1 0. Листериоздың нервтік түрінде қандай патологоанатомиялық өзгерістер байқалады?
«Жануарлар патологиясы» пәнінен емтиххан тесттері
Инфекциялық, инвазиялық аурулар, микоздар мен микотоксикоздар
1. Т о лық біріншілік кешен дегеніміз не ?
Қоздырушы шеткері түйіннің лимфангиті мен лимфаденитін тудыратын жағдай
2. Сібір жарасының карбункулезді формасы класси калық түрде кімде байқалады ?
адамда
3. Шошқа тілмесінің созылмалы ағымының сипаты …….
Веррукозды эндокардит пен артрит, сирек кездері некротикалық дерматитпен сипатталады
4. Сепсис кезінде «септи калық көкбауырға » қ а ндай өзгерістер тән ?
қара-қызыл түске енеді, көлемі ұлғайған, консистенциясы борпылдаған, пулпасынан қырынды көп мөлшерде алынады
5 . « Інжулену » ұғымы нені білдіреді ?
сірі жамылғылар туберкулезін
6. Н екробактериоз ке з інде ішкі орган дардан жиі зақымдалатыны …..
бауыр, өкпе
7. Созылмалы диплококк ты инфекци я кезінде байқалатыны ……
ұлтабардың және ащы ішектің сірі-геморрагиялық қабынуы
8. ІҚМ пастереллез інің ішектік формасы немен сипатталады ?
жедел катаралды энтеритпен
9. Бұзаулар сальмонеллез інің жедел ағымы кезіндегі бауырда орын алатын өзгерістерді а таңыз ?
бауырдың бейнеленуі айқын емес, ісінген, борпылдаған консистенцияда беткейлерінде көлемі түйреуіш басындай көптеген лайлылау-сары түсті түйнектері болады
1 0. Листериоздың нервтік түрінде қандай патологоанатомиялық өзгерістер байқалады?
гиперемия, ми мен жұлынның жұмсақ заттектерінің домбығып ісінуі, сирек кездері мида қанталаулар мен жұмсару орындары байқалады. Көбіне эпикард астында, жұтқыншақ арты және жақсүйек асты лимфа түйіндерінде қанталаулар байқалады
11. Жеделдеу және созылмады-крупозды пневмония және дифтериялық колит кезінде жедел ағымдағы геморрагиялық диатезбен сипатталатын жоғары контагиозды вирусты ауруды атаңыз…
оба
12. ІҚМ обасы кезінде орын алатын ауыр өзгерістер қай жерде анықталады және олар қалай сипатталады?
ұлтабарда қызғылт түсті сасық иісті қызғылт масса болады, кілегейлі қабаты ісінген, қызарған, көбіне сарғыш түйіндер, эрозиялар, ойықжаралар, қанталаулар, фибринозды жағындылар, әрең жуылатын кілегейлер болады
13. Каре ауруының басқаша атауы қандай?
етқоректілер обасы
14. Аусылдың қатерлі формасында негізгі өзгерістер қайда орналасады?
қаңқа және жүрек бұлшықеттерінде
15. Шешек үрпілері қалыптасқан кезде белгілі бір сатыларын айырады, экссудаты бар шешек үрпісінің атауы…
везикула
16. Қойлар мен ешкілердің контагиозды пустулезді дерматиті кезінде түйнектер түзілуі былай басталады…
қызарудан, терінің ісінуі мен домбығып ісінуінен
17. Үйректердің вирусты гепатиті кезіндегі өзіне тән және үнемі кездесетін белгілері қайда орналасады...
бауырда
18. Скрепи үшін аурудың соңғы сатысында қандай клиникалық белгі өзіне тән деп саналады?
құйрығы арқасына қарай қайырылған, денесінің артқы бөлігі көтерілген, шоқтығы салбыраңқы, құлақтары алға бағытталған
19. Стахиботриотоксикоздың қандай үш сатысы өзіне тән ағымда өтеді?
жергілікті өзгерістер, басым түрде қанға қатысты өзгерістер орын алатын жасырын сатысы және ақтық сатысы
20. Фасциолез кезінде бауырда байқалатын патологоанатомиялық өзгерістерді атаңыз …
бауыр ұлғайған, бұдырланған, тығыз консистенциялы, біркелкі емес сипатта жасыл-қоңыр түске боялған сыртынан жасалған кесінді бойында өт жолдарының жуандап иреңделген жолдары көрінеді, ішінде жыныстық жетілген фасциолалары бар жасыл-қоңыр түсті массалар болады
21. Толық емес біріншілік кешен дегеніміз не?
Шеткері лиматикалық түйіндердегі өзгерістер біріншілей пайда болған көрініс
22. Қандай жануарларда сібір жарасының таспа түріндегі формасы жиі кездеседі?
шошқаларда
23. Пастереллезбен жұқтырылу жолдарын атап көрсетіңіз….
аэрогенді, алиментарлық, құрсақ іші
24. Листериоз табиғи жағдайларда мына формада болады…
6
25. Диплококкты септицемияның жедел ағымында көкбауырда байқалатын өзгерістерді сипаттаңыз.
Көкбауыр күрт 2-3 есеге ұлғаяды, ол резеңке тәрізденеді (каучукті) консистенцияға енеді
26. Эмфизематозды карбункул (қарасан) кезінде зақымдалған бұлшықеттерде орын алатын гистологиялық өзгерістерді атаңыз?
бұлшықет талшықтары ұлғайған, мукоидты-фибриноидты ісіну және колликвациялық некроз жағдайында болады
27. Қандай жағдайларда органдарда милиар л ы туберкулез ді түйі н дер пайда болады ?
Егер қанмен және лимфамен көп мөлшерде туберкулез бактериялары таралып, жайылатын болса
28. Сепсис кезіндегі жалпы өзгерістерге жататыны….
васкулиттер, лимфангит, эритроциттер гемолизі, қан айналымының бұзылулары
29. Жүрек қызметінің әлсізденуі кезінде органдар мен ұлпаларда қандай өзгерістер орын алып, пайда болады?
тоқырау гиперемиясы, домбығып ісінулер, шемендер
30. Жоғары қызба, септицемия, экзантема, эндокард және буындар зақымдалуымен сипатталатын инфекциялық ауру қалай аталады…
тілме
31. Шошқа обасының вирусы қайда, қандай жасушаларда және қандай органдарда репродукцияланады?
иммундық жүйе органдарының макрофагтарында
32. Монтгомери ауруының синонимі?
шошқалардың африкалық обасы
33. Қой шешегі кезінде гистологиялық зерттеулер көмегімен аталған ауруға тән «қой шешегі жасушалары» анықталады. Бұл жасушалар немен сипатталып, ерекшеленеді?
құрамында гомогенді қосылыстары бар вакуолденген ядролы макрофагтар немесе гепатоциттер эпителиалды жасушалар түрінде болады
34. Қойлар мен ешкілердің контагиозды пустулезді дерматит ауруының синонимі …
эктима
35. И нфекци ялық ларинготрахеит тің к онъюктивал ық форма сының сипатталуы …
көз жаппай сірі конъюнктивит «жасаураған көз» түрінде зақымдалады
36. Етқоректілердің вирус ты гепатит інің тұрақты белгісі …
іркілдек тәрізді домбығып ісіну жәнекөптеген нүктелі қанталаулар түріндегі тимустың қанға толы болуы
37. Аденоматоз кезінде негізгі патологоанатомиялық өзгерістер қай жерде шоғырланады, қандай сипатта болады?
өкпеде шоғырланады, олар тығыз, сұрғылт, бозғылт-қызғылтым түсті ошақтар түрінде болады, кесінді жасағанда май тәрізді білінеді. Кесінді беткейін басқан кезде жабысқақ кілегейлі сұйықтық бөлінеді.
38. Қатерлі қызбаның жедел ағымда өтуі кезіндегі белгілер…
іріңді-катаралды конъюнктивит, көздің қасаң қабатының тұмандануы және ерін, қызыл иек, ұрт, таңдай, тіл, жұтқыншақ кілегейлі қабаттарының фибринозды-некротикалық қабынуы, мұрын айнасы мен мұрын жақтаулары сұрғылт-қоңыр түсті бөлінділермен ластанған, іріңді-фибринозды ринит, мүйізді қабыршақтың түсуі.
39. Актиномикоз формаларын атаңыздар…
түйінді, абсцесс түзетін, эрозиялық, ойықжаралы, фунгозды, диффузды
40. Жылқы нутталиозының ерекшелігі …
ауыз қуысынан бастап асқорыту торабында өзгерістер байқалады, кілегейлі қабаттарда шектелген, дұрыс емес пішіндегі ойықжаралар мен эрозиялар болады
41. Күрделі біріншілік кешен деген не ?
Өзгерістердің екі органда және олардың шеткері лимфатикалық түйіндерінде біріншілік сипатта болуы
42. Сібір жарасының өкпелік формасы қандай пневмониямен сипатталады?
геморрагиялық немесе сірі-геморрагиялық
43. Қойлар мен сиырлар некробактериозы кезінде қандай органдар мен ұлпалар зақымдалады?
ауыздың, қызылиектің, тілдің, ұрттың, жұтқыншақтың кілегейлі қабаттаары
44. Клиникалық тұрғыда күрт айқын қозу, қаңқа бұлшықеттерінің тырысып, жиырылуы түрінде байқалып, білінетін жануарлар мен адамдардың жедел жаралық уы т тық инфекция сының атауы ?
тырысқақ
45.Ацинозды туберкулез пневмони ясы кезіндегі ацинус тар нені білдіреді?
экссудатқа, сонымен қатар, эпителиоидты алпауыт және лимфоидты жасушаларға толы зақымдалған ацинустарды
46. Тақтұяқтылардан басқа қандай жануарлар маңқамен ауырады ?
мысықтар, арыстандар, жолбарыстар, түйелер, адамдар
47. Шошқа обасының негізгі клиник алық -анатоми ялық форм алар ы н атаңыз
септикалық, кеуделік, ішектік, аралас, атипті
48. Шошқалардың африкалық обасын қандай аурулардан ажырату керек ?
еуропалық обадан, пастереллезден, тілмеден
49. Ауру қойларда шешекті түйіндерді көбіне мына жерден анықтап жатады ...
өкпеде
50. Қойлар мен ешкілердің контагиозды пустулезді дерматиті кезінде патологоанатомиялық өзгерістер қайда анықталады?
көптеген түйіндер немесе біріккен дерматит ошақтарын үстіңгі және астыңғы еріндерде, ауыз шеттерінде (езулерде), иекте, танау тұстарында және ауыздың кілегейлі қабатында анықталады
51. Үйректердің вирусты гепатиті кезінде бауырдағы патологоанатомиялық өзгерістерді сипаттаңыз …
бауыр ұлғайған, шеттері доғалданған, борпылдақ консистенциялы, түсі сарғыш-қызылдан жоса түсті-сарыға дейін, капсуласы жылтыр, қанталау белгілері бар, кесінді беткейі күңгірт, пышақ жүзінде ауқымды майлы іздер қалады
52. С крепи ді қандай аурулардан ажырату керек ?
листериоздан, Ауески ауруынан, трихофитиядан, висна-маеди ауруынан, ценуроздан
53. А ктиномикоз дың түйнекті формасына не тән ?
дөңгеленген немесе көптеп байқалатын сұрғылт-сары «немесе ақшыл-сары» түсті тығыз гранулемалар, қосылған кезде ірі іріңді жұмсару орындары бар түйін пайда болады
54. Бабезиоз кезіндегі патологоанатомиялық өзгерістер неге орай орын алады?
паразиттер тудыратын гемолитикалық әсер мен токсикоз салдарынан
55 . Мұрын қуысынан іріңді-фибринозды қабынудың мүйіз сүйектеріне өтуі неге әкелуі мүмкін...
мүйізді қабықтың түсуіне
56. Етқоректілер описторхозы кезіндегі бауырда орын алатын патологоанатомиялық өзгерістер …
бауыр ұлғайған, шеттері доғалданған, борпылдақ консистенциялы, түсі сарғыш-қызылдан жоса түсті-сарыға дейін, капсуласы жылтыр, қанталау белгілері бар, кесінді беткейі күңгірт, пышақ жүзінде ауқымды майлы іздер қалады
57. С о зылмалы инфекци яларға қандай өзгерістер тән ?
пролифератиті процестер
58. Шошқа тілмесінің жеделдеу ағымы қалай сипатталады ?
күлдіреулер түзілуі түріндегі сірі дерматитпен (есекжем)
59. К онъюнктив ан ы ң және асқазан-ішек торабы кілегейлі қабатының сірі қабынуы немен байланысты ?
тоқырау гиперемиясымен
6 0 . Туберкулезді пневмониялардың пайда болу себептері......
Процестің бронхогенді жолмен таралуы
61. Некробактериоз кезінде бұзау, қозы, торайлардың қандай органдары мен ұлпалары зақымдалады?
ауыздың, қызыл иектің, ұрттың, жұтқыншақтың кілегейлі қабаттары
62. Шошқа обасының септикалық формасы кезінде лимфатикалық түйіндерінде қандай өзгерістер орын алады…
геморрагиялық лимфаденит,кесінді беткейінде мәрмәрлі сурет байқалады
63. Ньюкаслауруының жедел формасы кезінде айтарлықтай тұрақты және өзіне тән өзгерістер мына жерлерде анықталады…
асқорыту торабының барлық бөліктерінде
64. Шешек түйіндері дамуының сатыларын атаңыз …
розеола-папула-везикула-пустула-крустоза (қотырлану)
65. Қойлар мен ешкілердің эктимасы кезінде бетсүйек терісі мен ауыздың кілегейлі қабатынан өзге қай жерлерде өзгерістер байқалады ?
аяқ бақайлары терісінде
66. Қандай ауру кезінде дистрофи ялық өзгеріске ұшыраған гепатоцит терде , купфер жасушаларында жәнетамырлар эндотели лерінде Рубарт қо с ылы с тары денешіктері анықталады ?
иттердің вирусты гепатиті
67. Ауески ауруымен ауыратын 2-6 айлық және одан ересек торайларда байқалатыны …
бастың ассиметриялануы, мұрынның қисаюы, тұмсықтың қисаюы немесе мопс тұқымдас иттер тұмсығына ұқсауы, кейде – жақсүйектің үстіңгі бөлігінің қысқаруы, тістеу сипатының бұзылуы. Мұрын маңының терісі дөрекі қатпар түрінде жиналған, көз ұштарында кеуіп қалған сұйықтықтар, ластанған заттектер т.б. білінеді.
68. Шошқалардың вирусты гастроэнтерит і к е зіндеащы ішектегі п атогистологи ялық өзгерістер немен сипатталады …
дистрофиямен, некроз және энтероциттер десквамациясымен, түкшелері қысқаруымен, тамырлық реакция болмауымен. Кілегейлі қаабаттарда лимфоидты-жасушалық пролифераттар көп болуымен
69. Құс т ар ауа қапшықтарының диффуз ды аспергиллез іне тән белгі ?
беткейінде ақ зеңдену түзілуі түріндегі қалыңдану көрінісі
70. Басым түрде мидың, көздің зақымдалуымен және буаздылық патологиясы түріндегі ағымда өтуімен сипатталатын антропозоонозды паразитарлық ауру
токсоплазмоз
71. Аса жылдам ағымы кезінде төмендегі белгілер байқалатын ауру сипаттамасы …
Қатерлі қызба - сірі конъюнктивит, ринит, көздің қасаң қабатының аздап тұмандануы, катаралды стоматит, эпикард астындағы геморрагиялар
72. Сібір жарасы кезінде байқалатын өлексе өзгерулерін атаңыз….?
өлексе қатты ісінеді, өлексенің сіресіп, қату белгісі әлсіз байқалады, табиғи саңылаулардан көбікті қанды сұйықтық бөлінеді, көрінетін кілегейлі қабаттар– цианозды (көгерген), көптеген қанталаулар көрінеді
73. Тілмемен шошқалар мына жасында ауырады ……?
3 айдан бір жылға дейін