Халықаралық бірліктер жүйелері.
1.Халықаралық бірліктер жүйелері.
2. Негізгі және қосымша СИ (интернационалдық жүйе) бірліктері.
Тәжірибе жүзінде бір жүйеден екінші жүйеге ауыстырып есептеу кезінде физикалық шамалардың бірліктер жүйелері мен бірлік жүйе-лерінсіз көп сандарды біріктіргенде туындайтын қолайсыздықтарды болдырмау үшін Халықаралық бірлікте бүкіл техника мен ғылым салаларын қамтитын біртұтас бірлік жүйесін құру керек болды.
1948 жылы өлшемдік мен салмақ бойынша ІХ Бас кон-ференциясында Халықаралық біртұтас тәжірибелік бірліктер жүйесін құру ұсынылды. Негізгі бірліктер ретінде метр, килограмм (массаның бірлігі), секунд және электрлік бірліктер ұсынылды.
Осы ұсыныстарға орай өлшемдік пен салмақ жөніндегі Халықаралық комитетпен барлық елдердің ғылым және техника, педагогикалық орталардың арасында арнайы сұрақтар жүргізіліп, осы жауаптардың негізінде біртұтас тәжірибелік бірліктер жүйелерін құру ұсынылды.
Х Бас конференциясында (1954 ж) негізгі бірліктер жүйесінің жаңартылған түрі қабылданды: ұзындық–метр, масса–килограмм, уақыт–секунд, тоқ күші–ампер, термодиномикалық температура–Кельвин градусы, жарық күші–кандела.
Х Бас конференциясынан кейін өлшемдік пен салмақ жөніндегі Халықаралық комитеті бірліктер жүйесінің жаңа тізімін жасап, оны Халықаралық бірліктер жүйелері деп атауды ұсынды.
1960 жылы ХІ Бас конференция өлшемдік пен салмақ жөніндегі Халықаралық бірліктер жүйелері (System International) қысқартылған түрі “SI”, ал орысшасы “СИ” деген ат берді.
Халықаралық бірліктер жүйелерінің қабылдануы бірқатар елдерде (Англияда, Үндістанда, Жапонияда және т.б. елдерде) метрлік бірлікке көшудің түйткісі болды және ол осы уақытқа дейін сақталып келеді. Қазіргі уақытта жиырма бестен астам елдерде қолданымға СИ бірлігі кіреді. Және де бұндай елдердің саны жыл санап өсіп келеді.
Басқа жүйелермен салыстырғанда физикалық шамалардың Халықаралық бірліктер жүйелері аса дамыған және жетілдірілген болып саналады. Ол бір–бірімен физикалық байланысқан механикалық, электр динамикалық, термодинамикалық физикалық шамаларды қамтиды.
Біртұтас Халықаралық бірліктер жүйелеріне деген сұраныс өте жоғары, ал оның ерекшекліктері сенімді болғандықтан, бұл бірліктерді Халықаралық сапа стандарты (ИСО) өзінің ұсыныстарына енгізді.
Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі бірлескен ұлттық ұйымы (ЮНЕСКО) барлық елдердің ұйымдарының мүшелерін осы Халықаралық бірліктер жүйелерін қабылдауға шақырды.
Халықаралық заңдастырылған метрология ұйымы (ХЗМҰ) барлық мемлекеттердің ұйымдарының мүшелеріне Халықаралық бірліктер жүйесін заңдастырған түрде енгізіп, барлық өлшеу аспаптарын СИ бірлігінде жүргізуді ұсынды.
Халықаралық бірліктер жүйелері физика және қолданбалы физиканың Халықаралық Одағының бірлігіне, Халықаралық электр техникалық комиссиясына, Халықаралық газ Одағына және т.б. Халықаралық ұйымдардың ұсыныстарына кірді.
Халықаралық бірліктер жүйелерінің 1–ші қосымшасында “Физи-калық шамалардың бірліктері” стандартының жобалық редакциясына сәйкестеліп, орысша және Халықаралық белгілермен белгі-ленген СИ бірліктерінің ең маңызды бірліктері берілді.