2.Қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдері.
Қазақ фольклортану ғылымы – қазақ фольклорының жиналу, жариялану тарихы мен табиғатын, даму жолдарын зерттейтін ғылым.
V–VIII ғасырларда тасқа жазылған көне түркі жазуларында алуан түрлі шешендік сөздер, тарихи оқиғалар мен эпикалық сюжеттер сілемдері, жоқтаулар, қанатты сөз үлгілері кездеседі.
«Қорқыт ата кітабы» (VIII–IX ғасырлар),
Махмұт Қашқаридің « Диуани лұғат-ит-түрк» (XI ғасыр),
Жүсіп Баласағұнидың «Құтадғу біліг» (XI ғасыр),
Рабғузидің «Қиссасу-л Әнбие» (XIII ғасыр),
«Кодекс куманикус» (XIV ғасыр), т.б. ортағасырлық жазба ескерткіштерде қазақ фольклорының үлгілері жинақталған.[1]
Дегенмен, қазақ фольклорының мақсатты түрде жиналып, хатқа түсе бастауы XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдан басталады. П.И.Рычков, П.С.Паллас, И.Г.Георги,И.Ф.Фальк, И.Г.Андреев XVIII ғасырда қазақ фольклорына қатысты біршама құнды мағлұматтар жинап, жариялады.
Бұл еңбектерде, негізінен, этнографиялық деректерге назар аударылып, таныстырушылық сипат басым болса, XIX ғасырдың басында ғалым-саяхатшылар, әскери адамдар мен елшілер фольклорлық шығармалардың бірлі-жарым мәтіндерін жариялап, мазмұндарын баяндады. XIX ғасырдың 2-жартысында қазақ фольклорының ерекшеліктері жөнінде алғашқы ғылыми пайымдаулар айтыла бастады.
Қазақ фальклортану ғылымының қалыптасуына қазақ ағартушылары мен оқығандары:
Ш.Уәлиханов,
Ы.Алтынсарин,
А.Құнанбаев,
С.Бабажанов,
Т.Сейдалин,
С.Жантөрин,
Б.Дауылбаев, сондай-ақ ресейлік зерттеушілер
В.В.Радлов,
Г.Н.Потанин,
Шын мәніндегі қазақ фальклортану ғылымының іргетасы да осы кезеңде қаланды. Бұл процесс XX ғасырдың бас кезінде одан әрі дамыды. Осы кезеңде белгілі фольклортанушылар Ә.А.Диваев, М.Көпеев еңбектері жарияланды. Сондай-ақ қазақ фольклорының үлгілері ресейлік басылымдармен қатар қазақ тіліндегі баспасөз беттерінде де үздіксіз жариялана бастады. XX ғасырдың басында халық мұрасын жинау, жариялау ғылыми-зерттеу жұмыстарымен сабақтаса жүргізілді. Оған Ташкенттегі Киркомиссия мүшелері Халел Досмұхамедұлы, Қалжан Қоңыратбайұлы, Күмішәлі Бөриев, Ілияс Жансүгіров, т.б. белсене қатысып, Сырдария, Жетісу фольклорлық экспедицияларын ұйымдастырған.
Шәкерім Құдайбердіұлы, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Қ.Өскенбайұлы, X.Досмұхамедов, т.б. зиялылар шоғыры қазақ фальклортану ғылымын кәсіби деңгейге көтерді.
Байтұрсынов («Әдебиет танытқыш», 1926),
Әуезов («Әдебиет тарихы», 1927),
Досмұхамедов («Қазақ халық әдебиеті», орыс тілінде, 1928) – қазақ фольклорын алғаш рет ғылыми тұрғыдан саралады. Кеңестік қазақ фальклортану ғылымының даму өрісін шартты түрде 20–30-жылдары, 30–50-жылдары, 50–90-жылдары деп бірнеше белестерге бөліп қарастыруға болады. Ұлт зиялылары 20-жылдардың соңына дейін халық мұрасын жинап, жариялау, зерттеу ісін біршама дамытты. Алайда кеңестік идеология 20-жылдардың соңы мен 30-жылдары қазақ фальклортану ғылымына үлкен зардабын тигізді.
«Алашшыл» ғалым-қайраткерлер қуғын-сүргінге ұшырады. Әйтсе де С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин тәрізді зиялылар зерттеулерін одан әрі жалғастырды. Сейфуллиннің « Қазақ әдебиеті» (1931) атты зерттеу еңбегі жарияланды. Диваев сияқты фольклортанушылар соны ғылыми ізденістер жасады. Бірақ 30-жылдардың соңына қарай бұл буын да саяси зұлмат құрбаны болды. «Жеке басқа табыну» мансұқталғаннан кейін Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов қазақ фальклортану ғылымының жандануына барынша күш салды.
3.Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының оқиға желісі, поэмадағы Баян бейнесі.
«Батыр Баян» поэмасы - Мағжанның ақындық алып құшағын, қуатты суреткерлік талантын мейлінше танытқан поэма. Ұлттық эпостық және лирикалық дәстүрді жаңа көркемдік жан- жақты байытқан бұл поэма ақының поэтикалық мәдениетінің барынша толысып биік дәрежеге көтерілгендігін ерекше танытты. Бұл поэманың жаңалығы Баянның бейнесін сомдады. Оның портреті даму үстінде біртіндеп айқындалды. Поэмада көтерілген тақырып - ұлттық тақырып. Қазақ елінің ғасыр бойы көксеген арманы. Елім деп еңіреген перзентінің кеудесін жарып шыққан ыстық сезімі.
Мағжан поэмасының табиғилығы соншалық- оқиға әбден шиеленіскенде Баян оңашаланып, өзімен-өзі болып, істеген әрекетінің дұрыс бұрыстығын таразылайды. Жүрек сырын жайып салады. Бір ойы екінші оймен таласып, істеген ісінің ұшығына жете алмай, күманы молайып, арпалысатын кейіпкер, осы –Баян.
Жоспар
Көрікті Көкше- Абылай Баян бастаған ел қорғандарының қонысы.
« Баянсыз қанатымды қалай жаям?!»
« Жорықта жауының бір сұлуын алып қайтқан..»
« Өлтірдім бе, інімді алаштың намысы үшін..»
« Елі үшін төккен ерлер қанын жұтқан... жер ұмытпас»
· Батыр Баян - поэманың бас кейіпкері. Ол қазақ халқының батыры және Абылай ханның ең жақын жауынгері. Оның мінезі отаншыл және өте намысқой. Поэманың соңында соғыста қайтыс болады.
· Ноян - Батыр Баянның інісі. Ол өз отанының сатқыны,өйткені Ноян қалмақ қызымен қашып кетті. Поэманың соңында ол Батыр Баянның қолынан қайтыс болады.
· Құралай - қалмақ жауынгердің қызы. Батыр Баян оның ауылына шабуыл жасағанда, оны тұтқынға алып, оған бірден ғашық болады, бірақ Құралай Баянға ғашық болған жоқ. Ол - өте сұлу және әдемі қыз. Ноянмен бірге өз отанына қашқанда, Батыр Баян оларды өлтіреді.
· Абылай Хан - Қазақ халқының Ұлы ханы. Қалмақтармен соғысқан. Хан Батыр Баянға соғысқа қатысуына тиым салды.
Шығарманың басталуы.
« Батыр Баян» поэмасы Мағжан ақынның көңіл-күй сезімін толғаудан басталады.
Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,
Сұм өмір абақты ғой саналыға.
Қызыл тіл, қолым емес кісендеулі,
Сондықтан жаным күйіп жанады да,- деп ашынған ақынның ішкі монологынан басталатын поэма бірден кесек-кесек ой ағытады. «Сұм өмір абақты ғой саналыға» деп қызыл империяға ашықтан-ашық айып тағады. «Қызыл тілім кісендеулі» деп тіл бостандығының жоқ екеніне тоқталып « қызыл сұм» деген көріктеуші және «кісендеулі» деп кейіптеу арқылы ақын поэманың тілдік қуатын арттырады. «Сұм өмір күшті уын аяды ма?»- деп өзінің ауыр тағдырын қоса жырлайды. Уақыт өтер ақынның жолы « қанды ор боп қалады» деп ақын күңіренеді, толғайды көзіне жас алады. Азаматтан дос таба алмасаң, қаламыңмен сырлас- дейді. Ендеше, ақында қаламымен сырласады.
Шығарманың дамуы .
Абылай сөзінде Баян жай адам емес. Ханның қанаты екеніне көзіміз жетті.
Ақын бұл жерде Баянды Абылай ханның сүйікті батыры, қалың жауға қаймықпай барар жолбарысы дей отырып, «сұңқардай, жолбарыстай, аш бөрідей »деген теңеулер арқылы ханның батырға деген ерекше ілтипатын көрсетеді. Ақын өзіне дейінгі көркем әдебиет дәстүрлеріне сүйене отырып, психологиялық тәсілдерін қолданады.
3. Шығарманың шиеленісуі . Ноян бейнесі .
Интерактивтік тақтадан Ноян мен Толқыншаштың суретін көрсете отырып талдаймыз.
Қалмақ аруы- Толқыншаштың портретіне көз жіберу.
Сол сұлу, сұлу екен атқан тандай,
Бір соған бар сұлулық жиылғандай,
Лебізі- жібек лебі, жұмбақ желі,
Кәусардай........ адам қалар қанбай,
Шын ер ғой Батыр Баян алып қайтқан
Еліне сол сұлуды естен танбай,- деп ақын психологиялық портрет - сұлудың көркін, көзқарасын, сөйлеу мәнерін суреттеу арқылы оның әйелдік нәзік қасиетін жеткізе білген. Автор Толқыншаш бейнесін ары қарай әр қырынан аша түскен. Сұм қыздың сақтығын Ноянмен терең сайда кездескен сәтте ерекше суреттейді.
- Ақын бұл жерде қалмақ қызының сұмдығы мен жас Ноянның ақылсыздығын суреттей отырып, махаббат үшін елінен безген, Отанын сатқан, сатқындық пен жексұрындықты Ноян бойына жинақтайды.
- Екі жас аттарынан ұшып түсті, Бір-бірін құшып түсті,- дей отырып батырдың ішкі ойын тереңдете түседі. Қара жер де екі жастың қанын ішті,- деп батырдың жан күйін шебер суреттейді. Батырдың іс-әрекетін «Жаралы жолбарыстай, арыстандай, желдей ұшып, сұңқардай сорғалап» деген теңеулер арқылы айшықтайды.
4. Шығарманың шарықтау шегі .
Баян ішкі монологы арқылы өзінің іс-әрекетін саралайды. Ойы екіге бөлінеді. Бірі айыптайды. Екіншісі-ақтайды.Сол садақты тартқанда қолым неге сынып қалмады?-деп өзін-өзі айыптаса, -Жоқ, жоқ, әлде өлтірдім бе?
Інімді алты алаштың намысы үшін ,- деп, өз кінәсынан арыла бастайды.
Алашта өткен екі арыстан Ер Көкше мен Ер Қосайдың ұрпағымыз. Солардан тараған Сары мен Баян барыстай ойын салған сары далада,- дей отырып, Ер Баянның інісі Ноян атадан азып туып, бір қыз үшін қалмаққа құл болды. Алашқа бұдан артық шер барма?- дейді.
Ақын Баянды уақ руының ғана батыры емес отаншылдық биікте самғаған қыран дей отырып, батырдың ерлігін ғана емес, жан тазалығы мен ізгілігінде көрсетеді. Себебі, Ноян - тұтқын қызға ғашық. Сезімнің құлы. Ал, Толқыншаш туған еліне қайтуға асық, сананың құлы. Қалмақ қызы отанына оралу үшін өзін құрбандыққа шалуға, жанын беруге белін бекем буды. Баян да қызға ғашық, ал туған жеріне тіптен ғашық. Оны қызғаныштан өлттірген жоқ.
5. Шығарманың шешімі .
Поэманың екінші тарауында Баянның ерлік қылықтары, іс-әрекеті баяндалады. Баян бұл жерде өзінің кінәсінан арылу үшін Ноян мен қалмақ қызын есіне алып отырып, ауыр дерттен арылмақ болып, жауға қарсы щаппақ болып Абылайға келеді.Ордаға жақындағанда топ «Баяндап» қарсы алды. Бұлда батырға көрсетілген ерекше құрмет.
Сонымен Абылайда екі сөз. Топ келісіп тарайды. Жұмсақ жаздың түбінде ер тұрманын даярлап, ер демалады.
Баян- дара туған тұлға. Ол ерік өзіңде, біз неге болса да дайынбыз дейтіндерге жатпайды. Абылайдың шешіміне қарсы шығады. Ханға қарсы шығады, Абылайға бағынбау ниетінен туған жоқ, ханды қателіктен сақтандырады. Абылай- ақын идеал көретін мемлекет қайраткері, ел көсемі. Батыр да ел көсеміне қарсы шықпайды. Пікір айтады.Келер күнді күтті. Жаудан хабар болмады. Шынымен алданып қалдық па?-деп кең ойлы Абылай ойланды.
Сонымен , Қонай сөзінен соң Абылай елге қайтуға жиналды.
Баян оған көнбеді.Ақын Баян бастаған батырлардың екпіндері оттай ойнап, Іле өзенін жайлап жатқан қалың жауға « Абылайлап» ат қойды деп суреттейді.» Жүз жолбарыс,жүз бөрі» деген алмастыру, «жолбарыстай, ақсұңқардай, өрттей « деген теңеулер арқылы поэманың қуатын арттыра түседі.Сонымен Баян бастаған мың сан қалмаққа лап қойды. Олардың екпініне шыдамай, қалмақты қара басты. Аз қазақ көп қалмаққа ойран салып, көк аспан қара түтін шаңға айналды.
Қалың қол ортасында Батыр Баян
Баянның батырлығы алашқа аян.
Екі көз екі қызыл шоқ боп кеткен
Аузынан көбік болып бұрқырап қан.
Оң солға алдаспанды сілтілегенде
Бұлақтай қалмақ ханын бұрқыратқан,- деп ақын Баянның қандай шайқастағы көзсіз ерліктерін бейнелейді. Оның батыл қимылдарымен жан әлеміндегі арпалыстары ерекше суреттеледі. Айқас –сөзге, сөз-айқасқа айналғандай асқан ерліктің тұтас бітімін тұрғызғандай, қайғы-қасірет күйін сөз өрнегімен ой шыңына жеткізгендей. Баянның соңғы демі біткенше, жалғыз өзі шабысады. Есіл ер жаумен шайқаста дүние салады. Жау масайрады. Мейрімсіз қанішерлер батырдың өлігін де қорлап, басын кесіп алып, найзаға іліп, оңды-солды бұлғайды. Қос қоңтайшы Ұса Серен қуанып, қалмаққа алғыс айтады. Бірақ Абылайдан сескеніп, Қытайға ауып кетеді. Сонымен Баян кім?
Ү.Кейіпкерлері Баян-Абылай бастаған ел азаттығы жолындағы күрескерлердің жиынтық бейнесі, елім деп еңіреген ерлердің бейнесі.
Баян бойындағы адамгершілік қасиеттері
А.Батырлығы алашқа аян, елдің еркесі. Ә.Ханның қанаты.
Б.Жаны таза, өзгеге зорлық жасамайды.
В.Намысшыл, Отан үшін інісінің опасыздығын кешірмейді.
Г.Ұлт қаһарманы, отаншылдық биігінде самғаған қыран.
Ғ.Дара тұрған тұлға
4.Оқу үрдісін ұйымдастыру кезеңдері.
Оқыту үрдісі педагогикалық үрдістің басты құраушысы болып табылады. Оқыту үрдісі мұғалім және оқушының бірлескен әрекеті ретінде оқыту мен оқудың бірлігін көрсетеді. Қазіргі таңда оқыту:
екі жақты сипатта;
мұғалім мен оқушылардың бірлескен әрекеттері;
жоспарлы ұйымдастыру мен басқару;
тұтастығы және бірлігі;
балалардың жас ерекшелігіне сәйкестігі;
олардың даму мен тәрбиесін бақылау, басқару белгілеріне ие.
Мұғалім мен оқушының бірлескен әрекетінде мынадай кезеңдер айқындалады:
оқушының оқуға қызығушылығын ояту;
оқушының білім, білік, тәжірибесін айқындау;
жаңа тақырыпты меңгеруін ұйымдастыру
өткенді пысықтау;
оқытудың нәтижелілігін айқындау.
Әр кезеңде мұғалім мен оқушының өз міндеттері бар, бірақ екеуінің де мақсаты ортақ.
Білім, білік, дағдыны меңгерудегі мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеттерінің негізгі кезеңдерін сызба түрінде төмендегідей көрсетсе болады:
қабылдау (тапсырма, мәселе қою, өзектігі, ынталандыру) — түсіну (ұғыну логикалық, сезінушілік) — меңгеру (білім, білік, дағды) – бекіту (қайталау есте сақтау) – қолдану (теориялық, тәжірибелік, сөз арқылы) – қорыту (дәлелдер, теориялық ұғымдар, тәжірибелік әрекеттер, шығармашылық әрекеттер) – диагностикалау.
Оқыту үрдісі қызығушылық оятудан басталуы керек. Осы кезеңде балалардың айналадағы заттар, құбылыстар туралы түсініктері, ұғымдары қалыптаса бастайды.
Мұғалім оқушыға сұрақтар қою, әңгімелесу арқылы өтілетін тақырып бойынша бала не біледі, қаншалықты осы білімді іске асыратындығын анықтайды. Мұғалім сабаққа дайындалу барысында мынадай мақсаттарды көздейді:
баланың қазіргі білімі мен білімді қабылдауға қаншалықта жеткілікті екенін анықтау;
олардың білгенін еске түсіру үшін қандай тәжірибелік материал, жаттығулар ұсыну;
жаңа тақырыпқа қызығушылығын тудыру үшін балалардың сезімін ояту.
Жаңа тақырыпты айқындағаннан-ақ білімді қабылдау үрдісі басталады. Бұл кезеңде мұғалімнің оқушы алдындағы борышы — осы жаңа білімнің алдағы өміріне қажеттілігіне көзін жеткізу.
Жаңа тақырыпты түсіну- ол қабылдаудан дерексіз ойлауға, теориялық білімді меңгеруге жол ашады. Оқушы көп нәрсені түсінбей есте сақтауы да мүмкін, бірақ бұл жол дамуға жеткізбейді. Жалпы айтқанда, түсіну үрдісі белгілі бір әрекеттердің орындалуын қажет етеді: сараптау, жалпының ішінде маңыздыны табу, салыстыру, дерексіздендіру, нақтылау, дәйек, дәлел келтіру, қорыту. Бала тақырыпты жақсы түсінсе, білім білік дағдығаайналып жақсы меңгеріледі. Меңгеру нәтижесі болып- заттардың, құбылыстардың, үрдістердің мән мағынасы туралы оқушыларда ұғымдар туралы түсінік қалыптасуы табылады.
Осы меңгерілген ұғымдар, түсініктер бекіту кезеңінде өтілген материалды тәжірибеде қолдану барысында жетіледі. Мұғалім бұл кезеңде үнемі қайталаудың маңызын есте сақтағаны дұрыс
5. Қазіргі дәуір фольклоры. ( мақал-мәтелдер, қанатты сөздер).
Қазіргі дәуір фольклоры. Фольклордағы өзгерістер., көне жанрлардың тағдыры. Кеңес дәуіріндегі пайда болған ауыз әдебиетінің үлгілері және оның мазмұны. Буржуазиялық және пролетарлық мәдениет ұғымы. Ауыз әдебиетінің кеңестік идеологияға бейімдеудің себеп-салдары мен зардаптары. Төңкерістік дүниетаныммен туған өлеңдер.
Тәуелсіздік кезеңіндегі фольклордың жай-күйі. Дәстүрлілік пен даралық. Айтыстың дамуы. Мақал-мәтелдердің өркендеуі. Фольклор мен көркемөнердің байланысы. Қазіргі халық ақындарының шығармашылығы. Жыршылық – жыраулық дәстүрдің қайта жандануы. Балалар фольклорының даму ерекшеліктері.
Асылы, адам - өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп, өрнектеуге еңбек етеді.
Ғабит Мүсірепов
Қазақ деген ел - бостандық-азаттық сүйетін, даланы, таза ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық.
Ғабит Мүсірепов
Адалдық: өзі алданса алданар, өзі ешкімді алдамас.
6.Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы.
Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.[1] Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы,Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ол өте кемеңгер, білімді тұлғаның бірі болған.
Байтұрсынұлының саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы болды. Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Байтұрсынұлы 1909 жылы 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды.
Ресей ІІМ-нің Ерекше Кеңесі 1910 жылы 19 ақпанда Байтұрсынұлын қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес Байтұрсынұлы Орынборға 1910 жылы 9 наурызда келіп, 1917 жылдың соңына дейін сонда тұрды. Байтұрсынұлы өмірінің Орынбор кезеңі оның қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды. Ол осы қалада 1913–1918 жылы өзінің ең жақын сенімді достары Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлымен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Газет қазақ халқын өнер, білімді игеруге шақырды.
Сәкен Сейфуллин баға беріп, Ахмет Байтұрсынұлы туралы былай депті:
…Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмәш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды… халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті.
Мұхтар Әуезов былай депті:
Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса» ; «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын.
Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып үйренген большевиктер бұл ақиқатты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де тарихтан өшіруге тырысып бақты. Оны бар ғұмырын адал қызмет етуге арнаған туған халқына жау етіп көрсетіп, «халық жауы» деген жалалы жамылғыны жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бәрібір олар мақсатына жете алмады. Жала – бұлт, шындық – күн екен, заманы қайта туып, шындықтың шұғыласы өз нұрын төкті. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы өз халқымен қайта табысты.[6]
Шығармалары
Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.
Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды.. «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т.б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді.
Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығаруда Байтұрсынұлы зор еңбек сіңірді. Әдебиет саласындағы алғашқы зерттеуі деп оның Қазақ газетінің 1913 жылғы үш санында шыққан «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласын атауға болады. Онда қазақ халқының рухани өмірінде Абайдың аса ірі тұлға екені, өмірбаяны, шығармаларының мазмұн тереңдігі, ақындық шеберлігі, поэтикасы, орыс әдебиеттерімен байланысы туралы ойлы пікірлер айтылған, ақын мұрасының эстетикалық қадір-қасиеттері ашылған. Қазақтың эпостық жыры «Ер Сайында» алғы сөз бен түсініктемелер жазып, оны 1923 ж. Мәскеуде шығарды.
Қазақ ауыз әдебиетінде молынан сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп, сұрыптап, 1926 ж. «23 жоқтау» деген атпен жеке кітап етіп жариялады. Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі — «Әдебиет танытқыш» (1926). Мұнда көркем сөз өнерінің табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері, жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар жайлы жан-жақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болды. Бұл еңбегінде Байтұрсынұлы ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің әлеуметтік, қоғамдық мән-маңызын ашудан гөрі адамгершілік, эстетикалық әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл бөлген. Сондай-ақ мұнда жазба әдебиеттегі ағымдар, әдістер туралы ой-түйіндер айтылған. Кітаптың бірінші бөлімі «Сөз өнерінің ғылымы» деп аталады да, онда көркем сөздің толып жатқан қыры мен сыры, тараулар мен тармақтар, тіл әуезділігінің қыруар шарттары, «сөздің өлең болатын мәнісі», өлең айшықтары, «шумақ түрлері», «тармақ тұлғалары», «бунақ буындары», «ұйқастығы» т.б. сөз етіледі.
Екінші бөлімі «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» деп аталады да, көркем қара сөз табиғаты, оның тараулары — шежіре, заман хат, өмірбаян, «мінездеме», тарихи әңгіме, «әліптеме, әліптеу тәртібі — мәнді әліптеме, сәнді әліптеме, жол әліптемесі, байымдама, байымдау әдістері, түрлері — пән, сын, шешен сөз, оның түрлері, саясат шешен сөзі, білімді шешен сөзі, уағыз көркем сөз» деп жүйелеп келіп, әңгіме, романға сипаттама береді. Еңбектің «сындар дәуірі, онда шығарма түрлері» атты тарауы өте маныз-ды. Онда сыншыл реализм туралы алғашқы пікірлер нышанын кездестіруге болады.