Қайтасанақ құрылғылары (ҚК).
Бұл қондырғылар СӨА әр түрлі есептерді орындау үшін, мысалы импульс жиіліктерін бөлу үшін, сандық-импульстік кодты екілік жүйеге, не екілік-ондық жүйеге түрлендіру үшін т.б. қолданылады.
Санақ кірісі бар триггер қайтасанақ коэффициенті (бөлу) екіге тең қайтасанақ құрылғысы болып табылады, себебі триггердің шығысынан алынатын импульстердің жиілігі триггердің санақ кірісіндегі импульстердің жиілігінен екі есе кем (3, а, б-сурет).
3-сурет
Егер n триггерді тізбектеп қоссақ (4, а-сурет,), онда қай-тасанақ коэффициенті 2n болатын қайтасанақ құрылғысын аламыз. Мұндай құрылғының жұмысы графиктермен түсіндіріледі (4, б-сурет).
Көрсетілген қайтасанақ құрылғысында (схемадағы) триггерлердің жағдайы осы схеманың кірісіне берілген импульстер санының екілік кодтарына сәйкес келеді (1-кестені қара).
1-кесте
№ кірісіне берілген импульстар саны | № санына сәйкес келетін екілік код | Триггердің жағдайы | |||
Тг 4 | Тг 3 | Тг 2 | Тг 1 | ||
0 | 0000 | 0 | 0 | 0 | 0 |
1 | 0001 | 0 | 0 | 0 | 1 |
2 | 0010 | 0 | 0 | 1 | 0 |
3 | 0011 | 0 | 0 | 1 | 1 |
4 | 0100 | 0 | 1 | 0 | 0 |
5 | 0101 | 0 | 1 | 0 | 0 |
6 | 0110 | 0 | 1 | 1 | 0 |
7 | 0111 | 0 | 1 | 1 | 1 |
8 | 1000 | 1 | 0 | 0 | 0 |
9 | 1001 | 1 | 0 | 0 | 0 |
10 | 1010 | 1 | 0 | 1 | 0 |
11 | 1011 | 1 | 0 | 1 | 1 |
12 | 1100 | 1 | 1 | 0 | 0 |
13 | 1101 | 1 | 1 | 0 | 1 |
14 | 1110 | 1 | 1 | 1 | 0 |
15 | 1111 | 1 | 1 | 1 | 1 |
16 | 0000 | 0 | 0 | 0 | 0 |
Схеманы сандық кодты екілікке түрлендіру үшін қолданылғанда төңкерілген Тг1 триггердің у0 шығысынан алынатын потенциалға “1” салмақ жазылады, Тг2 триггердің шығысынан алынатын импульске “2” салмақ жазылады, Тг3 алынатына –“3” салмақ т.с.с. (4, а-сурет).
Таңбалық индикаторлар.
Көрсетулерді сандық түрінде алу үшін таңбалық индикаторлар қолданылады.
Сегменттік таңбалық индикаторлар. Таңбалық индикаторды 0, 1,...,9 сандарынан құру үшін басқарушы кернеуді берген кезде жарқырайтын 7, 8, 9 не одан да көп элементтік сегменттер арқылы жүзеге асады. 5-суретте жеті элементті таңбалы индикатордың құрылысы көрсетілген. Жарқырайтын элементтердің комбинациясы белгіні (санды) құрайды. Мысалы, 5-суретте жарқыраған элементтер комбинациясы “4” санын құрайды.
5-сурет
Жарқырауық элементтер ретінде электролюминофор жолақ-тарын, светодиодтарды, сұйық кристалды қолданатын элементтерді пайдаланады.
Бірнеше разрядтан тұратын санды алу үшін соншалықты таңбалық индикатор қолданылады.
Тақырып бойынша сұрақтар
1. Сандық өлшеуіш аспап дегеніміз не?
2. Сандық өлшеуіш аспаптардағы қайта санақ құрылғылары не үшін қолданылады?
3. Сандық өлшеуіш аспаптарда жарқырайтын элементтер неден құралады?
Лекция 27