16.Жүсіпбек Аймауытовтың педагогикалық зерттеу еңбектері

Қазір халықтың рухани жаңаруына, Жанымыздың тазаруына қызмет етіп жатқаны сүйіндереді. Сол бастауларымыздың бірі - Жүсіпбек Аймауытов.

Ұзақ жылдар бойы жазықсыз жапа шеккен, қазақ руханиятының көрнекті қайраткерлерінің бірі Ж.Аймауытов - жазушылығымен қоса, қазақ топырағында тұңғыш педагогика, психология, көркемөнер ғылымдарының саласында қалам тартып, құнды-құнды ғылыми зерттеу еңбектерін жазумен, бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы болуымен дараланған тұлға.

Ж. Аймауытов өзінің тәлім-тәрбие саласындағы бағыт бағдарын 1918 жылы ақпан айында Семей қаласында шыққан әдеби және ғылыми –қоғамдық « Абай» атты журналдың бас мақаласынан аңғартады. Онда Аймауытов: « ... қазақ сахарасында мыңмен жалғыз алысып, жапа шеккен ағартушы Абайдың көздеген мақсаты халқын өнер-білімге, оқуға, отырықшылыққа, мәдениетті ел дәрежесіне жеткізу еді», - деп жазады. Ол Абай ұстанған гуманистік жолды өзінің тыныс- тіршілігінің өмірлік арқауы етіп алады. Осы журналдың 1918 жылғы 1,2-сандарында жарияланған Ж. Аймауытовтың «Тәрбие» атты көлемді мақаласында тәлім – тәрбиелік ой-пікірлері ғылыми тұрғыда терең баяндалған.

Адамның Жоғары Рухани Әлемінің ашылмауына, Ж.Аймауытов Тәрбиенің дұрыс болмауын себепкер етеді. Ж.Аймауытов: « Адам мінезінің, ақыл-қайратының әртүрлі болуы тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан... адам баласының ұрлық істеу, өтірік айту, кісі тонау, өлтіру сықылды бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенің жетіспегендігінен»,- дейді [3]. Ол тәрбиенің екі түрлі болатынын жан тәрбиесі және дене тәрбиесі болып бөлінетіндігін көрсетеді.

Жан тәрбиесінің маңыздылығын алдымен отбасы түсінуі керектігін баса айтады. Ж. Аймауытов балаға әсер ететін медресе және тәрбиеші деп санайды... «Кейде, - деп жазды ол,- белгісіз себептермен күшті ықпал ететін, әсер туғызатын жағдайлардың да болуы ықтимал. Ол замандастары ( құрбы- құрдастары), туған ауылы, өскен ортасы, оның діні, тілі һәм басқа да нәрселер» деп, тәрбие мәселесіне ықпал ететін факторларды тізбектеп талдайды.


Ж.Аймауытовтың педагогика ғылыми саласындағы жүйелі ой пікірлері оның 1924 жылы Орынборда басылған « Тәрбиеші жетекші» атты еңбегінен жақсы байқалады. Бұл еңбекте Ж.Аймауытов «мұғалімнің айналысатыны – үнемі қозғалып, өзгеріп өсетін, өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі әдіспен табан аумай шектеліп қалуға болмайды... Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер...», - деп, оқыту, білім берудің де қасиетті өнер екендігін көрсетеді [

қажеттігін баса айтады.

Сонымен қатар Ж.Аймауытов адамның өз ұлтына ғана қызмет етуі – өзімшілдіктің бір көрінісі, халықтар тек өз ұлтының шеңберінде қалмауы тиіс, өмір өзі оған жол бермейді, ұлтшылдықтың өзі адамгершілікке жатпайды деген пікірлерін айтқан. Бұл пікірлері әр адам өз ұлтын жақсы көре отырып, басқаларды да өз ұлтындай, өз бауырындай Сүйіспеншілікке бөлеудің маңыздылығын айқындай түседі. Ж.Аймауытовтың мол мұрасы, Даналық ойлары Сұрақтарына жауап іздеген әр Адам үшін құнды. Даналар өздері кетсе де Сөздері, Істері, Мейірімге толы ойлары Адамзаттың Ақиқатты іздеу жолындағы Шамшырағы іспетті. Рухани-адамгершілік білім бастаулары, Рухани ұстаздарымыздың тағлымдарын зерделеп, өскелең ұрпаққа жеткізе білу кез-келген ұстаздың басты міндеті болмақ.

17. Асан қайғының толғаулары:«Таза мінсіз, асыл сөз» толғауы.

Асан қайғы Сәбитұлы (14 ғ-дың ақыры — 15 ғ-дың басы) —мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Керей мен Жәнібек хандардың ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда обл. Шиелі ауд. “Жеті әулие” қорымындағы Асан ата кесенесі А. Қ. мазары делінеді.

А. Қ. заманында Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қырым, Қазан, Өзбек хандықтары пайда болды. Ноғай ордасы тарап, Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуы хандықтар арасындағы қым-қиғаш талас-тартысты аласапыран кезеңмен тұспа-тұс келді. Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған “көшпелілер философы” (Ш.Уәлиханов) атанған А. Қ. “өзінен қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман аңғарынан да бірталай көрініс, білік-дерек береді” (М.Әуезов). А. Қ. қазақ халқы ұсақ хандарының басын біріктіріп, іргелі ел етпек болған Керей, Жәнібек сұлтандарды жақтайды. Шу мен Арал аралығында Қазақ ордасы құрылған кезде А. Қ. жаңа мемлекеттің ұраншысына айналады.

Ішкі саясатта жер-су, жайылым, қоныс үшін қақтығыстар мен қайшылықтарды реттеу, ел-жұртының хал-ахуалын жақсарту мақсатында А. Қ. хан алдына өзінің “ымыраға келу теориясын” ұсынған. Хан мен қара бұқара арасындағы қарым-қатынасты ушықтырмай, әділет тұрғысынан шеше білген. Сыртқы саясатта халқының өсіп-өркендеуіне ұйтқы болып, қазақ қоғамының үлгісін жасаған. Ол іздеген “Жерұйық” шұрайлы қоныс қана емес, елін, жұртын сыртқы жаулардан қорғайтын жол, жаңа қоғамның үлгісі, қазақ халқын тарих сахнасында сақтап қалу бағдарламасы. А. Қ. осы тарихи ойларын хандармен, сұлтандармен, билермен, әсіресе, Жәнібек ханмен арпалысып жүріп, іске асырмақ болған. Елі мен жұртының болашағы туралы қатты қайғырып толғанған абызды халық А. Қ. деп атаған. Ол жаңа хандыққа үлкен үміт артып, қазақ халқының бақытты болашаққа жетуін көксеген. Осы мақсатты көздеп ол сол хандыққа қазақ руларының түгелдей енуіне күш-жігерін жұмсаған. А. Қ. елінің сулы-нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып, “адамы жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін” мамыражай, еркін өмір сүруін аңсады. Бұл мұратын жырау “Жерұйық” деп атады. Алты атанға жүк артып, алты жыл жайлы қоныс қарап, қазақ жерін түгел шолып шығады, әр қоныс, мекенге байыпты сын, баға беріп отырады. Бұл бағалары әлі күнге дейін ел аузында ұмытылмай айтылып келеді. Жыраудың “Жерұйықты” (кейде “Жиделібайсын” делінеді) іздеуі атақты Томас Мор “Утопиясы” (1516 ж.) Томмазо мен Кампанелланың “Күн қаласы” шығармасындағы (1602 ж.) қиял-армандарымен ұштасып жатыр.

Жыраудың бір алуан толғаулары Әз Жәнібек ханға арналған.

Таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады, Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады. Су түбіңде жатқан тас – жел толқытса шығады, Ой түбінде жатқан сөз – шер толқытса шығады. Асан қайғы

18.Сәкен Сейфуллин лирикасының негізгі арналары.

Қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушы жалынды ақын, айбынды күрескер, қоғам қайраткері СәкенСейфуллиннің өмір жолы мен өнерпаздығына көз салғанда қазақ тарихының ұлы өзгерістерінің көп қырларын аңғарамыз.

Сәкен қайраткерлігіне бір арнадан қарап, бір жүйеде баға беру дұрыс болмайды. Қазақтың мақтанышына айналған азаматтың өр тұлғасынан талай өнер үлгілері тарамданады.

Коммунистік партия мен Кеңес өкіметіне сеніп, оның жолын әділдік, теңдік жолы деп ұққан Сәкенбасшылық тарапынан саясатты бұрмалаушылық көрген тұста, өзінің ой сезімін іркіп қалмағандығына тарих тағылымы біздің көзімізді жеткізді. Ол әрқашан пікірін ашық білдіріп отырған.Ол «ұлттардың өзін-өзі билеуі» деген Ленин қағидасына құлай сенген. Қазақстанда ұлт өкілдерін «ұлтшылдықпен» айыптап, қорытқысы келгендерге ашық наразылық білдірген. Бұған дәлел-оның 1923 жылы Ярославскийге жазған хаты. Ол Қазақстан үкіметінің басшысы боп жүргенде қазақ тілін мемлекеттік тіл етіп жариялау, мемлекеттік іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу, қазақ тілінде кітаптар, газет журналдарды шығаруды ұлғайту мәселлерін көтерген.

«Қырғыз» аталып келген ұлттың «қазақ» екенін дәлелдеген де – осы Сәкен Сейфуллин. Ол 1923 жылы «Қазақты қазақ дейік, қателікті түзетейік» деген мақала жазды . Мақаласында ол: «бүгінге шейін қазақты орыстар киргиз деп келеді,… киргиз дегенде бір түрлі менмендік қиянатпен, қорлаған мазақпен айтатын» -деп ашына жазады.

1923 жылы 9 маусымда «Кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізу керек» деген атақты мақаласын

Сәкен лирикасы тақырыптық және жанрлық сыр-сипаты жағынан әр алуан. Ол туған даланың табиғатын, өлмес махаббатты, көңіл-күй әсерлерін жырлады. Соның бәрінде ақын адамның сезім күйін қоғамдық өмірмен тығыз байланыста көрсетті. Бұған дәлел -оның төңкерістен бұрын жазған өлеңдері.

Жаңа дәуірдің лирик ақыны ретінде Сәкен өз шығармашылығында осы халықтық гуманизм мен демократизмді дамытушы болды.Сәкеннің табиғат туралы өлеңдері қазақ кеңес әдебиетінде табиғатты жырлаудың жаңа ұстанымын қалыптастыруға ықпал етті.Ол табиғаттың әсем жыршысы атанды. Көкшенің сұлу суреті осы күнге дейін оқырман ұғымында Сәкен есімімен сақталып келеді. Бұл тақырыпқа ақын көптеген өлеңдер жазды.

Туған даланың сұлу табиғаты мен адал махаббатты бірлікте алып жырлауда Сәкеннің «Аққудың айрылуы» поэмасының ерекше маңызы бар. Үлкен гуманистік идеяны уағыздайтын романтикалық сарындағы махаббат туралы—бұл аңыз

«Аққудың айырылуы» поэмасы шын мәнінде кімнің болсада көркемдік талғамына жауап беретіндей деңгейде дүниеге келді. «Аққудың айырылуын» лирикалық поэма дейміз, себебі мұнда бір мезеттік сәт қана суреттеледі. Қос аққу айдын көлде мәз-мейрам болып жүргенде қаныпезер сұр мерген біреуін атып алып, сыңарын қайғы-қасіретке батырады. Шын ғашықтық сезімнің қуатты күші жалғыздық пен өмір сүре алмайтынын сезінген кезде екінші аққу сұр мергеннің алдына асапаннан құлдилап келіп құлайды. Сүйгеніне қош деп қанатын бір қағып мәңгілікке көз жұмады.Адал махаббат туралы осы аңыздың үлкен гуманистік идеясы шын сезімді, достықты қадірлеуде, сұлулықты сүюде жатыр. Лирикалық поэманың көркемдік қуаты күшті, әсері мол болды.

19.Мазмұндау, олардың түрлері.

Мазмұндау, олардың түрлері. Орта буын сыныпта әдебиетті оқытудағы негізгі жұмыстың бірі – оқушы тілін дамыту, ойын ауызша жүйелі айта білуге дағдыландыру. Мазмұндаудың бірнеше түрлері бар.

1) мәтінге жуық мазмұндау. Бұл көбіне ықшам мәтіндерге қолданылады. Мәселен, Ғ.Мүсірповтің “Ер ана” әңгімесін мәтінге жақын мазмұндау үстінде ондағы оқиға сюжет желісі сақталып, автор қолданған сөз тіркестері, қанатты сөздер, мақал‑мәтелдер тізбесі, сол сияқты пейзаж, портреттерді келтіре отырып мазмұндалады.

2) Көркем шығарманың мазмұнын қысқаша мазмұндау көлемді мәтіндерге қатысты. Онда оқушыдан өзі толық меңгерген шығарманың мазмұнын ықшамдап айту талап етіледі. Мәселен, повесть, роман жанрларының бөлімдері бойынша негізгі мәселелер жинақталып айтылады. Бұл мазмұндау оқушыларға мәтіннің негізгі түйінін ұғып, түсініп айта білуге дағдыландырады.

3) Шығарманың жағын өзгерте мазмұндау. Бұл оқушыға мәтінді жақынырақ түсінуге көмектеседі. Мәселен, С.Мұқановтың “Өмір мектебі” романы, Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” повесі бірінші жақтан баяндалған. Соны үшінші жақтан баяндатса, оқушы автор мен кейіпкер қатынасын ажыратып, кейіпкер бейнесін терең ұға алады.

Қандай мазмұндау да оқушыға көркем шығарманы толық, ретімен айта білуіне, автор ойын кеңейтіп, өз сөздерімен, түсіне баяндауға жол салады.

Осы мазмұндау мен талдау жұмыстарын толыққанды жүзеге асыруда мәтінге құрылатын жоспардың мәні үлкен. Орта сыныптан бастап, көркем шығармаға жоспар құрудың екі түрі қолданылады.