1 00 . Геморрагиялық шешектің сипаттасы қандай?
папулалар мен везикулаларда геморрагиялық экссудат жиналады, қанталауларға бейім келеді
101. Контагиозды пустулезді дерматитті қандай аурулардан ажырату қажет?
шешектен, некробактериоздан, аусылдан, катаралды қызбадан
102. Үйректердің вирусты гепатиті кезіндегі патогистологиялық өзгерістер…
диффузды некробиоз бен гепатоциттер некрозы, олардың ядроларыұлғайған және қатпарланған, хроматин тығыздалып, ядро ортасында жатады немесе мальта кресті тәрізденіп 2-4 дәнді түйіршік тәрізді орналасады
103. Аусылдың қатерлі формасында жүректің қай бөліктері өзгеріске ұшырап, жолбарыс терісін еске салатын «жолбарыс жүрегі» тәрізденуі жиі байқалады?
сол және оң қарынша, қарынша аралық жарғақ пен папиллярлы бұлшықеттер
104. Клиникалық-морфологиялық тұрғыдан тыныс алу органдарының зақымдалуымен сипатталатын созылмалы ағымда өтетін контагиозды инфекция …
құстардың респираторлы микоплазмозы
105. Актиномикоздың фунгозды формасы кезіндегі патологоанатомиялық өзгерістер …
көбіне эрозиялық және ойықжаралы процестер негізінде кілегейлі қабаттарда байқалады
106. Эпизоотиялық лимфангиттің басқаша атауы (синонимі)
африкалық маңқа
107. Ауру басталуы, даму динамикасы және ақырына дейінгі ауру тудырушы микроб пен қожайын организмі арасындағы өзара байланысудың күрделі реакцияларының жиынтығы қалай деп аталады
инфекциялық процесс
108. Маңқа пневмони ясы дамуы немен байланысқан ?
процестіңбронхогенді жолмен таралуымен
109. Т уберкулез к е зіндегі ациноз ды -нодоз ды пневмони яны сипаттаңыз ..
жапсарлас орналасқан ацинозды ошақшалардың көлемі 1 см дейінгі, алайда өкпелік бөліктен шағын казеозды фокустарға қосылып бірігуі
110. Б руцеллез к е зінде буындарда орын алатын патологоанатоми ялық өзгерістер …..
зақымдалған буындардың қалыңдауы, бурситтер, гигромалар болуы, қуыстарда -сірі, сірі-фибринозды экссудат жиналуы
111. Эмфизематозды карбункул (қарасан) кезіндегі өлекселік өзгерістерді атаңыз?
өлексе ісінген, өлексе баяу ыдырап, бұзылуға шалдығады. Мұрыннан көбікті, ал анустан (артқы тесіктен) қанды сұйықтық бөлінеді, жарып-сойғанда қаңсыған май иісі шығады.
112. Сібір жарасының апоплексиялық формасында негізгі өзгерістер қайда орналасады?
мида
113. Сальмонеллезбен асқынған оба кезінде өзіне тән патоморфологиялық өзгерістер қай жерде шоғырланады …
тоқ ішекте, кілегейлі қабаттың ошақты және диффузды дифтериялық қабынуы түрінде