« Еңбек қорғауды басқару жүйелері »

пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

тест спецификациясы

(2019 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)

1. Мақсаты: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

Шифр Білім беру бағдарламалар тобы
М150 Санитарлық және профилактикалық іс- шаралар

3. Тест мазмұны :

Тақырыптың мазмұны Қиындық деңгейі Тапсырмалар саны
1 Кіріспе.Еңбекті қорғау жүйесінің нормативтік құқықтық негізі С 2
2 Еңбекті қорғауды басқару жүйесін құру кезеңдері А 2
3 Еңбекті қорғауды басқару.ЕҚБЖ мақсаттары, құру принциптері, функциясы және міндеттері В 4
4 ЕҚБЖ басқару органдары мен бағдарламасын және құрылымын әзірлеу А 2
5 ЕҚБЖ еңбек қауіпсіздігінің қалпын және жұмыс істеуін бақылау В 2
6 Еңбекті қорғау қызметін ұйымдастыру В 2
7 Еңбекті қорғауды және қауіпсіз жағдайларды ұйымдастыру бойынша жұмыс берушінің міндеттері С 4
8 Еңбекті қорғауды және қауіпсіздікті жоғарылату бойынша жұмыскерлерді ынталандыру. Қауіпсіз еңбек пен еңбек қорғау талаптарын сақтауға жұмыскелердің ішкі мотивациясын басқару. А 2

Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны :

20

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Тест тапсырмалары еңбекті қорғау жүйесінің нормативтік-құқықтық негіздерін, ЕҚЖБ құру принциптерін мен функциясын, өндіріс орындарындағы еңбекті қорғау қызметін ұйымдастыру бойынша үміткерлердің білімін анықтауға мүмкіндік береді.

5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут.

Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут.

6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:

- жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);

- орташа (B) – 8 тапсырма (40%);

- қиын (C) – 6 тапсырма (30%).

7. Тапсырма формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.

8. Тапсырманың орындалуын бағалау:

Үміткер тест тапсырмаларында берілген жауап ңұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда үміткер 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін үміткерге 0 балл беріледі. Үміткер дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі.

9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған (10.03.2017 ж. жағдай бойынша өзгертулермен және толықтырулармен)

2. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Заңы.

3. ҚР СТ 12.0.002-2010 стандарты. «Ұйымдардағы еңбек қорғауды басқару жүйесі. Тәуекелдерді бағалау және басқару жөніндегі нұсқаулық».

4. ҚР СТ 12.0.003-2010 стандарты. «Ұйымдардағы еңбек қорғауды басқару жүйесі. Өңдеуге, қолдануға, бағалауға және жетілдіруге қойылатын жалпы талаптар»

5. ҚР СТ 12,0.004-2010 «Шағын кәсіпорындарда еңбек қорғауды басқару жүйесі. Пайдалануға қойылатын талаптар мен ұсынымдар»

6. ҚР СТ 12.0.005-2010 «Ұйымдардағы еңбек қорғауды басқару жүйесі». Аудитті ұйымдастыру (аудит)

7. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау ережесі. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1057 Бұйрығы.

8. Қызметкерлерге сүт немесе баламалы азық-түлік өнімдерін шығарудың, емдеу және профилактикалық тамақтану стандарттарын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1056 бұйрығы.

9. Жұмыс берушінің қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу, бекіту және қайта қарау ережесі. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 927 Бұйрығы.

10. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу жөніндегі нысандарды бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1055 бұйрығы.

11. «Қызметкерлердің еңбек (қызмет) міндеттерін орындау кезінде жазатайым жағдайлардан міндетті түрде міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы № 30 Заңы

12. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау тәуекелін бағалау критерилері. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 473 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 43 бірлескен бұйрығы.

13. «Еңбек қорғауды басқару жүйесі» Оқу құралы, А.Ж.Калияскарова, Т.В.Демина.