Үлгілік және жұмысшы өлшеуіш құрал–жабдықтар.
Өлшеуіш құрал–жабдықтары – метрологиялық қасиеттері бар өлшенетін шаманың мөлшерін анықтайтын құрал–жабдықтарды береді. Өлшеу құрал–жабдықтарының негізгі түрлеріне: өлшемдіктер, өлшеу аспаптары, өлшеу сайманы, өлшеу машиналары, өлшеу қондырғылары жатады.
Сонымен қатар өлшеу диапозонын кеңейтетін, өлшеу дәлдігін жақсартатын, алыс қашықтықтарға өлшеу қорытындысын жеткізетін және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, тек осы өлшеу құрал – жабдықтарымен бірге қолданылатын өлшеуіш түрлендіргіштер мен өлшеу кезінде қолданылатын керек-жарақтар да жатады. Олардың метрологиялық сипаттамалары өлшеу қорытындысына тікелей әсер етеді.
Метрологиялық қолданылымы бойынша өлшеу құрал–жаб-дықтары үлгілік және жұмысшы болып бөлінеді.
Үлгілік өлшеу құрал–жабдықтары өлшеу дәлдігі жоғары емес үлгілік құрал-жабдықтарды тексеру үшін де қолданылады. Бұл тек метрологиялық сипаттамалық тұрғыдан алынады, себебі тек қана әр түрлі разрядтағы үлгілік өлшеу құрал–жабдықтарының тізбектеліп өлшемдіктелген қатары өлшемдіктің біртұтастығын сақтай отырып, бірліктің мөлшерін эталондық аспаптан жұмысшы аспапқа беруді қамтамасыз ете алады.
Адамдардың әр түрлі белсенділігінде жұмысшы өлшеу құрал– жабдықтары тек көзделген мақсат үшін қолданылады.
Өлшеу құрал–жабдықтарының үлгілік немесе жұмысшы болып бөліну себебі, олардың құрылымына немесе дәлділігіне қарай емес, қай мақсатта қолданылатындығына байланысты болады.
Тәжірбиелік іс жүзінде, өлшеу жүргізгенде, тек қана бір өлшеу құрал–жабдығын жұмысшы құрал–жабдығы ретінде де, үлгілік өлшеу құрал–жабдығы ретінде де қолдануға болады, басқа сөзбен айтқанда салыстыру үшін де, бөліктеу (градуирлеу) үшін де қолданыла алады. Үлгілік өлшеу құрал–жабдықтарының жұмысшы өлшеуіш құрал– жабдықтарынан құрылымы бойынша сәл айырмашылығы болады және кейбір метрологиялық сипаттамалары өзгеше болады. Өлшеу құрал – жабдықтарын үлгілік ретінде қолданғанда, олар айрықша тұрғыда болуы керек, яғни барлық өлшеулерге қолданылмай, тек тексеріп-салыстыру және бөліктеу (градуирлеу) мақсатында қолданылуы керек. Өйткені көрсеткіштерді дәл көрсету үшін, жұмысшы құрал– жабдықтарына қарағанда үлгілік құрал–жабдықтарына жоғары талап қойылады.
Үлгілік өлшеу құрал–жабдықтарын тәжірибеде қолдануға тыйым салу метрологияның маңызды ережесі болып табылады. Бірақ оның мәнін есепке алмайды және бағаламайды.
Өз кезегінде жұмысшы өлшеу құрал–жабдықтарының, олардың қолдану шарттарына байланысты өзінің арнайы талаптары болады.
Лекция 23