мінез-құлқының негізгі детерминанты мінез-құлықтың белгілі бір заңдылықтарын біле отырып оны қадағалай алу. Мінез-құлықты қадағалау үшін тәуелсіз айнымалыны тәуелді айнымалыға ауыстыру керек. Мінез-құлықты болжау, түсіндіру үшін тұлғаның тұрақты және модификациялы аспектілерін білу негізделеді.

Скиíнер мінез-құлықтың кейбір түрлері негіздер арқылы анықталатынын және тәжірибе оған еш әсер ете алмайтынын мойындады. Ол мінез-құлыққа қатысты тұқым қуалаушылық пен орта арасындағы процестерді қарастырады. Генетикалық тұрғыда негізгі және тәжірибе арқылы өзгермейтін мінез-құлық респонденті және орта арқылы детерминантты мінез-құлық апирантты ретінде сипатталады. Яғни, респондент мінез-құлықтың қандай да бір стимулға жауап беру негізінде қалыптасады.

Респондентті мінез-құлық Павловтың теориясына сүйене отырып қалыптастырады. Яғни шартты стимулға шартсыз реакция, ал шартты стимул шартты реакцияға алып келеді.

Оперантты мінез-құлық сыртқы орта арқылы детерминацияланады және оны өзгертуге бағытталады.

 

§ 8. Тұлға теориясындағы диспозиционалдық бағыт

Диспозиционалдық (ағыл. disposition- орналастырылған) теория үш негізгі бағыт «жұмсақ», «өткір» және аралық немесе формалды динамика.

«Өткір» бағыты бойынша адамның биологиялық құрылымының белгілі бір түрткісі яғни, жүйке жүйесі және ми бір жағынан, сонымен қатар тұлға қасиеттерінің көрнісінің басқаша болуы. Тұлғалық құрылыммен өткір биологиялық құрылымның өзі жалпы генетикалық факторға тәуелді. Жалпы дене конституциясы мен мінез типтерінің арасындағы байланысты неміс зерттеушісі Э.Кречмер нақтылады.

«Жұмсақ» бағыты диспозициондық теорияның тұлғаның басты, адамның ағзасының биологиялық құрылымымен байланысты болады.

Олпорт адамның әртүрлі жағдайында өзін-өзі ұстауына қатысты олардың құрылымдық ерекшеліктерін проприум деп білгіледі. Проприум ұғымы гуманистік психологиядағы «мен» деген ұғыммен жақын келеді. Оған жоғарғы мақсаттар, адамның моралдық көріністері жатады. Олпорт негізгі рөлде қоғам ойнайды деп көрсетеді. Дегенмен, адамның қасиеттері проприум ерекшеліктерінің түзілуіне әсер етеді. Олпорт дамыған проприумі бар адамды «кемелденген тұлға» деп атады.

Формалды-динамикалық бағыт негізіне отандық психологтар Б.М.Теплов, В.Д.Небылицин еңбектерінде көрсетілген. Бұл бағыттың негізгі ерекшеліктері: әр тұлғада екі деңгей, сонымен қатар екі түрлі тұлғалық қасиеттердің аспектісі- формалды-динамикалық және мазмұнды деп саналады. Адамның мазмұнды қасиеттері проприум түсінігіне жақын. Бұл қасиеттер тәрбиенің, білімнің, іс-әрекеттің ғана емес, сонымен қатар адамның ішкі дүние байлығының интеллект, мінез-құлық көріністерінің жемісі болып табылады. Диспозионалдықтардың ойынша, тұлға өмір бойы дамиды. Оның ішінде тұлғаның жастық шағымен қоса, жыныстық жетілуі де маңызды болып табылады. Бұл теория адамның өзін-өзі ұстамдығы, құрылымының өзгеруіне қарамастан, өздерінің ішкі қасиетіне ие болады. Адамның ішкі дүниесі негізінен темпераменті және индивидуалды ерекшеліктерімен түсіндіріледі.

 

Ñåìèíàð ñàáàқòàðûíда талқыланатын сұрақтар мен òàқûðûïòàð:

1 òàқûðûï. Тұлға туралы жалпы түсінік.

1. “Тұлға” ұғымының анықтамасы мен мазмұны.

2.Тұлға құрылымына не кіреді.

3. “Индивид”, “субъект”, “тұлға”, “ жеке даралық” ұғымдарының арақатынасы.

2 тақырып. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы.

1.Тұлға концепцияларының жіктелуі.

2. Э.Эриксонның тұлға дамуы концепциясы.

3.А.Н.Леонтьевтің құрылымдық бағыты туралы.

3 тақырып. Тұлға теориялары.

1. Тұлға психологиясы дамуының негізгі кезеңдері.

2. Р.С.Немов бойынша тұлға теорияларын зерттеу.

3. Тәжірибелік тұлға теориялары. Фрейдизм және неофрейдизмнің тұлға теориялары (З.Фрейд, К.Юнг, А.Адлер, К.Хорни, Г.С.Салливан).

4. Гуманистік психологиядағы тұлға мәселесі (К.Роджерс, Г.Олпорт, А. Маслоу).

Ñòóäåíòòåðäiң өçiíäiê æұìûñòàðû.

1. Тұлғаны тәжірибелік зерттеудің әдістемесі.

2.Тұлға туралы тәжірибелік ақпаратты жинау жолдары.

3. Тұлға қырларын факторлық тұрғыдан бағалау.

4.Тұлға теориясының психодинамкалық бағыты.

5. Тұлға дамуындағы психоаналитикалық бағыт

 

Қîëäàíûëàòûí әäåáèåòòåð òiçiìi.

1.Асмолов А.Г. Психология личности: Принципы общепсихол.анализа: Учеб.для вуза по спец."Психология".- М.:Изд-во МГУ,1990.

2.Ãèïïåíðåéòåð Þ.Á. Ââåäåíèå â îáùóþ ïñèõîëîãèþ.Ì.,1988.

3.Ðóáèíøòåéí Ñ.Ë. Îñíîâû îáùåé ïñèõîëîãèè.Ì.,1989.

4.Божович Л.И.Личность и ее формирование в детском возрасте:Психол. иследование.- М.: Просвещение,1968.

5.Бодалев А.А. Психология о личности. – М.: Мысль.1988.

6.Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность.- 2-е изд.-М.: Политздат,1977.

7. Íåìîâ Ð.Ñ. Ïñèõîëîãèÿ:Â 3 ò.Ì.,1998.

8.Аймауытов Ж.. Ïñèõîëîãèÿ. Алматы. Рауан, 1995.

9.Жарыкбаев ².Б. Психология. Алматы. “Бiлiм” 1993.

10.Т¸жiбаев Т. Жалпы психология. Алматы,“Êàçàê унив-тi” 1993.