«Кемелердегі қызметті ұйымдастыру негіздері»
пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
(2019 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Мақсаты: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:
М110 Теңіз техникасы мен технологиялары
Шифр білім беру бағдармалар тобы
3. Тест мазмұны : Тест «Кемелердегі қызметті ұйымдастыру негіздері» пәні бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес келесі тақырыптар бойынша оқу материалынан тұрады.
№ | Тақырыптың мазмұны | Қиындық деңгейі | Тапсырмалар саны |
1 | Кемелердің құқықтық мәртебесі | А | 1 |
2 | Қазақстан Республикасының туынұшу құқығы | А | 1 |
3 | Экипаж мүшелерінің негізгі міндеттері | А | 1 |
4 | Экипаж қызметтерін жоспарлау | А,В | 2 |
5 | Кемелердегі қауіпсіздік және кеме қауіпсіздігі | А,В | 2 |
6 | Кеменің құқықтық мәртебесін айқындайтын құжаттар. | А,В | 2 |
7 | Кеменің жағдайын куәландыратын құжаттар | А,В,С | 3 |
8 | Кеменiң күнделiктi қызметiнiң ұйымы мен шарттары көрсетiлетiн кеме құжаттары | А,В,С | 3 |
9 | Кемелердің техникалық құжаттары | А,В,С | 3 |
10 | Кеме журналының тәртібі | В,С | 2 |
11 | Кеменің рөлі | В,С | 2 |
12 | Радио журналын жүргізу тәртібі | В,С | 2 |
13 | Машиналар журналын жүргізу тәртібі | В,С | 2 |
14 | Ағынды сулар мен жұмыс жүргізу тәртібі | В,С | 2 |
15 | Мұнай операцияларының журналын жүргізу тәртібі | В,С | 2 |
Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны | 30 |
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы : пән бойынша тапсырмаларды орындау үшін навигациялық вахтаны атқарудың негізгі принциптерін түсіну және қолдану, берілген режимдерде жүзу шарттарын және вахта қызметін ұйымдастыру мәселелерінде оның дайындық дәрежесіне байланысты қауіпсіздік деңгейін талдай білу қажет. Курс бағдарламасы теңіз кемелерінде қызметті ұйымдастыру бойынша білімдер мен практикалық дағдыларға, кемелерде қызметті ұйымдастыруға халықаралық және ұлттық талаптар бойынша кеме қызметінің әр түрлі жағдайларында негізделеді.
5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Бір тапсырманы орындау уақыты – 2 минут
Тест орындалуының жалпы уақыты – 60 минут
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестінің бір нұсқасында – 30 тапсырма.
Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларыныңбөлінуі:
- жеңіл (A) – 9 тапсырма (30%);
- орташа (B) – 12 тапсырма (40%);
- қиын (C) – 9 тапсырма (30%).
7. Тапсырма формасы:
Тест тапсырмалары жабық формада беріледі. Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір жауапты таңдау керек.
8. Тапсырманыңорындалуынбағалау : Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін түсушіге 1 балл береді, одан басқа жағдайда - 0 балл беріледі.
9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Аксютин Л.Р. Общий курс морского транспорта - Одесса.: Латстар, 2011
2. Гуревич. Г.И.. Организация работы морского флота – М.: Транспорт, 2011.