23. Шалкиіз Тіленшіұлы
(1456-1560) - қазақ поэзиясында философиялық бағыттың негізін салушы, жаңашыл жырау.
Жыраудың өмірбаяны. Шалкиіздің ноғайлы-қазақ дәуірінде Орақ, Мамай, Би Темірдің тұсында өмір сүргені.
Импровизатор Шалкиіздің жазбаша сауаттылығын да танытатын толғауларындағы терең ойлылық, суреткерлік шеберлік.
Шалкиіз толғауларындағы қоғам, адам өмірі жайындағы толғаныстар, дүниенің өткіншілігі, өмірдіц өзгеруі, өсу процесінде болатындыгы туралы пайымдаулары.
Шалкиіз жыраудың философиялық ой- толғаныстарынан туғаң терең мағыналы афористік сөздері.
Шалкиіз - әскербасы, батыр.
Шалкиіз поэзиясы - белгілі дәрежеде жаугершілік поэзия. Шалкиіз поэзиясының рухы-ерлік. Шалкиіз толғауларында ұрыс даласындағы батырдың қимыл, қозғалысын жанды суреттер арқылы жеткізу, батыр бейнесінің статикалық күйде сомдалу үлгілері.
Жыраудың толғауларында «бұқарашылдық тенденциясының» көрініс табуы. Жалғыздықтың мансұқталып, бірліктің, туыстықтың дәріптелуі («Артыңда туысқанның көбі игі», «Қамалаған қалың туғанның арқасы»).
Шалкиіздің Би Темірге арналған толғаулары. («Аспанды бұл құрсайды», «Қара бас күспен шалдырып »).
Арнау-толғауларындағы заман тынысы, хан мен жырау қарым-қатынасы. Ханды ұлықтай жырлауы немесе ханға мін айтуы.
Шалкиіздің ақындық шеберлігім танытатын көркемдік тәсілдер.
Шалкиіз - сахара эпосын жасаушылардың бірі.
Шалкиіз тудырған нақыл- афоризмдерді Бұқардың үлгі етуі.
Шалкиіз толғауларындағы жауынгерлік, ерлік рухы Махамбет поэзиясында қайталануы.
Шалкиіз жырау шығармашылығының зерттелуі. Шалкиіз толғауларының Кеңес өкіметі орнағанға дейін-ақ жиі басылып жарық көруі. Шалкиіз шығармашылығының қазақ, сонымен бірге, қарақалпақ, құмық халықтары әдебиетінде зерттелуі жайы.
24.Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіндегі Шұға, Әбдрахман образдары.
"Шұғаның белгісі" повесі 1914-1915ж. жазылып, "Садақ" журналында жарияланды. Жол қысқарту үшін әңгімелесіп келе жатқан екі жолаушының әңгімесінен басталады. Бірі - Қасым, екіншісі - автор. Бұл хикаят суреткерлік шеберлік жағынан қазақ прозасы жанрының биік сатысынан орын алады. Сюжет бірінен соң бірі кезең-кезеңдерімен өрбиді. Қысқа-қысқа он үш тараудан тұрады. Бірінші тарау прологке құрылған, ал сюжет екінші тараудан басталады.
Сюжет кезеңдері.
І. Шығарманың композициясы.
1.Басталуы(экспозиция). Біз екеу едік...
2.Байланысы (завязка). Есімбек аулына алғаш келген Әбдіраһманды Шұғанын тұңғыш көруі.
3.Дамуы(ситуация). Екі ел арасына от салғыш .
4.Шарықтау шегі(кульминация). Құса боп ауруға шалдыққан Шұға.
5.Шешім(развязка). Шұға десе, Шұға еді-ау!...
ІІ. Концептуалдық кесте.
Шығарма аты | Кейікерлер | Қасиеті | Кейіпкерге берілетін баға | Ой–тұжырым, мақал-мәтел |
"Шұғаның белгісі" | Ахмет | оқыған,білімді, шыншыл | үлгілі | "Білімдіден шыққан сөз,талаптыға болсын кез" |
Шұға | сұлу,нәзік,ғашық | үлгілі | "Қыз өссе-елдің көркі..." | |
Есімбек | бай,сөзге ергіш | қанағат | "Бай болсаң,еліңе пайда тисін". | |
Қасым | жолаушы,шыншыл | жақсы | "Жолдың мәнін жолаушыдан сұра" | |
Айнабай | Пәлеқор | нашар | "Надан адам өлі жағын білмейді" | |
Зәйкүл | адал ,сырлас дос | жақсы | "Аққуды атпа, досыңды сақта" | |
Базарбай | адал, мейірімді,әдепті | өнегелі | "Інісі бардың тынысы бар" |
Әңгімеде келтірілгендей Шұға образы былайша суреттеледі: «Ажары қандай болса, ақылы да сондай. Жеңілдік дегеннің не екенін білген бала емес. Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі қандай, біртүрлі паң еді-ау, шіркін... Бұл күнде ондай қыз қайда. Ажары тәуірлеу біреу болса, соны көтере алмайды ма, білмейсің, ешкіге құсап шошаңдап жүргені. Заман бұзылған ғой... Ия... Осы күнгілердің бір тапқаны, қызды оқыту керек дейді. Сол Шұғалар хатты зорға танушы еді. Сонда да осы күнгінің оқыған он қызына бергісіз еді. Айнала айтқанда, Құдай сана берсін десейші...»
Белгілі ғалым, қытайтанушы ақын Дүкен Мәсімханұлының сөзімен айтқанда қазақтың көркем прозасы әлі қалыптасып үлгермеген уақытта, жаңа, еуропалық үлгідегі проза жанрын салған жерден мұндай үлкен көркемдік деңгейде көрсету тек Бейімбет сынды хас таланттың ғана қолынан келеді.
25. Әңгіме жанрын таныту жолдары
Әңгіме жанры – прозаның шағын түрі. Онда оқиға, кейіпкердің іс‑әрекеті қысқа болып, уақыт жағынан да аз мерзімді қамтиды. Әңгіме жанрының осы қасиеті тыңдаушылардың оны тез игеріп, түсінуіне жағдай жасайды. Алайда, бұл әңгімені жеңіл деп, үстірт оқыту дегендік емес. Керісінше, оқушылар әңгіме жанрынан бастап, көлемді прозалармен танысады. Ендеше, әңгімені мұқият меңгерген оқушы повесть, роман жанрларын талдауды тез игереді. Мұғалім осы үлкен прозаның бастауы болатын әңгімені меңгертуге көп көңіл бөлгені жөн. Оқушылардың мәтінді түсініп, нақты сюжетті меңгеруінде жоспардың атқаратын ролі айталықтай. Мұғалім жоспарды екі жолмен ұсына алады. Жоспарды оқушыларға дайын күйде алдын ала беріп, сол арқылы әңгіменің сюжетін ашып, рет‑ретімен баяндауға жол салуына болады немесе мұғалім мәтін мазмұнын аша отырып, оқушылармен бірлесе жоспар құрады. Мәселен, Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері бойынша бірнеше жоспар жасайық.
“Бақша ағаштары” әңгімесі.
Жоспар
Әке мен бала.
Баласының әкесіне қойған сауалы.
Әке сөзінің ғибраты.