2. Исатай деген ағам бар

3. Тарланым

4. Мінкен ер

5. Мұнар күн

6. Ұлы арман

7. Біртіндеп садақ асынбай

8. Ереуіл атқа ер салмай

9. Арғымаққа оқ тиді

10. Мінгені Исатайдың ақ табан-ай

11. Исатай сөзі

12. Арыстан одан кім өткен? т.б.

(«Тарланым», «Арыстан одан кім өткен,,,», «Мұнар күн» өлеңдерін мәнерлеп оқытып, мазмұны мен мәнін ашқызу)

Акын әсіресе "Тарланым” деген өлеңінде алуан сөз образдарын қолдана отырып, Исатай батырдың сом тұлғасын жасаған. Ең алдымен, Исатайды кол жетпес "таудағы мұнартып ұшкан тарланға” балайды. Акын оның арыстандай кайратты тұлғасына орай көркем сымбатын: "Кермиығым, кербезім, керіскендей шандозым... Қырмызыдай ажарлым”,— деп суреттейді. Исатайдың сыртқы сүлу пішінімен бірге, "теңіздей терең ақылдым, тебіренсе ауыр мінездім” деп, оның сабырлы, ойлы, парасатты жан екенін, тек батыр ғана емес, "хиуадай базарлым” деп, сері екенін де көрсетеді. Оның ақбөкендей ойнаған ақтабан аты да, асынған қаруы да акын назарынан тыс қалмайды.

"Арыстан одан кім өткен?!” Махамбет ел үшін еңіреген ерді аңсаған, соған бар ақындық жүрегін арнаған. Ол: "Асыл ердің баласы, жауды көрсе шыдамай, көзін салар қияға”, — деп, бүкіл поэзиясына ерлікті ту етті. Ақын оның ерлігін "Арыстан еді-ау Исатай, бүл фәнидің жүзінде, арыстан одан кім өткен?!” — деп суреттейді. "Соғыс” деген өлеңінде "жау бір өрттей қайнаған”, жұрт оққа ұшып, оқ қардай борап тұрған сұрапыл ұрыстағы Исатай батырдың қимылын былай суреттейді:

Қабырғасын қақыратқан,

Тебінгісін тесе атқан,

Тізгінінен кесе атқан,

Біздің кайсар батырдың

Жүрегін сөйтіп оятқан...

Махамбеттің Исатайды соншама дәріптеуінің негізгі түйіні — "қызғыштай болған есіл ердің” тек ерлігінде не жолдасты тастамайтындығында ғана емес, сол ерлікті патшаға, ханға, билерге қарсы, еңбекші бұқараны жауыздардың қанды шеңгелінен босату үшін жұмсағандығында. Махамбет Исатайды халық үшін белдескен ер, батыр, ел басшысы, қамқоры етіп суреттейді.

Исатай өліміне ақын қабырғасы қатты қайысады.

Исатай қазасына байланысты өлеңдерінде де ақын оның бейнесін тереңдеп аша түседі. "Мұнар күн” — Махамбеттің батыр өліміне арналған классикалық шығармаларының бірі.

Өлең "Мұнар да, мұнар, мұнар күн” деген жолмен басталады. Күн неге мұнар тартқан? Бойың мұздап кеткендей, "мұнар күн” бір сұмдықтың хабаршысындай, не боп қалды? "Буыршын мұздан тайған күн”. Жаңағы сезімің одан әрі ұлғаяды. Табаны бұдырлы буыршын мұзға тайса, ол — жақсылық емес. Ақын осындай поэтикалық қарама-қарсы өрнектер аркылы окушысын алға жетелейді, оны үлкен бір оқиғаға әзірлейді, көңіліне қайғы бұлтын ұялатып, өзінің негізгі ойына алып келеді.

Махамбет Исатай қазасын бүкіл ел қазасы ретінде көрсетеді. Ақынның: "Ағайынның басы еді, алтын ердің касы еді. Исатайды өлтіріп, қырсык та шалған біздін ел”, "серкесінен айырылып, сергелдең болған біздің ел” деуі де содан. Өйткені Исатай — ел басшысы. Исатай бейнесі ақын жырларында асқан көркемдікпен, шеберлікпен өрнектелген. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиетте адам образын сомдауда Махамбет тамаша шеберлік танытқан.

30.Мұхтар Әуезовтың «Қорғансыздың күні» әңгімесі.

Қорғансыздың күні - М.Әуезовтің 1921 жылы «Қызыл Қазақстан» журналының 3-4 сандарында «Арғын» деген бүркеншік атпен жарияланған алғашқы көркем шығармасы. 1922 жылы Орынборда «Қорғансыздың күні» деген атпен жеке кітап болып шықты. Мұхтар Әуезов осы әңгімені жазғанда өзінің ішкі жан дүниесіндегі қиналған кезін баяндап берген.

Мазмұны

1Қысқаша мазмұны

2Шығарма кейіпкерлері

3Тағы қараңыз

4Дереккөздер