Кілттер мен логикалық элементтер
1. Логикалық (сандық) кілттер.
2. Дешифратор (ДШ).
3. Салыстырғыш құрылғылар.
4. Сандық-аналогтық түрлендіргіштер (САТ).
Кілттер – ажыратқыштар мен айырып қосқыштардың қызметін атқаратын құрылғылар логикалық (сандық) және өлшегіш (аналогтық) болып бөлінеді. Логикалық (сандық) кілттер бар болғаны екі түрлі деңгейлі сигналдар өтетін тізбекті коммутациялау үшін арналған. Өлшегіш кілттер деңгейлері үзіліссіз өзгеруі мүмкін сигналдар өтетін тізбектерді коммутациялау үшін арналған. Электр сигналдарын басқаратын кілттер ретінде электрлік релелерді, сондай-ақ диод, транзистор және басқа да электрондық схема элементтерін қолдану арқылы орындалатын электрондық кілттер пайдаланады.
Электр механикалық кілттер электрондық кілттерге қарағанда анағұрлым тәуірірек кілттік сипаттамаларға ие болған. Бірақ электр механикалық кілттер электрондық кілттерге қарағанда көбірек инерциялы болады, әрі сенімділігі аздау.
Зерттеулер көрсеткендей, электрондық (транзисторлық) кілттің балама схемасы 6-суретте берілгендей түрде көрсетіледі. Ол “идеал” айырып қосқыштан, Е ЭҚК кернеу генераторынан, R3 ішкі кедергіден және Rр кедергілі параллель қосылған резисторы бар I генераторынан тұрады.
6-сурет
Айырып-қосқыштың түйіспесінің төменгі жағдайы транзис-торлық кілттің тұйықталған күйіне, ал жоғарғысы ажыратылған күйіне сәйкес келеді.
Е, R3, І, Rр көрсеткіштері кілттің қалдықты көрсеткіштері деп аталады.
Қазіргі заманғы транзисторда орындалған транзисторлық өлшегіш кілттерде Е бірінші реттік жүздік милливольт; R3 – бірлік-ондық Ом; І микроампердің ондық-жүздік бөлігі, Rр – бірлік-ондық Мегоом болады.
Осылайша, мұндай кілттер коммутацияланған тізбектің тәртібіне әсер етеді және көп жағдайда СӨА дәлділігіне шектеу қоятындай қателіктер әкеледі. Кілттердің әкелген қателігі рұқсат етілетін шектен шықпауы үшін өлшегіш кілттердің қалдықты көрсеткіштері рұқсат етілген мәндерден аспаулары керек. Логикалық кілттердің қалдықты көрсеткіштері бойынша қойылатын талаптар әр уақытта біраз төмендеу.
Өлшегіш электрондық кілттердің ажыратылып қосылу уақыты бірлік микросекундтан тұрады.