СИ туынды бірліктері .

Халықаралық бірліктер жүйесінің туынды бірліктері физикалық шамалардың арасындағы байланысқан заңдар негізінде немесе физикалық шамалардың анықтамасы негізінде пайда болады. Осы физикалық заңмен немесе анықтамамен өрнектелген шамалармен бай-ланысқан теңдеуден, барлық басқа шамалардың СИ бірлігінің сәйкесті туынды бірліктері шығады.

СИ туынды бірліктерінің пайда болуы кезінде алынған бірлік осы бірліктің шыққан бастапқы берілгеніне сәйкесті алынады:

,

мұндағы V–жылдамдық; S–жүріп өткен жолдың жылдамдығы; t–уақыт.

Себебі СИ бірлігінде жылдамдықтың бірлігі, м/с, бірқалыпты және түзу сызықты қозғалған нүктенің 1 с–та 1 м ұзындықтағы жолды жүріп өту жылдамдығына тең деп қабылданды.

Заттың меншікті жылуының сыйымдылығы келесі теңдеуден алынады:

,

мұндағы с–заттың меншікті жылуының сыйымдылығы; С–жылу сы-йымдылық; -массасы.

Меншікті жылудың сыйымдылығының бірлігі-( ) – 1 жылу сыйымдылығының 1 кг массасы болғандағы заттың меншікті жылу сыйымдылығына килограм-кельвиннің Джоульге қатынасы жатады.

Кейбір жағдайларда, туынды бірліктер, оны ойлап тапқан ғалымдардың атымен аталады.

Өзінің меншікті атаулары бар бірліктер жүйесінің (СИ) маңызды бірліктерінің анықтамаларын қарастырамыз.

Периодтық процестің жиілігі СИ бірлігінде герцпен (Гц) белгіленеді. Герц – бұл 1 секунд ішінде период толық бір цикл жаса-ғандағы жиілік.

СИ бірлігіндегі күштің бірлігі–ньютон (Н) – массасы 1 кг болатын денеге түсірілетін күштің әсер ету бағытындағы үдеуді 1 м/с2 білдіреді.

1971 жылы ХІV Бас конференциясында өзінің меншікті атауларымен аталатын бірліктер қабылданды: қысымның бірлігі үшін–паскаль (Па)–1 м2 аудан бетінен таралатын 1 Н күштің әсерінен туындайтын қысымға тең.

Жұмыс пен энергия түрлерінің барлығы (механикалық, электрлік, жылулық, жарық т.б.) бірдей бірлікте Джоуль деген атау берілді. Джоуль – 1 Н күштің түсірілген орнынан 1 м қашықтыққа, оның әсерінен сол бағытта жылжығанда жасалатын жұмысқа тең.

Қуат бірлігіне ватт (Вт) жатады. Ватт – бұл 1 секунд ішінде 1 Дж жұмыс жасалатын кездегі қуатқа тең.

Магнит индукциясының бірлігі–тесла (Тл). Тесла–1 м2 ауданның көлденең қимасынан магнит ағыны қиып өткен кездегі 1 Вб–ге тең болатын магнит индукциясына тең.

Индуктивтілік пен өзара индуктивтілік генримен (Г) белгіленеді. Генри (Г) – 1 А тоқ күшіне магнит ағыны ілініскендегі контурдың 1 Вб индуктивтілігі.

СИ бірлігінде жарық шамасымен анықталатын меншікті атаулары (ғалымдардың атымен емес),яғни екі туынды бірліктер бар: жарық ағыны мен жарықтану бірліктері.

Жарық ағынының бірлігі–люмен (лм)–1 кд тең жарық күші кезіндегі 1 ср сфералық бұрышта нүктелік қорек көзінен шығарылатын жарық ағыны.

Жарықтау бірлігі–люкс (лк)–1м2 аудан бетіне жарық ағыны сәулеленген кездегі жарықтану.