Физикалық шамалардың мөлшерлері.
Физикалық шамалардың арасындағы қатынасты анықтайтын теңдеулер, осы шамалардың бастапқы берілгені болып саналады.
Осы теңдеулердің кез келгені, оның сол жақ бөлігінде туынды бірліктерді анықтайтын шама орналасатындай, ал оң жақ бөлігінде өзіміз таңдап алған бірлік жүйесінің негізгі бірліктерін анықтайтын шама орналасатындай етіп түрлендіруге болады.
Осы берілген қатынасқа байланысты, теңдеудің оң жақ бөлігіндегі шамаларды осы және басқа дәреже көрсеткішімен жазылуы керек. Жалпы теңдеу түрінде физикалық шаманың мөлшерлерін келесі өрнек-пен жазуға болады:
,
мұндағы -туынды бірлігін анықтайтын физикалық шама;
- бірліктері негізгі бірлікке саналатын физикалық шама;
- теңдеуге кіретін шаманың кез келгенін анықтайтын шаманың дәре-желерінің көрсеткіштері.
Мөлшер деген ұғымның екі талқылануы бар.
Кейбір авторлар шаманың мөлшерлігі жайлы теріс санап, тек қана бірлік деп қарайды. Метрологиялық терминдер мен анықтамалар (МСТ 16263-70 ) стандартында шамалар негізгі және туынды болып бөлініп, шамалардың мөлшері беріледі.
Еселік және бөлшектік бірліктер.
Метрлік бірліктерді санның ішінде Халықаралық бірліктер жүйе-сінде де, көптеген тәжірбелік жағдайларда да оларды қолдану өте қо-лайсыз: не өте үлкен, не өте кішкентай болады. Сондықтан бөліктік немесе еселік бірліктерді қолданады, яғни осы жүйенің бүтін санына сәйкес келетін үлкен немесе кіші еселік бірліктерін қолданады. 10 саны-ның дәрежесі түрінде берілген бірлікке көбейтінді ретінде көрсетілетін ондық еселік және бөліктік бірліктердің атауларын туындату үшін, оған сәйкесті қосымшасын қолданады. Бұл қосымшалардың көбісі белгілі, бірақ олардың тізімдері уақыт өткен сайын көбеюде.
Қазіргі кезде келесі ондық көбейтінділер мен оларға қатысты қосымшалар қолданылады: 1018-экса, 1015–пета, 1012–тера, 109–гига, 106–мега, 103–кило, 102–гекто, 101–дека, 10 –1–деци, 10 –2–санти, 10 –3 – милли, 10 –6–микро, 10 –9–нано, 10 –12–пико, 10 –15 -фемто, 10 –18–атто.
Бірліктердің белгіленуі оған қосылатын қосымшаның белгі-ленуімен бірігіп жазылады. Қосымша жалғауы жоқ бірліктердің қара-пайым атауларға ғана қосады. Екі немесе одан көп қосымшаларды бірік-тіруге болмайды, мысалы, “микромикрофарада” атауының орнына “пикофарада” атауы қолданылады.