Шала өткізгішті диодтар.
1.Сұлбасының негізгі параметрлері; токты және кернеуді күшейту коэффициенттері, кіріс және шығыс кедергілері.
2.Сұлбасының амплитуда-жиілік және фаза-жиілік сипаттамалары.
Бір р-п өтпесінен тұратын және екі шықпасы (сыртқы тізбекпен жалғанатын екі ұшы) бар нәрсе шала өткізгішті диод деп аталады. Жұмыс істеу тәртібіне және атқаратын міндетіне қарай шала өткізгішті диодтар әртүрлі болады. Ең көп тараған диодтар түзеткіш диод, стабилитрон, варикап, фото диод, жарық диоды. Енді осы диодтарды жеке-жеке қарастыралық.
Түзеткіштік диод
Түзеткіштік диодтар айнымалы токты түзету үшін, яғни айнымалы токтан тұрақты ток алу үшін қолданылады. Бұл р-п өтпесінің вентильдік қасиетіне негізделген.
Түзеткіш диодтар төмен және жоғары жиілікті, импулсті, әлсіз және қуатты токтарды түзету үшін қолданылатындықтан олардың конструкциясы, әсіресе р-п өтпесінің констукциясы мен бөгеттік қабаттың ауданының шамасы әртүрлі болады. Түзеткіштік диодтарды силицийден және германийдан жасайды. Силицийден жасалған диодтар 150...2000С деңгейдегі, ал германийдан жасалған диодтар 85...1000C деңгейдегі температурада жұмыс жасай алады.
Түзеткіштік диодтардың негізгі сипаттамасы – вольт-амперлік сипаттама (1-сурет). Оның р-п өтпесінің вольт-амперлік сипаттамасынан ешқандай айырмашылығы жоқ. Тек түзеткіштік диодтар вольт-амперлік сипаттаманың тура бұтағында ғана жұмыс істейді.
1-сурет. Түзеткіштік диодтардың вольт-амперлік сипаттамасы
Түзеткіштік диодтардың негізгі параметрлері: рауалы (өткізуге болатын) тура тогы Imk рауалы максимал кері тогы Imk, рауалы (түсіруге болатын) максимал кері кернеуі Umk. Түзеткіштік диодтарды белгілі бір құрылғы үшін таңдап алғанда, алдымен осы параметрлері және қуатымен жұмыс жасай алатын жиілік аралығы оның номинал және шекті жұмыс әлпілеріне сәйкес болу керек.
Лекция 7
Биполярлы транзисторлар.
1.Ортақ база сұлбасы мен ортақ коллектор сұлбасының айырмашылықтары.
2.Кең таралған күшейткіштердің айырмашылықтары.