Аналогтық электрондық құрылғылардың көрсеткіштері мен сипаттамалары.
1.Аналогтық электрондық құрылғылардың анықтамасы.
2.Құрастыру принциптері, жұмыс істеу айырмашылықтары және қолдану облысы.
3.Варисторлар.
Кернеуі өскен сайын кедергісі азаятын шала өткізгіштен жасалған резисторды варистор деп атаймыз. Варисторларды ұнтақ силиций карбидін байланыстырушы ретінде сай қосып жоғары температурада күйдіру арқылы жасайды. Олардың конструкциясы негізінен шыбық не диск түрінде болады. Варисторлар электр тізбектерін немесе әртүрлі элементтерді асқан кернеуден сақтау үшін қолданылады.
Кернеуге байланысты кедергісі өзгеріп отыратындықтан варистордың вольт-амперлік сипаттамасы қисық сызықты болады (3-сурет). Кедергінің өзгеруі силиций карбидінің кристалдарының арасындағы нүктелік түйіспелердегі электр өрісінің әсерінен оның өткізгіштігінің өзгеруінен келіп туады. Мысалы, силиций карбидінің беттік потенциалдық тосқауылы аз да, ал тотық қабықшалары өте жұқа болатындықтан, аз ғана кернеудің өзінде кристалдардың арасында күшті электр өрісі пайда болады. Осы өрістің әсерінен заряд тасушылар беттік потенциалдық тосқауылдан немесе тотық қабықшаларынан өтіп, электр өткізгіштігін түзеді. Үлкен кернеулерде токтың шамасы да үлкен болатындықтан, кристалдар арасындағы нүктелік түйіспелер қызып, нәтижесінде шала өткізгіштң кедергісі азаяды.
1-сурет. Варистордың вольт-амперлік сипаттамасы
Варисторлардың негізгі параметрлерінің бірі – бейсызықтық коэффициенті. Варистордың бейсызықтық коффициенті деп оның статикалық кедергісінің (R) динамикалық кедергісіне R қатынасын айтады.
Мұндағы U, I – варистордың кернеуі мен тогы.
Варистордың бейсызықтық коэффициенті шамамен 2...6 аралығында жатады.
Лекция 3