1. Соңғы күшейткіш каскадтары.
2.Соңғы күшейткіш каскадтарының түрлері: бір тактілі және екі тактілі каскадтар.
Жалпы алғанда, күшейткіштерде кірмелік сигнал жоқ кезде жүкетемеде токтың болмауы, ал жүктемеде ток пайда болған кезде оның шамасының кірмелік сигналдың шамасына пропорционал болуы шарт. Жоғарыда қарастырылған күшейткіштік каскадтардың электрлік сұлбаларында кірмелік сигналдың С2 конденсаторы арқылы, ал шықпалық сигналдың С2 конденсаторы арқылы өтуі керек. Конденсатордың кедергісі жиіліктен тәуелді екені белгілі. Олай болса, төменгі жиіліктерде сигналдардың шамасы да және пішіні де өзгеріске ұшырайды. Сондықтан құрамына конденсатор кіретін күшейткіштер тұрақты токты күшейту үшін жарамайды.
Қарапайым тұрақты ток күшейткішінің электрлік схемасы 1-суретте келтірілген. Схеманың транзисторы және Rб1, Rб2, Rк, Rэ резисторларын қамтитын бөлігі кәдімгі эмиттері ортақ күшейткіштік каскад. Кірмелік сигнал R1, Rб1, Rк, Rб2, Rэ резисторларына тұратын көпірлі тізбектің диагоналына беріледі де, ал шықпалық сигнал R1, R2, R3, R4 резисторларынан тұратын көпірдің диагоналына жалғанған жүктемеге беріледі. Кірмелік тізбектегі R1, R2 резисторлардың кедергілері кірмелік сигнал жоқ кезде базаның потенциалы мен А нүктесінің потенциалы тең болатындай етіп, ал шықпалық тізбектегі R3, R2 резисторларының кедергілері коллектордың потенциал нүктесінің потенциалы тең болатындай етіп алынады
1-сурет. Қарапайым тұрақты ток күшейткішінің схемасы
Осы шарттар орындалған кезде кірмеде және жүктемеде ток болмайды, яғни:
φA = φб , φK = φB , Iкр = 0 , Iж = 0
Ал кірмелік сигнал пайда болған кезде бұл шарттар бұзылады да жүктемеден ток жүре бастайды.
Бұл келтірілген схеманың кемшілігі кірмелік сигнал мен жүктеме нөлдік потенциалды нүктемен қосылмайды және төменгі жиіліктерде тыныштық нүктесінің ығысу кернеуі мен кірмелік сигнал шамалас болады.
Сондықтан көбіне осы кемшіліктері жоқ, бірақ екі қорек көзінен қоректендірілетін каскадты дифференциалдық каскад деп атайды.
Лекция 11