Қысқаша мазмұны[өңдеу]

«Қорғансыздың күні» оқырманның көз алдына байырғы қазақ ауылындағы кедейлер өмірінің бір көрінісін тамыр-тереңінен қопарып әкеліп, бейшара, қорғансыз жандардың тұрмыс-тіршілігіндегі жан түршігерлік азап пен ауыртпалықты аса шыншылдықпен әсерлі баяндайды. Жазушы өмір шындығын, заман сипатын, адамның тіршілік-тынысымен байланыстыра, сабақтастыра шебер әңгімелеп жеткізеді. Оқиға басталғаннан-ақ оқушыны қорқынышты бір үрей сезімі билейді. Тағдыр тауқыметін арқалаған жүдеу үйдегі соқыр әйел, кәрі әже, жас қыздың зарлап калуы кімді болса да тебірентпей қоймайды. Тек Ақан сияқты қатыгез, жауыз болыс қана міз бақпай, өзінің айуандық бет-пердесін біртіндеп ашады,қара ниет ауыл әкімінің тағылық қылықтары әшкереленеді.Жас қызды зәбірлеп, зорлық көрсетуі Ақанның азғындығын, адамгершіліктен жұрдай екенін дәлелдейді. Сондай-ақ оқырман Ақан, Қалтай сияқтылардан ешқандай жақсылық күтуге болмайтынын түсініп, ұғынады. Қорлыққа жаны төзбеген, жауыздықтың құрбаны болған Ғазизаның әкесінің моласына барып, үсіп өлуі себебін жазушы өте анық та дәл шебер суреттейді. Қыздың адам айтқысыз озбырлық, қорлыққа шыдамай, боранға ұрынып, үсіп өлгені айтылған.

Шығарма кейіпкерлері[өңдеу]

Ғазиза-13 жастағы жіңішке сұңғақ бойлы,аз ғана сепкілі бар,дөңгелек ақсұр жүзді,сыпайы,сүйкімді қыз.

Ақан-жасы 30 шамасындағы болыс.Орта бойлы,дөңгелек денелі,қысқа мұртты,шоқша сақалды кісі.

Қалтай-Ақанның атшабары.Аса пысық,сөзге ұста,қалжыңқой ер жігіт.

Мұқаш-Ғазизаның туған інісі.

Жақып-Ғазизаның әкесі.

Мәрден-Тобықтының жуан аулының кісісі.

31. Мақал – мәтелдің тақырыптары, мәнін ашу, таныту жолдары.

Мақал-мәтел – әрі қысқа, әрі нұсқа айтылған сөз мәйегі, ой маржаны. Мақал-мәтел бір ғасырдың ғана жемісі емес. Олардың алғашқы үлгілері есте қалмаған ықылым заманда туып, өзінің қалыптасу, даму, өсу процесінде талай ғасырмен бірге жасасқан. Бұл жолда әр түрлі қоғамдық, таптық тілектерге сәйкес өзгеріп, жаңарып отырған. Мақалдар мен мәтелдерде айтылмайтын, сөз болмайтын өмір саласы жоқ десе де болады.

Мақал-мәтелдерден халықтың ой-санасы, дүниеге көзқарасы, ақыл- өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, мазмұн тереңдігімен, түр жағынан ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан алуан салалы құбылыстарына баға беріліп, ой түйінделіп, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі негізінде пікір айтылады.

Қазақ мақал-мәтелдері туралы Абай өте дәл пікірлер айтса, оларды теориялық тұрғыдан А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, Б.Шалабаев, М.Ғабдуллин, Б.Ақмұқанова, Ә.Қайдаров, Б.Адамбаев, Н.Төреқұлов, С.Омарбаев, Р.Сәрсенбаев зерттеді.

Олардың баршасындағы пікірлер бір арнаға саяды. Қазақ мақал-мәтелдері – сөз өнеріміздің телегей-теңіз байлығы, ғасырлар бойы жиналған халық даналығының айқын көрінісі осы асыл, үнемді, ықшам, көркем, шебер, дәл, терең, астарлы, ұйқасты, бейнелі сөзде жатыр. Адам, оның сан-алуан мінезі, тағдыры; табиғат, ғарыш, оның толып жатқан құбылыстары, жан-жануары, өсімдігі, жақсылық пен жамандық, махаббат пен ғадауат, достық пен дұшпандық, байлық пен кедейлік, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, әйел мен еркек – осы алуандас құбылыстар, түйіп айтқанда адам баласына қатысты мың сан көкейкесті сұраулардың диалектикалық шешімі бар.

Қазақ мақал-мәтелдері – қазақ халқының тарихының, моралінің, этикасының, эстетикасының, психологиясының, педагогикасының, философиясының поэтикалық шеберлікпен түйінделген көркем энциклопедиясы. Ол ұйқасқа, дауысты, дауыссыз дыбыстар үндестігіне, сан алуан айшықтауларды – теңеуді, ауыстыруды, айқындауды, кішірейтуді, үлкейтуді, түйдектеуді, кекесінді, әзіл-қалжыңды, пернелеуді пайдаланып, иненің көзінен өтетіндей, мірдің оғындай өткір етіліп, жасалған. Тез жатталып, ойда сақталатындай, алтын жүзіктей ықшам сөз.

Мақал-мәтелдің басты қасиетінің өзі – нақты өмірден туған байлам, қорытынды түйін. Оның тақырыбы өмірдің алуан түрлі саласын қамтиды. Мәселен, «алтын, күміс тас екен, арпа, бидай ас екен» дегенде, нан қадірін ұғынуға шақырса, «ер қанаты – ат» деген мақалда төрт түлік малдың ішіндегі жылқының қасиетін көрсетіп тұр. Мақалдың мәні әрдайым белгілі бір нәрсені үйрену, жеріне жеткізе айту, ойды бекіте түсуімен тереңдей түсетіні мәлім. Мәселен, «таныған жерге бой сыйлы, танымаған жерге тон сыйлы», «талапты ерге нұр жауар», «қайырсыз болса байдан без, панасыз болса, сайдан без» деген мақал-мәтелдер өмір құбылысын тиянақтай жеткізіп тұр.

Мақал-мәтелдертәрбиелік мәні күшті, балаларды жақсылыққа баулап, жамандықтан аулақ болуға үгіттейтін өнегелі сөз. Сондықтан оқушыларға мақал-мәтелдерді оқытудың тәрбиелік мәні зор.

Жұмбақ – халық шығармаларының ішіндегі ең ескі түрінің бірі және барлық халықтардың ауыз әдебиетіне ортақ. түр. Жұмбақтар формасы жағынан мейлінше көркем болып келеді. Көптеген жұмбақтар поэтикалық диалог түрінде құрылады.

Жалпы жұмбақты - сөз өнерінің кілті есебінде тануға болады. Жұмбақ тақырыбы адамның дүниетану жолындағы шама-шарқын білдіреді.

Жұмбақ өзге ауыз әдебиеті үлгілеріне қарағанда бітмі бөлек, ерекше затты сөз. Мәселен,

Кішкене ғана тостаған,

Лақтырып мені тастаған (үзеңгі) немесе

Мұндағы ой тұспалмен келіп, кейде метафораға да (ауыстыруға) ұқсап та жатады. Жұмбақ -өмірдегі реалды зат пен құбылысты танытудың құралы. Оның айналатын қазығы – сөз (ұғым). Бірақ, сол ұғымға біз төтелей емес, түрліше салыстыру, ұқсастыру жүргізу арқылы келеміз. Жұмбақта абстракция күрделенген, яғни, жұмбақты шешу оңай емес. Өз кезінде Аристотель де жұмбақтың өзгешелігін аңғарып, «говоря о действительно существующем, соединяет вместе с тем совершенно невозможное» деген. Жұмбақтау ертегіде, айтыста да кездеседі, тіпті естірту, түс көру мен оны жору да жұмбаққа құрылып жатады.

Загрузка...

Жұмбақ балалардың өздігінен ойлауына мүмкіндік жасайды, оларды дерексіз ойлаудан нақтылы ойлауға жетелей түседі. Ой-қиялын шапшаңдатады.

Қазіргі кезде мақал-мәтел мен жұмбақтың мәні тереңдеп отыр. Себебі, ұлттық құндылықтар мен халықтың салт-дәстүріне байланысты ықылас өсіп, ұлттық тәрбиенің маңызы артуда.

Көркем әдебиет өзінің бар болмыс-бітімімен халықтың таным-түсінігін, өткені мен болашағын бейнелейді. Әдебиеттің ұлттық ерекшелігі халықтың тарихи дамуымен тығыз байланысты. Оның қайнар бұлағы – фольклорлық мұра. Фольклорлық шығармалардың бүгінге шұрайлысы, мәйегі жетеді десек, ол көркем әдебиеттің сын-сипатын, айшық-бедерін тереңдете түсері сөзсіз

32.Бұқар жырау Қалқаманұлы - қазақ жыраулар поэзиясының алыбы.

Бұқар жырау Қалқаманұлы – XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі. Ол ұзақ өмір сүріп, көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болған қазақ жырауы, мемлекет қайраткері 1668 жылдар шамасында туған. ұқардың арғы тегі Арғын, оның ішінде Төртуыл Қаржас. Бұқардың әкесі Қалқаман жаугершілік заманда ерлігімен аты шыққан батыр болған. Бұқар жыраудың өмірі мен шығармашылығы Арқа өңірімен тығыз байланысты. Бірақ та жастық шағы, қандай өмір өткелдерінен өткендігі, туған, өлген жылдары жайында нақты деректер жоқ. Бұқар жырау ерте кезден көзге түсіп, Тәуке ханның тұсында-ақ (1718 жылы өлген) қабырғалы би болған деседі. Бірақ Абылайға дейінгі билеп келген хандардың ешқасайсымен тіл табыса алмайды. Тек Абылай ханның тұсында жыраудың жұлдызы тағы да жанады, сөйтіп ол хан ордасына оралып, қалған өмірінде мемлекеттік істерге тікелей араласады. Бұқар жырау Қалқаманұлы Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының аумағындағы Далба тауының бір сілемінде жерленген. Бұқар жыраудың шығармалары философиялық-дидактикалық толғау түрінде бізге жеткен. Олар бейнелі суреттерге бай, ұлттық бояуға қанық, көркемдігі кемел. Жырау халықтың дәстүрлі ауыз әдебиетінің үлгілерін шебер пайдалана білген. "Өз заманындағы жандар бұл кісіні көмекей әулие деседі екен. Қара сөз білмейді, тек сөйлесе көмекейі бүлкілдеп жырлай бастайды екен " деп жазады белгілі ғалым, фольклоршы, жыраудың тұңғыш биографы Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Бұқар жырау шығармаларының басты тақырыбы – халқына, отанына деген ыстық махаббаты. Ол отанды сүюге, бір орталыққа бағынған іргелі ел болуға үндейді. Көреген ақын қазақ халқының ұлттық бірлігі қажет екендігін айқын түсініп, бұл тұрғыда Абылайды бірлік идеясын жүзеге асыра алатын қайраткер ретінде жырына қосады, сыртқы жаулармен күресте қазақ жүздерін біріктірер қолбасшы, көзсіз батыр ретінде сүреттейді. Ал егер оның іс-әрекеті халық мүддесіне кереғар келсе қорықпай-үрікпей сын тезіне салады. Жырау шығармашылығындағы басқа бір маңызды тақырып адам табиғатының өзгеруі, дүниенің бір орнында тұрмайтындығы. Бұқарөмірді кезең-кезеңге бөліп, адамның жасы оның санасын, мінез-құлқын, көңіл күйін, күш-жігерін қалай өзгертетіндігін көрсетеді. Оның поэзиясының халық арасына кеңінен тарап, ғақлия, нақыл, афоризмдерге айналуы, мақал-мәтел болып жетуі де көркемдеу тәсілінің кереметтігінде. Бұқар жырау Калқаманұлы шын мәнінде көне қазақ поэзиясының ең тұлғалы өкілдерінің бірі. 1993 жылы жыраудың 325 жылдық мерейтойын атап өтіп. Жыраудың мәңгі есте қалдыру жөнінде айтарлықтай қадам жасалды деуге болады. Бұрынғы Ульянов мамандырылған бірлестігі мен Озерное селосына Бұқар жырау есімі берілген. Кейін, 1997 жылы Ульянов және Тельман аудандары біріктірілгенде, аудан ұлы абыздың атымен аталды. Қарағандыдағы сәулетті көшелерінің бірі Бұқар жырау даңғылы деп аталады. Мерейтой салтанаты үстінде осы көшенің бойында, темір жол вокзалы алдындағы кең алаңда Бұқар жырау ескерткіші ашылды. Ескерткіштің авторы – жерлес мүсінші Мұрат Мансұров. Ал, Бұқар жырау жерленген Далба тауының етегінде халқымыз әулие деп танитын ұлы абыздың кесенесі салынып, ол 1993 жылы 21 тамыз күні салтанатты түрде ашылды. Табаны үш таған болып келетін, биіктігі 12 метрге жететін бұл ғимарат қазақтың ұлттық бас киіміне ұқсас келеді де, кезінде ұлы бабамыз аңсап кеткен үш жүздің, бүкіл елдің бірлігін бейнелейді.