7юКөрнекіліктің түрлері және оны пайдалану жолдары
Көрнекілік – педагогикадағы дидактикалық тәсіл. Ол ақпараттың, дәрістің, үгіт-насихаттың, жарнаманың танымдылығы мен пәрменділігін арттыру жолы, оқытуда заттар мен құбылыстардың әр қайсысының өзіне тән жаратылыс бітімін, әр қилы сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы байқау, қабылдауға баулидыКөрнекіліктің үлгілерін пайдалануға Ы.Алтынсарин зор көңіл бөліп, “Қазақ жастары ғылым-өнерді кітап сөзі деп қана қарамай, заттай көзімен көріп, ажырата білуін” мақсат етіп қойды. Қазіргі оқу жүйесінде жанды-жансыз табиғат объектілерін байыппен байқаудың, сурет, өрнек, көркемөнер туындыларын, графикалық материалдарды заттай пайдаланудың мәні зор. Қазіргі дәуірде ғылым, техника, көркемөнер салаларында мол дамыған шынайы деректерді, т.б. едәуір күрделі бейнелеу мүмкіндіктерін пайдалану үшін түрлі кабинет, арнайы жұмыс орындары – кабиналар ұйымдастырылды. Осыған орай оқу барысында кинопроекторлар, кинофильмдер, теледидар, оптикалық аспаптар, түрлі механизмдер, дәлдік өлшеу-есептеу машиналары, т.б. көрнекі құралдар қолданылады.
Көрнекілік әдебиет пәнін оқытуда қолданылатын маңызды дидактикалық материалдың бірі ретінде, мектеп практикасында үнемі қолданылып келеді. Көрнекілік сабақ материалымен тығыз байланыста болу керек. Көрнекілікті қолдану оқушылардың психологиялық белсенділігін, сабаққа деген қызығушылығын жоғарылатып, материалдарды терең ұғуына, есте сақтауына көмектеседі. Көрнекілікті сабақтың кез келген бөлігінде қолдануға болады. Яғни, жаңа материалды түсіндіруде, бекітуде, бақылау және қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Көрнекіліктер шартты түрде екіге бөлінеді:
көру көрнекіліктері;
есту көрнекіліктері.
Көру көрнекіліктеріне сызба, үлестірмелі кеспе қағаздар, оқулық, кітаптар, буклеттер, экранды және техникалық құралдар жатады.
Есту көрнекіліктеріне техникалық құрал түрлері, қосымша материалдардан алынған әңгімелеу жатады. Көрнекі құралардың қолдану тиімділігі жоғары болғаны жөн. Ол тек сабақты сырт түрлендіру рөлін атқармай, мұғалімнің беретін ақпаратын еселеп, көрнекі түрде жеткізе алатын тірек болуға тиіс. Мектепте көрнекілікті қолданудың өз тәртібі бар. Алдымен, көрнекілік оқушыға эстетикалық әсерлілігі, мазмұндылығы тұрғысынан ықпал ету керек. Көрнекілік сыныптағы оқушылардың қай қатарда отырса да, бәріне бірдей айқын көрінетіндей болғаны жөн. Әр сабақта көрнекілікті пайдаланудың реті, көлемі сақталуға тиіс. Бір тақырыпқа бірнеше көрнекілік түрін үстемелей қолдану, оқушыларға олардың бәрін түсінікті ете бермейді. Көрнекілік оқушылардың жаңадан танысуға тиісті тақырыбына тың ақпарат, көрнекілік тұрғысында қабылдауына әсер ету керек. Көрнекілік түрін мұғалім сабақтың нақты мақсатына сай әзірлеп, оны сабақтың тиісті бөлігінде қолданып отырады. Оқушы көрнекілік арқылы әдебиет пәнін басқа ғылым, өнер түрлерімен байланыстылығы туралы, өтіліп жатқан материал жөнінде жан‑жақты мағлұмат алады.
8.Тәуелсіздік кезеңіндегі фольклордың жай-күйі. Айтыс туралы жалпы түсінік.
Қазіргі дәуір фольклоры. Фольклордағы өзгерістер., көне жанрлардың тағдыры. Кеңес дәуіріндегі пайда болған ауыз әдебиетінің үлгілері және оның мазмұны. Буржуазиялық және пролетарлық мәдениет ұғымы. Ауыз әдебиетінің кеңестік идеологияға бейімдеудің себеп-салдары мен зардаптары. Төңкерістік дүниетаныммен туған өлеңдер.
Тәуелсіздік кезеңіндегі фольклордың жай-күйі. Дәстүрлілік пен даралық. Айтыстың дамуы. Мақал-мәтелдердің өркендеуі. Фольклор мен көркемөнердің байланысы. Қазіргі халық ақындарының шығармашылығы. Жыршылық – жыраулық дәстүрдің қайта жандануы. Балалар фольклорының даму ерекшеліктері.
Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.[1] Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған.[2]
Айтыстың түрлері.Қазақтың ауыз әдебиетінде айтыстың бірнеше түрі бар:1. Бәдік;2. Жар-жар;3. Жануарлар мен адамның айтысы;4. Өлі мен тірінің айтысы;5. Жұмбақ айтысы;6. Салт айтысы – қыз бен жігіттің айтысы; ақындар айтысы;Бұл айтыстардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі және өзіндік мәні бар.Бәдік айтысы.Айтыстың бұл түрі – айтыс жырларының көне түрі. Ол адамның табиғаттың жұмбақ сырына түсінбеген кезінде, шаманизм дін нанымына байланысты туған. Сонау ерте-ерте заманда адам мал ауруының да, адам дертінің де иесі бар деп ойлаған. Сол дерттерден арылу жолын іздеген.Сол аурудан құтылу амалы оның иесі – бәдікті үркітіп, көшіру керек. Ол үшін кешқұрым ауыл жастары жиналып, кеш өткізетін болған. Бәдікті сөзбен арбап, қорқытып, үркітіп, қашыру керек. Жастар екі жақ боп «бәдік» айтатын болған.Жұмбақ айтысы.Айтыстардың ішінде ерекше орын алатын түрі – жұмбақ айтысы. Сондықтан ұсақ нәрселерден бастап жұмбақ етіп, қиынға көшу, өзінше сол ойсананы өрАлуан өмір құбылыстарын түсіну, білу, білмегендерді соған жетектеу, әсіресе жастардың ойсанасын кеңейту тілегінен туады. істету, ойлауға дағдыландыруды мақсат етеді. Жұмбақтардың өзі сияқты, жұмбақ айтысы да ұйқасқа құрылады. «Жұмбағым жұтылды, ыққа қарап құтылды». Бұл – бастапқы қысқа түрі. Ал кілең өлеңмен келетін ұзақ түрлері – соңырақ туған әрі адам санасының марқайған кездегі түрі. Жұмбақ айтыста кез келген ақын бел байлап айтысуға шыға алмайды. Бұл айтысқа түсу үшін, өз жанынан өлең шығара білу жеткіліксіз. Сонымен қатар ақын өмірдің барлық саласынан хабары бар, білімді адам болуы керек. Жұмбақ айтыста жұмбақ берушінің не нәрсені жұмбақ етемін десе де еркі бар. Өмірдің әр құбылысын алып, бейнелеу түрінде жұмбақ ете береді.Салт айтысы.Салт айтысы екіге бөлінеді: қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы. Қыз бен жігіт айтысы. Қыз бен жігіт айтысы көбіне ойын-тойда айтылады. Ойын-тойдың бір бөлімі болып кіруі оның салт өлеңі екендігін айқындайды. Әдетте, қыз бен жігіттің айтысы ақынды талғамайды, ақындығы жоқ жігіттер де, қыздар да үйреншік, жаттамалы өлеңдермен айтыса беруі мүмкін. Бірақ кейде ақын жігіт пен ақын қыздың не әдейі кездесіп, не кездейсоқ ұшырасып айтысатыны да болады. Қыз бен жігіттің айтысы – салт айтысының жоғары сатысы деп есептелетін ақындар айтысының даярлығы, соның бастамасы секілді.Қазақтың байырғы мифологиялық ұғымында рухтар әлемі мен адам әлемі, өлі мен тірі, о дүние мен бұ дүниенің аралығында қатаң шекара жоқ, тіпті ескертетін елеулі жайт — ұжмақ пен тозақ туралы категория мүлде жоқ екендігі. Бұған Ш.Уәлиханов жариялаған «Өлі мен тірінің достығы» туралы айтылатын аңыз да жақсы дәлел болады. Бұл түсініктің көріністерін қазақтың ертегілерінен де, эпостарынан да, шежіресі мен жырларынан да көруге болады. Ертек пен эпоста батырға бабалардың қамқоршы аруағы керемет көмектер жасап отырады. Өлі мен тірінің айтысында да («Ақбала мен Боздақ», «Аймаңдай мен Бабас», «Насира мен Шолым») бұл жайттар нақтылы көрініс табады. Күйікке шыдай алмай сүйгенінің моласына барып зарлайды. Моладағы кісіден жауап алады. Іштегі шерін шығарып, мауқын басады. Өлік зарлаушыға жауап береді. Мола басында айтыс болады. Аруақпен айтысу — жоқтаудың бір түрі.
9.Кейіпкерлерге мінездеме беру жолдары: дара мінездеу.
Көркем шығарманы талдау алдымен образдарын топтастырып,оларға дара,салыстырмалы,топтамалы түрде текстологиялық мінездеме беруден басталады.Бұл-талдаудың басты бір буыны.Жоғары сыныптарда образ мінездемесі әдіс,стиль,тарихи шындық,типтілік,жанрлар табиғатына сай жүргізілуі керек.Ол-әрбір образ табиғатын тақырып пен проблемадан,шындықтан туғызып,олардың әрбір повесте,әңгімеде,романда,поэмада қалай көрсетілгенін шығармадан мысал келтіре отырып талдау,мінездеу.
Әдеби кейіпкер мінезін шығарманың сюжеті мен құрылымын бөліп қарастыру мүмкін емес.Мінез,сюжет,құрылым-үшеуі туындының бір-бірімен өзара тығыз байланыстағы көркемдік формалар.
«Сюжет»-кейіпкер мінезінің қыр-сырын айқындайтын іс-әрекеті,мінезін толығымен сезіндіретін тұтас жүйе,бірегей құрылым.
«Мінез»-туындының құрылымдағы сюжеттік оқиғалар жүйесінің,басқада көркемдік бейнелеуіш құралдар түрлерінің мазмұн-мақсатын ашуға үлесін қосатын желі іспетті.
ейіпкер мінезінің әрбір сипатын аша отырып, олардың әрқайсысына атау беріледі. Оқушылардың осылайша талдау тәжірибесі орныққан соң, мінездеме жоспарын жасауды үйге беруге болады. Ол сыныпта талданып, толықтырылады. Осыдан соң мұғалімнің көмегімен, оқушылар образ табиғатын, автор суреттеуін қалай түсінгенін айтады. Кейіпкерлер кезекпен мінезделген соң, өз ара салыстырылады. Мұғалім алдымен оқушылардың жасап келген мінездеулерін оқытады, оларды бір‑бірімен салыстырады.
Зерттеуші Б.Сманов “Кейіпкер бейнесін талдау” әдістемеік еңбегінде көркем бейнені талдаудың мынадай тәсілдерін көрсетеді:
Кейіпкерлер портреті, іс‑әрекеті, оның ішкі психологиясы жайлы автордың ойын білдіруі;
Көркем бейнеге тән ерекшеліктерді өзге кейіпкерлерді сөйлету жолымен беру;
Әдеби бейненің ішкі толғаныстарын (монологтарын) келтіре отырып ашу;
Қаһармандар табиғатын оларды бір‑біріне қарсы қою әдісімен (диалог, әңгімелестіру) ашу.
Кейіпкерді мінездеу ең алдымен шығарма жанрына байланысты. Мәселен, лирикалық шығармаларда кйіпкер кейде тікелей көрінсе, кейде ақынның ойы көңіл‑күйі, бейнесі арқылы беріледі. Мысалы, Абайдың “Адамның кейбір кездері”, “Өлсем орным қара жер сыз болмай ма” өлеңдерінде екі заман шендестіріледі. Оның кейіпкері – ақын және заман. Сол сияқты ақынның “Адамның кейбір кездері” өлеңінде сөз өнері, өлең, ән туралы мәселе қозғалады. Бұл өлең арқылы Абай поэзияның, сөз өнерінің міндетін айқындайды, ақындық шабыттың сыры, қуаты туралы тебірене ой толғайды. Ақын өмірдің сәулелі, нұрлы жағымен қатар, көлеңкелі жағын да сынға алады. Зұлымдық пен надандық жайлаған заманның жағымсыз сипатын ызалана ашады, шенейді.
Кейіпкерге мінездеме берудің мынадай түрлері бар:
Дара мінездеу
Салыстырмалы мінездеу
Топтау түріндегі мінездеу
Дара мінездеу көбіне туындыдағы бас кейіпкерге беріледі. Мәселен, Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ солдаты” романындағы Қайрошты шығарма сюжетіндегі әрекет‑оқиғаға қатысуына, мінез‑сипатына байланысты даралап мінездеме беруге болады. Ал, салыстырмалы мінездеу іс‑әрекеті, мінез‑құлқы ұқсас немесе әр түрлі кейіпкерлерге беріледі. Бұл жағдайда ұқсас кейіпкерлер салыстырылады. Қарама‑қарсы кейіпкерлер шендестіріледі. Мәселен, Ы.Алтынсариннің “Бай баласы мен жарлы баласы” әңгімесіндегі Асан мен Үсеннің мінез‑қасиеттері шендестіріледі. Үсеннің мінезі ‑ өмірге икемді, сабырлы, еңбекқор, әкеден көрген тәлімі мол. Асанның мінезі ‑ өмірге икемсіз, еңбекке қырсыз, өнеге‑тәрбие көрмеген. Ал, кейде шығарма кейіпкерлеріне топтай мінездеме береміз. Бұл көбіне көлемді шығармаларды өткенде қолданылады. Мәселен, “Абай жолын” өткенде, Құнанбай мен оның төңірегіндегілерге, Абай мен оның айналасындағыларға, аналар бейнесіне, халық өкілдріне топтап мінездеме беруге болады. Бұл оқушыларға мәтін мазмұнын жете түсініп, кейіпкерлерді жүйелей алуға көмектеседі.
Кейіпкерге мінездеме беру тәсілдері түрліше болады. Онда кейде кейіпкердің сырт кескіні, кейде міне‑құлқы көрінеді. Яғни, мінездеуде кейіпкердің жас ерекшелігі, дене бітімі, бет пішіні, киім киісі, дене қозғалысы, бет‑жүз қимылы кіреді. Бұған портрет тәсілінің қатысы бар. Портрет тікелей адамға бағытталып, сөз арқылы оның бейнесі жасалады. Портрет біржақты тәсіл емес, ол кейде толығып, кейіпкердің мінез сипатын, әлеуметтік жағдайын ашып та тұрады. Мысалы, Ғ.Мұстафиннің “Аяз қарт” әңгімесінде мынадай үзінді бар: “Ақ басты, ақ таяқты бір қарт келеді. Қара көзі көкшіл, қызыл шырайы қуқыл тартыпты, таяғы жерге қадалғанда, көзң де бірдемеге қадалады. “Көп көрсем де, көрмегенім көп екен, көп білсем де білмегенім көп екен” деп оқтын‑оқтын ыңылдайды. Ыңылы күй ме, сарын ба, сағыныш па, әлде шаттық па, әйтеуір кеудесін тебірене шыққан бір дыбыс, бір тыныс”. Бұл кейіпкер портретінен адамның көңіл‑күйі, арман‑тілегі қоса танылып тұр. Өмірінің көбі артта қалған қарттың тіршілікке деген құштарлығы байқалады. Ал, кейде портрет пен мінездеу аралас та келеді: “Қияс он төртке енді толды. Бірақ дене бітімі он төртте деуден гөрі он алты‑он жетіге келіп, буыны беки бастаған бала жігіт деуге болар еді. Жасынан‑ақ ірі, әкесі секілді мінезі ауыр болып өсті. Жұмыстың қай түріне болса да, бейімі бар және тындырымды еді”. Көркем образ ‑ өмірлік шындықты игеру мен қайтадан қорытып жаңа сапада жасап шығарудың өнерге ғана тән ерекше тәсілін сипаттайтын категория. Кейде оқушы күнделікті өмірдегі адам мен әдеби қаһарманды бірдей ұғым деп қабылдайтыны бар. Алайда, әдеби кейіпкер мен түптұлға (прототип) бір емес. Әдеби бейнеде қаламгердің ұстанымдары жинақталып, соған сәйкес көркем бейне жасалады. Мінез – адамның ішкі болмысы, қоғамдық жағдай қалыптастырған психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы. Осы мінез сипатты ашу үшін жазушы әр түрлі тәсілдерге жүгінеді.
10.Мағжан Жұмабаев өмірі, поэзиясы. « Мен жастарға сенемін» өлеңін мәнерлеп оқы.
Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.
Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін,Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.
Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды. 1910 – 1913 жылдары Уфа қаласындағы “Ғалия”медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады.
Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында “Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. “Садақ” журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. 1913 – 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды.
“Бірлік” ұйымы жұмысына белсене араласып, “Балапан” қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, Қазақ газетіне өз өлеңдерін жариялайды.
1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитеті құрамына сайланды. Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты. Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.
“Алаш” партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды. “ Үш жүз ” партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті. 1937 жылы наурызда Жұмабайұлы Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.
Мағжан поэзиясының тақырыбы әр алуан. Өзі өмір сүрген жаңа ғасыр басында Мағжан бармаған, ол жырламаған тақырып жоқ деуге болады. Ақындық өнерге енді ғана мойын бұра бастаған тұста, Мағжанның жан-дүниесін кеңейтіп, іздегені алдынан шамшырақ болып жанған бір құбылысты айтпай кету мүмкін емес. 1909 жылы қазақ оқырмандарына қазақ поэзиясының бүкіл болмыс-бітімінің бүтіндігін танытқан үш кітап арналды. Олар Абайдың «Өлеңдер жинағы», Ахметтің «Қырық мысалы», Міржақыптың «Оян қазағы» еді. Міне, осынау кітаптар ұлтын сүйген ұланның, өнерді құдірет түсінген ақынның айтар ойын, барар бағытын айқындап берді. Алдындағы толқынның асыл ойдан өрілген шығармаларына еліктей отырып, өзіндік жолын іздестіруге ұмтылды. Елінің тағдырына ортақтаса білген ақынның «Ләззат қайда», «Жазғы таң», «Зарлы сұлу», «Балалық шақ», «Қазағым» және т.б. жырларынан тұнба тұнық ойларды аңғарамыз. «Сағындым», «Сарғайдым», «Түс», «Анама», «З-ға» сияқты өлеңдері Мағжанның түрмеде жазған шығармалары. Ақын бұл өлеңдерінде темір торға қамалған жан арпалысын суреттей отырып, тілегені өлім емес ерлік екендігін дәлелдейді.
Мағжан поэзиясының сыршылдығына тән құбылысты біз оның сүйікті әйел, ыстық махаббатты жырлаған отты өлеңдерінен нақтырақ табамыз. Бұл тақырыпқа арналған өлеңдерін әйел, оған деген адал сезімді ардақ тұту, өз тұсындағы әйел затының тағдырына араша түсіп, зарына үн қосып, жырымен жұбату деп бөлуге болады. Мағжанның қазақ әйелінің теңсіздік тұрмысын көрсетіп, қасіретін жырлаған өлеңдері қатарына: «Домбыра», «Зарлы сұлу», «Жәмила», «Тілегім» өлеңдерін жатқызуға болады.
Мен жастарға сенемін!!!
(М. Жұмабаев)
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты —
Мен жастарға сенемін!
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар.
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!
Жас қырандар — балапан,
Жайып қанат, ұмтылған.
Көздегені көк аспан,
Мен жастарға сенемін!
Жұмсақ мінез жібектер,
Суттей таза жүректер,
Қасиетті тілектер —
Мен жастарга сенемін!
Тау суындай гүрілдер,
Айбынды алаш елім дер,
Алтын Арка жерім дер,
Мен жастарға сенемін!
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңкарға?!
Иман күшті оларда,
Мен жастарға сенемін!..
Алаш — айбынды ұраны,
Қасиетті құраны.
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін!
Мен сенемін жастарға:
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!
11.Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы
Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы.
Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Осы өңірде, Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған.
1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857—1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады.
1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгілінеді.
Ыбырайдың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық-педагогтық қызметі осылай басталады. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады.
Ұстаздық-ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья болып (1868—1874), торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (1876—1879) қызметін атқарады.[1]
Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен жасақтайды. Әсіресе, елді көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін ұсыныс етеді.[2]
Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жатарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады. Ыбырай мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер кәіспшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл-шаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырады. Ыбырайдың қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп-интернат аштыруының тарихи мән-маңызы зор болды.
Ыбырай орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады. Оқыту әдістерін жаңа бағытта құрды, оқуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздеді, оқуды ана тілінде жүргізді. Мектеп оқуында, әсіресе, ана тіліне үйретуде К.Д.Ушинскийдің ойларына жүгінді. Қазақ балаларының таным-түсінігіне лайықты оқу-әдістемелік құралдар жазды. Ол орыс-қазақ училищесінде Ушинскийдің «Балалар дүниесін», Л.Н.Толстойдың «Әліппе және оқу құралын», Д.И.Тихомировтың «Грамматиканың қарапайым курсын» оқу құралы ретінде ұсынды. 1879 ж. оның «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығы және дидактик. оқу мәселесі жөнінде «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» жарық көрді. Бұл екі кітап та қазақ балаларын кириллица негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу құралдары болды.
Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән береді. «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық, «қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты дидактикалық оқу құралын жазды. Бұл кітаптарындағы оқушыны отан сүйгіштікке, еңбекке, кісілікке — тәрбиелейтін ғибратты шығармалары ешқашан да өзінің мән-мағынасын жоймақ емес.
Тек қана оқу-ағарту жұмыстары емес, Ыбырай сонымен бірге сол кездегі қоғамдық — саяси өмірге сергек араласып, ғылым-білімге, еңбек пен өнерге, дінге, этнографияға қатысты мақалалар жазды. Оның, әсіресе, көркем еңбектері қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша ықпал етті.
12.Мысал жанрын таныту жолдары.
Мысал –тұспалмен, ишарамен айтылатын жанр. Мұндағы ой астармен, жұмбақпен беріледі. Мысалдың басқа жанрдан ерекшелігі оған адам қатыспайды. Мысал жанрына аң, құс, өсімдік бейнесі алынады. Әдебиетті оқу бағдарламасында мысал жанрын оқыту көбіне бастауыш буындарында беріледі. Мысал жанрын сонау Эзоп заманынан бастау ала отырып, қазақ топырағында да дамыған. Жазба әдебиетінен бұрын қазақ ауыз әдебиетінде де осы жанрдың элементтері кездесіп отырған. Ақын-жыршылардан бастап, мысал жанрына ықылас білдірген әдебиет өкілдері мол болған. Мәселен, Абай, Ыбырай, Дулат, А. Байтұрсынұлы, С.Дөнентаев, С.Көбеев, секілді қаламгерлер өздерінің төл шығармалары мен аударма мұраларында мысал жанрына ерекше көңіл бөлген. Зертеуші М. Әуезов: «Тегінде, қазақ әдебиеті тарихына Крылов мысалдары жалғыз Абайдың аудармасынан емес, одан бұрын да кіре бастаған. Бұл және де бір Крылов емес, орыс көркем әдебиетінің өлең сөз, қара сөздегі әр алуан үлгісін өзі жазған оқу кітабына кіргізіп, алғаш аударған Ыбырай Алтынсарин болатын. »-деген екен. Мысалдың басты мақсаты-адам баласының бойына жақсы, ізгілікті қасиеттерді сіңіру, терең ғибрат пен тәлім өнеге беру. Курстық жұмыстың зерттеу мәселесіне айналған өзекті сұрақтардың бірі осы мысал жанрын таныту, соның ішінде қазақ мысалышыларының бірі Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанрындағы шығармаларын меңгертудің тиімді жолдарын саралау болып табылады. Курстық жұмыстың көкейкестілігі - мысал жанырн танытудағы тиімді және нәтижелі тәсілдерді ұсыну болып табылады. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде мысал тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, мысалдың балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Мысалдар бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі.
13.Сабақ және оның түрлері
Сабақ – логикалық аяқталған, толық, шектеулі бағандармен негізделіп қамтылған оқу - тәрбие үрдісі. Оның құрамында күрделі тығыз байланыста оқу процесінің негізгі элементтері қамтылған: мақсат, міндет, мазмұны, әдісі, тәсілі, түрі, оқушы мен оқу арасындағы іс - әрекеттің байланысы.
Сабақ өз алдына мұғалімнің шеберлігінің айқын көрінісі болғанымен, бір жағынан оқытудың психолого – педагогикалық заңдылықтарына, екінші жағынан білім беру стандартының қоятын талаптарына негізделген.
Сабақ түрлері және оның құрылымы
Түсіндіру сабақтары:
Жаңа сабақ – жаңа білім беру мақсатында.
Біріккен сабақ – жаңа білім мен өткенді және пәндер арасындағы байланысты көрсету мақсатында.
Зерттеу сабағы – іздендіру мақсатында.
Панорамалық сабақ – сабақ элементтерінің көрінісін іске асыру мақсатында.
Пысықтау сабақтары:
Бекіту сабағы – білімді меңгеру деңгейін байқау.
Саяхат сабақ – танымдық қабілетін дамыту.
Семинар сабақ – оқушының білімін тереңдету.
Қайталау сабағы – пәндерден алған білімді толық қалыптастыру.
Жарыс сабақ – оқушылар ойларының жетіктігін байқау.
Конференция сабақ – іскерлігі мен танымдық белсенділігін қалыптастыру.
Талқылау сабағы – ауызекі тілдегі, жұмыстағы жіберген қателерін арнайы талдау.
Сынау сабақтары:
Сынақ сабақ – білім мен дағдысын бір жүйеге келтіру.
Диспут сабақ – білімі мен дағдысын қалыптастыру.
Ойын, жұмбақ – оқушылар зейінін дамыту.
Сахналау сабағы – оқушылар шығармашылығын дамыту.
Сабақтың үш мақсаты:
Білімділік: оқушыларды білім, білік, дағды жүйесімен қаруландыру.
Тәрбиелік: оқушылардың ғылыми дүниетанымын, тұлғаның адамгершілік қасиетін, көзқарастары мен сенімін қалыптастыру.
Дамытушылық: оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, көңіл - күйін, тілі, жадысы, ынтасы, қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың негізгі компоненттері
14.Жыраулар поэзиясының көркемдік-идеялық ерекшеліктері.
Жыраулар - халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан...
Жыраулар поэзиясына дейінгі әдебиет халык жасаған ауыз әдебиеті деп аталды. Жыраулар поэзиясы Қазақ хандығы құрылғаннан бастап (XV ғасыр) өріс алды. XV ғасырда Асан Қайғы, Казтуған жыраулар өмір сүрді.
Жырауларды халык, қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды.
Жырау деген атау "жыр" сөзінен шыққан. Жыршы деп көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған.
Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың толғауларының негізгі тақырыптары - туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау.
Жыраулар поэзиясының біраз үлгілері осы тарауда ұсынылып отыр. Соларды оқып-үйрену барысында халқымыздың атадан мирас болып қалған сөз маржандарына қанығасыңдар, халқымыздың басынан кешірген тарихи кезеңдермен таныс боласыңдар, оның қадір-қасиетін білесіңдер, тәлімдік, танымдық, тағылымдық терең ой дүниесіне енесіңдер. Әдебиет тарихы ел тарихы, халық тарихы екеніне көз жеткізесіңдер.
Жыраулар поэзиясының маңызы мен тақырыбы.Жыраулар поэзиясының құндылығы неде? "Бұл дәуірдегі әлеумет тіршілігінің, –дейді М.Әуезов, –ең шешуші мәселесін әдебиет жүзіне түсіріп, алғашқы рет қалың ел қамын ойлап, күңіренген қария –Асан. Бұл заман сыншысы сөйлесе, шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді, өзі туған заманның белгілерін қарап, келешек заман не айтарын болжайды: сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйленеді. Айтпақ жайларын ашып, ұғымды қылып айтып бермейді. Әдейі көмескілеу жұмбақ қып айтады. Жыраудың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да көптің мұңы, көптің жайы туралы, не көпке арналып ақыл, өсиет есебінде айтылады". Ғалымның осы ғұламалық пікірінде жыраулар поэзиясының идеялық-көркемдік мәні терең ашылған.
Жыраулар поэзиясы соны философиялық терең ойға толы. Олардың поэзиясы өсиетнама түрінде келеді. Сондықтан да жыраулар поэзиясында нақыл, афористік сөз оралымдары мол.
Жыраулардың өз толғауларында көтерген негізгі тақырыбы қандай? Жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы — туған елі, оған деген сүйіспеншілігі, елдің бірлігі, бүтіндігі. Халқына жайлы қоныс, ырысты жер іздеген Асан қайғының: "Желмая мініп жер шалсам, тапқан жерге ел көшер" – деген ақылгөй сөзі –сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі. Сол сияқты Қазтуған жырау да "қайран менің Еділім" – деп еңірепөткен. "Еділдің бойын ел жайлап, шалғынына бие біз байлап" – деп Доспамбет жырау армандаған, "ауылдан топыр үзілмей, ошақтың оты өшпесе, май жемесе қонағым... он кісіге жараса, бір кісіге асқан тамағым", – деп Ақтамберді жырау еліне ырыс, молшылық тілеген, бейбіт, тыныштық өмірді қалаған. Жыраулар поэзиясы еліне деген ыстық сезімге толы. Олар сол еліне жалынды жырларын арнаған, халқын сол елі үшін қызмет етуге үндеген, керек болса, жанын пида етуге шақырған. Халқы үшін қан майданда шайқасқа түсіп, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаган әйгілі халық батырларының ерліктерін жырлаған.
15.Драмалық шығармалардың ерекшелігін таныту
Драмалық шығармаларды оқытқанда, оның өзіне тән ерекшелігі ескеріледі. Мұнда автордың баяндауы, суреттеулер, кейіпкерлер мінезі мен портреті берілмейді. Драмалық туындыда кейіпкер‑қатысушылар өздері сөйлейді. Пьеса оқиғасы басталмас бұрын, оған қатысушылар, олардың кім екендігі беріледі. Әрі қарай кейіпкерлер сөйлеу, өз ойларын айту, оқиғаға қатысу арқылы беріледі. Пьесадағы кейіпкерлердің көңіл‑күйі, қимыл‑қозғалысы автордың түсініктемесі (ремарка) арқылы беріледі. Қазақ драмасын қаһармандық, саяси‑әлеуметтік, тарихи‑ғұмырнамалық (Р.Нұрғали) деп бөлу оның табиғатының түрлілігінен хабар береді.
Драмалық шығармаларды өтерде мұғалім оқушыларға мынадай жұмыс түрлерін жүргіздіртуіне болады:
- мұғалім алдымен өзі оқып көрсетеді;
- оқушылар рөлдерге бөліп оқиды;
- пьесадағы негізгі тартысты анықтайды;
- басты кейіпкерлерге мінездеме береді;
- сюжет желісін бақылай отырып, әр көрініске тақырып ойлайды.
Пьесада көзге көрініп тұрған әрекет, оқиға болмағандықтан, оқушыларға алдымен қатысушыларды анықтап, олардың кімдер екендігін жете ұғынулары керек. Мәселен, белгілі драматург С.Жүнісовтің “Қызым, саған айтам...” пьесасының көтерген тақырыбы – адагершілік‑ізеттілік мәселесі. Мұндағы бір отбасының ойран болған тағдыры басқаларға сабақ боларлықтай көрсетіліп, адамдар арасындағы тұрмыстық‑отбасылық қарым‑қатынастың мәнін ашады. Пьесаға өзек болған басты әрекет барысында Мұрат пен Разияның отбасылық тірлігіндегі алуан түрлі оқиғалар мұндағы тартыс сипатын тереңдетіп отырады. Драматург образдарды даралауда өнімді тәсілдердің бірі – психологизмді қолданған. Жалпы, көркем туындыларда психологизм мәселесі екі жақты көрінеді: бірі ‑ ол алдымен жеке танымның құрылымы ретінде – адамгершілік, психологиялық және идеологиялық деңгейде көрінсе, екіншіден, тұлғаның ішкі әлемін ашу тәсілі ретінде көрінеді. Драма театр өнерімен байланысты. Қазақ драматургиясы осы жанрға тән сипаттарды бойына жинаған, өркендеу үстіндегі жанр.