Салыстырмалы және логарифмдік шамалар мен бірліктер.

Ғылым мен техникада салыстырмалы және логарифмдік шамалардың және олардың бірліктері кеңінен қолданылады. Бұлар материалдардың құрамы мен қасиетімен күштік және энергетикалық және т.б. шамалардың қатынасымен сипатталады. Бұл сипаттамаларға мысалы, салыстырмалы ұзындық, салыстырмалы тығыздық, салыс-тырмалы диэлектрлік және магниттік өтімділік, қуаттың күшейтілуі мен әлсіреуі және т.с.с. жатады.

Салыстырмалы шама, физикалық шаманың берілгені деп қабыл-данатын аттас шамаға мөлшерсіз қатынасын көрсетеді.

Салыстырмалы шамалар не мөлшерсіз бірлікпен (екі аттас шама-лардың қатынасы 1 тең болғанда), не пайызбен (%) (қатынасы 10-2 тең болғанда), не жарты миллиондық бөлікпен (қатынасы 10-3 тең болғанда, не миллиондық бөлікпен (қатынасы 10-6 тең болғанда) берілуі мүмкін.

Логарифмдік шама екі аттас физикалық шамалардың логарифмінің (ондық, натурал немесе негізі 2 болғандағы) мөлшерсіз қатынасын көрсетеді. Логарифмдік шамалар дыбыстық қысымдардың деңгейлері, күшейтілу, әлсіреу, жиілік интервалы және т.б. түрінде беріледі.

Логарифмдік шамалардың бірлігі беллмен (Б) белгіленеді. Белл (Б) келесі қатынаспен анықталады. Р2 =10 Р1 болғанда:

1 Б =lg Р2 / Р,

мұндағы Р1,2 - аттас энергетикалық шамалары (қуаттар, энергиялар, энергия тығыздықтары және т.с.с.)

Беллдің бөліктік бірлігіне 0,1 дБ тең децибелл саналады.

Тақырып бойынша сұрақтар

1. Халықаралық бірлік жүйесінде қанша негізгі бірлік бар және қандай?

2. Тера қосымшасы нені білдіреді?

3. Гига қосымшасы нені білдіреді?

4. Mега қосымшасы нені білдіреді?

5. Кило қосымшасы нені білдіреді?

6. Гекто қосымшасы нені білдіреді?

7. Дека қосымшасы нені білдіреді?

8. Деци қосымшасы нені білдіреді?

9. Санти қосымшасы нені білдіреді?

10. Милли қосымшасы нені білдіреді?

11. Микро қосымшасы нені білдіреді?

12. Нано қосымшасы нені білдіреді?

13. Пико қосымшасы нені білдіреді?

14. Фемто қосымшасы нені білдіреді?

15. Атто қосымшасы нені білдіреді?

16. Ампер ненің өлшем бірлігі?

17. Вольт ненің өлшем бірлігі?