5. АӨЖ орталықтандырылған түріне қандай интерфейстер жатады?

6. АӨЖ құрылысында бақылаушылар қандай қызмет атқарады?

7. Функционалды блоктар мен құралдарды қосу үшін не қолданылады?

8. Бақылаушы шина жүйесінің қызметі қандай?

9. Ақпаратты өлшеу жүйелерінің орталықтандырылған түрлеріне интерфейстің қандай түрлері жатады?

10. Интерфейстің қызметі қандай?

11. Белсенді ақпаратты өлшеу жүйелері дегеніміз не?

12. Енжар ақпаратты өлшеу жүйелері дегеніміз не?

13. Ақпаратты өлшеу жүйелерінің қандай жалғануы күрделі болып есептеледі?

14. Таспалық ақпаратты өлшеу жүйелері дегеніміз не және қызметі қандай?

 

 

Глоссарий

Акцепторлар – кемтіктер алып келетін аралас атомдар.

Биполярлы транзистор – екі түзетуші электрлі p-n-өткелі бар және үш (немесе одан да көп) шығыстары бар жартылай өткізгішті аспап.

Варикап – сйымдылығы кернеумен басқарылатын және конденсатор ретінде қолданылатын жартылай өткізгішті диод.

Диод – бір түзетуші электрлі p-n-өткелі бар және екі шығысы бар жартылай өткізгішті аспап.

Динистор – диодты тиристор.

Диод Шоттки – әрекет ету принципі металл-жартылайөткізгіш түзетуші контактіні орындауға арналған диод.

Диффузия – тасымалдағыштарды кристалл көлемі бойынша шоғырлануын тегістеу процесі.

Доноры – кристаллдарды артық электрондармен қамтамасыз ететін қоспа атомдары.

Дрейф – электрондардың жартылай өткізгіште шашырап қозғаоуы,

ИК-диод - p-n-өткелі аймағында спектрдің инфрақызыл аймағында энергия кванттарын шашатын жартылайөткізгішті диод.

МДП-транзистор – металл-диэлектрик-жартылайөткізгіш құрылымы бар өрістік транзистор.

Мультивибратор – күшейткіш құрылғы ретінде орындалған тікбұрышты импульстердің релаксациондық генераторы.

Оптрон (оптопара) – сәуле қабылдағышы және сәуле шашқышы бір корпусқа біріктіріліп орналастырылған жартылай өткізгішті аспап.

Полевой транзистор – күшейтуші қабілеті өткізуші арна арқылы өтетін негізгі тасымалдағыштардың ағынымен анықталатын жартылайөткізгішті аспап.

Стабилитрон – электрлік ауытқулар режимінде жұмыс істеуге арналып құрастырылған жартылайөткізгішті аспап.

Стабистор – тура қосылған кезде кернеуі тоққа шамалы ғана тәуелді болатын жартылайөткізгішті аспап.

Тринистор – триодты тиристор.

Тиристор – екі тұрақты күйі және үш (немесе одан да көп) p-n-өткелі бар жартылайөткізгішті аспап.

Светодиод – спектрдің көрінетін аймағында энергия кванттарын шашатын диод.

Фотодиод – жұмыс істеу принципі еркін заряд тасымалдағыштар әсерінен жартылайөткізгіште генерациялауға арналған жартылайөткізгішті аспап.