Фототранзистор мен фототиристор
Фототранзистор басқа транзисторға ұқсас 2 p-n өтумен құрастырылған. Ол стандартты n-p-n транзисторға ұқсас. Бірақ оның сипаттамасы базасының тогымен емес, жарықталыну деңгейімен анықталады. Фотодиод сияқты қолданылады және тап сондай қорапшадан тұрады (бірақ 3 шықпасымен: эмиттер, база және коллектр). Төменгі суретте (1.12-сурет)
Оның эквивалентті тізбегі көрсетілген. Транзистордың өтуі фотодиодтың өтуіне тәуелді.
Фототранзисторлар фотодиодқа қарағанда көбірек шықпа тогын бере алады.
Фототранзисторлар фотокамераларда фотографиялық экспозицияны басқару үшін, ртке қарсы датчиктерде, заттардың счетчиктерінде қолданылады.
1.13.-суретте фототранзистордың шартты сұлбасы, ал 1.14-суретте оның графикалық сұлбасы көрсетілген.
Фототиристордың жұмысы қарапайым тиристор жұмысына ұқсас, бірақ тиристордың қосылуы басқарудың импульс тогы арқылы емес, жарық импульсі арқылы жүзеге асырылады.
Оптопара
Оптопара дегеніміз - өзара бір-бірімен оптикалық және электрлік немесе қатар байланысқан өзінде шағылысу қабылдағышты құрайтын жартылай өткізгіш құрылғы. Оптрондар электрондық аппаратураларында кіріс пен шығыс тізбектерінің гальваникалық байланысуы үшін қолданылады. Сонымен қатар өзінің шағылысу қабылдағышы ретінде фоторезистор, фотодиод, фототранзистор мен фототиристор қолданылатын оптрондар кеңінен таралған.
Оптрондардың кіріс және шығыс тізбектері өзара электрлік байланыспаған, өйткені сигналдардың жіберілуі оптикалық шағылысу арқылы жүзеге асады.
Резисторлы оптрондарда шығыс кедергісі кіріс тізбек режимінің өзгеруіне баланысты 107...108 есе өзгеріске ұшырайды. Сонымен қатар, фоторезистордың вольт-амперлік сипаттамасы өзінің жоғары сызықтылығымен және симметриялығымен ерекшеленеді, сондықтан да резисторлы оптопаралар аналогты құоылғыларда кеңінен қолданылады. Резисторлы оптрондардың кемшілігі болып, оның жылдам қозғалғыштығының төмендігі (0,1...1с) болып табылады.
Сандық мәліметтік сигналдарды жіберу тізбегінде диодты және транзисторлы оптрондар, ал жоғары вольтты тізбектердің оптикалық коммутациясы үшін тиристорлы оптрондар қолданылады. Тиристорлы және транзисторлы оптрондардың жылдам әсер еткіштегі 5...50мкс диапазонында жататын қайта қосу уақытымен сипатталады. Ал кейбір оптрондар үшін мұндай уақыт аз болады.
Енді, жарық диод – фотодиод оптопарасына тоқталып кетейік. Екі жұптың графикалық белгіленуін кескіндейік (1.15-сурет)
Шағылыстырғыш диод (сол жақта) тура бағытта қосылуы керек, ал фотодиод тура (фотогенератор режимі) немесе кері бағытта (фототүрлендіргіш режимі) қосылуы керек екендігін ескерту керек.