Салыстырғыш құрылғылар.
Бұл құрылғылар екі шаманы салыстыруға арналған: х1 (мысалы, белгілі) және х2 (белгісіз), және осы салыстырудың нәтижесіне байланысты у, у1, у2 шығыс сигналдарын құруға арналған (8, а,б- сурет).
СӨА х1 мен х2 арасындағы төмендегі қатынастарды бекітетін СҚ қолданылады:
1. болғанда шығыстағы сигнал
болады;
болғанда шығыстағы сигнал
болады (8, в-сурет).
2. болғанда сигнал алғашқы шығыста
болады;
сигнал екінші шығыста
;
болса,
болады (8, г-сурет).
Іс жүзінде нақты СҚ істеп кету табалдырығы деп аталатын белгілі бір хі.к.=х1= х2, айырмасында өзгертеді.
СҚ-ның сезімталдық табалдырығы, егер сәйкес шаралар қабылдамаса, қателіктің болуына соқтыруы мүмкін.
СҚ маңызды сипаттамасы болып, СӨА кірістік кедергісі мен жылдамдығын айқындайтын кірістік кедергісімен жылдамдығы болып табылады.
Әдетте СҚ электроника элементтерін қолдана отырып орындайды. Олар өз жағдайларын секіріс түрінде, мысалы х1 мен х2 теңдігі сәтінде өзгертетін күшейткіштер мен триггер түріндегі табалдырықтық қондырғылардан құралады.
Салыстырғыш құрылғылардың дербес жағдайы - нөл орган (НО), кіріс сигналының нөлге тең сәтін ұстап қалады.
8-сурет
Сандық-аналогтық түрлендіргіштер (САТ). Олар кодқа квантталған шамаға түрлендруге (кернеу, кедергі, т.б.) арналған.
Кодты кернеуге түрлендіру үшін тізбекті және параллель түрдегі дискретті кернеу бөлгіштер қолданылады.
Қазіргі уақытта 9, а-суретте келтірілген параллель дискреттік кернеу бөлгіш кеңінен қолданылады, мұндағы R1, R2,..., Rn – кедер-гілерінің мәндері қабылданған кодқа сәйкес таңдалатын салмақтық резисторлар, В1, В2,...,Вn – айырып қосқыштар; Е – бөлгіштің қорек кернеуі, U – бөлгіштің шығыс кернеуі.
9, б-суретте осы бөлгіштің салмақтық резисторлардың бөлігі В шинасына қосылған кезіндегі балама схемасы берілген. Балама схемада В шинасына қосылған резисторлардың қосынды өткізгіштігі,
С шинасына қосылған резистордың қосынды өткізгіштігі.
9-сурет
Шығыстық кернеу:
,
мұндағы - барлық R1, R2, R3,..., Rn резисторларының қосынды өткізгіштігі; K1–Ri резистор В шинасына қосылған ба жоқ па, осыған тәуелді 1 не 0 мәніне тең болатын коэффициент.
Сонымен, және
шығыс кернеуі В шинасына қосылған резисторлардың қосынды өткізгішіне пропорционал болады.
Нақты схемаларда салмақтық резисторлардың ажыратылып қосылуы түрлендіретін кодқа байланысты электрлік сигналдар мен басқарылатын электрондық кілттердің немесе реле түйіспелердің көме-гімен жүзеге асырылады.
Кодты кедергіге түрлендіру үшін дискретті реттелетін резис-торлар қолданылады. Мұндай түрленушілер сандық автоматты бірдей салмақты көпірлерде кедергіні өлшеу үшін қолданылады.
Тақырып бойынша сұрақтар
1. Сандық өлшеуіш аспаптарда электрондық кілттер не үшін қолданылады?
2. Сандық өлшеуіш аспаптарда электр механикалық кілттердің электрондық кілттерден айырмашылығы неде?
3. Сандық өлшеуіш аспаптарда уақыт бойынша үздіксіз шамасын дискреттеу дегеніміз не?
4. Сандық өлшеуіш аспаптарда деңгей бойынша квантталу дегеніміз не?
5. Сандық өлшеуіш аспаптарда триггерлер дегеніміз не?
6. Сандық өлшеуіш аспаптарда қайта санақ құрылғысы дегеніміз не?
7. Сандық өлшеуіш аспаптарда таңбалық индикаторлар не үшін қолданылады?
8. Сандық өлшеуіш аспаптарда электрондық кілттердің қалдықты көрсеткіштеріне қандай шамаларды кіргізуге болады?
9. Сандық өлшеуіш аспаптарда кілттердің қызметі қандай?
10. Сандық өлшеуіш аспаптарда «НЕМЕСЕ» логикалық элементінің қызметі қандай?
11. Сандық өлшеуіш аспаптарда «ЖӘНЕ» логикалық элементінің қызметі қандай?
12. Сандық өлшеуіш аспаптарда «ЕМЕС» логикалық элементінің қызметі қандай?
13. Сандық өлшеуіш аспаптарда дешифратор дегеніміз не?
14. СӨА-да салыстырмалы құрылғы неге арналған?
Лекция 28