Дифференциалды күшейткіш каскадтары. Мультивибраторлар.

1.Дифференциалды күшейткіш каскадтары.

2.Мультивибраторлар.

Әртүрлі электрондық құрылғыларда периоды, жиілігі мен амплитудасы белгілі және оларды реттеп отыруға болатын белгілі бір пішінді импульсті сигналдар қолданылады. Осындай электрондық құрылғылардың бірі тік бұрышты импульсті сигналдардың генераторы – мультивибраторлар. Мультивибратор автогенератор немесе күтпек әлпілерінде жұмыс істейді. Автогенератор әлпінде мультивибратор қорек көзіне қосылғаннан кейін-ақ, оның шықпасында кернеу пайда болмайды.

Енді автогенератор әлпінде мультивибратордың жұмыс істеу тәртібін қарастыралық. Мультивибратор бірінің базасы екіншісінің коллекторымен конденсатор арқылы жалғанған екі каскадтан тұрады деуге болады (1, а-сурет).

Мультивибраторды қорек көзіне қосқанда С1 және С2 конденсаторлар, Rк1 және Rк2 резисторлар және транзисторлардың базалары арқылы қорек көзінің кернеуіне дейін зарядталады. Әдетте Rк1= Rк2 , C1 = C2 , R1 = R2 етіп және жұмысқа бір түрлі транзисторлар таңдап алынады. Бірақ транзисторлардың параметрлері дәл бірдей болмайтындықтан бірі екіншісінен бұрын ашылады.

Мысалы, VT1 транзисторы ашық та, VT2 транзисторы жабық делік. VT1 транзисторының кедергісі азаятындықтан, C1 конденсаторы резисторы және VT1 транзисторы арқылы зарядсыздана бастайды (1, б-сурет). Бұл кезде VT2 транзисторы базасының потенциалы эмиттерге қарағанда теріс мәнді болатындықтан нық жабық болады. Бірақ уақыт өткеннен кейін конденсатор толық зарядсызданып, VT1 транзисторының базасының потенциалы эмиттерге қарағанда оң мән қабылдайды да, транзистор ашылады. R2 резисторында кернеудің түсуінің көбейюіне байланысты C2 конденсаторының VT1 транзисторының базасымен жалғанған астары эмиттеріне қарағанда теріс потенциал қабылдайды да, VT1 транзисторы арқылы зарядсыздана бастайды. Бірнеше уақыттан кейін C2 конденсаторы зарядсызданаданып, оның VT1 транзисторының базасымен жалғанған астары эмиттеріне қарағанда оң мәнді болады. Ендеше VT1 ашылады да, R1 резисторында кернеудің түсуінің көбейюіне байланысты C1 конденсаторының VT2 тронзисторының базасымен жалғанған астары теріс потннциалды болады да VT2 транзисторы жабылып қалады. VT2 транзисторы жабылған кезде оның шықпасында пайда болады, ал ашық күйінде кернеуі 0-ге тең. Осылайша мультивибратор шамасы корек көзінің кернеуіне жуық импульстік кернеу тудырып тұрады.

 

1-сурет. Мультивибратор схемалары