21.Әбділда Тәжібаев өмірі мен шығармашылығы.

Әбділда Тәжібаев (1909-1998 ж. т.) - ақын, драматург, әдебиет зерттеуші ғалым. Филология ғылымының докторы, проф., Қазақстан Республикасының халық жазушысы.

Оның «Жаңа ырғақ», «Аралдар», «Кешеден бүгінге», «Жартас», «Жаңа өрімдер», «Құрдастар», «Толағай» және 5 томдық жыр жинақтары жарық көрген. «Майра», «Жартас», «Жалғыз ағаш орман емес», «Көңілдестер», «Той боларда», «Дубай Шубаевич» т. б. пьесалары қойылған. «Өмір және поэзия», «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы», «Жылдар, ойлар» т. б. зерттеу еңбектерін жазған.

Әбділда Тәжібаев 1909 жылы Ақмешітте (қазіргі Қызылорда қаласында) дүниеге келген. Әкесі Тәжібай 1915 жылы қайтыс болады да, шешесі Айманкүлдің қолында қалған. Жағдайына байланысты алты жасар Әбділданы қала сыртындағы Қараөзек деген жерде тұратын төркініне алып кетеді. Содан болашақ ақын он үш жасына дейін шешесі Айманкүл мен нағашы атасы Далдабайдың тәрбиесінде өседі. Жас Әбділданың өлеңге, әдебиетке деген құштарлығын оятқан да өз анасы мен нағашы атасы болады. Айманкүл араб, парсы тілдерін жақсы білетін сауатты, көзі ашық, көңілі сара кісі екен, Әбділдаға өзі хат танытып, әдебиет үлгілерін оқытып үйретеді. Кейін белгіліхалық ақыны болып, өлеңдер жинағы да жарық көрген Әбділдаға шешесі Айманкүл, ол кезде әкесі Далдабай қарттың өтінішімен ауыл адамдарына Шығыстың қиссалары мен қазақтың неше алуан жыр-дастандарын оқып беріп отырған. Соларды қыбыр етпей, құмарта, үнсіз тыңдаушыларының бірі – Әбділда болған.

1922 жылы Қызылорда қаласында жаңадан ашылған жетім балаларға арналған интернатқақабылданып, сауаттылығының арқасында бірден интернат жанындағы бастауыш мектептің 3-сыныбынан бастап оқып кетеді. Әбділданың алғашқы өлеңдері осы интернаттың қабырға газетінде жарияланады. Одан кейін Шымкенттегі жеті жылдық мектепте, 1929-1932 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогика институтында оқиды, 1953-1956 жылдары Мәскеудегі жоғары әдебиет курсын бітіреді. Еңбек жолын "Еңбекші қазақ" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінде алдымен пошта тасушы (1926), содан кейін корректор болып істеген (1927-1928) ол небары 4-5 жылда "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас алаш") газеті редакторының орынбасары (1932-1934) дәрежесіне дейін көтеріледі. Әбділданың "Жұмысшының гудогі" өлеңі 1926 жылы "Жұмысшы" газетінде басылады. Бұл – оның баспа бетін көрген тұңғыш туындысы. Әрі қарай өлеңдері "Жұмысшы" және "Еңбекші қазақ" газеттерінде шығып тұрады. Жиырма бес жастағы Әбділда 1934 жылы Қазақстан жазушылар одағының хатшылығына, ал 1939 жылы оның төрағалығына сайланады.[3] 30-жылдары ақын көп оқу, тынымсыз іздену үстінде өндіре де жазады, шығармаларының көркемдік сапасы жағынан да айтарлықтай биікке көтеріледі. "Жаңа ұрпақ" (1935), "Лирикалар" (1936) деп аталған жинақтары бірінен соң бірі жарық көреді. Белгілі "Оркестр", "Абыл", "Толағай" сынды романтикалық поэмалары мен М.Әуезовпен бірігіп жазған "Ақ қайың" деп аталатын тұңғыш пьесасы да сол жылдардың жемісі. Қазақ әдебиетінің сол кездегі маңдай алды таланттарының біріне айналған Әбділданы дарын сырын танығыш көреген М.Әуезов: "Қазақ поэзиясына әсерлі, сапалы көркем бір ағым кіргізіп келе жатқан ақын" деп (1939) бағалайды. Ә.Тәжібаев 1945-1948 жылдары Қазақ ҚСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының Жамбыл бөлімін басқарады. "Қазақ әдебиеті"газетінің бас редакторы болады. 1963 жылыҚазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты және Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болын сайланады. Филология ғылымының докторы Ә.Тәжібаев жазушылығына қоса біраз жылдар М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданып, өмірінің соңғы жылдарын бірыңғай шығармашылыққа арнайды. Қарт ақын Ахмет Байтұрсынұлы бастаған арыстарымыздың ақталғанын көріп, тоталитарлық жүйенің сеңі бұзылғанын сезініп, 1998 жылы 90-ға қараған шағында дүние салды.[4]

22. Жазушы өмірбаянын, шолу тақырыптарын оқыту.

Шолу тақырыптары 9-11 сыныптар бойынша беріледі.

Әдеби құбылыстарды тарихи-қоғамдық-мәселелер, ауқымды қарастыруда, үлкен бір кезеңдегі әдеби дамулар мен жағдайларды қоғам сипаты, оның саяси-әлеуметтік бейнесімен бірге түсіндіруде бұл тақырыптардың маңызы ерекше.

Бағдарламада берілетін сағат санының аздығы, бірақ шолулардың ауқымдылығы, маңызы оны оқытудың өзіндік күрделілігін көрсетеді. Шолуларда ең алдымен тарихи-саяси мәселелер, қоғам дамуының жалпы сипаты беріледі, ары қарай мәдениет, әдебиет, өнерге олардың әсері сөз етіледі. Әдеби бағыттар, жанрлар, ағымдар туралы айтыла отырып, ақын-жазушылар шығармашылығы (сол кезеңдегі), олардың негізгі жетістіктері әңгімеленеді. Қай ақын-жазушы болмасын, ол-өз дәуірі, өз қоғамының бел баласы, соның өкілі. Олардың еңбектері, өздері өмір сүріп отырған қоғамды, оның тыныс-тіршілігін, бейнесін сөз өнерімен берулері, сол кезеңге байланысты әдебиеткн қосқан үлесі шолу түрінде беріледі. Соңғы кезеңдердегі тарихи өзгерістер, өткен мен қазіргіге жаңаша көзқараспен қарау шолу тақырыптарын өтуде мұғалімге маңызды жұмыстар жүктейді. Ол қандай жұмыстар?

Халқымыздың тарихи түбірімен қайта қарастырылуда, бағалануда. Ол жөнінде біршама (тарихшылардың) зерттеу еңбектері басылуда. Мысалы, Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс тек шаруалар көтерілісі ғана емес, оның ұлт-азаттық сипаты да дәлелденуде. Тарихи шындық бұрмаланып, екі жарым ғасырдан артық «Қазақстан Ресейге өз еркімен қосылған» деген бір жақты пікірлер айтылып келген, қазір ол туралы нағыз шындық беті ашылуда. Хан болса, би-сұлтан болса, бәрін «жау», бәрін «қанішер» деген ұғымнан арыла бастадық. Кейбір ақын-жыраулар да кертартпа, сары уайымшыл, ескіні көксеушілер, ұлтшылдар деген қарғыбаудан босатылып жүр. Міне, қоғамымыздағы осындай ұлы өзгерістер енді әдебиетке де мүлде жаңа козқараспен қарау идеясын өзінен-өзі әкелуде. Ақын-жазушы, жыраулар, тіпті ауыз әдебиетіміздің де тамаша туындыларын қайта қарастыру, сөз өнерінің нағыз саф алтындарын тарихымызға әкелу, әрі оқу бағдарламаларына енгізу қасиетті борыш. Сол себептерден де мұғалім бағдарлама, оқулық қашан қайта жасалады деп отырмай, әдебиетті оқыту мәселесіне жаңаша қарау керек. Соның ішінде әдебиетті тарихи кезеңдермен байланыстыра берілетін шолу тақырыптарының мазмұны, берілетін білім жүйесін қайта шолу, саралау әр мұғалімге үлкен жауапкершілік артады. Материалдар жинақтау, оларды оқулықтағы материалдармен байланыстыру, тиімді әдіс-тәсілдерді сұрыптау, материалдың күрделілігі, маңызын ескере отырып, оны оқушыға жеткізудің жеңіл, қонымды жолдарын дөп басып табу-тек шеберлікті ғана емес, талмай іздену, терең білімді де қажет етеді. Сабақ мазмұнын, онда берілетін білімді тәртіпке келтіре отырып, енді оны балаға жеткізудің тиімді, қонымды деген әдіс-тәсілдерінен іздену қажет.

Сонымен шолу тақырыптарын өтудің тиімді әдіс-тәсілдері, жолдары қайсы,мұғалім ең алдымен қандай мәселелерді басшылыққа алу керек,неден бастау керек? Қай шолу тақырыбында болсын, қамтылатын материал ауқымы кең де,керісінше,оны өтуге бөлінген уақыт тапшы. Әдебиетті оқытуда шолу тақырыптарының бір маңызы сол, ол бүкіл кезең әдебиеті туралы оқушыларға алдын ала хабар береді, жан-жақты түсінік жасайды.

Осы мол да маңызды материалдарды мұғалім іріктеп, сралап, ең негізгі, ең маңызыды мәселелердің дәнән, түйінін бөліп ала білу керек. Сабақ алдында «бүгінгі сабақтың ең маңызды мәнді мәселелері», «Нені міндетті түрде білу керек?» деген кесте-плакатты пайдалануға болады.

Үлгі:

XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті

Бүгінгі сабақтың ең маңызды, мәнді мәселелері – сол кезеңдегі тарихи-әлеуметтік жағдайлар:
а) Кең-байтақ қазақ өлкесі ресей империясының құрамында. Қазақстан Ресейге өз еркімен қосылды ма? Соңғы кездегі тарихи шындықтар туралы жаңалықтар; ә) Әлеуметтік, мәдени, әдеби байланыстар, оның прогрессивтік маңызы; б) Әдебиетте ағартушылық, демократтық, гуманисттік, азаматтық бағытының өрістеуі. Реализм әдісінің, сыншыл реализмнің қалыптасуы. Өрлеу дәуірінің басталуы (әдебиетте)
Ғылымның, педагогиканың, мәдиниеттің өрістеуі, олардың ірі өкілдері:
а) Ш. Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы, қазақтың төл ғылымының негізін салушы, этнограф, тарихшы, тілші, әдебиетші, фольклорист, суретші, заңгер, географ, саяхатшы, ағартушы, демократ; ә) Ы. Алтынсарин – қазақ педагоаі, жаңа оқыту саласының негізін салушы. Жазушы, ақын, аудармашы, балалар әдебиетінің атасы, ұлы гуманист, демократ-ағартушы; б) А.Құнанбаев - қазақтың классикалық әдебиетінің шұғылалы шыңы, көркем, жазба әдебиетінің,әдеби тілінің негізін салушы, Батыс,Шығыс, орыс әдебиеті, мәдениетін халқына таратушы,ойшыл-философ, ғажап аудармашы, қазақ әдебиетіне түбірімен өзгеріс әкелген жаңашыл ақын, сыншыл реализм әдісінің негізін салушы, гуманист, демократ-ағартушы.
Халық ақындары: Шортанбай, Мұрат; Кердері шығармашылы лықтары:
а) халықты қанаушылар, байлықтың құлдарын өлтіре сынауы; ә) патшаның отарлау саясатына, қарсы ұлтжанды үндері, Ресейге қосылудың шынайы, көлеңкелі жақтарын ашына жырлауы; б) осы ақындар туралы әр түрлі пікірлер. Соңғы тарихи шындыққа негізделген бағалар, ойлар.
Абайдың ақындық мектебінің қанат жаюы ( Ақылбай, Мағауйя, Әсет ақындар туралы
-Әнші, ақын, композиторлардың бір тобы. Ән өнері, музыка мәдениетінің дамуы. Біржан сал, Жаяу Мұса шығармашылығы. - Әдеби бағыт, реализм, сыншыл реализмнің көркем әдебиет әдісі ретінде дамуы. Реализмнің сыншылдық, ағартушылық, гуманистік, азаматтық сипаттары. Прогрессивтік романтизмнің де бой көрсетуі, оның маңызы.