СӨА логикалық функцияларды өндіретін логикалық элементтер.

(ЛЭ) кеңінен қолданылады. Бұл элементтердің кіріс және шығыс шамалары ретінде, “1” не “0” мәндеріне қабылдайтын айнымалылар болып табылады. Оларды қосу арқылы кез-келген логикалық функцияны шығаратын негізгі логикалық элементтерді қарастырайық.

"НЕМЕСЕ" логикалық элементі, логикалық қосу функциясын шығарады, бірнеше кірісі (х1, х2,...,хn) және бір шығысы (у) болады. Егер кіретін айнымалылардың (х1, х2,...,хn) ең болмағанда біреуі “1” деген мәнге ие болса, У айнымалысы “1” мәніне ие болады, егер барлық кірістік айнымалылары “0”-ге тең болса, У айнымалысы “0” мәніне ие болады.

Логикалық элемент "ЖӘНЕ" логикалық көбейту функциясын шығарады, бірнеше кірісі (х1, х2,...,хn) және бір шығысы (у) болады. Егер барлық айнымалылар (х1, х2,...,хn) “1” мәніне ие болса, у айнымалысы “1” мәніне ие болады. (х1, х2,...,хn) айнымалырының ең болмағанда біреуі “0” тең болса, онда у айнымалысы “0” мәніне ие болады.

Логикалық элемент "емес" логикалық терістік функциясын шығарады, айнымалының мәндерін инвертациялау үшін қызмет етеді. Егер х кірісінде “1” болса, онда у шығысында “0” мәніне ие болады, егер “х” тең “0” болса, онда у тең “1”болады.

"ЖӘНЕ" элементі дәл келу схемасы деп аталады әрі логикалық кілт ретінде қолданыла алады, бір кіріс сигналын басқарушы қызметін атқарады.

Логикалық элементтер дискреттік элементтер (диодтар, транзисторлар, резисторлар) ретінде де, интегралдық микросхема түрінде де орындалады.

Дешифратор (ДШ). Бұл құрылғылар бір түрдегі параллель кодтарды басқа түрдегі параллель кодтарға түрлендіреді. СӨА ең бастысы екілік ондық және тетрадалық ондық кодтарды таңбалық индикаторды басқаруға арналған параллель кодтарға түрлендіретін дешифраторлар қолданылады. Дешифратордың екілік кодты бірлік позициялық кодқа түрлендіретін (тік бұрыштық, пирамидалық, екі сатылық, көп сатылық) бірнеше түрлері белгілі. Мысал ретінде екілік кодты бар ондық разрядты таңбалық индикаторды басқаруға арналған бірлік позициялық кодқа (бір ондық разряд шегінде) түрлендіретін тік бұрыштық ДШ қарастырайық.

Дешифратор (7-сурет) және логикалық элементтерде орындалған. ДШ кірісіне екілік код (х1, х2, х3, х4) және оның қайтасанақ схемасынан (Тг1-Тг4) алынатын инверстік мәні ( ) беріледі.

Бастапқы жағдайда ДШ кіріс сигналдары х1=0, х2=0, х3=0, х4=0, .

Мұнда сонымен бірге тек қана И0 дәл келу элементтерде барлық кіріс сигналдары 1 тең, демек у0=1. Қалған барлық элементтерде (И1–И9) ең болмағанда бір кіріс сигналы әрбір элемент үшін 0 тең болады, яғни у1–у9 шығыстарда сигналдар 0 тең.

Алғашқы импульс Тг1 кірісіне келіп түскенде, яғни екілік кодтың бір бірлікке өзгергенінде, бірліктердің кірісте дәл келу шарты И1 элементі үшін болады, ол у1=1 береді. Екінші импульсті берген кезде бірліктердің дәл келуі И2 элементі үшін орын алады, у2=1 береді, т.с.с.

Сонымен, әрбір кезекті импульс бірлік позициялық кодты бірлікке өзгертеді және оған сәйкес таңбалық индикатордың ТИ көрсетуі де бір бірлікке өзгереді.

Көп разрядты есептік құрылғыда әрбір разряд өзіне дешифраторлық схеманы енгізуі тиіс.

7-сурет