Негізгі және қосымша СИ (интернационалдық жүйе) бірліктері.
Жоғарыда айтылғандай 1960 жылы өлшемдіктер мен салмақ бойынша Халықаралық бірліктер жүйесінің ХІ Бас конференциясында 6 негізгі бірліктер қабылданды. 1971 жылы ХІV Бас конференциясында жетінші негізгі бірлік ретінде – заттың сандық бірлігі “моль” қабылданды.
Енді осы барлық жеті негізгі бірліктің анықтамаларын қарас-тырамыз.
Ұзындықтың бірлігі–метр (м) – бұл ұзындық вакуумде толқын-дардың 1650763,63 сәулелендіру ұзындығына тең, бұл криптон 86 –ның 2Р10 және 5d5 деңгейлерінің арасындағы ауысуға сәйкес болады. Массаның бірлігі–килограм (кг) – бұл Халықаралық массаның прототи-піне (сәйкес) тең.
Уақыт бірлігі–секунд (с) – цезий–133 атомының негізгі күйлерінің өте жіңішке деңгейінің арасындағы ауысуға сәйкес болатын 9192631770 сәулелену кезеңіне тең.
Электрлік тоқ күшінің бірлігі –ампер (А) – вакуумде бір–бірінен 1 м қашықтықта орналасқан шексіз ұзындықты және өте аз дөңгелек қималы екі параллель өткізгіштің бойымен өзгермейтін тоқ күші өткенде, осы өткізгіштердің арасынан олардың ұзындықтарының әрбір метріне 2·10-7 Н тең күш пайда болады.
Термодинамикалық температураның бірлігі–кельвин (к) – судың үш еселік 1/273,16 термодинамикалық температурасы.
Өлшемдік пен салмақ жөніндегі Халықаралық комитетінің келісімімен Цельсий градусы мен термодинамикалық температураның өрнектелуі:
,
мұндағы - Цельсий температурасы;
- Кельвин температурасы.
Жарық күшінің бірлігі-кандела (кд)–жарық күші – бұл сәуле-лендірудің 1/600000 м2 ауданынан шығарылатын перпендикуляр бағыт-талған 101325 Паскаль қысымында платинаның қатаю температурасына тең сәулелендіру температурасы.
Зат санының бірлігі–моль – 0,012 кг нуклид , қанша атомнан тұрса, сонша құрылымдық элементтерден тұратын зат санының жүйесі.
Мольді пайдаланғанда олардың құрылымдық элементтері арнайы болуы керек. Олар атомдар, молекулалар, иондар, электрондар және т.б. бөлшектер немесе арнайы бөлшектердің топтары болуы мүмкін.
Халықаралық бірліктер жүйесіне екі қосымша бірлік кіреді: жазық бұрыш және сфералық бұрыш. Бұрыштық бірліктерді негізгі бірліктерге жатқызуға болмайды, және оларды туын-ды бірліктер деп те қарауға болмайды, өйткені негізгі бөлшектердің мөлшеріне тәуелді емес.
Жазық бұрыштың бірлігі радианмен, ал сфералық бұрыштың бір-лігі стерадианмен беріледі.